"Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 241 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 сәуірде № 32304 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17064 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті жеткізуші – ТЖҚ сатып алу туралы шартты жасасуға ниеттенетін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      2) біртекті ТЖҚ – бірдей болып табылмайтын, ұқсас сипаттамалары бар және бір функцияны орындауға және өзара алмасымды болуға мүмкіндік беретін ұқсас құрамдастардан тұратын ТЖҚ;

      3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ-ны сатып алуды бақылау және мониторингілеу, сондай-ақ электрондық сатып алу жүргізу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;

      4) жер қойнауын пайдаланушының (мердігердің) уәкілетті тұлғасы – осы Қағидаларға сәйкес қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ-ны жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) атынан сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға;

      5) жеткізуші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, өзімен жасалған ТЖҚ сатып алу туралы шартта тапсырыс берушінің контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      6) жұмыстар – заттық нәтижесі бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;

      7) жүйе әкімшісі – жүйенің иегері немесе иесі;

      8) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;

      9) қазақстанда шығарылған тауар – Қазақстан Республикасының аумағында шығарылғандығын растайтын, ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген тауар;

      10) қазақстандық тауар өндірушісі – Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін заңды тұлғалар;

      11) қаржы жылы – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес белгіленген уақыт кезеңі;

      12) кешенді жұмыс – жобалық және (немесе) іздестіру жұмыстарын, "толық аяқталған" құрылыс, "толық аяқталған" жабдықты немесе бағдарламалық қамтуды (лицензиялық бағдарламалық қамту) жеткізуді, жобалық және (немесе) іздестіру жұмыстарын басқаруды, "толық аяқталған" құрылысты және көрсетілген жұмыстарға тауарларды ілеспелі жеткізуді, қызметтерді көрсетуді қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;

      13) конкурстық комиссия – осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3) тармақшаларында белгіленген тәртіппен және тәсілдермен ТЖҚ-ны сатып алуды жүргізудің рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші құратын алқалы орган;

      14) конкурстық құжаттама – ашық конкурсты және бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсты (электрондық сауда-саттық) өткізу шарттарын қамтитын, конкурстық өтінімді дайындау үшін әлеуетті жеткізушіге ұсынылатын, тапсырыс беруші бекіткен құжаттама;

      15) құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық пішімде толық көрсететін құжат;

      16) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;

      17) мердігер – қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін жер қойнауын пайдаланушы немесе оның уәкілетті тұлғасы тартатын жеке немесе заңды тұлға;

      18) сатып алу коды – осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖҚ сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруларды қалыптастыру кезінде немесе осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәсілмен ТЖҚ сатып алу қорытындыларын шығару хаттамасын қалыптастыру кезінде тізіліммен (жүйемен) қалыптастырылған код;

      19) сауда-делдалдық қатынастарда өндірушімен бірге тұрған тұлға – ол дайындаушы зауыттың және (немесе) сауда үйінің дилері және (немесе) дистрибьюторы және (немесе) ресми өкілі болып табылатындығы туралы дайындаушы зауыттан құжаттық растау ұсынылған әлеуетті өнім беруші;

      20) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес ТЖҚ сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, мердігер, жер қойнауын пайдаланушының (мердігердің) уәкілетті тұлғасы;

      21) тауарлар – нәрселер (заттар), оның ішінде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізат, электр және жылу энергиясы, зияткерлік меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар;

      22) ТЖҚ сатып алу – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен жүзеге асырылатын, қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (келісімшарт) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті ТЖҚ-ны өз қаражат есебінен сатып алу;

      23) ТЖҚ сатып алу туралы шарттың елеулі талаптары - шарттың нысанасы, тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері мен орны және төлем тәртібі туралы талаптар;

      24) "толық аяқталған" құрылыс – құрылыс, оны қамтамасыз ету және пайдалануға дайын объектіні тапсырыс берушіге өткізу;

      25) "толық аяқталған" жабдықты немесе бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылым) жеткізу – жабдықты немесе бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) жобалау, дайныдау (әзірлеу) жеткізу, монтаждау және іске қосу жұмыстары, орнату және оларға кепілдікті қызмет көрсету бойынша жұмыстар кешені;

      26) тізілім әкімшісі – қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті орган;

      27) шартты баға – ТЖҚ қазақстандық өндірушісі болып табылатын әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің баға ұсынысын шартты түрде жиырма пайызға төмендетуді ескере отырып есептеген және ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазын анықтау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру үшін ғана қолданылатын баға;

      28) электрондық сатып алу жүйесі (бұдан әрі – жүйе) – осы Қағидаларға сәйкес ТЖҚ сатып алу үшін сатып алуды ұйымдастырушылар (жер қойнауын пайдаланушылар немесе жер қойнауын пайдаланушылар уәкілетті берген тұлғалары) пайдаланатын электрондық ақпараттық жүйе.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Конкурстық құжаттамада мынадай талаптарды қоюға жол беріледі:

      1) сатып алынатын жұмыстар, көрсетілет қызметтер нарығында және (немесе) белгілі бір салада жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды ұсыну туралы.

      Әлеуетті жеткізушінің жұмыс тәжірибесіне қойылатын талап жылдық көлемі құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген ҚҚС есепке алмағанда он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК ) мөлшерінен асып түсетін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тапсырыс берушімен белгіленеді.

      Әлеуетті жеткізушінің жұмыс тәжірибесі әлеуетті жеткізуші жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен ұйымдардың ұсыныс хатының немесе оң пікірлерінің электрондық көшірмелерімен, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) қабылдануын-тапсырылуын растайтын тиісті актілердің электрондық көшірмелері қоса беріліп расталады. Бұл ретте соңғы 5 (бес) жылдан асатын жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласында тәжірибенің бар болуы жөнінде талапты белгілеуге жол берілмейді.

      Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін ұсынылады.

      Тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік АЕК мөлшерінен асып түсетін сомаға жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемін орындау бойынша ақпарат жұмыс тәжірибесінің бүкіл мерзімі үшін кемінде бір шарт бойынша ұсынылады;

      2) сатып алынатын тауар өндірушісімен:

      бұрын шығарылған тауар сапасы немесе, егер өндіруші осы тауарды бұрын шығармаған болса, тауардың техникалық сипаттамасы туралы;

      сатып алынатын тауарды осындай әлеуетті жеткізушімен жеткізу үшін жеткілікті мерзімде тауардың әлеуетті жеткізушіге жеткізілуінің кепілдігі туралы;

      әлеуетті жеткізушіге конкурстық құжаттамада белгіленген көлем мен сапада тауар жеткізу кепілдігі туралы;

      әлеуетті жеткізуші ұсынатын шығын материалдарын бұған дейін өндіруші жеткізген жабдықпен немесе көлік құралымен салыстырымдылығы, сондай-ақ аталған шығын материалдары қолданылған жағдайда, бұған дейін жеткізілген жабдық немесе көлік құралы кепілдіктен алынбайтындығы туралы растаманы қамтитын хаттарды әлеуетті жеткізушінің тапсырыс берушіге ұсынуы туралы;

      3) әлеуетті жеткізуші жұмыскерлерінің кәсіби біліктілігін растайтын дипломдардың, сертификаттардың, куәліктердің және басқа да құжаттардың бар болуы туралы;

      4) әлеуетті жеткізушілердің әлеуетті жеткізушіде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аккредиттелген ұйыммен сертификатталған, мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес менеджмент жүйесінің (сертификатталған жүйелердің) бар болуын растайтын құжаттарды ұсынуы туралы;

      5) ТЖҚ сатып алу туралы шарт жобасында сатып алынатын ТЖҚ бағасын қалыптастыру тәртібін тапсырыс берушінің оның нақты мағынасын аша отырып көрсету туралы;

      6) әлеуетті жеткізуші бұдан бұрын сатып алынған жабдық немесе көлік құралы моделінің қосалқы бөлшектерін (жиынтықтауыш құралдарын) сатып алған кезде оны өндірушімен сауда-делдалдық қатынастағы тұлға екенін растайтын құжатты әлеуетті жеткізушінің ұсынуы туралы.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 25-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді қоспағанда, конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген тәртіппен немесе конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде енгізіледі. Өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде конкурстық құжаттама тапсырыс беруші қайтадан бекітуі тиіс және конкурстық өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзімі тапсырыс берушімен конкурстық құжаттама қайта бекітілген күннен бастап конкурстық өтінімдерде әлеуетті жеткізушінің осы өзгерістерді есепке алуы үшін өзгерістер енгізілген сәттен бастап кемінде он жұмыс күніне ұзартады, бұл ретте конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімін ұзартулардың саны шектелмейді.

      Тапсырыс беруші енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар ескерілген конкурстық құжаттаманың көшірмесін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей барлық әлеуетті жеткізушілерге оны тізілімде (жүйеде) орналастыру арқылы ұсынады.

      Конкурстық өтінімді ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы ақпарат тізілімде (жүйеде) орналастыруға тиіс.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтініміне электрондық цифрлық қолтаңба қойылады және тізілімде (жүйеде) орналастырылады.

      Конкурстық өтінім мен конкурстық өтінімге құжаттама әлеуетті жеткізушілермен мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

      Құжаттардың конкурстық құжаттама тілдеріндегі түпнұсқалары (төлнұсқалары) болмаған жағдайда, әлеуетті жеткізушілер Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариус куәландырған, осындай құжаттардың конкурстық құжаттама тілдеріндегі аудармаларының электрондық көшірмелерін ұсынады.

      Аудармалар арасында қайшылық болған жағдайда, мемлекеттік тілде ұсынылған құжаттар артықшылыққа ие болады.

      Әріптік, цифрлық және өзге де нышандармен сәйкестендіруге келмейтін ақпаратты қамтитын құжат әлеуетті жеткізуші ұсынбаған болып есептелінеді және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіндер ретінде қабылданбауы тиіс.

      Конкурстық өтінімге құжаттар тізілімге (жүйеге) электрондық құжаттардың түпнұсқалары не құжаттар түпнұсқаларының (төлнұсқаларының) электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      Конкурстық құжаттаманың шарттарына сәйкес талап етілетін, ақпаратты жасыру мақсатында өшірілген, қосымша жазылған, сызылған сөздері немесе келісілмеген түзетулері бар құжаттар, сондай-ақ қарындашпен жазылған немесе оқылмайтын мөр таңбасы бар құжаттар ұсынылмаған болып есептеледі.

      Конкурстық құжаттамада және осы Қағидалардың 41, 42-тармақтарында көзделмеген, әлеуетті жеткізушілермен Қағидалардың осы тармағын бұза отырып ұсынылған қосымша құжаттар конкурстық өтінімді қабылдамау үшін негіз болып табылмайды.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Шартты бағаны есептеу үшін ашық конкурстың ТЖҚ сатып алу нысанасы болып табылатын қазақстандық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген құжаттардан басқа, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің болуы мен саны туралы мәліметтерді ұсынады.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Конкурстық комиссия мынадай негіздер бойынша конкурстық өтінімді қабылдамайды және әлеуетті жеткізушіні ашық конкурсқа қатысуға жібермейді:

      1) осы Қағидалардың 41, 42 және 43-тармақтарында көзделген құжаттар ұсынылмаса немесе конкурстық құжаттаманы және осы Қағидаларды бұза отырып ұсынылса;

      2) конкурстық өтінім файлды ашудағы қатемен ұсынылған ақпараттан тұрса;

      3) конкурстық өтінім осы Қағидалардың 39-тармағының нормаларын бұза отырып ресімделген немесе ұсынылған құжаттарды қамтыса;

      4) төлем мерзімі Салық кодексіне сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда, тиісті салық органының анықтамасында бір теңге және одан артық мөлшердегі берешек туралы мәліметтер болса;

      5) банк немесе банк филиалының қолы және мөрі қойылған анықтаманың электрондық көшірмесінде әлеуетті жеткізуші міндеттемелерінің кемінде бір түрі бойынша мерзімі өткен берешегі болса;

      6) осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген ашық конкурсқа қатысуға байланысты шектеулер болса.

      Конкурстық комиссия банкроттық рәсімдердің өткізілуіне бақылау жүргізетін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды;

      7) әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамаға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынса;

      8) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін), ұсынылатын ТЖҚ-ның елішілік құндылығы бойынша міндеттемелер конкурстық құжаттамада көрсетілген елішілік құндылық көрсеткіштерінен төмен болса;

      9) күмәнді ақпаратты ұсыну фактісі анықталса;

      10) әлеуетті жеткізуші (консорциум қатысушылары), ол тартатын мердігер, оның басшысы, құрылтайшылар (акционерлер) және қатысушылар "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген тәртіпте терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе;

      11) әлеуетті жеткізуші осы ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда) қатысуға бұған дейін өтінім ұсынса;

      12) әлеуетті жеткізушінің (консорциум қатысушылары), ол тартатын мердігердің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген болса;

      13) әлеуетті жеткізуші:

      Салық кодексіне сәйкес әрекетсіз болып табылса;

      оны тіркеу заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылса;

      заңды күшіне енген сот актісі негізінде жалған кәсіпорын болып табылса;

      салық тексеруі нәтижелері бойынша тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмаса;

      Салық кодексінің нормаларын бұзуға байланысты қайта құрылған болса;

      Салық кодексіне сәйкес жүзеге асырылған санаттау нәтижелері бойынша жеткізушінің қызметі жоғары деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылған болса.

      Конкурстық комиссия бюджетке салықтар мен төлемдер түсуді қамтамасыз ету саласында басшылық жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында Салық кодексіне сәйкес орналастырылған ақпаратты қарайды.

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасында тапсырыс берушімен әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімін қабылдамауға негіз болған себептерді түсіндіре және құжаттарды көрсете отырып, осы тармақта көрсетілген конкурстық өтінімдерді қабылдамауға арналған негіздер көрсетіледі.

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына мынандай құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі:

      осы тармақтың 9) тармақшасында көзделген негіз бойынша күмәнді ақпарат ұсыну фактісін растайтын, әлеуетті жеткізуші ұсынған ақпарат авторының ресми хаттары;

      әлеуетті жеткізушіні (консорциум қатысушылары), ол тартатын мердігерді, олардың басшысын, құрылтайшыларды (акционерлерді) және қатысушыларды осы тармақтың 10) тармақшасында көзделген ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізу фактін растайтын құжат.

      Конкурстық өтінім тапсырыс берушіде ресми көпшілікке қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, олардың меншік иелері осы ақпаратты заңды негізде орналастыруға уәкілетті, соған сәйкес әлеуетті жеткізуші (консорциум қатысушылары), оның құрылтайшылары, акционерлері немесе құрылтайшы қатысушылары және/немесе тауарын әлеуетті өнім беруші жеткізуі жоспарланып отырған немесе әлеуетті жеткізушінің (консорциум қатысушылары) және/немесе өндірушінің жарғылық капиталына жанама қатысатын өзге тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлық немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың заңды күшіне енген үкімі шыққан немесе оларға қатысты Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық және өңірлік ұйымдар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасымен заңды немесе іс жүзінде мойындалған елдер тарапынан саяси, экономикалық сипаттағы шектеу шаралары (санкциялар) енгізілгенін растайтын ақпарат болған кезде конкурстық өтінім қабылданбайды.

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына әлеуетті жеткізуші (консорциум қатысушылары), оның құрылтайшылары, акционерлері немесе құрылтайшы қатысушылары немесе тауарын әлеуетті өнім беруші жеткізуді жоспарлаған өндіруші немесе басқаруға немесе әлеуетті жеткізушінің (консорциум қатысушылары) жарғылық капиталына жанама қатысатын өзге тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлық және қылмыстық құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың заңды күшіне енген үкімі және оларға қатысты шектеу шаралары енгізілгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      Конкурстық өтінімдерді осы тармақта көзделмеген негіздер бойынша қабылдамауға жол берілмейді.";

      70-тармақ алынып тасталсын:

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. ТЖҚ бір көзден алу тәсілімен сатып алу мына тізбе бойынша жүзеге асырылады:

      1) жол сапарларында кідірмей қалпына келтіруді талап ететін сынықтар пайда болғанда, механизмдер, агрегаттар, шығын материалдары істен шыққан кезде;

      2) қазақтандық жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) берушілерден ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ;

      3) төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және жою, аварияларды жою үшін ТЖҚ;

      4) істен шығуы барлық өндірістік циклдің тоқтауына әкелетін жабдықтардың, механизмдердің, агрегаттардың, шығын материалдарының істен шығуы кезінде ТЖҚ;

      5) сатып алынатын ТЖҚ-ға қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғада немесе сатып алынатын ТЖҚ-ға қатысты айрықша құқықтарға ие тұлға сатып алынатын ТЖҚ-ны Қазақстан Республикасының аумағында сатуға құқық берген тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын, оның ішінде лицензиялық бағдарламалық өнімдерді техникалық сүйемелдейтін ТЖҚ;

      6) мемлекеттік немесе үкіметтік бағдарламаларды іске асыру мақсатында жасалған офтейк-келісімшарттар шеңберінде өндірілген, сондай-ақ осындай тауарлар өндірушілерден осындай тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер (шеф-монтаждау, монтаждау немесе іске қосу мен жөндеу жұмыстары) өндіруді сүйемелдейтін тауарлар.

      Жер қойнауын пайдаланушының тауарды "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына сәйкес сатып алу туралы офтейк-келісімшарттарды жасаспау кезінде осы Қағидаларға сәйкес ұқсас тауарды сатып алуға жол берілмейді;

      7) өндірістік қуаттары қалдықтарды олардың түзілу көзінен барынша аз тасымалдауды қамтамасыз ететін, шаруашылық қызмет процесінде әлеуетті жеткізушіде түзілетін қалдықтарды қайта өңдеу, алып тастау, орналастыру, тасымалдау және кәдеге жарату жұмыстары;

      8) тапсырыс берушінің кәсіпорны қала қалыптастырушы кәсіпорын болып табылатын моноқалада тіркелген қазақстандық ТЖҚ өндірушілеріндегі ТЖҚ.

      Тауарды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны моноқала немесе жер қойнауын пайдалану туралы лицензияда (келісімшартта) көрсетілген тапсырыс берушінің кен орны орналасқан моноқалаға жақын аудан шекарасындағы аумақ болып табылады;

      9) қандай да бір жеткізушіден ТЖҚ-ны сатып алған тапсырыс берушінің қолда бар ТЖҚ-мен үйлесімділігін біріздендіру, стандарттау немесе қамтамасыз ету мақсатында дәл сол жеткізушіден ТЖҚ-ны сатып алудың қажеттілігі туындаса;

      10) жер қойнауын пайдаланушылар үшін экономикалық орындылығы болған кезде қазақстанда шығарылған тауарлар.

      Тауарлар "CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және (немесе) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген индустриялық сертификат негізінде сатып алынады.

      "CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат болмаған кезде тауарды сатып алу туралы шарт "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген индустриялық сертификат және ЕҚ болжамды үлесін көрсете отырып, тауарды жеткізе отырып, "CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсыну туралы кепілдік хат негізінде жасалады;

      11) жобалық жұмыстар мен көрсетілген қызметтер;

      12) тапсырыс берушіге қатысты бақылау және қадағалау органдарының лауазымдық тұлғасымен(ларымен) жүргізілген бақылау немесе қадағалау іс-шараларының нәтижелері бойынша шығарылған қаулыларды немесе нұсқамаларды орындау мақсатындағы ТЖҚ;

      13) Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіндегі:

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген "CT-KZ" түріндегі тауардың шығарылуы туралы сертификатты немесе индустриялық сертификатты ұсынған немесе "Қазақстандық қамту" интернет-порталы ақпараттық жүйесінде орналастырылған жағдайда, қазақстанда шығарылған ТЖҚ не мұндай ТЖҚ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін жағдайда, шет елде шығарылған ТЖҚ.

      Осы тармақша өндірістің тоқтауына және көлемін төмендетуге жол бермеу, сондай-ақ өндірістік процестерге тартылған қызметкерлердің қауіпсіздігін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында ғана қолданылады.

      14) адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіптің болуына байланысты ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін қажетті ТЖҚ.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Бір көзден алу тәсілімен ТЖҚ сатып алудың қорытындыларын шығару хаттамасын тапсырыс беруші қалыптастырады, оған тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және тапсырыс берушінің осы Қағидалардға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді көрсете отырып, шарт жасалған күннен кешіктірмей тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілеттік берген тұлғасы тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырады.";

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады