Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 маусымда № 17064 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы пайдаланушылардың және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабы 1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 31 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 21 мамырдағы
№ 355 бұйрығымен
бекітілген

Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 213-бабы 1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдаланушылардың, олардың мердігерлерінің, сондай-ақ олардың уәкілетті тұлғаларының қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды.

      Осы қағидалар сонымен қатар Кодекстің 277-бабының 3-тармағына сәйкес Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін берілген және жасалған рұқсаттар, лицензиялар және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қарым-қатынастарға қолданылады.

      2. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.

      3. Осы Қағидалардың қолданысы:

      1) ТЖҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;

      2) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан артық пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға таралмайды.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті жеткізуші – ТЖҚ сатып алу туралы шартты жасасуға ниеттенетін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      2) біртекті ТЖҚ – бірдей болып табылмайтын, ұқсас сипаттамалары бар және бір функцияны орындауға және өзара алмасымды болуға мүмкіндік беретін ұқсас құрамдастардан тұратын ТЖҚ;

      3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ-ны сатып алуды бақылау және мониторингілеу, сондай-ақ электрондық сатып алу жүргізу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;

      4) жер қойнауын пайдаланушының (мердігердің) уәкілетті тұлғасы – осы Қағидаларға сәйкес қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ-ны жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) атынан сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға;

      5) жеткізуші – өзімен жасалған ТЖҚ сатып алу туралы шартта тапсырыс берушінің контрагенті ретінде әрекет ететін жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      6) жұмыстар – заттық нәтижесі бар қызмет, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;

      7) жүйе әкімшісі – жүйенің иегері немесе иесі;

      8) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;

      9) қазақстанда шығарылған тауар – Қазақстан Республикасының аумағында шығарылғандығын растайтын, ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген тауар;

      10) қазақстандық тауар өндірушісі – Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын заңды тұлғалар;

      11) қаржы жылы – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес белгіленген уақыт кезеңі;

      12) кешенді жұмыс – жобалық және (немесе) іздестіру жұмыстарын, "толық аяқталған" құрылыс, "толық аяқталған" жабдықты немесе бағдарламалық қамтуды (лицензиялық бағдарламалық қамту) жеткізуді, жобалау және зерттеу жұмыстарын, жобалық және (немесе) іздестіру жұмыстарын басқаруды, толық аяқталған құрылысты және көрсетілген жұмыстарға тауарларды ілеспелі жеткізуді, қызметтерді көрсетуді қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;

      13) конкурстық комиссия – осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3) тармақшаларында белгіленген тәртіппен және тәсілдермен ТЖҚ-ны сатып алуды жүргізудің рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші құратын алқалы орган;

      14) конкурстық құжаттама – ашық конкурсты және бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсты (электрондық сауда-саттық) өткізу шарттарын қамтитын конкурстық өтінімді дайындау үшін әлеуетті жеткізушіге ұсынылатын, тапсырыс беруші бекіткен құжаттама;

      15) құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық пішімде толық көрсететін құжат;

      16) қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған заттық нәтижесі жоқ қызмет;

      17) мердігер – қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін жер қойнауын пайдаланушы немесе оның уәкілетті тұлғасы тартатын жеке немесе заңды тұлға;

      18) сатып алу коды – осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖҚ сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруларды қалыптастыру кезінде немесе осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәсілмен ТЖҚ сатып алу қорытындыларын шығару хаттамасын қалыптастыру кезінде тізіліммен (жүйемен) қалыптастырылған код;

      19) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес ТЖҚ сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, мердігер, жер қойнауын пайдаланушының (мердігердің) уәкілетті тұлғасы;

      20) тауарлар – нәрселер (заттар), оның ішінде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізат, электр және жылу энергиясы, зияткерлік меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар;

      21) ТЖҚ сатып алу – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен жүзеге асырылатын, қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (келісімшарт) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті ТЖҚ өз қаражат есебінен сатып алу;

      22) ТЖҚ сатып алу туралы шарттың елеулі талаптары - шарттың нысанасы, тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері мен орны және төлем тәртібі туралы талаптар;

      23) "толық аяқталған" құрылыс – құрылыс, оны қамтамасыз ету және пайдалануға дайын объектіні тапсырыс берушіге өткізу;

      24) "толық аяқталған" жабдық немесе бағдарламалық қамту (лицензиялық бағдарламалық қамту) жеткізу – жобалау, жасау (әзірлеу) жеткізу, монтаждау және іске қосу жұмыстары, жабдықты немесе бағдарламалық қамтуды (лицензиялық бағдарламалық қамтуды) орнату және оларға кепілдікті қызмет көрсету бойынша жұмыстар кешені;";

      25) тізілім әкімшісі – индустриялық саясат саласындағы уәкілетті орган;

      26) шартты баға – ТЖҚ қазақстандық өндірушісі болып табылатын әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің баға ұсынысын шартты түрде жиырма пайызға азайтуды ескере отырып есептеген және ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазын анықтау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру үшін ғана қолданылатын баға;

      27) электрондық сатып алу жүйесі (бұдан әрі – жүйе) – ТЖҚ сатып алуды ұйымдастырушылар (жер қойнауын пайдаланушы, мердігер, жер қойнауын пайдаланушының (мердігердің) уәкілетті тұлғасы)) осы Қағидаларға сәйкес ТЖҚ сатып алу үшін пайдаланатын электрондық ақпараттық жүйе.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Бағалау рәсімін жеңілдету және ТЖҚ сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізушілер ұсынған, әртүрлі валюталармен көрсетілген бағаларды салыстыру үшін қолданылатын валюта бағаларды бағалау және салыстыру күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының валютасы – теңге болып табылады.

      ТЖҚ сатып алу және ТЖҚ сатып алу бойынша құжаттамаларды ресімдеу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

      1) ашық конкурс;

      2) бір көзден алу;

      3) төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық);

      4) Кодекстің 213-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген талаптарын қолданбай ТЖҚ сатып алу;

      5) Тауар биржалары арқылы тауарларды сатып алу.

      Қағидалардың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖҚ сатып алу тапсырыс берушінің тізілімді (жүйені) міндетті пайдаланумен жүзеге асырылады.

      Кодекстің 213-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген талаптарын қолданбай ТЖҚ сатып алу осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын ТЖҚ тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ сатып алу мынадай қағидаттарды сақтай отырып, жүзеге асырылады:

      1) ТЖҚ сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;

      2) әлеуетті жеткізушілердің арасындағы адал бәсекелестік;

      3) қазақстандық ТЖҚ өндірушілерді қолдау.

      4) тең құқықтық, әділдік, әлеуетті жеткізушілерге қатысты кемсітушіліктің жоқтығы.

      8. ТЖҚ сатып алу рәсімі мыналарды қамтиды:

      1) ТЖҚ сатып алуды жоспарлау;

      2) әлеуетті жеткізушіні таңдау;

      3) ТЖҚ сатып алу туралы шартты жасасу.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Тізілімді және жүйені пайдалану әлеуетті жеткізушілер үшін тегін.

      Тапсырыс беруші және әлеуетті жеткізушілер тізілімде (жүйеде) орналастыратын ақпарат құпия болып табылмайды.

      Тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді, конкурстық өтінімдерді қарау және өзі бастамашы болып табылмаған ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) қорытындысын шығару хаттамаларын қарай алмайды.

      Әлеуетті жеткізуші қатысу үшін конкурстық өтінімді ұсынбаған ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) конкурстық өтінімдерін, конкурстық өтінімдерді қарау және қорытынды шығару хаттамаларын қарай алмайды.

      Жүйе әкімшісі ұсынылған ақпаратты өзгерту құқығынсыз пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасын және әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарауға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      Тізілім (жүйе) әкімшісі тізілім (жүйе) ашық конкурстың немесе тізілім (жүйе) арқылы бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) әлеуетті жеткізушілері ұсынған баға ұсыныстарын оларды тізілім (жүйе) ашқан сәтке дейін қарамайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тізілім (жүйе) арқылы қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ сатып алуға қатысу үшін тіркеу куәліктерінің тіркеліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығында алынған электрондық цифрлық қолтаңба қойылады, заңды және (немесе) жеке тұлға тізілімге (жүйеге) сатып алуға тапсырыс беруші немесе әлеуетті жеткізуші ретінде тіркеледі, сондай-ақ тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті тұлғалар тіркеледі.

      Бұл талап бір көзден алу тәсілімен ТЖҚ сатып алудың қорытындысы бойынша таңдалған әлеуетті жеткізушіге қолданылмайды.

      Тапсырыс беруші өз шешімімен тапсырыс беруші атынан осы Қағидаларда көзделген ақпаратты тізілімде (жүйеде) қалыптастыру мен орналастыру бойынша іс-қимылдарды жасайтын уәкілетті тұлғаны белгілейді.

      11. Өздерін банкрот деп тану туралы сот шешімдері заңды күшіне енген әлеуетті жеткізушілер, консорциумның қатысушылары ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатыспайды.

      12. ТЖҚ сатып алудың жылдық бағдарламасы жер қойнауын пайдаланушының бюджеті, ТЖҚ сатып алудың орта мерзімді бағдарламасы жер қойнауын пайдаланушының бюджеттері және (немесе) жер қойнауын пайдаланушының қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі бағыттары мен көрсеткіштерін айқындайтын жер қойнауын пайдаланушының өзге құжаттарының негізінде әзірленеді.

      Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде және жер қойнауын пайдаланушы мен мердігер арасында жасалған мердігерлік шартты орындау үшін сатып алынатын барлық ТЖҚ жылдық және орта мерзімді ТЖҚ сатып алудың бағдарламаларында көрсетіледі.

      ТЖҚ сатып алудың жылдық және орта мерзімді бағдарламалары "Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 283 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16950 болып тіркелген) бекітілген мерзімде жыл сайын тізілімде (жүйеде) орналастырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ сатып алу рәсімі ТЖҚ сатып алудың жылдық бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ сатып алу рәсімі осы Қағидалардың 123-тармағында көзделген жағдайларда ТЖҚ сатып алудың орта мерзімді бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Қажеттілік болса, ТЖҚ сатып алудың жылдық және орта мерзімді бағдарламаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізуге болады.

      Осы Қағидалардың 122-тармағы 11) тармақшасында көзделген жағдайда ТЖҚ сатып алудың жылдық және орта мерзімді бағдарламаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілмейді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ашық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алу тәртібі

1-параграф. Жалпы ережелер

      15. Ашық конкурс тәсілімен біртекті болып табылмайтын ТЖҚ сатып алу кезінде тапсырыс берушіге конкурстық құжаттамада мұндай ТЖҚ лоттарға бөле отырып, көрсетілген тәсілмен бірыңғай сатып алуды ұйымдастыруына және жүргізуіне жол беріледі.

      Ашық конкурс тәсілімен біртекті ТЖҚ бірнеше түрін сатып алу ТЖҚ олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға және оларды жеткізудің (орындаудың, көрсетудің) орны бойынша бөлу арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші ашық конкурсты өткізген кезде өзінің қалауы бойынша лоттарды тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың және (немесе) қызметтерді көрсетудің бір орнына ие біртекті ТЖҚ саны (көлемі) бойынша қосымша бөле алады.

      Тапсырыс беруші біртекті ТЖҚ жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше лицензия (келісімшарт) шеңберінде сатып алған жағдайда, ТЖҚ жеткізу (орындау, көрсету) жері бірыңғай болу шартымен осындай ТЖҚ сатып алынатын ТЖҚ көлемдерінің жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар (келісімшарттар) бойынша үлестірілуін көрсете отырып бір лотпен сатып алынады.

      ТЖҚ жеткізу (орындау, көрсету) орны ретінде жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияда (келісімшартта) көрсетілген өз шекаралары шегіндегі кен орын немесе мекенжай (жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері) болып табылады.

      Бір лотпен жабдықтың, көлік құралының белгілі бір үлгісінің қосалқы бөліктерін (толымдаушы бұйымдарын) сатып алуға жол беріледі.

      Толық аяқталған құрылыс немесе кешенді жұмыстар бір лотпен сатып алынады.

      16. Ашық конкурс жеті кезеңмен өткізіледі:

      1) конкурстық комиссияны құру;

      2) конкурстық құжаттаманы құрастыру және бекіту;

      3) ашық конкурстың өткізілуі туралы хабарландыруды және конкурстық құжаттаманы тізілімде (жүйеде) орналастыру;

      4) конкурстық өтінімдерді жинау;

      5) алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      6) тізілімде (жүйеде) конкурстық өтінімдерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдердің ашық конкурс талаптарына сай келуі затына қарауы және конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасын жасау;

      7) қорытынды шығару хаттамасын жасаумен ашық конкурстың жеңімпазын айқындау;

      8) ашық конкурстың жеңімпазымен шарт (-тар) жасасу.

      Осы тармақта көзделген жағдайларда әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарау, ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ ашық конкурстың жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Ашық конкурс өткізілген кезде осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда тапсырыс беруші ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасалған сәтке дейін ашық конкурсты немесе бұзушылық жіберілген ашық конкурстың лотын өткізбейді, конкурстық құжаттаманы мұндай бұзушылықтарды жою бөлігінде ретке келтіреді және оны қайтадан өткізеді.

      Тапсырыс беруші ашық конкурсты немесе ашық конкурстың лотын өткізбеу жөнінде қабылдаған шешімі туралы оны өткізбеудің себебін көрсете отырып, ашық конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерді тізілім (жүйе) арқылы хабардар етеді.

      Әлеуетті жеткізуші ашық конкурсты немесе ашық конкурстың лотын өткізбеу туралы тапсырыс берушінің шешімімен келіспеген жағдайда, қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органға жүгіне алады.

      Жер қойнауын пайдаланушының бекітілген ТЖҚ сатып алудың жылдық және (немесе) орта мерзімді бағдарламаларында көзделген ТЖҚ сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімде (жүйеде) ашық конкурсты немесе ашық конкурстың лотын өткізуден бас тартуы туралы хабарлама жасау арқылы ашық конкурсты немесе ашық конкурстың лотын өткізуден бас тартады.

      Ашық конкурсты немесе ашық конкурстың лотын өткізбеу немесе оны өткізуден бас тартуға тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Конкурстық комиссияны құру

      18. Тапсырыс беруші жеке ашық конкурсқа да, сондай-ақ тұрақты негізде де, бірақ бір қаржы жылынан аспайтын мерзімге конкурстық комиссия құрады.

      19. Конкурстық комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурстық комиссияның мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Конкурстық комиссияның құрамында кемінде үш адам болуы тиіс. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссияның шешім қабылдауы кезінде дауыс бермейді.

      Ашық конкурс қорытындысын шығару сәтіне дейін конкурстық комиссия құрамын өзгертуге жол беріледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Конкурстық комиссияның отырыстары конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілігі қатысқан жағдайда өткізіледі және қатысқан конкурстық комиссия мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары мен конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      21. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда, ол қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссияның төрағасы немесе, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, конкурстық комиссияның кез келген мүшесі айрықша пікірге ие болады, ол жазбаша түрде жазылады және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

      22. Конкурстық комиссияның төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, комиссияның отырыстарында төрағалық етеді.

      23. Конкурстық комиссияның хатшысы ТЖҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурс рәсімдерінің өткізілуін ұйымдастырады. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды дайындайды, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссия отырысының өткізілуін ұйымдастырады, тізіліммен (жүйемен) қалыптастырылған конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына және ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасына қол қояды, ТЖҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурстың құжаттары мен материалдарының сақталуын қамтамасыз етеді.

3-параграф. Конкурстық құжаттаманы құрастыру және бекіту

      24. Конкурстық құжаттама ТЖҚ сатып алудың талаптары мен шарттары туралы әлеуетті жеткізушілерді хабардар етуге арналған. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс беруші әзірлейді және бекітеді.

      25. Конкурстық құжаттамада мынадай талаптар көрсетіледі:

      1) ашық конкурс тәсілімен ТЖҚ сатып алудың нысанасы (лоттың атауы мен нөмірі);

      2) осы Қағидалардың 41-тармағына сәйкес әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің мазмұны;

      3) тапсырыс берушінің атауы (заңды тұлға үшін), тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (жеке тұлға үшін), нақты мекенжайы;

      4) сатып алынатын ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану және өзге де сипаттамаларын сипаттай отырып, ТЖҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін көрсете отырып, әр лот бойынша техникалық ерекшелік. Техникалық ерекшелікте ұлттық стандарттар, ал олар болмаған кезде сатып алынатын ТЖҚ-ға мемлекетаралық стандарттар, олар болған кезде "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына сәйкес көрсетіледі.

      Конкурстық құжаттамаға жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы (бар болса) қоса беріледі;

      5) қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) қоспағанда, конкурстық баға ұсынысын қалыптастыру тәртібі;

      6) төлем шарттары;

      7) әрбір лот бойынша сатып алынатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі;

      8) әрбір лот бойынша тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету орындары;

      9) әрбір лот бойынша тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету мерзімі ТЖҚ-ны сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап немесе конкурстық құжаттамада айқындалған күннен бастап немесе ТЖҚ-ны сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін конкурстық құжаттамада айқындалған оқиғалар басталған күннен бастап;

      10) конкурстық өтінімдерді ұсынудың басталу мен аяқталу уақыты;

      11) конкурстық өтінімдерді ашу күні мен уақыты, конкурстық өтінімдерді қарау мерзімі;

      12) редакциялауға болатын пішімде әрбір лот бойынша шарт жобасы;

      13) Кодекстің 213-бабының 1-тармағында көзделген әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің бағасын азайту, сондай-ақ әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасын есептеу үшін осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсыну туралы талап;

      14) конкурстық өтінімді ресімдеу, сондай ақ әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерінің ең аз қолданылу мерзімі;

      15) конкурстық өтінімді ТЖҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізудің көлемі (конкурстық құжаттамада белгіленген кезде);

      16) әрбір лот бойынша ҚҚС-ты есепке алмағанда ашық конкурстың нысанасы болып табылатын ТЖҚ сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер;

      17) осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес тапсырыс берушінің ТЖҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурсты өткізуден бас тартуының мерзімдері мен тәртібі туралы мәліметтер;

      18) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) сатып алынатын ТЖҚ елішілік құндылықтың ең аз үлесі.

      Әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық бойынша, оның ішінде тауарлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді қамтымайтын жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар (келісімшарттар) бойынша көрсеткіштер белгіленеді.

      19) ТЖҚ сатып алу кезінде, оларға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес рұқсат беру және хабарлама жасау тәртібі көзделген кезде тиісті рұқсаттардың немесе хабарламалардың болуы.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.05.2022 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Конкурстық құжаттамада:

      1) сатып алынатын жұмыстар, қызметтер нарығында және (немесе) белгілі бір салада жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды ұсыну туралы талап белгілеуге жол беріледі:

      Әлеуетті жеткізушінің жұмыс тәжірибесіне талап жылдық көлемі құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген ҚҚС есепке алмағанда он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК ) мөлшерінен асып түсетін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тапсырыс берушімен белгіленеді.

      Әлеуетті жеткізушінің жұмыс тәжірибесі әлеуетті жеткізуші жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен ұйымдардың ұсыныс хатының немесе оң пікірлерінің электрондық көшірмелерімен, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) қабылдануын-тапсырылуын растайтын тиісті актілердің электрондық көшірмелері қоса беріліп расталады. Бұл ретте соңғы 5 (бес) жылдан асатын жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласында тәжірибенің бар болуы жөнінде талап белгіленбейді.

      Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін ұсынылады.

      Тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік АЕК мөлшерінен асып түсетін сомаға жұмыстардың (қызметтердің) көлемін орындау бойынша ақпарат жұмыс тәжірибесінің бүкіл мерзімі үшін кемінде бір шарт бойынша ұсынылады;

      2) сатып алынатын тауар өндірушісімен:

      егер өндіруші осы тауарды бұрын шығармаған болса, бұрын шығарылған тауар сапасы немесе тауардың техникалық сипаттамасы туралы;

      сатып алынатын тауарды тапсырыс берушіге уақтылы жеткізу үшін жеткілікті мерзім ішінде тауардың әлеуетті жеткізушіге жеткізілуінің кепілдігі туралы;

      әлеуетті жеткізушіге конкурстық құжаттамада белгіленген көлем мен сапада тауар жеткізу кепілдігі туралы;

      әлеуетті жеткізуші ұсынатын шығын материалдарын бұған дейін өндіруші жеткізген жабдықпен немесе көлік құралымен салыстырымдылығы, сондай-ақ, аталған шығын материалдары қолданылған жағдайда, бұған дейін жеткізілген жабдық немесе көлік құралы кепілдіктен алынбайтындығы туралы растаманы қамтитын хаттарды әлеуетті жеткізушінің тапсырыс берушіге ұсынуы туралы;

      3) әлеуетті жеткізуші жұмыскерлерінің кәсіби біліктілігін растайтын дипломдардың, сертификаттардың, куәліктердің және басқа да құжаттардың бар болуы туралы;

      4) әлеуетті жеткізушілердің әлеуетті жеткізушіде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аккредиттелген ұйыммен сертификатталған, мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес менеджмент жүйесінің (сертификатталған жүйелердің) бар болуын растайтын құжаттарды ұсынуы туралы;

      5) ТЖҚ сатып алу туралы шарт жобасында сатып алынатын ТЖҚ бағасын қалыптастыру тәртібін тапсырыс берушінің оның нақты мағынасын ашумен көрсету туралы;

      6) әлеуетті жеткізуші бұдан бұрын сатып алынған жабдық немесе көлік құралы моделінің қосалқы бөлшектерін (жиынтықтауыш құралдарын) сатып алған кезде оны өндірушінің ресми өкілі (дилер, дистрибьютор) екендігін растайтын құжатты ұсынуы туралы.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Конкурстық құжаттамада:

      1) әлеуетті жеткізушілерге осы Қағидаларда көзделмеген кез келген талаптар;

      2) әлеуетті жеткізуші қызметкерлерінде жұмыс тәжірибесінің бар болуы туралы талап;

      3) сатып алударды жүзеге асырудың төмендегі жағдайларын қоспағанда, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы үлгілерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығу орнының атауы мен өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, қызметтің жеке әлеуетті жеткізушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтемелерді қамтитын талаптар белгіленбейді:

      негізгі (орнатылған) жабдықты жете жинақтау, жаңғырту, жете жарақтандыру, одан әрі техникалық сүйемелдеу, сервистік қызмет көрсету және жөндеу, оның ішінде жоспарлы жөндеу (қажет болса) үшін ТЖҚ;

      лизингке тауарларды ұсыну бойынша қызмет көрсетушіні анықтау үшін лизинг нысанының егжей-тегжейлі сипаттамасын беру қажеттілігі туындаған жағдайда;

      мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын қамтитын жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға сәйкес тауарлар.

      28. Тапсырыс беруші бекіткен конкурстық құжаттаманы тапсырыс беруші тізілімде (жүйеде) мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.

      Аудармалар арасында қайшылықтар болса, мемлекеттік тілдегі құжаттар артықшылыққа ие болады.

      29. Ашық конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жеткізушілер әрбір лот бойынша конкурстық құжаттаманы және техникалық ерекшелікті жүктейді (көшіріп алады).

      30. Ашық конкурстың лотына осы лот бойынша конкурстық құжаттаманы және техникалық ерекшелікті жүктемеген (көшіріп алмаған) әлеуетті жеткізушілер қатыспайды.

      Әрбір лот бойынша конкурстық құжаттаманың және техникалық ерекшеліктің көшірмесін ұсыну (тізілімнен (жүйеден) алу) фактісі тізілімде (жүйеде) автоматты түрде тіркеледі.

      31. Конкурстық құжаттама ашық конкурсты өткізу туралы хабарландырудың мәтіні жарияланғанға дейін әлеуетті жеткізушілерге ұсынылмайды.

      32. Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен тапсырыс берушіге оны тізілімде (жүйеде) орналастыру арқылы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүгінеді. Тапсырыс беруші сұрау салу тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпестен, негізделген және дәлелді түсіндіруді тізілімде (жүйеде) орналастырады

      Тізілімде (жүйеде) Қағидалардың осы тармағының бірінші абзацында көрсетілген конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулардың жоқтығы әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттама талаптарымен келісетіндігін білдіреді.

      33. Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 25-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді қоспағанда, конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар конкурстық құжаттамаға осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген тәртіппен немесе конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде енгізіледі. Өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманы қайтадан бекітуі тиіс және тапсырыс беруші конкурстық өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзімін әлеуетті жеткізушілер бұл өзгерістерді конкурстық өтінімдерде ескеруі үшін кемінде он жұмыс күні мерзіміне ұзартылады, бұл ретте конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімін ұзартулардың саны шектелмейді.

      Тапсырыс беруші енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар ескерілген конкурстық құжаттаманың көшірмесін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей барлық әлеуетті жеткізушілерге оны тізілімде (жүйеде) орналастыру арқылы ұсынады.

      Конкурстық өтінімді ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы ақпарат тізілімде (жүйеде) орналастыруға тиіс.

      34. Осы тармаққа сәйкес тапсырыс берушінің ашық конкурстың нысанасы болып табылатын осы ТЖҚ сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуымен байланысты, ашық конкурстың нысанасы болып табылатын ТЖҚ кейбір лоттарын алып тастау конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу болып табылмайды.

4-параграф. Ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыруды және конкурстық құжаттаманы тізілімде (жүйеде) орналастыру

      35. Ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыру конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын орналастырылады.

      Ашық конкурсты қайтадан өткізу туралы хабарландыру конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын орналастырылады.

      Осы Қағидалардың 25-тармағының 16) тармақшасында көзделген талаптарды қоспағанда, қайтадан ашық конкурс өткізу үшін өтпеген ашық конкурстың конкурстық құжаттамасының талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырылатын ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) ашық конкурстың нысанасы (лоттың атауы және нөмірі);

      2) әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес тапсырыс берушінің атауы мен орналасқан орны;

      3) әрбір лот бойынша сатып алынатын тауарлардың сипаттамасы, өлшем бірлігі, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі, сондай-ақ әрбір лот бойынша техникалық ерекшеліктің электрондық көшірмесі;

      4) әрбір лот бойынша тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету мерзімдері сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап немесе конкурстық құжаттамада айқындалған күннен бастап немесе сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін конкурстық құжаттамада айқындалған оқиғалар басталған күннен бастап, әрбір лот бойынша тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау орны;

      5) конкурстық құжаттаманың электрондық көшірмесі;

      6) тізілімде (жүйеде) конкурстық өтінімдерді ұсынудың басталу және аяқталу уақыты, сондай-ақ конкурстық өтінімдерді ашу күні мен уақыты;

      7) ҚҚС есепке алмағанда, әрбір лот бойынша ТЖҚ сатып алуға бөлінген сома;

      8) ашық конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап әрбір лот бойынша ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасасудың мерзімі;

      9) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) елішілік құндылықтың ең аз үлесі.

      Әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық бойынша, оның ішінде тауарлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді қамтымайтын жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар (келісімшарттар) бойынша көрсеткіштер белгіленеді;

      10) әрбір лот бойынша, оның шеңберінде ТЖҚ сатып алу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (-лар) (келісімшарт (-тар)) нөмірі;

      11) сатып алынатын ТЖҚ бағасынан басқа, әлеуетті жеткізушінің конкурстық баға ұсынысына, ҚҚС есептемегенде, конкурстық құжаттамада көзделген өзге шығыстарды қосуы;

      12) конкурстық өтінімнің қолданыс мерзімі;

      13) сатып алу коды.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.05.2022 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Конкурстық өтінімдерді жинау

      37. Конкурстық өтінім ашық конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттаманың шарттарына сәйкес тауарларды жеткізуді немесе жұмысты орындауды немесе қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру болып табылады.

      38. Осы Қағидалардың 41-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген мәліметтерге өзгерістер енгізілген жағдайда әлеуетті жеткізуші осы ақпаратты тізілімде (жүйеде) жаңартады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтініміне электрондық цифрлық қолтаңба қойылады және тізілімде (жүйеде) орналастырылады.

      Конкурстық өтінім мен конкурстық өтінімге құжаттама әлеуетті жеткізушілермен мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

      Құжаттардың конкурстық құжаттама тілдеріндегі түпнұсқалары (төлнұсқалары) болмаған жағдайда әлеуетті жеткізушілер Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариус куәландырған, осындай құжаттардың конкурстық құжаттама тілдеріндегі аудармаларының электрондық көшірмелерін ұсынады.

      Аудармалар арасында қайшылық болған жағдайда, мемлекеттік тілде ұсынылған құжаттар артықшылыққа ие болады.

      Әріптік, цифрлық және өзге де нышандармен сәйкестендіруге келмейтін ақпаратты қамтитын құжат әлеуетті жеткізуші ұсынбаған болып есептелінеді және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіндер ретінде қабылданбауы тиіс.

      Конкурстық өтінімге құжаттар тізілімге (жүйеге) электрондық құжаттардың түпнұсқалары не құжаттар түпнұсқаларының (төлнұсқаларының) электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      Ақпаратты жасыру мақсатында өшірілген, қосымша жазылған, сызылған сөздері немесе келісілмеген түзетулері бар құжаттар, сондай-ақ, қарындашпен жазылған немесе оқылмайтын мөр таңбасы бар құжаттар ұсынылмаған болып есептеледі.

      Конкурстық құжаттамада және осы Қағидалардың 41, 42-тармақтарында көзделмеген, әлеуетті жеткізушілермен Қағидалардың осы тармағын бұза отырып ұсынылған қосымша құжаттар конкурстық өтінімді қабылдамау үшін негіз болып табылмайды.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Ашық конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген конкурстық өтінімдерді ұсынудың аяқталу мерзімі аяқталған соң ұсынылатын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық өтінімдері тізілімде (жүйеде) орналастырылмайды.

      41. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінде мыналардың:

      1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес хабарламаның жіберілгендігін растайтын, берілген рұқсаттың немесе құжаттың электрондық көшірмелері (ТЖҚ сатып алу кезінде, олар үшін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі енгізілген кезде);

      2) банктің немесе банк филиалының алдындағы әлеуетті жеткізушінің міндеттемелері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қол және мөр қойылған анықтамасының электрондық көшірмесі (екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын әлеуетті жеткізуші, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кейін беріледі;

      3) төлем мерзімі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда берешегінің жоқтығы туралы немесе конкурстық өтінімдерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірілмеген күндегі жағдай бойынша бір теңгеден кем берешегінің болуы туралы тиісті салық органы анықтамасының электрондық көшірмесі;

      4) әлеуетті жеткізушінің – Қазақстан Республикасы бейрезидентінің қызметі осы жеткізушінің банкрот деп танылуына байланысты тоқтатылмағандығы туралы осыған уәкілетті тұлғамен берілген құжаттың электрондық көшірмесі;

      5) ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары қамтылған техникалық ерекшеліктің, сондай-ақ ТЖҚ-ның осы сипаттамаларға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері болуға тиіс.

      Тауар сатып алынған кезде техникалық ерекшелікте жеткізуге ұсынылатын тауардың шығарушы елі, өндірушісі, модельдің атауы және техникалық сипаттамалары көрсетіледі.

      Конкурстық құжаттамада жеткізу мерзімі күнтізбелік алпыс күннен кем болып белгіленген кезде, сатып алынатын тауарларды қазақстандық өндіруші конкурстық өтінімде жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап немесе жеткізілетін тауардың бірінші партиясына өтінім жіберілген кезден бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімді көрсетеді;

      6) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін), ұсынылатын ТЖҚ-ның елішілік құндылығы бойынша міндеттемелер.

      Әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық бойынша, оның ішінде тауарлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді қамтымайтын жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар (келісімшарттар) бойынша көрсеткіштер белгіленеді;

      7) пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындауға арналған шартты орындау кезінде мердігердің осы Қағидаларды сақтау туралы келісімі (әлеуетті жеткізуші мердігерлік шартын орындауға қажетті ТЖҚ сатып алған кезде);

      8) әлеуетті жеткізуші жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен ұйымдардың ұсыныс хаттары немесе оң пікірлері және жұмыс тәжірибесінің әр жылы үшін жиынтық көлемі кемінде бір шарт бойынша тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асқан сомаға орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің қабылдануын-тапсырылуын растайтын актілердің электрондық көшірмелері (конкурстық құжаттамада белгіленген кезде);

      9) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес, сатып алынатын тауарлардың өндірушісі тапсырыс берушіге және әлеуетті жеткізушіге берген хаттың электрондық көшірмесі (тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада тиісті талапты белгілеген кезде);

      10) тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарнаның енгізілуін растайтын төлем тапсырмасының электрондық көшірмесі немесе конкурстық өтінімді қамтамасыз ету ретінде ұсынылған, осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес енгізілген банк кепілдігі (тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада тиісті талапты белгілеген кезде);

      11) әлеуетті жеткізушіде "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына және "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына сәйкес аккредиттелген ұйыммен сертификатталған, мемлекеттік стандарттарға сәйкес менеджмент жүйесінің (сертификатталған жүйелердің) бар болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада тиісті талапты белгілеген кезде);

      12) конкурстық құжаттамаға сәйкес ҚҚС есепке алусыз әрбір лот бойынша бөлек тізілімде (жүйеде) электрондық нысанда ұсынылатын ашық конкурсқа әлеуетті қатысушының конкурстық баға ұсынысы болуға тиіс;

      13) жеке тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші, жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесін, жеке немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, дара кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың электрондық көшірмесін (дара кәсіпкерлік субъектілері үшін) ұсынады.

      Әлеуетті жеткізуші заңды тұлға болып табылса мынадай құжаттарды ұсынады:

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңы) 7-бабына сәйкес бекітілген жарғының электрондық көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің электрондық көшірмесі;

      құрылтайшылар (қатысушылар) немесе құрылтайшылар (қатысушылар) құрамы туралы мәліметтерден тұратын құрылтай құжаттарының үзіндісінің электрондық көшірмесі (жарғы құрылтайшылар (қатысушылар) немесе құрылтайшылар (қатысушылар) құрамы туралы мәліметтерді қамтымаса);

      конкурстық өтінімдерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген акциялар ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірме (акционерлік қоғамдар үшін);

      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңының 12-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен алынған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың электрондық көшірмесі.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері осы тармақшада көрсетілген және Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекетінде белгіленген тәртіпте алынған ақпаратты, ұқсас ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады;

      14) әлеуетті жеткізуші жұмыскерлерінің кәсіби біліктілігін растайтын дипломдардың, сертификаттардың, куәліктердің және басқа да құжаттардың электрондық көшірмелері (тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада тиісті талапты белгілеген кезде);

      15) тапсырыс берушінің ТЖҚ сатып алу туралы шарт жобасында сатып алынатын ТЖҚ толық көрсетумен ТЖҚ бағасын қалыптастыру тәртібін қолданудан бас тартуын немесе келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада тиісті талапты белгілеген кезде).

      Әлеуетті жеткізушінің ТЖҚ сатып алу туралы шарт жобасында тапсырыс берушінің сатып алынатын ТЖҚ бағасын қалыптастыру тәртібін қолданудан бас тартуы осындай әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімін ашық конкурсқа қатысуға қабылдамау үшін негіз болып табылмайды;

      16) осы әлеуетті жеткізуші сатып алынатын тауардың өндірушісі екендігін немесе сатып алынатын тауардың өндірушісімен берілген осы әлеуетті жеткізуші сатып алынатын тауардың өндірушісімен сауда-делдалдық қатынаста екендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада тиісті талапты белгілеген жағдайда);

      17) әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) үшін жеткілікті материалдық ресурстарға меншік құқығын немесе басқа да заңдық негіздемелерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада тиісті талапты белгілеген кезде).

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті осы тармақтың 2), 3), 4), 13) тармақшаларының бірімен белгіленген шарттарда көзделген ақпаратты ұсына алмаған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидентіне оның аталған шарттарға сәйкестігі туралы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің мемлекетінде белгіленген тәртіппен шартталған осы тармақтың 2), 3), 4), 13) тармақшаларында көзделген ақпаратты ұсыну мүмкін еместігін дәлелді негіздеуден тұратын кепілдік хаттың электрондық көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.05.2022 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Егер әлеуетті жеткізуші заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) болып табылған жағдайда, оның қатысушыларымен конкурстық өтінім құрамында ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 41, 43-тармақтарының талаптарына сай болуы тиіс. Бұл ретте, консорциумның әр қатысушысы осы Қағидалардың 41-тармағының 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады, сондай-ақ, консорциумның әр қатысушысының бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсетумен, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігіне (консорциум) енетін заңды тұлғалардың уәкілетті өкілдерімен қол қойылған және осы заңды тұлғалардың фирмалық мөрлерімен (бар болған жағдайда) бекітілген бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарттың электрондық көшірмесі.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету банк кепілдігі түрінде енгізілген жағдайда, банк кепілдігінің түпнұсқасы конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін жабық конвертте ұсынылады.

      Жабық конверттің бет жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

      әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

      конкурстық құжаттамада көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуге тиіс тапсырыс берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайын;

      конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің енгізілгендігін растайтын, қатысу үшін банк кепілдігі ұсынылатын ашық конкурстың (лоттың) атауын көрсетеді.

      Белгіленген мерзім өткен соң ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің енгізілгендігін растайтын банк кепілдігін қамтитын конверт ашылмайды және әлеуетті жеткізушіге қайтарылады.

      44. Егер әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, онда осы Қағидалардың 41-тармағында көрсетілген құжаттар немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын әлеуетті жеткізуші туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылады.

      45. Әлеуетті жеткізушілер шартты бағаны есептеу үшін осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген құжаттардан басқа мыналарды ұсынады:

      1) егер әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың сатып алу нысанасы болып табылатын тауарлардың қазақстандық өндірушісі болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында шығарылғанын растайтын, ұқсас тауарға бұрын берілген "CT-KZ" нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың электрондық көшірмесін;

      2) егер әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың ТЖҚ сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі болып табылған жағдайда, құжаттың электрондық көшірмесі түрінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің саны туралы мәліметтерді.

      46. Әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімді конкурстық құжаттамада көрсетілген оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін тізілімде (жүйеде) ұсынады.

      Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімді ұсыну фактісі тізілімде (жүйеде) автоматты түрде тіркеледі.

      47. Әлеуетті жеткізушіге конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей мыналарға:

      1) конкурстық өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

      2) өзі енгізген конкурстық өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпай, өзінің конкурстық өтінімін қайтарып алуға жол беріледі.

      48. Әлеуетті жеткізуші:

      1) бір лотқа бірден артық конкурстық өтінімді;

      2) конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурстық өтінімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізбейді.

      Әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталған соң конкурстық өтінімді қайтарып алмайды.

      49. Әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың бірнеше лотына қатысқан жағдайда осы Қағидалардың 41-тармағының 1), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 14), 15), 16) тармақшаларында көзделген құжаттар және конкурстық баға ұсынысы ашық конкурстың әр лоты үшін жеке ұсынылады.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50. Әлеуетті жеткізуші өзінің ашық конкурс тәсілімен ТЖҚ сатып алуға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші ТЖҚ сатып алудың қорытындыларына қарамастан, осы шығындарды өтеу бойынша міндеттемелерді өзіне алмайды.

6-параграф. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету

      51. Тапсырыс беруші ТЖҚ сатып алу үшін конкурстық құжаттамада көзделген сомадан бір пайыздан артық конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мөлшерін белгілемейді.

      52. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мынадай тәсілдердің бірімен енгізіледі:

      1) тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнасы;

      2) Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше екінші деңгейдегі банктерінің банк кепілдігі.

      Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу тәсілін таңдау құқығын әлеуетті жеткізуші жүзеге асырады.

      53. Жеткізуші үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаны толық не бір бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін әрекет жасамайды.

      54. Тапсырыс беруші әлеуетті жеткізуші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген жағдайлар туындағанға дейін пайдаланбайды.

      55. Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу туралы талап мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына қолданылмайды.

      56 Тапсырыс беруші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:

      1) ашық конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізуші және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші хабарламада белгіленген мерзімде шартты ұсынбаса немесе ТЖҚ сатып алу туралы шарттың ережелері ТЖҚ сатып алу туралы шарт жобасына және (немесе) жеңімпаздың және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтініміне сәйкес келмесе;

      2) ТЖҚ сатып алу туралы шартқа қоса берілетін құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус куәландырған көшірмелері ашық конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстырып тексеру рәсімінен өтпесе немесе құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус куәландырған көшірмелері ұсынылмаса;

      3) ашық конкурстың жеңімпазы және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасасып, егер оның енгізілуі конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда, ТЖҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаса, қайтармайды.

      Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      57. Осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаса, конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тапсырыс берушінің кірісіне есептеледі.

      58. Тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушіге ол енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) осы әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алса;

      2) тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына қол қойса.

      Осы тармақшаның шарттары ТЖҚ сатып алуға қатысуға рұқсат алмаған әлеуетті жеткізушілерге қолданылады;

      3) тапсырыс беруші ашық конкурстың қорытындыларын шығару хаттамасына қол қойса.

      Осы тармақша ашық конкурс жеңімпазы және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші деп айқындалған ашық конкурстың әлеуетті жеткізушісіне қолданылмайды;

      4) ТЖҚ сатып алу туралы шарт күшіне енген және ашық конкурс жеңімпазы ТЖҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, егер оның енгізілуі конкурстық құжаттамада көзделсе.

      Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету жеңімпазға және конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушіге қайтарылады;

      5) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өтсе;

      6) тапсырыс берушінің ТЖҚ сатып алудан бас тартуына байланысты ашық конкурстың нысанасы болып табылатын осы ТЖҚ кейбір лоттары алынып тасталса.

      Осы тармақтың шарты тапсырыс беруші алып тастаған лотқа қатысу үшін конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерге таралады;

      7) тапсырыс беруші ТЖҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурсты өткізуден бас тартса.

7-параграф. Конкурстық өтінімдерді тізілімде (жүйеде) ашу, конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдерді ашық конкурстың талаптарына сай келу затына қарауы және конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасын жасау

      59. Конкурстық өтінімді ұсыну фактісі мынадай мәліметтерді көрсете отырып, тізілімде (жүйеде) автоматты режимде тіркеледі:

      1) ашық конкурстың нысанасы (егер ашық конкурс нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда лоттардың атаулары мен нөмірлері);

      2) әлеуетті жеткізушінің атауы мен орналасқан орнының мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты және орналасқан орны (жеке тұлғалар үшін);

      3) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімді ұсынған күні және уақыты;

      4) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімді қайтарып алған күні мен уақыты.

      Конкурстық өтінімдер тізілімнің (жүйенің) жабық бөлігінде орналасады және конкурстық өтінімдер ашылғанға дейін әкімші, тапсырыс беруші және әлеуетті жеткізушілер оларды қарай алмайды.

      Конкурстық баға ұсыныстары тізілімнің (жүйенің) жабық бөлігінде орналастырылады және конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасы тізілімде (жүйеде) орналастырылғанға дейін әкімші, тапсырыс беруші және әлеуетті жеткізушілер оларды қарай алмайды.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Конкурстық құжаттамада көрсетілген ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылатын әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері тізілімде (жүйеде) орналастырылмайды.

      61. Әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде тізілімде (жүйеде) ашылады.

      62. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарайды және егер конкурстық құжаттамада өзгеше ұзағырақ мерзім көзделмесе, әлеуетті жеткізушілерді әрбір лот бойынша конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімінің соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

      63. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімді талаптарға сәйкес келетін өтінім ретінде қарайды, егер онда конкурстық өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге келетін грамматикалық қателер бар болса;

      64. Конкурстық өтінімдерді қараған кезде:

      1) конкурстық өтінімдерді қарауды жеңілдету үшін конкурстық комиссияның тізілімде (жүйеде) орналастыру арқылы ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінен олардың мазмұнын өзгертпестен, бірақ конкурстық өтінімдерді қараудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, олардың конкурстық өтінімдеріне байланысты түсіндірмелерді сұратуға жол беріледі. Әлеуетті жеткізуші сұрау салу орналастырылған сәттен бастап екі жұмыс күн ішінде оған тізілімде (жүйеде) жауап береді;

      2) тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтініміне қандай да бір өзгерістер енгізбейді;

      3) тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін конкурстық өтінімді осы талаптарға сәйкес келтіру үшін ешқандай сұрау салуларды, ұсыныстарды немесе рұқсаттарды жібермейді.

      65. Конкурстық комиссия төмендегі негіздер бойынша конкурстық өтінімді қабылдамайды және әлеуетті жеткізушіні ашық конкурсқа қатысуға жібермейді:

      1) осы Қағидалардың 41, 42 және 43-тармақтарында көзделген құжаттар ұсынылмаса немесе конкурстық құжаттаманы және осы Қағидаларды бұза отырып ұсынылса;

      2) конкурстық өтінім файлды ашудағы қатемен ұсынылған ақпараттан тұрса;

      3) конкурстық өтінім осы Қағидалардың 39-тармағының нормаларын бұзумен ресімделген немесе ұсынылған құжаттарды қамтыса;

      4) төлем мерзімі Салық кодексіне сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда, тиісті салық органының анықтамасында бір теңге және одан артық мөлшердегі берешек туралы мәліметтер болса;

      5) банк немесе банк филиалының қолы және мөрі қойылған анықтаманың электрондық көшірмесінде әлеуетті жеткізуші міндеттемелерінің кемінде бір түрі бойынша мерзімі өткен берешегі болса;

      6) осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген ашық конкурсқа қатысуға байланысты шектеулер болса.

      Конкурстық комиссия банкроттық рәсімдердің өткізілуіне бақылау жүргізетін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды;

      7) әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамаға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынса;

      8) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін), ұсынылатын ТЖҚ-ның елішілік құндылығы бойынша міндеттемелер конкурстық құжаттамада көрсетілген елішілік құндылық көрсеткіштерінен төмен болса;

      9) күмәнді ақпаратты ұсыну фактісі анықталса;

      10) әлеуетті жеткізуші (консорциум қатысушылары), ол тартатын мердігер, оның басшысы, құрылтайшылар (акционерлер) және қатысушылар "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабында белгіленген тәртіпте терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе;

      11) әлеуетті жеткізуші осы ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда) қатысуға бұған дейін өтінім ұсынса;

      12) әлеуетті жеткізушінің (консорциум қатысушылары), ол тартатын мердігердің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген болса;

      13) әлеуетті жеткізуші:

      Салық кодексіне сәйкес әрекетсіз болып табылса;

      оны тіркеу заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылса;

      заңды күшіне енген сот актісі негізінде жалған кәсіпорын болып табылса;

      Салық тексеруі нәтижелері бойынша тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмаса;

      Салық кодексінің нормаларын бұзуға байланысты қайта құрылған болса;

      Салық кодексіне сәйкес жүзеге асырылған санаттау нәтижелері бойынша жеткізушінің қызметі жоғары деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылған болса.

      Конкурстық комиссия бюджетке салықтар мен төлемдер түсуді қамтамасыз ету саласында басшылық жасайтын уәкілетті органның интернет-ресурсында Салық кодексіне сәйкес орналастырылған ақпаратты қарайды.

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасында тапсырыс берушімен әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімін қабылдамауға негіз болған себептерді түсіндірумен және құжаттарды көрсетумен осы тармақта көзделген конкурстық өтінімдерді қабылдамауға арналған негіздер көрсетіледі.

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына төмендегі құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі:

      осы тармақтың 9) тармақшасында көзделген негіз бойынша күмәнді ақпарат ұсыну фактін растайтын, әлеуетті жеткізуші ұсынған ақпарат авторының ресми хаттары;

      әлеуетті жеткізушіні (консорциум қатысушылары), ол тартатын мердігерді, олардың басшысын, құрылтайшыларды (акционерлерді) және қатысушыларды осы тармақтың 10) тармақшасында көзделген ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізу фактін растайтын құжат.

      Конкурстық өтінім тапсырыс беруші және:

      осы конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілермен, заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциум) қатысушыларымен;

      қатысушысы, акционері немесе басшысы әлеуетті жеткізушілердің жарғылық капиталын басқаруға, құруға, қатысуға байланысты заңды тұлғалармен, конкурстық өтінімдер ұсынған заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциум) қатысушыларымен бұған дейін жасалған ТЖҚ сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау фактін растайтын сот шешім күшіне енген сәттен бастап жиыма төрт ай ішінде қабылданбайды.

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына ТЖҚ сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау фактін растайтын заңды күшіне енген сот шешімдерінің электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      Тапсырыс берушіде ресми көпшілікке қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, олардың меншік иелері осы ақпаратты заңды негізде орналастыруға уәкілетті, соған сәйкес әлеуетті жеткізуші (консорциум қатысушылары), оның құрылтайшылары, акционерлері немесе құрылтайшы қатысушылары немесе әлеуетті жеткізушінің (консорциум қатысушылары) жарғылық капиталына жанама қатысатын өзге тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлық немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың заңды күшіне енген үкімі шыққан немесе оларға қатысты Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық және өңірлік ұйымдар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасымен заңды немесе іс жүзінде мойындалған елдер тарапынан саяси, экономикалық сипаттағы шектеу шаралары енгізілгенін растайтын ақпарат болған кезде конкурстық өтінім қабылданбайды.

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына әлеуетті жеткізуші (консорциум қатысушылары), оның құрылтайшылары, акционерлері немесе құрылтайшы қатысушылары немесе басқаруға немесе әлеуетті жеткізушінің (консорциум қатысушылары) жарғылық капиталына жанама қатысатын өзге тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлық және қылмыстық құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың заңды күшіне енген үкімі және оларға қатысты шектеу шаралары енгізілгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      Конкурстық өтінімдерді осы тармақта көзделмеген негіздер бойынша қабылдамауға жол берілмейді.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.05.2022 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66. Конкурстық комиссия әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарау кезінде әлеуетті жеткізушінің қазақстандық ТЖҚ өндірушісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау үшін әлеуетті жеткізуші осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес ұсынған мәліметтерді ескереді.

      Әлеуетті жеткізуші оның қазақстандық ТЖҚ өндірушісінің мәртебесіне сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия осындай әлеуетті жеткізушінің конкурстық баға ұсынысына Кодекстің 213-бабының 1-тармағына және 278-бабының 29-тармағына сәйкес бағаны шартты төмендетуді қолданбайды.

      67. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімін тапсырыс берушінің конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімін ұзартуына байланысты құжаттардың қолдану мерзімінің өтуі себебі бойынша қабылдамауға жол берілмейді.

      68. Егер анағұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ егер анағұрлым жақсы технологиялық шешімдер және (немесе) ең жақсы материалдардан жасалған жұмыстарды орындау ұсынылса, әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуі конкурстық өтінімді қабылдамауға негіз болып табылмайды.

      69. Тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасын тізілімде (жүйеде) қалыптастырады, оған тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және тапсырыс берушінің тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыру мен орналастыруға уәкілеттік берген тұлғасы оны тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес орналастырады.

      70. Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасының қағаз нұсқасына төраға және (немесе) төрағаның орынбасары, хатшы және конкурстық өтінімдерді қарау рәсіміне қатысқан барлық конкурстық комиссия мүшелері қол қояды.

      71. Ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру нәтижелері немесе қабылданбауы туралы мүдделі тұлғаларды хабардар ету тапсырыс берушінің тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті тұлғасының конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасын тізілімде (жүйеде) орналастыру болып табылады.

      72. Ашық конкурстың барлық лоттары бойынша әлеуетті жеткізушілердің ұсынылған немесе бас тартылмаған конкурстық өтінімдері тізілімде (жүйеде) жоқ болған жағдайда, ашық конкурсты өткізілмеді деп тану туралы шешім қабылданады және осы Қағидалардың 82 және 83-тармақтарына сәйкес тәртіппен ТЖҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасы ресімделеді.

8-параграф. Ашық конкурстың жеңімпазын айқындау

      73. Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына қол қойылғаннан және тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырылғаннан кейін, тізілімде (жүйеде) автоматты түрде конкурстық өтінімдері ашық конкурсқа қатысуға жіберілген ашық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын ашу, сондай-ақ конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстырып тексеру жүзеге асырылады.

      74. Ашық конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысының бағасы ашық конкурстың (лоттың) нысанасы болып табылатын ТЖҚ сатып алуға бөлінген сомадан асқан жағдайда, ұсынылған конкурстық баға ұсыныстары тізілімде (жүйеде) қабылданбайды.

      75. Конкурстық баға ұсынысы ашық конкурстың шарттарына сәйкес келмейді деп қабылданбай қоймаған ашық конкурстың жалғыз әлеуетті жеткізушісі болған жағдайда, ондай әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып танылады.

      76. Осы Қағидалардың 74-тармағында келтірілген шарт бойынша бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстары тізілімде (жүйеде) бағаланады және салыстырылады және Кодекстің 213-бабының 1-тармағында және 278-бабының 29-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша талапты ескере отырып, конкурстық баға ұсынысының ең төмен бағасының негізінде ашық конкурстың жеңімпазы (лоттар бойынша) айқындалады.

      77. Ашық конкурстың жеңімпазын айқындау кезінде Кодекстің 213-бабының 1-тармағында және 278-бабының 29-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша талапты қолдануды ескере отырып, ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының бағасы тең болған жағдайда, артықшылық қазақстандық ТЖҚ өндірушіге беріледі.

      78. Ашық конкурс мәні болып табылатын, сатып алынатын ТЖҚ-дағы елішілік құндылық бойынша ең жоғары пайыз ұсынған әлеуетті жеткізуші:

      1) Кодекстің 213-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты азайтуды ескере отырып, қазақстандық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірушілері болып табылатын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының теңдігі;

      2) қазақстандық тауар өндірушілер болып табылатын әлеуетті тауар жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарының теңдігі;

      3) қазақстандық тауар өндірушілер болып табылмайтын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының теңдігі кезінде ашық конкурс жеңімпазы болып танылады.

      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.05.2022 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      79. Конкурстық өтінімі ашық конкурстың басқа әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық өтінімдерінен тізілімге (жүйеге) бұрын келіп түскен әлеуетті жеткізуші:

      1) 213-баптың 1-тармағында көзделген бағаны шартты азайтуды ескерумен, конкурстық баға ұсыныстары және қазақстандық жұмыстар, қызметтер болып табылатын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілері ұсынған ашық конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісінің теңдігі;

      2) конкурстық баға ұсыныстары мен қазақстандық тауар өндірушілер болып табылатын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілері ұсынған ашық конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісінің теңдігі;

      3) конкурстық баға ұсыныстары мен қазақстандық жұмыстар мен қызметтер өндірушілер болып табылмайтын, ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілері ұсынған ашық конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісінің теңдігі кезінде ашық конкурс жеңімпазы болып танылады.

      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.05.2022 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      80. Конкурстық комиссия ашық конкурсты мына жағдайларда өтпеген деп таниды:

      1) ұсынылған конкурстық өтінімдердің болмауына байланысты;

      2) әлеуетті жеткізушілердің барлық конкурстық өтінімдері немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары ашық конкурстың талаптарына сәйкес келмейтіндер ретінде қабылданбаған жағдайда..

      81. Ашық конкурс өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) қайтадан ашық конкурс өткізу туралы. Бұл ретте, қайтадан ашық конкурс өткізу кезінде ТЖҚ сатып алу рәсімдері осы Қағидалардың 35-тармағының бірінші бөлімінде және 32, 33-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ашық конкурс өткізу рәсімдеріне сәйкес келеді. Сонымен бірге, қайтадан ашық конкурс өткізу саны шектелмейді;";

      2) бір көзден алу тәсілімен ТЖҚ сатып алу туралы.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      82. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша шешім конкурстық баға ұсыныстары ашылған күнінен кешіктірмей тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, ТЖҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасы түрінде, осы Қағиданың 4-қосымшасындағы насанаға сәйкес қалыптастырылады және орналастырылады.

      83. Тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде қорытынды шығару хаттамасына қол қойылған және орналастырылған күннен кешіктірмей тізілімде (жүйеде) конкурстық өтінім құрамында ұсынылған құжаттардың тізбесінен тұратын автоматты түрде хабарлама жасалады, ол конкурстық құжаттамада көрсетілген тапсырыс берушінің мекенжайына құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариус куәландырған көшірмелерін, ТЖҚ сатып алу туралы шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаға берілген сенімхаттың түпнұсқасын (егер ТЖҚ сатып алу туралы шартқа бірінші басшы қол қоймаған жағдайда), сұратылған құжаттарды қоса беріп, қол қойылған ТЖҚ сатып алу туралы шартты жеңімпаздың жіберуіне арналған мерзімді көрсетумен жеңімпаздың электрондық мекенжайына жіберіледі.

      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен сатып алу тәртібі

      84. Өткен ашық конкурстың, қайтадан ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) қорытындысы бойынша бір көзден алу тәсілімен ТЖҚ сатып алу мына жағдайларда өткізіледі:

      1) ашық конкурс, қайтадан ашық конкурс, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурс (электрондық сауда-саттық):

      әлеуетті жеткізушілер конкурстық өтінімдерді ұсынбағандықтан;

      әлеуетті жеткізушілердің барлық конкурстық өтінімдері немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары ашық конкурс, қайтадан ашық конкурс, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) талаптарына сәйкес келмейтіндер ретінде қабылданбағандықтан, өтпеді деп танылса;

      2) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті жеткізуші және конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс, қайтадан ашық конкурс, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) (болған кезде) жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші хабарламада белгіленген мерзімде ТЖҚ сатып алу туралы шартты ұсынбаса немесе ТЖҚ сатып алу туралы шарттың ережелері шарт жобасына және (немесе) конкурстық баға ұсынысы жеңімпаздың конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтініміне сәйкес келмесе;

      3) ТЖҚ сатып алу туралы шартқа қоса берілетін, сұратылған құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус куәландырған көшірмелері ашық конкурсқа, қайтадан ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатысу үшін ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстырып тексеру рәсімінен өтпесе немесе сұратылған құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус куәландырған көшірмелері ұсынылмаса;

      4) жеңімпаз және конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс, қайтадан ашық конкурс, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) (болған кезде) жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасасып, ТЖҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда оларды енгізу туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаса;

      5) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс, қайтадан ашық конкурс, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын жеңімпаз және (немесе) екінші әлеуетті жеткізуші ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасаудан бас тартса.

      Бұл ретте, бір көзден алу тәсілімен ТЖҚ сатып алу қорытындыларын шығару хаттамасына жеңімпаздың және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс, қайтадан ашық конкурс, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушінің ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасаудан бас тарту туралы хатының электрондық көшірмесі қоса беріледі.

      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      85. ТЖҚ бір көзден алу тәсілімен сатып алу мына тізбе бойынша жүзеге асырылады:

      1) жол сапарларында кідірмей қалпына келтіруді талап ететін сынықтар пайда болғанда, механизмдер, агрегаттар, шығын материалдары істен шыққан кезде;

      2) өндіру кезеңінде Қазақстан Респбликасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды сатып алу;

      3) төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және жою, аварияларды жою үшін ТЖҚ сатып алу;

      4) істен шығуы барлық өндірістік циклдің тоқтауына әкелетін жабдықтардың, механизмдердің, агрегаттардың, шығын материалдарының істен шығуы кезінде ТЖҚ сатып алу;

      5) сатып алынатын ТЖҚ-ға қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғада немесе сатып алынатын ТЖҚ-ға қатысты айрықша құқықтарға ие тұлға сатып алынатын ТЖҚ-ны Қазақстан Республикасының аумағында сатуға айрықша құқық берген тұлғада зияткерлік меншік объектілері болып табылатын ТЖҚ;

      6) мемлекеттік немесе үкіметтік бағдарламаларды іске асыру мақсатында жасалған офтейк-келісімшарттар шеңберінде өндірілген, сондай-ақ осындай тауарлар өндірушілерден осындай тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер (шеф-монтаждау, монтаждау немесе іске қосу мен жөндеу жұмыстары) өндіруді сүйемелдейтін тауарлар.

      Жер қойнауын пайдаланушының тауарды "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына сәйкес сатып алу туралы офтейк-келісімшарттарды жасаспау кезінде осы Қағидаларға сәйкес ұқсас тауарды сатып алуға жол берілмейді;

      7) өндірістік қуаттары қалдықтарды олардың түзілу көзінен барынша аз тасымалдауды қамтамасыз ететін, шаруашылық қызмет процесінде әлеуетті жеткізушіде түзілетін қалдықтарды қайта өңдеу, алып тастау, орналастыру, тасымалдау және кәдеге жарату жұмыстарын сатып алу;

      8) тапсырыс берушінің кәсіпорны қала қалыптастырушы кәсіпорын болып табылатын моноқалада тіркелген қазақстандық ТЖҚ өндірушілеріндегі ТЖҚ.

      Тауарды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны моноқала немесе жер қойнауын пайдалану туралы лицензияда (келісімшартта) көрсетілген тапсырыс берушінің кен орны орналасқан моноқалаға жақын аудан шекарасындағы аумақ болып табылады;

      9) қандай да бір жеткізушіден ТЖҚ-ны сатып алған тапсырыс берушінің қолда бар ТЖҚ-мен үйлесімділігін біріздендіру, стандарттау немесе қамтамасыз ету мақсатында дәл сол жеткізушіден ТЖҚ-ны сатып алудың қажеттілігі туындаса;

      10) жер қойнауын пайдаланушылар үшін экономикалық орындылығы болған кезде қазақстанда шығарылған тауарлар;

      11) жобалық жұмыстар мен көрсетілген қызметтер;

      12) тапсырыс берушіге қатысты бақылау және қадағалау органдарының лауазымдық тұлғасымен(ларымен) жүргізілген бақылау немесе қадағалау іс-шараларының нәтижелері бойынша шығарылған қаулыларды немесе нұсқамаларды орындау мақсатындағы ТЖҚ;

      13) Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіндегі:

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген "CT-KZ" түріндегі тауардың шығарылуы туралы сертификатты немесе индустриялық сертификатты ұсынған немесе "Қазақстандық қамту" интернет-порталы ақпараттық жүйесінде орналастырылған жағдайда қазақстанда шығарылған ТЖҚ-ді сатып алу, не мұндай ТЖҚ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін жағдайда, шет елде шығарылған ТЖҚ-ді сатып алу.

      Осы тармақша өндірістің тоқтауына және көлемін төмендетуге жол бермеу, сондай-ақ өндірістік процестерге тартылған қызметкерлердің қауіпсіздігін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында ғана қолданылады.

      14) адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіптің болуына байланысты ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін қажетті ТЖҚ.

      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.05.2022 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      86. Осы Қағидалардың 84-тамағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен ТЖҚ сатып алынған жағдайда, ТЖҚ сатып алудың шарттары өтпеген ашық конкурстың, қайтадан ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      87. Егер сатып алу осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3) тармақшаларына сәйкес осы Қағидаларды бұза отырып өткізілген болса, осы Қағидалардың 84-тармағына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілімен ТЖҚ сатып алу қолданылмайды.

      88. Бір көзден алу тәсілімен біртекті болып табылмайтын ТЖҚ сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушіге қорытынды шығару хаттамасында мұндай ТЖҚ міндетті түрде лоттарға бөле отырып, көрсетілген тәсілмен бірыңғай ТЖҚ сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жол беріледі.

      Бір көзден алу тәсілімен біртекті ТЖҚ бірнеше түрін сатып алу бір лотпен жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 85-тармағына сәйкес жабдықтың, көлік құралының белгілі бір моделіне қосалқы бөлшектерді (жиынтықтауыш құралдарды) бір лотпен сатып алуға жол беріледі.

      Біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше лицензияның (келісімшарттың) шеңберінде бір көзден алу тәсілімен сатып алуды тапсырыс беруші лицензиялар (келісімшарттар) бойынша сатып алынатын ТЖҚ көлемдерінің үлестірілуін міндетті түрде көрсете отырып жүзеге асырады.

      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      89. Бір көзден алу тәсілімен ТЖҚ сатып алудың қорытындыларын шығару хаттамасын тапсырыс берушінің тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілеттік берген тұлғасы қалыптастырады, оған тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және осы Қағиданың 5-қосымшасындағы нысанға сәйкес мәліметтерді көрсете отырып, шарт жасалған күннен кешіктірмей тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырылады.

      Тізілімде (жүйеде) қалыптастырылған бір көзден алу тәсілімен ТЖҚ сатып алудың қорытындыларын шығару хаттамасының қағаз нұсқасына тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі қол қояды.

4-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен сатып алу тәртібі

      90. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алу рәсімдері конкурстық баға ұсыныстарын ұсыну және жеңімпазды айқындау рәсімдерін қоспағанда, ашық конкурстың рәсімдеріне сай келеді.

      91. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алуға жіберілген әлеуетті жеткізушілер тізілімде (жүйеде) лотқа конкурстық баға ұсыныстарын береді және оларға электрондық цифрлық қолтаңба қояды.

      Конкурстық баға ұсыныстарын беру мерзімі – егер конкурстық құжаттамада одан қысқа мерзім көзделмесе тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасы орналастырылған сәттен бастап қырық сегіз сағат. Конкурстық баға ұсыныстарын беру мерзімі осы тармақтың соңғы абзацында айтылған талаптарды ескере отырып, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9-00-ден 20-00-ге дейінгі кезеңде кем дегенде бес сағатқа белгіленеді.

      Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасы сауда-саттықты өткізуге қажетті уақытты ескере отырып, Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және (немесе) мереке күндеріне түспейтін және олармен бөлінбейтін жұмыс күндері тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырылады.

      Ескерту. 91-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      92. Әлеуетті жеткізуші ұсынатын конкурстық баға ұсыныстарының саны шексіз, әлеуетті жеткізуші өз баға ұсынысын төмендету жағына қарай көп мәрте өзгерте алады.

      93. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) әлеуетті жеткізушілері шартты бағаны ескере отырып конкурстық баға ұсыныстарын және атауы көрсетілмеген қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің санын көре алады.

      94. Сауда-саттық жабылғанға дейін үш минуттың ішінде әлеуетті жеткізушілердің біреуі ең төменгі жаңа конкурстық баға ұсынысын енгізсе, сауда-саттықтың жабылу уақыты автоматты түрде он бес минутқа, бірақ үш реттен артық емес ұзартылады.

      95. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстырып тексеру тізілімде (жүйеде) жүзеге асырылады, және Кодекстің 213-бабының 1-тармағында және 278-бабының 29-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту жөніндегі өлшемшартты ескере отырып, конкурстық баға ұсынысының ең төменгі бағасы негізінде жеңімпаз анықталады.

      96. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алудың жеңімпазын анықтау кезінде, ТЖҚ сатып алуға қатысқан әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстары тең болған жағдайда, Кодекстің 213-бабының 1-тармағында және 278-бабының 29-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша талапты қолдануды ескере отырып, артықшылық қазақстандық ТЖҚ өндірушісіне беріледі.

      97. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) мәні болып табылатын, сатып алынатын ТЖҚ елішілік құндылық бойынша міндеттемелердің ең жоғары пайызын ұсынған әлеуетті жеткізуші:

      1) Кодекстің 213-бабы 1-тармағында көзделген бағаны шартты азайтуды ескере отырып, қазақстандық жұмыстар мен қызметтерді өндірушілер болып табылатын, ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының теңдігі;

      2) қазақстандық тауар өндірушілер болып табылатын әлеуетті тауар өндірушілердің конкурстық баға ұсыныстарының теңдігі;

      3) қазақстандық ТЖҚ өндірушілер болып табылмайтын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының теңдігі кезінде бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы болып танылады.

      Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.05.2022 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      98. Конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен әлеуетті жеткізуші:

      1) 213-бап 1-тармақта көзделген бағаны шартты азайтуды ескерумен конкурстық баға ұсыныстары мен қазақстандық жұмыстар, қызметтер болып табылатын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілері ұсынған ашық конкурс мәні болып табылатын сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісінің теңдігі;

      2) конкурстық баға ұсыныстары мен қазақстандық тауар өндірушілер болып табылатын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілері ұсынған ашық конкурс мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісінің теңдігі;

      3) конкурстық баға ұсыныстары мен қазақстандық ТЖҚ өндірушілер болып табылмайтын, ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерімен ұсынылған, ашық конкурс мәні болып табылатын, сатып алынатын ТЖҚ-дағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісінің теңдігі жағдайында бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы болып танылады.

      Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.05.2022 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      99. Конкурстық комиссия бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсты (электрондық сауда-саттық) мына жағдайларда өтпеген деп таниды:

      1) ұсынылған конкурстық өтінімдердің немесе конкурстық баға ұсыныстарының болмауына байланысты;

      2) әлеуетті жеткізушілердің барлық конкурстық өтінімдері немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) талаптарына сәйкес келмейтіндер ретінде қабылданбаған жағдайда.

      Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      100. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурсты (электрондық сауда-саттық) өткізу туралы. Бұл ретте, бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурсты (электрондық сауда-саттық) өткізу кезінде ТЖҚ сатып алу рәсімдері осы Қағидалардың 35-тармағының бірінші бөлімінде және 32, 33-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) өткізу рәсімдеріне сәйкес келеді. Сонымен бірге, бағаны төмендетуге қайтадан өткізілетін ашық конкурстар (электрондық сауда-саттық) саны шектелмейді;

      2) бір көзден алу тәсілімен ТЖҚ сатып алу туралы.

      Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      101. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алудың қорытындысы бойынша тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алудың қорытындысын шығару хаттамасы осы Қағиданың 5-қосымшасындағы нысанға сәйкес ақпарат көрсетіле отырып жасалады.

      102. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша шешім конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған соңғы күннен кешіктірмей тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде тапсырыс берушінің тізілімде (жүйеде) ақпарат қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алудың қорытындысын шығару хаттамасы түрінде қалыптастырылады және орналастырылады.

      Тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде қорытынды шығару хаттамасына қол қойылған және орналастырылған күннен кешіктірмей тізілімде (жүйеде) конкурстық өтінім құрамында ұсынылған құжаттардың тізбесінен тұратын автоматты түрде хабарлама жасалады, ол конкурстық құжаттамада көрсетілген тапсырыс берушінің мекенжайына құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариус куәландырған көшірмелерін, ТЖҚ сатып алу туралы шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаға берілген сенімхаттың түпнұсқасын (егер ТЖҚ сатып алу туралы шартқа бірінші басшы қол қоймаған жағдайда), сұратылған құжаттарды қоса беріп, қол қойылған ТЖҚ сатып алу туралы шартты жеңімпаздың жіберуіне арналған мерзімді көрсетумен жеңімпаздың электрондық мекенжайына жіберіледі.

      Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауар биржалары арқылы тауарларды сатып алу тәртібі

      103. Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауар биржалары арқылы тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету

      104. ТЖҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жеңімпазы оның өзімен жасалған ТЖҚ сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындайтындығының кепілдігі ретінде, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда енгізеді.

      Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ТЖҚ сатып алу туралы шартты жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде енгізіледі.

      105. Тапсырыс берушіге шарт сомасынан үш пайыздан артық болатын ТЖҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін белгілеуге жол берілмейді.

      106. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мынадай тәсілдердің бірімен енгізіледі:

      1) тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнасы;

      2) Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше екінші деңгейдегі банктерінің банктік кепілдігі.

      Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу тәсілін таңдау құқығын ТЖҚ жеткізушісі жүзеге асырады.

      107. Жеткізуші шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаның барлығын не бір бөлігін талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарды жасамайды.

      108. Тапсырыс беруші шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін жеткізуші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдаланбайды.

      109. ТЖҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына қолданылмайды.

      110. Егер жеткізуші өзімен жасалған ТЖҚ сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса, тапсырыс беруші ТЖҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.

      111. ТЖҚ жеткізушісі онымен жасалған ТЖҚ сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиісті түрде орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші ТЖҚ сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету сомасынан шартта көзделген тұрақсыздық айыбының сомасын ұстап қалады.

      ТЖҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің қалған сомасы шартта көзделген ТЖҚ қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеткізушіге қайтарылады.

      112. Тапсырыс беруші жеткізушіге ол енгізген ТЖҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, онымен жасалған ТЖҚ сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындаған жағдайда, он жұмыс күні ішінде қайтарады.

7-тарау. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт

      113. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3) тармақшаларында және 84-тармағында көрсетілген тәсілдермен ТЖҚ сатып алу кезінде ТЖҚ сатып алу туралы шарт конкурстық құжаттамадағы ТЖҚ сатып алу туралы шарт жобасына және жеңімпаздың конкурстық өтініміне сәйкес жасалады.

      Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      114. ТЖҚ сатып алу туралы шарт ашық конкурстың, қайтадан ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы ҚҚС төлеушісі болып табылмаған немесе жеткізілетін тауарға, орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚҚС салынбаған жағдайларды қоспағанда, ашық конкурстың, қайтадан ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы ұсынған, оған ҚҚС есептелген бағаны қамтуға тиіс.

      Ескерту. 114-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 209 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      115. Ашық конкурстың, қайтадан ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы осы Қағидалардың 82, 101-тармақтарында белгіленген тәртіппен, қорытынды шығару хаттамасына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, ТЖҚ сатып алу туралы шартқа қол қояды және оны жеңімпаз конкурстық өтінім құрамында ұсынған сұратылған құжаттардың түпнұсқаларын және нотариус куәландырған көшірмелерін, ТЖҚ сатып алу туралы шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаға берілген сенімхаттың түпнұсқасын (шартқа бірінші басшы қол қоймаған жағдайда) қоса бере отырып, оны конкурстық құжаттамада көрсетілген тапсырыс берушінің мекенжайына ұсынады.

      Әлеуетті жеткізуші ашық конкурсқа, қайтадан ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатысу үшін ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстырып тексеру рәсімінен өту үшін конкурстық құжаттамада және осы Қағидалардың 41, 42-тармақтарында және жеңімпаздың электрондық адресіне жіберілген хабарламада көзделмеген қосымша құжаттарды ұсынбайды.

      Салыстырып тексеру рәсімінен өту үшін түпнұсқа (төлнұсқа) құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде конкурстық өтінім құрамында ұсынылған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынуға жол беріледі.

      Тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушімен салыстырып тексеру рәсімінен өту үшін ұсынылған құжаттарды қайтармайды.

      Тапсырыс беруші ашық конкурстың, қайтадан ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазына шартты жасасудан (орындаудан) бас тартуды қамтитын, осындай бас тартуға негіз болған себептерді түсіндіре отырып, хабарлама жібереді, егер ашық конкурстың, қайтадан ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы болып танылған әлеуетті жеткізуші:

      ТЖҚ сатып алу туралы шарттың ережелері жеңімпаздың ТЖҚ сатып алу туралы шартының және (немесе) конкурстық өтінімінің жобасының талаптарына сәйкес келмесе;

      ТЖҚ сатып алу туралы шартқа қоса берілетін, ашық конкурсқа, қайтадан ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық), бағаны төмендетуге бағытталған қайтадан ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатысу үшін ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстырып тексеру рәсімінен өтпеген тапсырыс беруші сұратқан құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариус куәландырған көшірмелерін ұсынса немесе құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус куәландырған көшірмелері ұсынылмаса;

      ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасасып, ТЖҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаса (егер шарттың орындалуын қамтамасыз ету конкурстық құжаттамада көзделсе);

      Тапсырыс беруші ашық конкурстың, қайталама ашық конкурстың, төмендетуге арналған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттықтың), қайтадан төмендетуге арналған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттықтың) жеңімпазына, егер жеңімпаз хабарламада белгіленген мерзімде ТЖҚ-ны сатып алу туралы шартты ұсынбаған жағдайда, мұндай бас тарту үшін негіз болған себептерді түсіндіре отырып, шарт жасасудан (орындаудан) бас тартуды қамтитын хабарламаны жіберуге жол беріледі.

      Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      116. Шартты жасасудан (орындаудан) бас тартуды қамттитын тапсырыс берушінің хабарламасы ТЖҚ сатып алу туралы шартты осы Қағидалардың 83, 102 және 115 тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық баға ұсынысы жеңімпаздың конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушімен жасасу үшін негіз болып табылады.

      117. Ашық конкурс, қайталама ашық конкурс, төмендетуге арналған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық), төмендетуге арналған қайталама ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алу туралы шарт хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде, бірақ қорытындылар туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен ерте емес жасалады. Тараптардың келісімі бойынша осы тармақта көрсетілген мерзім қысқартылады.

      Егер ТЖҚ-ны сатып алу бірнеше лот бойынша жүргізілген жағдайда, сатып алу туралы шарттардың жобаларын Тапсырыс беруші әрбір лотқа жеке жасайды.

      Әлеуетті өнім беруші бірнеше лот бойынша жеңімпаз деп танылған жағдайда, әрбір лотты жеке техникалық ерекшелікке бөле отырып, ТЖҚ сатып алу туралы бірыңғай шарт жасалады. Бұл ретте техникалық ерекшеліктер ТЖҚ сатып алу туралы шартқа бір қосымшада баяндалады.

      Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      118. Қазақстан Республикасының бейрезидентімен ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының және осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, ол ұсынып отырған нысан бойынша ТЖҚ сатып алу туралы шартты ресімдеуге жол беріледі.

      119. ТЖҚ сатып алу туралы шарт:

      1) жұмыстарды орындауға арналған шартты орындаған кезде осы Қағидаларды сақтау бойынша мердігердің міндеттемесін;

      2) жұмыстарды орындауға арналған шартты орындаған кезде осы Қағидаларды сақтамағаны үшін мердігердің жауапкершілігін;

      3) ТЖҚ сатып алудың қорытындыларын шығару хаттамасына сәйкес ТЖҚ-дағы елішілік құндылық бойынша жеткізушінің міндеттемесін;

      4) ТЖҚ сатып алудың қорытындыларын шығару хаттамасына сәйкес ТЖҚ елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жеткізушінің жауапкершілігін;

      5) жеткізілген тауар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төлем туралы талаты;

      Бұл ретте, қазақстандық тауар өндірушілерге Қазақстанда шығарылған тауарды жеткізгені үшін төлем тауарларды қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жүргізіледі;

      6) тапсырыс берушінің тауарларды (көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды) қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою туралы немесе шарт талаптарының бұзушылықтарын тапсырыс беруші актілерді алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жою туралы талапты қамтиды.

      Қазақстанда шығарылған тауарды сатып алу туралы шарт тауарларды қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою туралы немесе шарт талаптарының бұзушылықтарын тапсырыс беруші тауар-көлік жүкқұжатына (жүкқұжатқа) қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жою туралы талапты қамтиды.

      Бұл ретте, Қазақстанда шығарылғандығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тауарларды қабылдау-тапсыру актілері тапсырыс берушіге тауар-көлік жүкқұжатына (жүкқұжатқа) тапсырыс беруші қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады. Тапсырыс беруші тауар-көлік жүкқұжатына (жүкқұжатқа) қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тауарларды қабылдау-тапсыру актілерін тапсырыс берушіге ұсынбаған кезде қабылдау-тапсыру актілеріне тапсырыс берушіге нақты ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қол қойылады;

      7) ТЖҚ сатып алу туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті;

      8) ТЖҚ сатып алу туралы шарт сомасынан "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикасына кемінде 5 (бес) пайыз инвестициялау бойынша шарт қамтылады.

      Бұл шарт:

      ТЖҚ сатып алуға бөлінген жылдық сома тиісті қаржы жылына белгіленген бес жүз мың есе АЕК асқан;

      сатып алынатын тауар өндірісі Қазақстан Республикасында болмаған;

      тауар жеткізу офтейк-келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылмаған кезде көзделеді.

      Осы тармақшада көзделген шарттар осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес сатып алулар өткізген кезде ТЖҚ сатып алу туралы шартта белгіленеді.

      Ескерту. 119-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.05.2022 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      120. Тапсырыс беруші қазақстандық тауар өндірушімен ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасасқан кезде шарттың ережелерінде жеткізушінің сатып алынатын тауардың номенклатурасына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасы аумағында шығарылғандығын растайтын, "CT-KZ" нысанды тауардың шығуы туралы сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы туралы талап көрсетіледі, бұл ретте сертификатта көрсетілген тауар көлемі жасалған шарт шеңберінде жеткізілетін көлемнен кем емес болып көрсетіледі.

      Тапсырыс беруші қазақстандық жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің өндірушісімен ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасасқан кезде осы шарттың ережелерінде әлеуетті жеткізушінің Кодекстің 215-бабына сәйкес сатып алынатын ТЖҚ және олардағы елішілік құндылық үлесі туралы есепті ұсынуы туралы талап көрсетіледі.

      Ескерту. 120-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.05.2022 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      121. ТЖҚ сатып алу туралы туралы шарт жобасына өзгерістер тараптардың өзара келісімі бойынша елеулі болып табылмайтын шарт талаптары, сондай-ақ, әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып айқындалған күннен ТЖҚ сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ұлттық валютаның (теңге) шетел валютасының бағамына қатысты ресми бағамы өзгерген жағдайда, ТЖҚ сатып алу туралы шарт жобасы бағасының өзгеруі бөлігінде енгізіледі. ТЖҚ сатып алу туралы шарт жобасы бағасын тараптардың мөлшерлей отырып қайта есептеуі ТЖҚ сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге шетел валютасына қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ұлттық валютаның (теңге) ағымдағы бағамы бойынша жүргізіледі.

      Бұл ретте әлеуетті жеткізуші растайтын құжаттарды қоса берумен, өндіріс шығыстарының толық калькуляциясын және (немесе) тауарлар жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шығыстарының артуына немесе қысқаруына әсер ететін факторларды көрсете отырып, ТЖҚ сатып алу туралы шарт жобасының бағасын арттыру немесе азайту қажеттілігінің негіздемесін тапсырыс берушіге ұсынады.

      Ескерту. 121-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      122. ТЖҚ сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізу жеткізушіні таңдау үшін негіз болған, сапасы мен басқа талаптарының тұрақтылығы жағдайында тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады:

      1) осы тауарды сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауар бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартымен сатып алынатын тауар көлеміндегі қажеттіліктің артуына байланысты, шарттың жалпы сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерге шарт сомасын ұлғайту бөлігінде;

      2) сатып алынатын жұмыстар, қызметтер көлеміндегі қажеттіліктің артуына байланысты, шарттың жалпы сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерге шарт сомасын ұлғайту бөлігінде;

      3) ТЖҚ сатып алу туралы шарт жасалған күннен кейін шетел валютасына қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ұлттық валютаның (теңге) ресми бағамы өзгерген жағдайда ТЖҚ сатып алу туралы шарттың бағасын өзгерту бөлігінде.

      ТЖҚ сатып алу туралы шарт бағасын тараптардың мөлшерлей отырып қайта есептеуі ТЖҚ сатып алу туралы шарт бойынша төлем жүргізілген сәтте шетел валютасына қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ұлттық валютаның (теңге) ағымдағы бағамы бойынша жүргізіледі.

      Бұл ретте жеткізуші растайтын құжаттарды қоса берумен, өндіріс шығыстарының толық калькуляциясын және (немесе) тауарлар жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шығыстарының артуына немесе қысқаруына әсер ететін факторларды көрсете отырып, ТЖҚ сатып алу туралы шарттың бағасын арттыру немесе азайту қажеттілігінің негіздемесін тапсырыс берушіге ұсынады;

      4) ТЖҚ сатып алу туралы шарт бағасы бойынша талаптарды қоспағанда елеулі болып табылмайтын талаптар бөлігінде;

      5) тауарлар уақтылы жеткізілмеген, жұмыстар уақтылы орындалмаған, қызметтер уақтылы көрсетілмеген жағдайда қолданыстағы валюталық реттеу туралы заңнаманың талаптарына негізделген Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын ТЖҚ жеткізушісімен жасасқан ТЖҚ сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімін және (немесе) ТЖҚ жеткізу мерзімін өзгерту бөлігінде;

      6) сатып алынатын тауардың өндірісіне қажетті қазақстандық өндіруші шығарған тауарды жеткізу мерзімін арттыруға бөлігінде;

      7) тауарды өндіру үшін қажетті шикізат және (немесе) толымдаушы бұйымдар бағасының айтарлықтай өзгеруінен туындаған тауар бағасының, сондай-ақ тауар бағасының белгіленуіне әсер ететін тарифтердің азаюы немесе артуы салдарынан, қазақстандық өндірушімен жасалған тауарды жеткізуге арналған шарт сомасын азайту немесе арттыру бөлігінде;

      8) табиғи монополия субъектілерімен немесе мемлекеттік монополия субъектілерімен олардың қызметінің негізгі нысанасы бойынша;

      9) лизингтік төлемдер, сыйақы жарнасы мөлшерінің өзгеруіне, шарт сомасының индекстелуіне байланысты қаржылық лизинг шартының сомасын өзгерту бөлігінде;

      10) бір қаржылық жылдан артық мерзімге жасалған ТЖҚ сатып алу туралы шарт бағасын тиісті кезеңге белгіленген инфляция деңгейін ескере отырып, өзгерту бөлігінде;

      11) ТЖҚ сатып алу туралы шарт бағасын қалыптастыру тәртібін қолданған жағдайда ТЖҚ сатып алу туралы шарт бағасын өзгерту бөлігінде;

      12) сатып алынатын ТЖҚ көлемінде қажеттілікті, сондай-ақ тауар бірлігі, жұмыстар (қызметтер) орындау (көрсету) бағасын азайтуға байланысты шарт бағасын азайту бөлігінде.

      Сатып алынатын ТЖҚ көлемінде қажеттілікті азайтуға байланысты шарт бағасын азайту бөлігінде ТЖҚ сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізу кезінде ағымдағы қаржы жылында осындай ТЖҚ сатып алуға жол берілмейді;

      13) мемлекеттік реттеуге жататын бағалар (тарифтер) өзгерген жағдайда ТЖҚ сатып алу туралы шарт бағасының өзгеруі бөлігінде.

      Ескерту. 122-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      123. ТЖҚ сатып алу туралы шарт мынадай жағдайларды қоспағанда, бір қаржы жылынан аспайтын мерзімге жасалады:

      1) жұмыстарды жобалау-сметалық құжаттамада көзделген, аяқталу мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылындағы (жылдарындағы) мерзіммен сатып алу;

      2) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы олардың келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) жеткізілуін негіздейтін активтерді және басқа тауарларды сатып алу;

      3) орындаудың ұзақтығына байланысты орындау (көрсету, жеткізу) мерзімі жұмыс бағдарламасында белгіленген келесі (кейінгі) қаржы жылына (жылдарына) негізделген ТЖҚ сатып алу;

      4) ТЖҚ сатып алудың орта мерзімді бағдарламасында көзделген ТЖҚ сатып алу.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағида 123-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      124. ТЖҚ сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен жеткізуші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда орындалды деп есептеледі.

      125. Заңды тұлғалар қайта құрылған кезінде қаржылық міндеттемелерді және (немесе) құқықтар мен міндеттердің құқықтық мирасқорлық тәртібімен берілуін қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелерді орындауды талап ету құқығы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың шарт бойынша міндеттемелерді орындау (талаптан қайту) құқығы берілмейді.

  Жер қойнауын
пайдаланушылар мен олардың
мердігерлерінің пайдалы қатты
қазбаларды өндіру жөнінде
операциялар жүргізу кезінде
пайдаланатын тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына
1-қосымша

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөнінде операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кодекстің 213-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларының нормаларын қолданбай мыналар сатып алынады:

      1) еңбек шарттары бойынша жеке тұлғалар немесе кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалар өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша көрсететін қызмет;

      2) мүшелік жарналарды (салымдарды) енгізу, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына;

      3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акциялардың пакеттері (қатысу үлестері);

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын жүргізумен байланысты, оның ішінде банктің үзінді көшірмелерін алумен байланысты қаржы қызметтері;

      5) коммуналдық қызметтер;

      6) іссапар шығындарын жүзеге асыруға байланысты қызметтер;

      7) өкілдік шығындармен байланысты ТЖҚ;

      8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелердің қызметі;

      9) соттардағы, төреліктердегі және аралық соттардағы дауларды шешумен байланысты алымдарды, басқа шығыстарды төлеу;

      10) қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет;

      11) мүлікті сенімгерлікпен басқару қызметі:

      12) жылжымайтын мүлік, сондай-ақ, жылжымайтын мүлікті жалға алу қызметі;

      13) табиғи монополия саласына жататын ТЖҚ, сондай-ақ, энергиямен жабдықтау немесе электр энергиясын сатып алу-сату қызметі;

      14) мемлекеттік монополия субъектілерімен өндірілетін және сатылатын ТЖҚ;

      15) медициналық қызметтер;

      16) Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген ТЖҚ түрлерінің тізбесіне сәйкес ТЖҚ;

      17) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдары, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;

      18) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзімді баспасөз басылымдары, ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөніндегі қызмет, сондай-ақ интернет-ресурстарда, дыбыстандырылған кітаптарда шығарылған, әр түрлі магниттік жеткізгіштерде, рельефтік-нүктелік шрифтімен басылған кітаптарда орналастырылған ақпаратты ұсыну жөніндегі қызмет;

      19) жер қойнауын пайдаланушы қызметкерлерінің, олардың балаларының, зейнеткерлерінің, жер қойнауын пайдаланушының есебінде тұрғандардың демалысын, емделуін ұйымдастырумен байланысты қызмет (демалу, емделу орындарына дейін тасымалдауды және алып жүруді қоса);

      20) рейтингтік агенттіктердің қызметі, қаржы қызметі;

      21) мамандырылған кітапханалардың қызметі;

      22) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүлік (активтер);

      23) Тізілім жұмысымен синхрондалған электрондық сатып алу жүйесін пайдалану қызметі;

      24) азық-түлік және (немесе) тамақтандыруды ұйымдастыру қызметі;

      25) білім беру саласындағы қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық (келісімшарттық) міндеттемелерді орындауына бағытталған ТЖҚ;

      26) дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар (медициналық аппараттарды, құралдар мен жабдықтарды қоспағанда).

      27) заң көмекгі қызметтері, нотариалдық қызметтер;

      28) телефон және ұялы байланыс, интернетке қосылу қызметі;

      29) жабдықтың немесе көлік құралының белгілі бір моделіне, типіне, тобына, сондай-ақ, осы жабдықта немесе көлік құралында орнатылған тораптар мен агрегаттарға қосалқы бөлшектерді (жиынтықтауыш құралдар), егер мұндай қосалқы бөлшектерді (жиынтықтауыштарды) басқа субъектілерден сатып алу мүмкін болмаса, оларды өндірушілерден немесе осы өндірушілермен сауда-делдалдық қатынастағы тұлғалардан сатып алу;

      30) авторлық қадағалау қызметі;

      31) жылдық көлемі құндық тұлғада тиісті қаржы жылына белгіленген бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ТЖҚ;

      32) орынжайларды тазалықта ұстау, кір жуу, тамақ дайындау үшін қажетті шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы тауарлар;

      33) тапсырыс берушінің шаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы тауарлар (бөлмелерді тазалықта ұстау, кір жуу, тамақ дайындау және бөлмелерді шағын жөндеу);

      34) бөтен жер учаскесін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы (сервитут).

      35) теңгеруші нарықтағы электр энергиясы;

      36) Кодекстің 6-бабына сәйкес жер қойнауын пайдланушы операторды тартқан жағдайда, оның ақылы қызметтерін сатып алу;

      37) осы Қағидаларға сәйкес қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының (мердігердің) атынан ТЖҚ сатып алуды жүзеге асыру бойынша жеке немесе заңды тұлғаның қызметі;

      38) банктер немесе ұйымдар болып табылмайтын, Қазақстан Респуликасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардан ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен қарыз алу;

      39) жылдық бөлінген сомасы жүз мың еселік АЕК аспайтын мердігерлердің тауарлары немесе жұмыстары немесе қызметтері;

      40) мүлікті лизингке беру бойынша қызмет;

      41) жер қойнауын пайдаланушыда тиісті тауардың сатып алынған бағасынан аспайтын бағадағы тауар.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Кодекс – "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі;

      ТЖҚ – тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер;

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

  Жер қойнауын пайдаланушылар
мен олардың мердігерлерінің
пайдалы қатты қазбаларды
өндіру жөнінде операциялар
жүргізу кезінде пайдаланатын
тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді сатып
алу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қызметкерлердің саны туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы

Осы ашық конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі

Дипломы, куәлігі және білім туралы басқа да құжат бойынша біліктілігі немесе мамандығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Еңбек шартының нөмірі

Азамат
тығы

1

2

3

4

5

6

7

8

      Әлеуетті жеткізушінің қолы.     

      Мөр орны (бар болса)

  Жер қойнауын пайдаланушылар
мен олардың мердігерлерінің
пайдалы қатты қазбаларды
өндіру жөнінде операциялар
жүргізу кезінде пайдаланатын
тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

ТЖҚ сатып алу жөніндегі (ашық конкурстың атауы) ашық конкурсқа/бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатысу үшін әлеуетті жеткізушілермен ұсынылған конкурстық өтінімдерді қараудың ХАТТАМАСЫ_________________________(Өткізу күні мен уақыты)

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Тапсырыс берушінің атауы _________________________________________

      2. Тапсырыс берушінің орналасқан жері ________________________________

      3. Конкурстық комиссия құрамы:

      Конкурстық комиссия төрағасы: _______________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Конкурстық комиссия мүшелері: _______________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Конкурстық комиссия хатшысы ________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) конкурстық өтінімдерді қарау рәсімін өткізді.

      4. Ашық конкурс нысанасы: Лот нөмірі және атауы:

Сатып алу нысанасы

ТЖҚ сипаттау

Өлшем бірлігі

Сатып алынатын ТЖҚ көлемі

1

2

3

4

      5. Олардың шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар (келісімшарттар) нөмірлері:

Лот нөмірі

Лот атауы

Лицензияның (келісімшарттың) нөмірі, күні

1

2

3

      6. Төмендегі әлеуетті жеткізушілер конкурстық өтінімдер ұсынды: Лот нөмірі және атауы:

№ р/с

Әлеуетті жеткізушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) - жеке тұлғалар үшін)

Конкурстық өтінімді ұсыну мерзімі және уақыты

1

2

3

      7. Мына әлеуетті жеткізушілер конкурстық өтінімдерін қайтарып алды: Лот нөмірі және атауы:

№ р/с

Әлеуетті жеткізушінің атауы (жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты)

Конкурстық өтінімді қайтару мерзімі және уақыты

1

2

3

       8. Әлеуетті жеткізушілердің ашылған конкурстық өтінімдерінің құрамы жөніндегі ақпарат: 9. Мына әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері қабылданбасын: Лот № және атауы:

№ р/с

Әлеуетті жеткізуші нің атауы (жеке тұлғалар үшін (болған жағдайда) - тегі, аты, әкесінің аты)

Конкурстық өтінімдерді қабылдамау себебі

Ескерту

Комиссия мүшесінің ерекше ойы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

1

2

3

4

5

      10. Мына әлеуетті жеткізушілер ашық конкурс қатысушылары болып танылсын:

Лот нөмірі

Лот атауы

Әлеуетті жеткізушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) – жеке тұлғалар үшін)

Бағаны шартты азайтуды қолдану

1

2

3

4

      11. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алу кезінде конкурстық баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі: 12. Тапсырыс берушінің немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның ЭЦҚ. Аббревиатуралардың мағынасын ашу: ТЖҚ – тауарлар, жұмыстар және қызметтер; ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

  Жер қойнауын пайдаланушылар
мен олардың мердігерлерінің
пайдалы қатты қазбаларды
өндіру жөнінде операциялар
жүргізу кезінде пайдаланатын
тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

ТЖҚ сатып алу бойынша ашық конкурстың (ашық конкурс атауы) қорытындысын шығарудың № ____ ХАТТАМАСЫ__________________________(Өткізу күні мен уақыты)

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Тапсырыс берушінің атауы ___________________________________________

      2. Тапсырыс берушінің орналасқан жері __________________________________

      3. Конкурстық комиссияның құрамы:

      Конкурстық комиссия төрағасы: _________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Конкурстық комиссия мүшелері: _________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ______________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Конкурстық комиссия хатшысы __________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      мыналарды сатып алу бойынша ашық конкурс жеңімпазын айқындау рәсімін өткізді:

      4. Ашық конкурс нысанасы: Лот нөмірі мен атауы:

Сатып алу мәні

ТЖҚ сипаттау

Өлшем бірлігі

Сатып алынатын ТЖҚ көлемі

Жеңімпазбен анықталған әлеуетті жеткізушіге ұсынылуы тиіс конкурстық өтінім құрамында ұсынылған, салыстырып тексеру рәсімінен өту үшін сұратылған құжаттардың тізбесі, түпнұсқалар немесе нотариус куәландырған көшірмелер

1

2

3

4

5

      5. Олардың шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар (келісімшарттар) нөмірлері:

      Лот нөмірі мен атауы: _______________ № ____________ лицензия (келісімшарт).

      6. Ашық конкурстың қатысушылары:

      Лот нөмірі мен атауы:

№ р/с

Ашық конкурсқа қатысушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) – жеке тұлғалар үшін)

Орналасқан мекенжайы және ӘАОЖ

Конкурстық өтінімді ұсыну күні мен уақыты

1

2

3

4

      7. Ашық конкурсқа мына қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбады: Лот нөмірі мен атауы:

№ р/с

Конкурсқа қатысушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) - жеке тұлғалар үшін)

Конкурстық баға ұсынысының құны

Конкурстық баға ұсынысын қабылдамау себебі

Ескерту

1

2

3

4

5

      8. Бағаны шартты түрде азайтуды қолдануды ескере отырып ашық конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарының бағалары: Лот нөмірі мен атауы: Сатып алуға бөлінген сома __________________________ теңге.

№ р/с

Конкурс қатысушысының атауы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) - жеке тұлғалар үшін)

ҚҚС есепке алусыз құны, теңгеде

ҚҚС есепке алмағанда, шартты бағасы, теңгеде

Қазақстандық қамту бойынша пайыз түріндегі міндеттемелер (0-ден 100-ге дейін)

1

2

3

4

5

      9. 1) Ашық конкурстың жеңімпазы деп танылсын. Лот нөмірі мен атауы:

№ р/с

Атауы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) - жеке тұлғалар үшін)

Орналасқан мекенжайы және ӘАОЖ

ҚҚС есепке алмаған
да, ұсыныл
ған баға

Қазақстандық қамту бойынша пайыз түріндегі міндеттемелер (0-ден 100-ге дейін)

1

2

3

4

5

      2) Ашық конкурс өтпеді деп танылсын (тиісті себебін көрсету): 10. Конкурстық баға ұсыныстары жеңімпаздың конкурстық баға ұсынысынан кейін барынша басым болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші туралы ақпарат

№ р/с

Атауы (жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Орналасқан мекенжайы және ӘАОЖ

ҚҚС есепке алмағанда, ұсынылған баға

Қазақстандық қамту бойынша пайыз түріндегі міндеттемелер (0-ден 100-ге дейін)

1

2

3

4

5

      11. Сатып алу коды: _____________.

      Тізілімнің интернет-ресурсының адресі: ______________.

      12. Сатып алу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар (келісімшарттар) нөмірлері.

      13. Тапсырыс берушінің немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның ЭЦҚ.

      Аббревиатуралардың мағынасын ашу:

      ТЖҚ – тауарлар, жұмыстар және қызметтер;

      ӘАОЖ – әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші;

      ҚҚС – қосымша құн салығы;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

  Жер қойнауын
пайдаланушылардың және
олардың мердігерлерінің қатты
пайдалы қазбаларды өндіру
жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Бір көзден алу тәсілімен сатып алу (сатып алу атауы) қорытындыларын шығару хаттамасы

      1. Тапсырыс берушінің атауы

      _________________________________________________________________

      2. Тапсырыс берушінің орналасқан орны

      _________________________________________________________________

      3. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу негіздемесі:

      _________________________________________________________________

      4. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу негіздемесі:

      Лот нөмірі және атауы:

      ҚҚС-ны есепке алмағанда, сатып алу үшін бөлінген сома: ________ теңге.

Сатып алу нысанасы

ТЖҚ сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Сатып алынатын ТЖҚ көлемі

1

2

3

4

      5. Олардың шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар (келісімшарттар) нөмірлері:

      Лот нөмірі және атауы:

      _______________ № ____________ лицензия (келісімшарт).

      6. Жеткізуші атауы, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері және орны:

      Лот нөмірі және атауы:

Р/с

Атауы (жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Орналасқан мекенжайы және ӘАОК

ТЖҚ жеткізу мерзімі

ТЖҚжеткізу орны

1

2

3

4

5

      7. Тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығыстарды қамтитын, теңгемен көрсетілген әрбір лот бойынша ұсынылатын ТЖҚ-ға жеткізуші ұсынған баға:

      Лот нөмірі және атауы:

      ҚҚС-ны есепке алмағанда, сатып алу үшін бөлінген сома: _________ теңге.

Р/с

Атауы (жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

ҚҚС-ны есепке алмағанда, ұсынылған баға

Қазақстандық қамту бойынша міндеттемелер (0-ден 100-ге дейін)

Шарт жасау мерзімі

1

2

3

4

5

      8. Сатып алу коды: _____________

      Тізілімнің интернет-ресурсының мекенжайы: ______________.

      9. Тапсырыс берушінің немесе оның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ.

      Қысқартулар:

      ТЖҚ – тауарлар, жұмыстар және қызметтер;

      ӘАОК – әкімшілік-аумақтық органның классификаторы;

      ҚҚС – қосымша құн салығы;

      ЭЦҚ - электрондық цифрлық қолтаңба.

  Жер қойнауын пайдаланушылар
мен олардың мердігерлерінің
пайдалы қатты қазбаларды
өндіру жөнінде операциялар
жүргізу кезінде пайдаланатын
тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алу қорытындыларын шығарудың № _____ ХАТТАМАСЫ________________________(Өткізу күні мен уақыты)

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Тапсырыс берушінің атауы ___________________________________________

      2. Тапсырыс берушінің орналасқан жері __________________________________

      3. Конкурстық комиссияның құрамы:

      Конкурстық комиссияның төрағасы: _____________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Конкурстық комиссияның мүшелері: ____________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Конкурстық комиссия хатшысы ________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      мыналарды сатып алу бойынша бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алу жеңімпазын айқындау рәсімін өткізді:

      4. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алу нысанасы:

      Лот нөмірі мен атауы ҚҚС есепке алмағанда, сатып алуға бөлінген сома:____ теңге.

Сатып алудың нысанасы

ТЖҚ сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Сатып алынатын ТЖҚ көлемі

Жеңімпазбен анықталған әлеуетті жеткізушіге ұсынылуы тиіс конкурстық өтінім құрамында ұсынылған, салыстырып тексеру рәсімінен өту үшін сұратылған құжаттардың тізбесі, түпнұсқалар немесе нотариус куәландырған көшірмелер

1

2

3

4

5

      5. Оның шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар (келісімшарттар) нөмірлері: _______________ № ____________

      лицензия (келісімшарт).

      6. Конкурстық баға ұсыныстарын бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алуға мына қатысушылар ұсынды:


Лот нөмірі

Лот атауы

Сатып алуға қатысушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) - жеке тұлғалар үшін)

Орналасқан мекенжайы және ӘАОЖ

Конкурстық баға ұсынысын ұсынған күні мен уақыты

1

2

3

4

5

      7. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алуға қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарының бағалары: Лот нөмірі мен атауы

№ р/с

Сатып алуға қатысушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) - жеке тұлғалар үшін)

ҚҚС есепке алмағанда құны, теңгеде

ҚҚС есепке алмағанда ұсынылған баға

Қазақстандық қамту бойынша пайыз түріндегі міндеттемелер (0-ден 100-ге дейін)

1

2

3

4

5

      8. Конкурстық комиссия бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алуға қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалады және бағаларын салыстырды және мынадай шешім қабылдады (қажеттісін таңдау):

      1) Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алу жеңімпазы болып танылсын: Лот нөмірі мен атауы

№ р/с

Атауы (жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Орналасқан мекенжайы және ӘАОЖ

ҚҚС есепке алмағанда, ұсынылған баға

Қазақстандық қамту бойынша пайыз түріндегі міндеттемелер (0-ден 100-ге дейін)

1

2

3

4

5

      Конкурстық баға ұсыныстары жеңімпаздың конкурстық баға ұсынысынан кейін неғұрлым басым болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші:

      Лот нөмірі мен атауы

№ р/с

Атауы (жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Орналасқан мекенжайы және ӘАОЖ

ҚҚС есепке алмағанда, ұсынылған баға

Қазақстандық қамту бойынша пайыз түріндегі міндеттемелер (0-ден 100-ге дейін)

1

2

3

4

5

      2) бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖҚ сатып алу өтпеді деп танылсын (тиісті себебін көрсету).

      Лот нөмірі мен атауы:

      9. Сатып алу коды: _____________.

      Тізілімнің интернет-ресурсының адресі: ___________________________________.

      10. Тапсырыс берушінің немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның ЭЦҚ.

      Аббревиатуралардың мағынасын ашу:

      ТЖҚ – тауарлар, жұмыстар және қызметтер;

      ӘАОЖ – әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші;

      ҚҚС – қосымша құн салығы;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 21 мамырдағы
№ 355 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің күші жойылған кейбір бұрықтарының тізбесі

      1. "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 96 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11123 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 қарашада жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 138 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13629 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 7 маусымда жарияланған).

      3. "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 167 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15264 тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 1 тамызда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады