"Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 сәуірде № 34300 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17064 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабы 1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 213-бабы 1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 25-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді қоспағанда, конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген тәртіппен немесе конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде конкурстық құжаттаманы тапсырыс беруші қайта бекітуі тиіс және конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімін тапсырыс беруші конкурстық құжаттама қайта бекітілген күннен бастап конкурстық өтінімдерде әлеуетті өнім берушілердің осы өзгерістерді есепке алуы үшін өзгерістер енгізілген сәттен бастап кемінде он жұмыс күніне ұзартады, бұл ретте конкурстық өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін ұзарту саны шектелмейді.

      Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көзделген негіз бойынша конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілген кезде конкурстық өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін тапсырыс беруші конкурстық құжаттама қайта бекітілген күннен бастап конкурстық өтінімдерде әлеуетті өнім берушілердің осы өзгерістерді есепке алуы үшін өзгерістер енгізілген сәттен бастап кемінде жеті жұмыс күніне ұзартады.

      Енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, конкурстық құжаттаманың көшірмесін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс беруші оны тізілімде (жүйеде) орналастыру арқылы барлық әлеуетті өнім берушілерге ұсынады.

      Конкурстық өтінімді ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы ақпарат тізілімде (жүйеде) орналастырылуға тиіс.".

      мынадай мазмұндағы 36-1 және 36-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "36-1. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге конкурстық құжаттаманы әлеуетті өнім берушілер жергілікті өндірілген тауарларды жеткізу мәніне қарайды.

      Тауарларды жеткізуге өтінімдерді өндірушілер немесе өндірушімен сауда-делдалдық қатынастардағы адамдар береді. Өтінімге осы Қағидалардың 41-тармағының 2), 3), 5), 12), 13), 16) тармақшаларында көзделген құжаттар және бұрын өндірілген тауарға арналған "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат қоса беріледі. Өтінім Тізілімде (жүйеде) хабарландыру орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурстық құжаттамада көрсетілген тапсырыс берушінің электрондық мекенжайына жіберіледі.

      Жергілікті өндірілген тауарлар келіп түскен өтінімдерде көрсетілген тізбеге сәйкес осы Қағидалардың 85-тармағының 10) тармақшасына сәйкес сатып алынады.

      Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған конкурстық құжаттамаға осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес тиісті өзгерістер енгізіледі.

      Негізгі немесе өздігінен жүретін жабдыққа (техникаға) кепілдік және сервистік қызмет көрсету шарттары шеңберінде сатып алынатын немесе өндірістердің зиянды және қауіпті учаскелерінде экологиялық және жеке қорғауды қамтамасыз ететін немесе зияткерлік меншік объектісі болып табылатын тауралар ерекше болып табылады.

      36-2. Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 36-1-тармағына сәйкес мынадай:

      1) осы Қағидалардың 41-тармағының 2), 3), 5), 12), 13) және 16) тармақшаларында көрсетілген құжаттар конкурстық құжаттаманы және осы Қағидаларды бұза отырып ұсынылмаған немесе ұсынылмаған;

      2) осы Қағидалардың 65-тармағының 4), 5), 6), 7), 9), 10), 12), 13) тармақшаларда көрсетілген;

      3) бұрын өндірілген тауарға "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат ұсынылмаған;

      4) тауарды жеткізу мерзімі жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жоспарында көзделген мерзімдерден асқан;

      5) ұсынылған баға конкурстық құжаттамада көрсетілген сметалық құннан асқан (бар болса);

      6) өнім беруші бұрын жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған;

      7) осы Қағидалардың 84-тармағына сәйкес кейіннен бір көзден сатып алуды қоспағанда, жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындауға арналған конкурс өтпеді деп танылған немесе конкурс қорытындылары бойынша шарт жасалмаған негіздер бойынша жергілікті өндірілген тауарларды жеткізуге шарт жасаспайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады