"Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 141 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 шілдеде № 17231 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 248 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13789 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларында:

      5-тармақ алып тасталсын;

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынылған жағдайда, Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында, 4-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында, 9, 10 және 11-тармақтарында көрсетілген құжаттар электрондық түрде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынылады, Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында және 4-тармағының 3) тармақшасында, 6 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттар қағаз тасымалдағышта ұсынылады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеу осы эмитент мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады:

      1) облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеуге құжаттар берілген күні бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыста болған облигациялар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі уақтылы орындалмаған және орындалмаған міндеттемелердің болмауы;

      2) облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеуге құжаттар беру күніне дейін соңғы екі аяқталған қаржы жылының біреуінің қорытындысы бойынша эмитенттің зиянсыз қызметі немесе соңғы екі аяқталған қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған ақшалай қаражаттың таза ағындары аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне сәйкес оң болып табылады;

      3) облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеуге құжаттар берілген күні, сондай-ақ құжаттарды беру күніне дейін 3 (үш) ай бұрын кезеңде пруденциялық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмауы;

      4) эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарға және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келуі (эмитенттің облигациялар шығару проспектісінде (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде) қор биржасының сауда жүйесінде осы облигациялардың айналыста болуы көзделген жағдайда).

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары екінші деңгейдегі банктің қайта құрылымдауын жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес жүргізілетін екінші деңгейдегі банктің бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауын жүргізген жағдайларда қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) және 3) тармақшаларының талаптары екінші деңгейдегі банктің облигацияларын акцияларға айырбасталатын реттелген облигациялар түрінде шығаруға қолданылмайды.".

      2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады