"Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 306 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 8 маусымдағы № 899 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17062 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14992 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 13 сәуірде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі, 30 жолымен толықтырылсын:

      "

Сараптама түрі

Сарапшылық мамандық

Мамандық шифрі

30.

Сот психологиялық сараптамасы

Сот-сараптамалық психологиялық зерттеу

30.1

  ".

      2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады