"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 424 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 маусымда № 17114 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 72 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік министрінің 16.02.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11414 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 6 маусым

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 4 маусымдағы
№ 424 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 451 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары

Атауы

Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты

Арнайы көлік құралдарын пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер

Арнайы көлік құралдарының саны

Арнайы көлік құралы

Өндiрiстiк процесті қамтамасыз ету, автомобиль көлігі мен автожолдарда;су көлiгiнде кеме қатынасының қауiпсiздiгiн, кемелерді, жағалаудағы объектiлердi, гидроқұрылыстарды, порттарды, кемежайларды, шығанақтарды, кеметұрақтарды, шағын көлемді және балық аулайтын кемелерге арналған база-тұрақтарды және т.б. техникалық куәландыруды қамтамасыз ету мақсатында тексеріп қарауды жүргізу;теміржол көлiгiнде жолдың жоғарғы қабатын, магистральдық, станциялық және өзге де технологиялық жолдарды, инженерлік құрылыстарды және т.б. техникалық куәландыруды жүргізу, бақылауды жүзеге асыру

Көлік комитетінің инспекциялары:

Ақмола облысы

4

Ақтөбе облысы

5

Алматы облысы

6

Атырау облысы

5

Шығыс Қазақстан облысы

6

Жамбыл облысы

5

Батыс Қазақстан облысы

5

Қарағанды облысы

5

Қызылорда облысы

4

Қостанай облысы

5

Маңғыстау облысы

4

Павлодар облысы

6

Солтүстік Қазақстан облысы

5

Оңтүстік Қазақстан облысы

6

Астана қаласы

4

Алматы қаласы

3

"Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкiмшілiгi" республикалық мемлекеттік мекемесі

3

Жер қойнауын пайдалану объектілерін бақылауды жүзеге асыру үшін

Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өңіраралық департаменттері

Шығыс Қазақстан

4

Батыс Қазақстан

7

Солтүстік Қазақстан

4

Орталық Қазақстан

6

Оңтүстік Қазақстан

7

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру үшін (қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға және халыққа зиянды әсерінің алдын алу)

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық департаменттері

Орталық аппарат

1

Ақмола облысы

3

Ақтөбе облысы

2

Алматы облысы

3

Атырау облысы

3

Шығыс Қазақстан облысы

5

Жамбыл облысы

2

Батыс Қазақстан облысы

2

Қарағанды облысы

6

Қызылорда облысы

2

Қостанай облысы

3

Маңғыстау облысы

3

Павлодар облысы

3

Солтүстік Қазақстан облысы

2

Оңтүстік Қазақстан облысы

3

Астана қаласы

2

Алматы қаласы

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады