Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 17884 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптар;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар;

      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
1-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (бұдан әрі - облигациялар) (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі – өзгерістерді және толықтыруларды тіркеу), облигациялар шығарылымының күшін жою шарттары мен тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.

      Ескерту. Қағида 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидалар инфрақұрылымдық облигацияларды, жеке орналастыруға жататын облигацияларды, айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигацияларды, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері- эмитенттердің облигацияларын (облигациялық бағдарламасын), халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын (облигациялық бағдарламасын) және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигацияларды қоса алғанда, облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеу ерекшеліктерін белгілейді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2-1. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      Ескерту. 1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2-тарау. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу тәртібі

      3. Заңды тұлға-эмитент (бұдан әрі – эмитент) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде еркін нысанда жасалған өтініш жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздердің, көрсету процесінің сипаттамалары, нысаны, мазмұны және нәтижесі қамтылған мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын талаптардың тізбесі) келтірілген.

      Эмитент өтінішті портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, автоматты түрде көрсетіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-1. Уәкілетті орган эмитентті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді және мемлекеттік қызмет көрсету үшін басқа да мәліметтерді орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының дерекқорларынан алады.

      Ескерту. 2-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3-2. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері эмитенттің өтінішін қабылдауды, оны тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты уәкілетті органның бөлімшесіне (бұдан әрі - жауапты бөлімше) оның келіп түскен күні орындауға жіберуді жүзеге асырады. Эмитент жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттардың қолданыс мерзімін тексеруді:

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      эмитент бір мезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;|

      облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданыс мерзімінің аяқталуы фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері осы тармақта белгіленген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және эмитентке жібереді.

      Уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту эмитентке электрондық нысанда портал арқылы жіберіледі.

      Ескерту. 2-тарау 3-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3-3. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі және (немесе) қолданыс мерзімінің аяқталмағаны анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жобасын дайындайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне:

      облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 12 (он екі) жұмыс күнінің;

      облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күнінің;

      эмитент облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күнінің ішінде;

      уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде;

      айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде;

      жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде;

      облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күнінің ішінде;

      жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органның уәкілетті адамының қолын қойдырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда уәкілетті орган эмитентке мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі, сондай-ақ эмитентке алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту береді.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық нысанда эмитентке "жеке кабинетіне" жібереді.

      Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.

      Ескерту. 2-тарау 3-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3-4. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылып тұрады.

      Ескерту. 2-тарау 3-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның жоғары лауазымды адамы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабында көзделген ерекшеліктерді есепке ала отырып жүргізеді.

      Шағым уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған уәкілетті органның лауазымды адамына беріледі.

      Егер Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тарау 3-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3-6. Уәкілетті органның басшысына жолданатын шағымда эмитенттің атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Уәкілетті орган басшысының шағымды қабылдауының растауы шағымды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен алу орнын көрсетумен оны уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Портал арқылы өтініш білдірген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген Бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы эмитентке "жеке кабинеттен" жолдаған кезде өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті орган өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып тұрады.

      Ескерту. 2-тарау 3-6-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесінде көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларының (облигациялық бағдарламасының) шығарылымын мемлекеттік тіркеу олардың қызметін реттейтін жарғының және (немесе) құжаттардың талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Эмитент қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес қайта құрылымдау жүргізген жағдайда облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшін эмитент Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа уәкілетті органға сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарының көшірмесін ұсынады.

      6. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Эмитент Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 12-бабының 3-тармағында, 12-2-бабының 1-тармағында және 15-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларды, жеке орналастырылуға тиіс мемлекеттік емес облигацияларды шығару жағдайларын қоспағанда, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшін құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын Қазақстан Республикасының резиденті эмитент уәкілетті органға облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну күнінде талап етілетін ең аз рейтингісін сақтай отырып, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) жүзеге асырған жағдайда осы эмитентте Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "В" төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch рейтингтік агенттiктерінiң (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzB-" төмен емес рейтингі болады.

      10. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын эмитент облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) левередж шамасына қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырған кезде бұл шама облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің деректері негізінде есептеледі, оң шама болып табылады және ол 10 (оннан) аспайды.

      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) левередж шамасына қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырған кезде бұл шама облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қаржылық есептілігінің деректері негізінде есептеледі және ол 10 (оннан) аспайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-1. Эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын өтеу мерзімінсіз жүзеге асырған кезде шығарылым көлемі Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 12-2-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерден аспауға тиіс.

      Эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының көлемін өтеу мерзімінсіз белгілеуі үшін меншікті капиталдың мөлшері мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын өтеу мерзімінсіз мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің негізінде айқындалады.

      Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Егер жаңадан шығарылған облигациялар ипотекалық облигациялар болып табылса, ол облигациялар мынадай өтімділігі жоғары активтермен қамтамасыз етіледі:

      1) ақша;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      3) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;

      4) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;

      5) базалық активі Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      6) қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары;

      7) базалық активі қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      8) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "В-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzB-" төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар бағалы қағаздар;

      10) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары.

      Айналыс барысында бағалы қағаздардың және ипотекалық облигацияларды қамтамасыз етуге енгізілетін ақша құны қамтамасыз етудің жалпы құнынан 20 (жиырма) пайыздан аспауы тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуі осы эмитент мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттар берілген күні бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыста болған облигациялар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі уақытылы орындалмаған және орындалмаған міндеттемелердің болмауы;

      2) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар беру күніне дейін соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінің қорытындысы бойынша эмитенттің зиянсыз қызметі немесе соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған, аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігінің негізінде есептелген ақшаның таза ағындары оң болып табылады;

      3) облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар берілетін айдың алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша пруденциялық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмауы.

      Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар берілетін айдың алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша пруденциялық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге нормалар мен лимиттер жөнінде ақпарат болмаған жағдайда уәкілетті орган алдыңғы есепті күнгі жағдай бойынша пруденциялық нормативтер және өзге де нормалар мен лимиттер жөніндегі ақпаратты назарға алады;

      4) эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарға және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келуі (егер эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектісінде осы облигациялардың қор биржасының сауда жүйесіндегі айналымы көзделген жағдайда).

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:

      эмитенттің қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауын жүргізген;

      уәкілетті органның "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 61-10-бабында көзделген негізде және тәртіпте төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банктің міндеттемелеріне мәжбүрлі қайта құрылымдау жүргізу туралы шешіміне сәйкес бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауын жүргізген жағдайда қолданылмайды;

      дауыс беруші акцияларының кемінде елу пайызы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі эмитентті қайта құрылымдау жүргізген жағдайларда;

      айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымына;

      жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымына қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларының талаптары банктің облигацияларын акцияға айырбасталатын реттелген облигациялар түрінде шығаруда қолданылмайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға бергенге дейін эмитент орталық депозитариймен бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуге арналған шарт жасайды.

      14. Айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.

      14-1. Инвестициялық облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу инвестициялық облигацияны ұстаушының инвестициялық облигация бойынша қосымша сыйақы алуы басталуына немесе басталмауына байланысты болатын оқиға (оқиғалар):

      эмитент кірісі мөлшерінің (облигацияларды орналастырудан алынған ақша инвестицияланатын жобадан түсетін кіріс мөлшерінің);

      Қазақстан Республикасындағы және (немесе) шетелдегі ұйымдастырылған сауда-саттықта айқындалған шикізаттың, металдың немесе өзге тауардың бірлігі бағасының, тауар индексі мәнінің;

      пайыздық мөлшерлемелер шамасының;

      туынды қаржы құралдары бағасының негізінде есептелетін мәндердің;

      ресми статистикалық ақпаратты құрайтын көрсеткіштер мәндерінің;

      қоршаған орта жағдайының табиғи, биологиялық және (немесе) химиялық көрсеткіштері мәндерінің;

      бір немесе бірнеше заңды тұлғаның немесе мемлекеттің өз міндеттерін (кепілгерлік шартын және сақтандыру шартын қоспағанда) орындамауын немесе тиісінше орындамауын көрсететін мән-жайлардың өзгеруі болып табылған жағдайда жүргізіледі.

      Ескерту. Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - эмитенттің облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу осы Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В" төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінің болуы;

      2) осы заңды тұлға шыққан елдің шетелдік қадағалау органы халықаралық Бағалы қағаздар жөніндегі комиссия ұйымының консультациялары, ынтымақтастығы және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойды;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың сонда болуы үшін талаптарды Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің орындауы;

      4) шетел мемлекетінің тиісті қадағалау органының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облигациялар шығарылымына рұқсаттың не Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент елінің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні жөнінде көрсетілген органның хатының болуы;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге өтініш берген күнге дейінгі 3 (үш) ай ішіндегі кезеңде пруденциялық нормативтерді және тиісті қадағалау органы белгілеген өзге нормалар мен лимиттерді сақтауы (егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қаржы ұйымы болып табылса).

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу осы облигациялар бойынша сыйақы мен негізгі борышты төлеу шығарылым валютасында жүзеге асырылатын жағдайда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Облигациялардың номиналдық құнын және (немесе) сыйақы мөлшерлемелерін цифрлық (виртуалды) бірліктердің және (немесе) құны цифрлық (виртуалды) бірліктердің құнына (құнының өзгерісіне) байланысты болатын қаржы құралдардың құнына индекстеуге рұқсат етілмейді.

      Қағидалардың мақсаттары үшін цифрлық (виртуалды) бірлік деп криптография құралдарын және (немесе) компьютерлік есептеулерді қолдана отырып жасалған және орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде есепке алынған цифрлық жазбаны білдіретін бірлік түсініледі.

      18. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      19. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      20. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      20-1. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      21. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Эмитент облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті) қағаз тасымалдағышта мемлекеттік тіркеу кезінде уәкілетті орган берген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (облигациялық бағдарламаның) түпнұсқасын жоғалтқан жағдайда, эмитент оның телнұсқасын алуы қажет болған кезде портал арқылы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің) телнұсқасын беру үшін уәкілетті органға бұқаралық ақпарат құралының атауы және жоғалған құжаттың жарамсыздығы туралы хабарламаның жарияланған күні туралы мәліметтерді көрсете отырып, электрондық нысандағы өтініш жібереді.

      Уәкілетті орган эмитентке өтінішті алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттың телнұсқасын электрондық нысанда "жеке кабинетке" портал арқылы жібереді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Уәкілетті орган облигациялар шығарылымы шарттарында, оның ішінде жеке меморандумдарда қамтылған ақпаратты уәкілетті орган шығарылым шарттарын мемлекеттік тіркегеннен кейін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында облигациялар шығарылымы (жеке меморандум) шарттарын оларға енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, облигациялар шығарылымы (жеке меморандум) немесе облигациялар шығарылымы (жеке меморандум) шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастыру арқылы ашады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі

      24. Эмитент уәкілетті органға мыналар өзгерген жағдайда оларды тіркеу үшін облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектiсіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ұсынады:

      1) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер - эмитент эмитенттің атауы мен оның орналасқан жерінің өзгергендігін растайтын құжаттарды алған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      2) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер - егер осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған не эмитент осы шығарылымның барлық облигациясын бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған жағдайда эмитенттің тиісті органдары немесе облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде.

      25. Эмитент облигациялар шығарылымы шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынған жағдайда, эмитент мыналардың электрондық нысанын толтырады:

      осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар жасау және ресімдеу қағидаларына (Проспектіні жасау және ресімдеу қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымына сәйкес облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі);

      проспектіні жасау және ресімдеу қағидаларына 2 қосымшаға сәйкес облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісі;

      проспекті жасау және ресімдеу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенттің облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі).

      Электрондық нысандарды толтыру кезінде эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты қоспағанда, облигациялар шығарылымы проспектісіндегі (облигациялық бағдарлама проспектісіндегі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісіндегі) ақпарат уәкілетті органға құжаттар ұсынылған күннің алдындағы айдың соңғы жұмыс күніне сәйкес келтіріледі.

      Эмитенттің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер облигацияларды шығару шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдайға не облигацияларды шығару шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-іне дейін ұсынған жағдайда, соңғы тоқсанның соңындағы жағдайға сәйкес келтіріледі.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      26. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      27. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу осы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жарияланған облигациялар санының ұлғаюына әкеп соқтырмайтын жағдайда жүзеге асырылады.

      29. Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген облигациялар шығарылымының талаптарын өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда, облигацияларды орналастыру мен айналысқа шығару облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу күнінен кейінгі күнге дейін тоқтатыла тұрады.

      30. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-1-тарау. Жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі

      Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30-1. Эмитент мыналар өзгерген жағдайда жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін уәкілетті органға ұсынады:

      1) осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) 1-қосымшаның 1-тармағында көрсетілген мәліметтер - эмитенттің атауының өзгергендігін растайтын құжаттарды эмитент алған күннен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде;

      2) Талаптарға 1-қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетілген мәліметтер - егер осы шығарылымның ешбір облигациясы орналастырылмаған не осы шығарылымның барлық облигацияларын эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында немесе облигация ұстаушылардың жалпы жиналысында сатып алған жағдайда, эмитенттің тиісті органдары шешім қабылдаған күннен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.

      Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы эмитенттің Талаптарға 1-қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көзделген облигация шығару талаптарын өзгерту туралы шешім қабылдауы мақсатында Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 18-2-бабының 2, 3, 4, 4-1 және 5-тармақтарында белгіленген талаптар ескеріле отырып жүргізіледі.

      Ескерту. 30-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      30-2. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      30-3. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30-4. Жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жарияланған облигациялар санының өсуіне алып келмейтін жағдайда жүзеге асырылады.

      30-5. Талаптарға 1-қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көзделген облигацияларды шығару талаптарын өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда облигацияларды орналастыру және айналысы жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген күннен кейінгі күнге дейін тоқтатыла тұрады.

      Ескерту. 30-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30-6. Эмитент уәкілетті орган 2023 жылғы 1 шілдеге дейін тіркеген жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарды ұсынған жағдайда, эмитент Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес жеке меморандумның құрылымына сәйкес жеке меморандумның электрондық нысанын толтырады.

      Ескерту. 30-6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау тәртібі

      31. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      32. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      33. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      34. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      35. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Облигациялар шығарылымының күшін жою тәртібі

      36. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 30-1-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдайды.

      37. Уәкілетті орган осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесінің және оларға қойылатын талаптардың 2-тармағына сәйкес эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою үшін ұсынған құжаттарды оларды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының) күшін жояды және эмитентке Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәлікті электрондық нысанда "жеке кабинетке" портал арқылы жібереді.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Таратылуы туралы мәліметтер Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінде қамтылатын эмитенттің облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешімді уәкілетті орган осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесінің және оларға қойылатын талаптардың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды бермей-ақ қабылдайды.

      40. Облигациялар шығарылымы эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне деректер енгізілген күннен бастап жойылады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      41. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 30-1-бабы 2-тармағынның екінші бөлігінде белгіленген жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып, облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының) күшін жоюдан бас тартады.

      Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының) күшін жоюдан бас тартылған жағдайда, эмитент уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тарту алған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға құжаттарды қайталап ұсынады.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды тіркеу,
мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны ұсыну және қарау,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының күшін
жою қағидаларына
1-қосымша

"Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

1) облигациялар шығарылымын;
2) облигациялық бағдарламаны;
3) облигациялық бағдарламаны және көрсетілетін қызметті алушы бір уақытта ұсынған облигациялық бағдарламаның шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын;
4) уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарламаның шегінде облигациялардың шығарылымын;
5) айналыс мерзімі 12 (он екі) аспайтын облигациялар шығарылымын;
6) жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын;
7) уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарламаның шегінде жеке орналастыруға жататын облигациялардың шығарылымын;
8) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
9) жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу.

1.

Уәкілетті органның атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну түрлері

Барлық кіші түрлер бойынша: бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде:
облигациялар шығарылымын – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
облигациялық бағдарламаны - 10 (он) жұмыс күні ішінде;
облигациялық бағдарламаның және көрсетілетін қызметті алушы бір уақытта ұсынған облигациялық бағдарламаның шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын - құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарламаның шегінде облигациялардың шығарылымын - құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарламаның шегінде жеке орналастыруға жататын облигациялардың шығарылымын- құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
айналыс мерзімі 12 (он екі) аспайтын облигациялар шығарылымын - құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
жеке орналастыруға жататын облигациялардың шығарылымын - құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;
жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу – құжаттарды мемлекеттік тіркеуге алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кіші түрлер бойынша:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда - электрондық нысанда облигациялар шығарылымының проспектісі;
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялар бағдарламаны мемлекеттік тіркеген жағдайда - электрондық нысанда облигациялар бағдарлама шығарылымының проспектісі;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда - облигациялық бағдарлама шегінде электрондық нысанда облигациялар шығарылымының проспектісі;
айналыс мерзімі 12 (он екі) аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда - Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда электрондық нысанда жеке меморандум;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда электрондық нысанда жеке меморандум, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік емес облигациялар саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің орналасқан жері өзгерген кезде) және облигациялар шығарылымына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеген жағдайда өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда облигациялар шығарылымының проспектісі;
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің орналасқан жері өзгерген кезде) және облигациялық бағдарлама проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеген жағдайда өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда облигациялық бағдарлама шығарылымының проспектісі;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік емес облигациялар саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің орналасқан жері өзгерген кезде) және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген жағдайда - өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының проспектісі;
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік емес облигациялардың саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген кезде) және жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеген жағдайда - өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда жеке меморандум;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік емес облигациялардың саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген кезде) және облигациялық бағдарлама шегінде жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы кезінде жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеген жағдайда - өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда жеке меморандум не мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптардың осы тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Мерекелер туралы заң) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) уәкілетті органның – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Облигациялар шығарылымын, облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісе отырып, еркін нысанда жасалған электрондық өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушы органының облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу тәртібі, облигацияларды орналастыру нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы алған қаражатты пайдалану, облигациялар шығарылымының көлемі, саны және түрі, облигациялардың номиналды құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы туралы шешімінің электрондық көшірмесі не көрсетілетін қызметті алушы органының облигациялық бағдарлама шығарылымының көлемі туралы мәліметтерді қамтитын облигациялық бағдарлама шығарылымы туралы шешімінің көшірмесі (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
3) электрондық нысанда мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісі (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
4) электрондық нысанда жеке меморандум (жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жағдайында);
5) электрондық нысанда айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы жағдайында);
6) көрсетілетін қызметті алушының жарғысының электрондық көшірмесі (бар болса) (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
7) қамтамасыз етілген облигациялар шығарылымы жағдайында көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
8) облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттың электрондық көшірмесі (егер облигацияларды ұстаушылардың өкілімен шарт жасасу міндеті "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) талаптарында көзделген және (немесе) оны жасасуға көрсетілетін қызметті алушы бастамашылық жасаған жағдайда) (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
9) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті алушының табысын оның қатысушылары арасында бөлу тәртібінің электрондық көшірмесі (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы жағдайында);
10) аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы көрсетілетін қызметті алушының жылдық қаржылық есептілігінің (эмитентте еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) электрондық көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің (жаңадан құрылған көрсетілетін қызметті алушыларды қоспағанда) электрондық көшірмелері (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда);
11) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша не мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін ұсынған жағдайда, соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушының қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 1 маусым аралығы кезеңінде аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға соңғы аяқталған жылдың алдындағы екі жылдағы қаржылық есептіліктің электрондық көшірмесін және көрсетілген кезең үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебінің электрондық көшірмесін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есепті және қаржылық есептілікті жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады (айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы жағдайын қоспағанда).
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 6), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, егер осы құжаттар облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынылған күнге дейін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда ұсынбайды.
Мемлекеттік емес облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының орналасқан мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын, дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріне аудармасы қоса берілген құжаттың электрондық көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріне аудармасы қоса берілген құрылтай құжаттарының электрондық көшірмесі;
3) шет мемлекеттің қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге өтініш берген күннен бастап үш ай бұрын кезеңде пруденциялық нормативтер мен бейрезиденттің уәкілетті органы белгілеген өзге де нормалар мен лимиттерді сақтау туралы хатының электрондық көшірмесі (егер Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымы болып табылса).
Көрсетілетін қызметті алушы қайта құрылымдау жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес қайта құрылымдау жүргізген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарының электрондық көшірмесін ұсынады.
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісе отырып, еркін нысанда жасалған электрондық өтініш;
2) өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының электрондық түрдегі проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі);
3) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) оның негізінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген органның шешімінің (хаттамасының) немесе отырыс хаттамасынан үзінді көшірменің электрондық көшірмесі.
Жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісе отырып, еркін нысанда жасалған электрондық өтініш;
2) өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық түрде жеке меморандум;
3) жеке меморандумға оның негізінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген органның шешімінің (хаттамасының) немесе отырыс хаттамасынан үзінді көшірменің электрондық көшірмесі;
4) сот бекіткен және облигациялар шығарылымы талаптарының өзгеруін қамтитын қайта құрылымдау жоспарының электрондық көшірмесі (қайта құрылымдау жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес эмитент қайта құрылымдау жүргізген жағдайда).
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының дерекқорларынан алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну және құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес еместігін анықтау талаптары мен тәртібін бұзуы. Көрсетілген негізден басқа, уәкілетті орган егер:
1) көрсетілетін қызметті алушының бастамасы бойынша ерікті делистингті қоспағанда, осы облигациялық бағдарлама шегінде жүзеге асырылған мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының делистингі жүргізілген;
2) облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нәтижесінде айналыстағы мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тіркелген көлемінен асып түсетін болса, көрсетілетін қызметті алушыға облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Порталда іркіліс немесе техникалық ақаулар анықталған жағдайда бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 86 68.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
  облигациялар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
1-1 қосымша

Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Азия даму банкі.

      2. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар Банкі.

      3. Америкааралық даму банкі.

      4. Африка даму банкі.

      5. Еуразия Даму банкі.

      6. Еуропа қайта құру және даму банкі.

      7. Еуропалық инвестициялық банк.

      8. Еуропалық Кеңестің Даму Банкі.

      9. Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы.

      10. Ислам даму банкі.

      11. Скандинавия инвестициялық банкі.

      12. Халықаралық валюта қоры.

      13. Халықаралық қайта құру және даму банкі.

      14. Халықаралық қаржы корпорациясы.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды тіркеу,
мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны ұсыну және қарау,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының күшін
жою қағидаларына
2-Қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Нысан

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20 __ жылғы "___" _________                                     Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      тіркелген

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге алды.

      Шығарылым _______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (облигациялардың саны, облигациялар түрі цифрмен және жазбаша),

      ___________________________________________________ облигацияларға бөлінген,

      оларға____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) берілген.

      Бір облигацияның номиналды құны __________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________ теңге.

      (цифрмен және жазбаша)

      Облигациялар шығарылымының көлемі

      __________________________________________________________________________

      (шығарылатын облигациялардың

      _____________________________________________________________ теңге болады.

      жиынтықты номиналды құны цифрмен және жазумен)

      Эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі ауыстырылған жағдайда толтырылады):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      __________________________________________________________________________

      Уәкілетті тұлға ________________________ ____________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)             (тегі, аты-жөні)

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Нысан

Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20 __ жылғы "___" ___________                                     Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________ тіркелген

      (эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      облигациялық бағдарламасын мемлекеттік тіркеуді жүргізді.

      Облигациялық бағдарлама шығарылымының көлемі _______________________

      ________________________________________________________ теңгені құрайды.

      (цифрмен және жазумен)

      Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне ____ нөмірімен енгізілді.

      Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (эмитенттің облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі ауыстырылған жағдайда толтырылады):

      __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________.

      Уәкілетті адам ___________________________ _________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, инициалдары)

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Нысан

Облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20 __ жылғы "___" ___________                                     Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      ________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________ тіркелген

      (эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүргізді.

      Шығарылым ________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (облигациялар саны цифрмен және жазумен, облигациялар түрі)

      ________________________________________________________________________

      халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды)

      ______________________________________________________________________

      берілген облигацияларға бөлінген.

      Бір облигацияның номиналды құны ___________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________ теңге.

      (цифрмен және жазумен)

      Облигациялар шығарылымының көлемі _______________________________________

      __________________________________________________________________________

      (шығарылатын облигациялардың жиынтық номиналды құны

      _____________________________________________________________ теңге болады.

      цифрмен және жазумен)

      Облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (эмитент облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырған жағдайда толтырылады):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Уәкілетті адам _______________________________ ______________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)             (тегі, инициалдары)

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымының
күшін жою қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Нысан

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәлік

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20___ жылғы "____"_______ Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (тіркеуші органның атауы, эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні

      _________________________________________________________________________,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      тіркеген

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы мен орналасқан жері)

      облигациялар шығарылымының күшін жойды.

      Шығарылым облигацияларына берілген халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды)

      _________________________________________________________________________.

      Шығарылым_______________________________________________________________

      (облигациялардың саны цифрмен және жазбаша,

      __________________________________________________________________________

      _______________________________облигациялар түрі) облигацияларға бөлінген.

      Облигациялар шығарылымының

      __________________________________________________________________________

      (күшін жою себебі)

      _______________________________________ байланысты күші жойылды.

      Уәкілетті адам ____________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, инициалдары)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
2-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптар

      Ескерту. Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, жеке меморандумды (бұдан әрі – Талаптар) тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (бұдан әрі – облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу, облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі – өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу) үшін құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Эмитенттің облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу өтінішінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім қамтылады.

      3-1. Жеке меморандум Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес жеке меморандумның құрылымына сәйкес жасалады.

      Жеке меморандум қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

      Номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялар шығарылған жағдайда жеке меморандум қазақ, орыс және эмитенттің қалауы бойынша ағылшын тілдерінде жасалады.

      Ескерту. Талаптар 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3-2. Айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді және қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

      Ескерту. Талаптар 3-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-3. Эмитент облигациялық бағдарлама шегінде жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигациялар шығарған жағдайда жеке меморандум Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес жеке меморандумның құрылымына сәйкес жасалады.

      Ескерту. Қағида 3-3-тармақтармен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-4. Арнайы қаржы компаниясы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жеке меморандуммен бірге оригинатордың соңғы қаржы жыл үшін аудиторлық есебін, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған осы секьюритилендіру мәмілесі бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шартын ұсынады.

      Оригинатордың соңғы жыл үшін аудиторлық есебі болмаған жағдайда арнайы қаржы компаниясы уәкілетті органға облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттар ұсыну алдында оригинатордың соңғы есепті тоқсан үшін қаржылық есептілігінің көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. Қағида 3-4-тармақтармен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Эмитент Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін:

      1) облигацияларды ұстаушылар болған жағдайда - облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімінің (облигацияларды жалғыз ұстаушы шешімінің) көшірмесін (сот шешіміне сәйкес немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізілетін эмитентті қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда);

      2) егер осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған болса немесе осы шығарылымның барлық облигациясын эмитент сатып алған болса - эмитенттің тиісті органының облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімінің көшірмесін ұсынады.

      5-1. Талаптарға 1-қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмитент жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін мыналарды ұсынады:

      1) облигацияларды ұстаушылар болған жағдайда жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы шешімінің (облигацияларды жалғыз ұстаушы шешімінің) көшірмесі (соттың шешіміне сәйкес немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізілетін эмитентті қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда);

      2) егер осы шығарылымның бірде-бір облигациясы орналастырылмаған немесе осы шығарылымның барлық облигацияларын эмитент сатып алған жағдайда, эмитенттің тиісті органының жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы көшірмесі.

      Жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

      Егер номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялар шығарылымы кезінде эмитенттің қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінен басқа жеке меморандум ағылшын тілінде жасалса, өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріле отырып, жеке меморандум қазақ және орыс тілдерінен басқа ағылшын тілінде де жасалады.

      Ескерту. Талаптар 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      6. Эмитент облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес қайта құрылымдау жүргізген жағдайда, осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісі), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы қағидаларының 3-тармағында көрсетілген құжаттардан бөлек эмитент уәкілетті органға сот бекіткен және облигациялар шығарылымы шарттарының өзгерістерін қамтитын қайта құрылымдау жоспарының электрондық көшірмесін жібереді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Хаттама немесе одан үзінді көшірме нысанында жасалған, облигациялар шығарылымы проспектісіне, жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін көшірмесі уәкілетті органға ұсынылатын облигациялар ұстаушылардың (жалғыз облигация ұстаушының) жалпы жиналысының облигациялар шығарылымы проспектісіне, жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімінде мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) эмитенттің атауы;

      2) проспектісіне немесе жеке меморандумына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні, осы шығарылымның облигацияларына берілген халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды);

      3) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;

      4) ұстаушылары облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысатын облигациялардың саны;

      5) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының кворумы;

      6) осы шығарылым облигацияларының 10 (оннан) астам пайызына ие облигациялар ұстаушылардың саны;

      7) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібі;

      8) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысында дауыс беру тәртібі;

      9) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса);

      10) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері;

      11) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша қабылданған шешім.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Хаттама немесе одан үзінді көшірме нысанында жасалған, облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін көшірмесі уәкілетті органға ұсынылатын эмитент органының облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімінде мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) эмитенттің атқарушы органының атауы мен орналасқан жері;

      2) отырыс өткізілетін күні, уақыты мен орны (отырыс қатысып дауыс беру жолымен өткізілген жағдайда) немесе отырыс күні (сырттай дауыс берілетін жағдайда);

      3) отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған);

      4) отырыс кворумы;

      5) отырыстың күн тәртібіндегі облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге қатысты мәселелер;

      6) отырыстың күн тәртібіндегі облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге қатысты әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері;

      7) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге қатысты мәселе бойынша қабылданған шешім;

      8) отырыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Эмитент органының шешімінен (хаттамасынан) үзінді-көшірмеге отырыстың хатшысы қол қояды.

      10. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Еншілес ұйымы (ұйымдары) бар эмитенттің ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 1 сәуірінедейінгі аралығындағы кезеңде облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеуге құжаттар беру алдында соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілігі болмаған жағдайда, эмитент уәкілетті органға көрсетілген күнгі жағдай бойынша жеке қаржылық есептілікті ұсынады.

      Эмитент ұсынатын жылдық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда мен зиян туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептен және түсіндірме жазбадан тұрады.

      Эмитент ұсынатын аралық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда мен зиян туралы есептен тұрады.

      13. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент немесе халықаралық қаржы ұйымы уәкілетті органға облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу үшін ұсынатын қаржылық есептілікті ағылшын тілінде ұсынуға рұқсат етіледі.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне),
жеке меморандумға өзгерістерді
және (немесе) толықтыруларды
тіркеу үшін құжаттарға
қойылатын талаптарға
1-қосымша

      Ескерту. Талаптар қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 09.02.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 06.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Жеке меморандумның құрылымы

      Құжаттың атауы: "Жеке меморандум"

      Жазба: "Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекетті тіркеуі инвесторларға мемлекеттік емес облигацияларды сатып алуға қатысты, жеке меморандумда сипатталған қандай да болсын ұсынымдар беруді білдірмейді және осы құжатта қамтылған ақпараттың дәйектілігін растамайды.

      Эмитенттің лауазымды тұлғалары онда берілген барлық ақпараттың дәйектілігін және эмитент пен оның орналастырылатын мемлекеттік емес облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылдыруға әкеп соқтырмайтынын растайды.".

      1. Эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын (бар болса) тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;

      2. Эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі, облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемі. Егер облигациялар өтеу мерзімі жоқ облигациялар болып табылса, бұл туралы мәліметтер көрсетіледі;

      2) бір облигацияның номиналды құны (егер бір облигацияның номиналды құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналды құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигацияның номиналды құнының, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы;

      4) облигациялар бойынша негізгі сыйақы мөлшерлемесінің және ол болған жағдайда қосымша сыйақы мөлшері.

      Қосымша сыйақы төленген жағдайда облигациялар бойынша қосымша сыйақы алудың басталуына немесе басталмауына байланысты болатын оқиғалар туралы ақпарат көздерін көрсете отырып, облигациялар бойынша қосымша сыйақы мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі.

      Облигацияларды өзге де мүліктік құқықтармен өтеу кезінде сыйақы және номиналды құн төленген жағдайда, осы құқықтардың, олардың сақталуын қамтамасыз ету тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың сипаттамасы, сондай-ақ осы құқықтардың өту тәртібі келтіріледі;

      5) сыйақыны төлеу кезеңділігін және (немесе) сыйақыны төлеу күнін және сыйақыны алу тәсілін көрсете отырып, облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары;

      6) облигациялар айналысының басталу күні және мерзімі (облигацияларды өтеу мерзімінсіз шығарған жағдайда айналыс мерзімі көрсетілмейді;

      7) облигацияларды өтеу күні және тәсілі (облигацияларды өтеу мерзімінсіз шығарған жағдайда толтырылмайды);

      8) облигациялар айналысын жүргізу жоспарланып отырған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      4. Облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу тәртібі мен шарттары.

      Облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі көзделген жағдайда, облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу құны (құнын айқындау тәртібі), облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу тәртібі мен шарттары, эмитент облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуі мүмкін не облигациялардың иелері облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу туралы талапты, эмитенттің облигацияларды мерзімінен бұрын өтеудің шарттары мен қорытындылары туралы ақпаратты ашу тәртібін, сондай-ақ облигацияларды шығару туралы шешімде көзделген, эмитенттің қалауы бойынша немесе облигациялар иелерінің талап етуі бойынша мерзімінен бұрын өтеу жүзеге асырылатынына қарай облигацияларды мерзімінен бұрын өтеудің өзге де талаптарын қамтитын өтініштер жіберуі (ұсынуы) мүмкін мерзім (мерзімді айқындау тәртібі) көрсетіледі.

      Егер эмитент облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігін көздемесе, бұл мән-жай көрсетіледі.

      5. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде жобалық қаржыландыру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары және болжанатын мерзімдері;

      2) облигациялар ұстаушыларға негізгі шарт бойынша жасалған мүліктің меншік иесінің ауысуы туралы ақпаратты беру тәртібі және кредиторлар өкілдерінің арнайы қаржы компаниясының органдарына енгізілуі және олардың өкілеттіктері туралы ақпаратты беру тәртібі;

      3) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру мәмілесіне қызмет көрсетумен, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық басқарумен шығыстарының тізбесі.

      4) бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған түрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу және сыйақы төлеу тәртібі мен кезектілігі (облигациялық бағдарлама шегінде жеке меморандумда көрсетіледі);

      5) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру тәртібі мен кезектілігі.

      6. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде секьюритилендіру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

      2) секьюритилендіру мәмілесіндегі оригинатор қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;

      3) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;

      4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібі;

      5) талап ету құқықтары біртектілігінің өлшемшарттары;

      6) бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған түрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу және сыйақы төлеу тәртібі мен кезектілігі (облигациялық бағдарлама шегінде жеке меморандумда көрсетіледі);

      7) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру тәртібі мен кезектілігі.

      7. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын эмитенттің мүлкі туралы мәліметтер:

      1) осы мүліктің құнын көрсете отырып шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;

      2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.

      8. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген тұлғаның деректері (егер облигациялар кепілдікпен қамтамасыз етілсе).

      9. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты.

      Эмитент облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаттары көрсетіледі.

      "Жасыл", әлеуметтік облигациялар, орнықты даму облигациялары және орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда эмитентте облигациялар шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламаның болуы туралы ақпарат көрсетіледі.

      "Жасыл" облигациялар шығарылған жағдайда, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсатының Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1-бабының 3-тармағында белгіленген жобаларға сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі.

      Әлеуметтік облигациялар шығарылған жағдайда қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын әлеуметтік міндеттерді іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ оның Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1-бабының 4-тармағында белгіленген жобаларға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      Орнықты даму облигацияларын шығарған жағдайда қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын "жасыл" және әлеуметтік жобалардың үйлесімінің қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ олардың Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1 бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген жобаларға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      "Жасыл", әлеуметтік облигациялар және орнықты даму облигациялары шығарылған жағдайда мыналар қосымша көрсетіледі:

      қаржыландыру үшін осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратты жария етуді эмитент жүзеге асыратын ақпарат көздері;

      егер қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жоба Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1 бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген жобаларға сәйкес келмейтін болса, эмитент қолданатын шаралар.

      Орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда:

      эмитент алдын ала белгілеген оларға қол жеткізу мерзімдерін көрсете отырып, орнықты даму саласындағы қызметтің нақты нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау үшін пайдаланылатын тиімділіктің негізгі көрсеткіштері;

      көрсетілген көрсеткіштерді есептеу әдістемесі;

      эмитент оларға қол жеткізген жағдайда қолданысқа енгізілетін орнықты дамуға байланысты облигациялардың қаржылық және (немесе) құрылымдық сипаттамалары;

      эмитент өзі белгілеген маңызды көрсеткіштердің орындалуы туралы ақпаратты жария етуді жүзеге асыратын ақпарат көздері сипатталады.

      Орналастырудан түскен ақшасы жобаны қаржыландыруға жіберілетін инвестициялық облигациялар шығарылған жағдайда, осы жобаның қысқаша сипаты келтіріледі.

      10. Облигация ұстаушыға берілетін құқықтар.

      Облигацияларды өтеу мерзімінсіз шығарған жағдайда мемлекеттік емес облигацияларды ұстаушылардың облигацияларды өтеу мерзімінсіз, оның ішінде Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында көзделген негіздер бойынша сатып алу туралы талап қоя алмайтыны туралы мәліметтер көрсетіледі.

      11. Облигациялар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдерін, оның ішінде міндеттемелерді қайта құрылымдау тәртібі мен шарттарын қоса алғанда, облигациялар бойынша дефолт басталған жағдайда эмитент қолданатын шаралар.

  Мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымын
(облигациялық бағдарламаны)
мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік
емес облигациялар
шығарылымы проспектісіне
(облигациялық бағдарлама
проспектісіне), жеке
меморандумға өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
  тіркеуге қойылатын талаптарға
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтіні жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Айналыста болу мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер құрылымы

      Ескерту. Талаптар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Эмитенттің толық және қысқартылған атауы қазақ, орыс және ағылшын (егер бар болса) тілдерінде.

      2. Эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

      3. Эмитенттің уәкілетті органының айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған күні.

      4. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі, облигациялардың саны және облигациялар шығарылымының жалпы көлемі;

      2) номиналды құнын сипаттайтын валюта көрсетілген бір облигацияның номиналды құны;

      3) облигациялар айналысының басталу күні және мерзімі;

      4) облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

      5) облигациялар бойынша сыйақы төлеу мерзімі;

      6) облигацияларды өтеу күні.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
3-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Тізбе) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі – облигациялар) шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және көрсетілген құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мына құжаттарды ұсынады:

      1) облигациялардың күшін жою негізін көрсете отырып, эмитенттің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған облигациялар шығарылымының күшін жою туралы электрондық нысандағы өтініш;

      2) облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған эмитенттің органы шешімінің электрондық көшірмесі;

      3) облигациялар шығарылымының күшін жою туралы эмитент органының шешімі қабылданған күнгі жағдай бойынша орталық депозитарий берген облигациялар ұстаушылардың жоқтығын растайтын бағалы қағаздарды ұстаушылардың электрондық тізілімі (егер осы шығарылымның бірде-бір облигациясы орналастырылмаған немесе осы шығарылымның барлық облигациясын эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған жағдайда) (эмитент белгілеген күнге автоматты түрде қалыптастырылады);

      4) сот бекіткен, эмитентті қайта құрылымдау жоспарының электрондық көшірмесі (қаржы ұйымдарын, сондай-ақ бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау рәсімдері жүзеге асырылған жағдайда);

      5) эмитентті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің және сот бекіткен тарату балансының электрондық көшірмесі (эмитент мәжбүрлеп таратылған жағдайда).

      Облигациялар шығарылымының айналыс мерзімі өткеннен кейін олардың күшін жою үшін эмитент уәкілетті органға Тізбенің 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжатты жібереді.

      Тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде қамтылған эмитенттің облигациялары шығарылымының күшін жою туралы шешімді уәкілетті орган Тізбенің 2-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмастан қабылдайды.

      3. Облигациялар шығарылымының күші жою кезінде уәкілетті орган берген облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасын эмитент жоғалтқан жағдайда, эмитент облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын алу қажет болған кезде уәкілетті органға облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін бұқаралық ақпарат құралының атауы және жоғалған құжаттың жарамсыздығы туралы хабар жарияланған күн туралы мәліметтерді көрсете отырып, портал арқылы электрондық нысанда өтініш жібереді.

      Уәкілетті орган өтінішті алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде эмитентке "жеке кабинетке" портал арқылы электрондық нысанда құжаттың телнұсқасын жібереді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
4-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі − облигациялар) шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Облигациялар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының проспектісі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің облигациялар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      Халықаралық қаржы ұйымының облигациялар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарламаның проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының проспектісі) халықаралық қаржы ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес халықаралық қаржы ұйымының облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қаржылық есептілікке сәйкес көрсетілетін эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты қоспағанда, облигациялар шығарылымы проспектiсiндегі (облигациялық бағдарлама проспектiсiндегі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектiсiндегі) мәліметтер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) құжаттарды тапсыру күнінің алдындағы айдың соңғы жұмыс күніне келтіріледі.

      4. Эмитенттің облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсынуына дейінгі кемінде 1 (бір) аяқталған қаржы жылы бұрын жүзеге асырылған қайта құру жолымен эмитент қайта ұйымдастырылған жағдайда, облигациялар шығарылымы проспектiсiнде (облигациялық бағдарлама проспектiсiнде, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектiсiнде) эмитент құқықтық мирасқоры болып табылатын заңды тұлғаның қаржылық есептілігін қоса бере отырып, қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаны тіркеу күнінің алдындағы аяқталған 2 (екі) қаржы жылының мәліметтері қамтылады.

      5. Оригинатордың соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есебі және оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секьюритилендіру мәмілесі бойынша талап ету құқығын басқаға беру шарты облигациялар шығарылымы проспектісімен (облигациялық бағдарлама проспектісі) бірге ұсынылады.

      Оригинатордың соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есебі болмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясы уәкілетті органға облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттар ұсыну алдында оригинатордың соңғы есепті тоқсан үшін қаржылық есептілігінің көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) титул парағында мыналар қамтылады:

      1) құжаттың атауы: "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісі" немесе "Облигациялық бағдарламаның проспектісі" немесе "Облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісі";

      2) облигациялық бағдарламаның көлемі (облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркелген жағдайда);

      3) эмитенттің толық және қысқартылған атауы;

      4) жазба:

      "Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын) мемлекеттік тіркеуі инвесторларға проспектіде сипатталған мемлекеттік емес облигацияларды иеленуге қатысты қандай да бір ұсынымдар беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың дәйектілігін растамайды.

      Эмитенттің лауазымды тұлғалары онда берілген бүкіл ақпарат дәйекті және эмитент пен оның орналастырылатын мемлекеттік емес облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтын болып табылатынын растайды.

      Мемлекеттік емес облигациялар айналыста болған кезеңде эмитент Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.".

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісі) эмитент уәкілетті органға бағалы қағаздар орталық депозитарийінің веб-порталы арқылы электрондық нысанда жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі) қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

      Облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі) номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялар шығарылған жағдайда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісі) қазақ және орыс тілдерінде жасалған өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда жіберіледі.

      Номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріле отырып, облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісі) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде де жасалады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының проспектісін
(облигациялық бағдарлама
проспектісін), мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымының
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды жасау және
ресімдеу қағидаларына
1- қосымша

Облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Эмитенттің атауы және оның орналасқан жері туралы ақпарат

      1. Құрылтай құжаттарына сәйкес эмитент туралы ақпарат:

      1) эмитентті бастапқы мемлекеттік тіркеу күні;

      2) эмитентті мемлекеттік қайта тіркеу күні (қайта тіркеу жүзеге асырылған жағдайда);

      3) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын (бар болса) тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;

      4) эмитенттің атауы өзгерген жағдайда оның барлық бұрынғы толық және қысқаша атаулары, сондай-ақ олардың өзгертілген күндері көрсетіледі;

      5) егер эмитент заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) эмитентке қатысты құқықтық мирасқорлығы туралы мәліметтер көрсетіледі;

      6) эмитенттің филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда, заңды тұлғалардың филиалдарының (өкілдіктерінің) есептік тіркелуі туралы анықтамаға сәйкес олардың атаулары, тіркелген (қайта тіркелген) күндері, орналасқан жерлері және эмитенттің барлық филиалдары мен өкілдіктерінің пошта мекенжайлары көрсетіледі;

      7) эмитенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      8) ISO 17442 "Financial services - Legal Entity Identifier" (LEI) (Файнаншл сервисез – Легал Энтити Айдэнтифайер) халықаралық стандартына сәйкес Legal Entity Identifier (Легал Энтити Айдэнтифайер) коды (бар болса).

      2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес байланыс телефондарының, факстың нөмірлері және электрондық поштаның мекенжайы, сондай-ақ эмитенттің нақты мекенжайы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген эмитенттің орналасқан жерінен өзгеше болған жағдайда нақты мекенжайы көрсетілген эмитенттің орналасқан жері.

2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар туралы, оларды төлеу және олар бойынша кіріс алу тәсілдері туралы мәліметтер

      3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі. Егер облигациялар өтеу мерзімі жоқ облигациялар болып табылса, бұл туралы мәліметтер көрсетіледі;

      2) бір облигацияның номиналды құны (егер бір облигацияның номиналды құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналды құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигациялардың саны;

      4) облигациялар шығарылымның жалпы көлемі;

      5) облигацияның номиналды құн валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы.

      4. Орналастырылатын облигацияларды төлеу тәсілі.

      5. Облигациялар бойынша кіріс алу:

      1) облигациялар бойынша негізгі сыйақы мөлшерлемесінің және ол болған жағдайда қосымша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері.

      Қосымша сыйақы төленген жағдайда облигациялар бойынша қосымша сыйақы алудың басталуына немесе басталмауына байланысты болатын оқиғалар туралы ақпарат көздері көрсетіле отырып, облигациялар бойынша қосымша сыйақы мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі;

      2) сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні;

      3) облигациялар бойынша сыйақы есептеу басталатын күн;

      4) облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;

      5) облигациялар бойынша сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі.

      6. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде жобалық қаржыландыру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары және болжанатын мерзімдері;

      2) облигациялар ұстаушыларға негізгі шарт бойынша жасалған мүліктің меншік иесінің ауысуы туралы, кредиторлар өкілдерінің арнайы қаржы компаниясының органдарына енгізілуі және олардың өкілеттіктері туралы ақпаратты ұсыну тәртібі;

      3) бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық басқарумен, жобалық қаржыландыру мәмілесіне қызмет көрсетумен байланысты;

      4) бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған түрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу және сыйақы төлеу тәртібі мен кезектілігі (облигациялық бағдарлама проспектісінде көрсетіледі);

      5) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру тәртібі мен кезектілігі.

      7. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде секьюритилендіру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

      2) секьюритилендіру мәмілесіндегі оригинатор қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;

      3) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;

      4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібі;

      5) талап ету құқықтары біртектілігінің өлшемшарттары;

      6) бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған түрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу және сыйақы төлеу тәртібі мен кезектілігі (облигациялық бағдарлама проспектісінде көрсетіледі);

      7) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру тәртібі мен кезектілігі.

3-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысы, өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары

      8. Облигацияларды орналастыру шарттары және тәртібі:

      1) облигацияларды орналастырудың басталған күні;

      2) облигацияларды орналастырудың аяқталған күні;

      3) онда облигацияларды орналастыру жоспарланған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      9. Облигациялар айналысының талаптары және тәртібі:

      1) облигациялар айналысының басталу күні;

      2) облигациялар айналысының аяқталу күні (өтеу мерзімінсіз облигациялар шығарылған жағдайда толтырылмайды);

      3) облигациялар айналысының мерзімі (өтеу мерзімінсіз облигациялар шығарылған жағдайда толтырылмайды);

      4) облигациялар айналысы жоспарланған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      10. Облигацияларды өтеу талаптары және тәртібі:

      1) облигацияларды өтеу күні (өтеу мерзімінсіз облигациялар шығарылған жағдайда толтырылмайды);

      2) облигацияларды өтеу тәсілі (өтеу мерзімінсіз облигациялар шығарылған жағдайда толтырылмайды);

      3) егер облигацияларды өтеу кезінде сыйақыны және номиналды құнын төлеу облигациялар шығарылымы проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықтармен жүргізілетін болса, осындай құқықтардың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің сипаттамасы және көрсетілген құқықтарды жүзеге асыруға құзыретті тұлғалар, сондай-ақ осы құқықтарға өтуді іске асыру тәртібі келтіріледі.

      11. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары болған жағдайда:

      1) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру тәртібі, талаптары;

      2) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру мерзімі көрсетіледі.

4-тарау. Ковенанттар (шектеулер), олар бар болса

      12. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделмеген қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленген жағдайда:

      1) эмитент қабылдайтын және бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделмеген ковенанттардың (шектеулердің) сипаттамасы;

      2) ковенанттар (шектеулер) бұзылған кездегі эмитенттің іс-әрекетінің тәртібі;

      3) ковенанттар бұзылған кездегі облигация ұстаушылардың іс-әрекетінің тәртібі көрсетіледі.

5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды конвертациялау талаптары, мерзімдері мен тәртібі (конвертацияланатын бағалы қағаздарды шығару кезінде)

      13. Конвертацияланатын облигациялар шығарылған кезде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:

      1) облигациялар конвертацияланатын акциялардың түрi, саны және орналастыру бағасын белгілеу тәртібі, осындай акциялар бойынша құқықтар;

      2) облигацияларды конвертациялау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен конвертацияланатын болса, конвертациялаудың аяқталу күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен конвертацияланбайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 61-10-тармағында көзделген негізде және тәртіппен төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банк уәкілетті органның шешіміне сәйкес облигацияларды акцияларға конвертациялау талаптарын көрсетеді.

6-тарау. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын облигациялар эмитенті мүлкінің құнын көрсете отырып, осы мүлік туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген облигациялар бойынша)

      14. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын эмитенттің мүлкі туралы мәліметтер:

      1) осы мүліктің құнын көрсете отырып шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;

      2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.

      15. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген тұлғаның деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).

      16. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде - концессия шартының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекет кепілгерлігін беру туралы қаулысының деректемелері.

7-тарау. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты

      17. Облигацияларды орналастырудан эмитент алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаттары.

      "Жасыл", әлеуметтік облигациялар, орнықты даму облигациялары және орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда эмитентте облигациялар шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламаның болуы туралы ақпарат көрсетіледі.

      "Жасыл" облигациялар шығарылған жағдайда, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсатының Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1-бабының 3-тармағында белгіленген жобаларға сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі.

      Әлеуметтік облигациялар шығарылған жағдайда қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын әлеуметтік міндеттерді іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ оның Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1-бабының 4-тармағында белгіленген жобаларға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      Орнықты даму облигацияларын шығарған жағдайда қаржыландыруға (іске асыруға) осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын "жасыл" және әлеуметтік жобалардың үйлесімінің қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ олардың Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1-бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген жобаларға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      "Жасыл", әлеуметтік облигациялар және орнықты даму облигациялары шығарылған жағдайда қосымша:

      қаржыландыру үшін осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратты ашуды эмитент жүзеге асыратын ақпарат көздері;

      егер қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жоба Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1-бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген жобаларға сәйкес келмейтін болса, эмитент қолданатын шаралар көрсетіледі.

      Орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда:

      эмитент алдын ала белгілеген оларға қол жеткізу мерзімдерін көрсете отырып, орнықты даму саласындағы қызметтің нақты нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау үшін пайдаланылатын тиімділіктің негізгі көрсеткіштері;

      көрсетілген көрсеткіштерді есептеу әдістемесі;

      эмитент оларға қол жеткізген жағдайда қолданысқа енетін орнықты дамуға байланысты облигациялардың қаржылық және (немесе) құрылымдық сипаттамалары;

      эмитент өзі белгілеген негізгі көрсеткіштердің орындалуы туралы ақпаратты ашуды жүзеге асыратын ақпарат көздері.

      Орналастырудан түскен ақша жобаны қаржыландыруға бағытталатын инвестициялық облигациялар шығарылған жағдайда, осы жобаның қысқаша сипаттамасы келтіріледі.

      18. Эмитент бұрын орналастырған, айналыс мерзімі өткен облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен төленетін облигацияларды шығару кезінде (эмитент сатып алған облигацияларды шегергенде) осы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығарылымының көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.

8-тарау. Эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) он және одан көп пайызын иеленген құрылтайшылары туралы немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер

      19. Эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан астам пайызын иеленген құрылтайшылар немесе ірі акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер:

      1) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін);

      2) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);

      3) құрылтайшыға немесе ірі акционерге (қатысушыға) тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      4) эмитенттің құрылтайшысы немесе ірі акционері (қатысушысы) дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он және одан астам пайызына ие бола бастаған күні.

9-тарау. Эмитенттің басқару органы және атқарушы органы туралы мәліметтер

      20. Эмитенттің басқару органы туралы мәліметтер:

      1) директорлар кеңесінің немесе бақылау кеңесінің төрағасының және мүшелерінің (директорлар кеңесіндегі тәуелсіз директорды (директорларды) көрсете отырып) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) директорлар кеңесі немесе бақылау кеңесі мүшелерінің сайланған күні және олардың хронологиялық тәртіппен соңғы 3 (үш) жылдағы және қазіргі уақыттағы еңбек жолы туралы мәліметтер;

      3) эмитенттің директорлар кеңесі мүшелерінің әрқайсысына тиесілі эмитенттің дауыс беруші акцияларының пайыздық арақатынасы немесе эмитенттің бақылау кеңесі мүшелерінің әрқайсысына тиесілі эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      4) еншілес және тәуелді ұйымдарда эмитенттің директорлар кеңесінің немесе бақылау кеңесінің мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      21. Эмитенттің алқалы органы немесе атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға:

      1) атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе алқалы атқарушы орган басшысының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның немесе алқалы атқарушы орган мүшелерінің хронологиялық тәртіппен соңғы 3 (үш) жылдағы және қазіргі уақыттағы еңбек жолы туралы мәліметтер;

      3) эмитенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаға немесе эмитенттің алқалы атқарушы органының әрбір мүшесіне тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      22. Егер эмитенттің атқарушы органының өкілеттіктері басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берілген болса, онда мыналар көрсетіледі:

      1) басқарушы ұйымның толық және қысқаша атауы, оның орналасқан жері;

      2) басқарушы ұйымның атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не басқарушы ұйымның алқалы атқарушы органы мүшелерінің және директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың сайланған күні және хронологиялық тәртіппен соңғы 2 (екі) жылдағы еңбек жолы туралы мәліметтер;

      4) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларға тиесілі басқарушы ұйымның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) басқарушы ұйымның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      5) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларға тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлестерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      Осы тармақтың талаптары акционерлік қоғамдарға қолданылмайды.

10-тарау. Эмитент қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері

      23. Эмитент қызметінің түрлері:

      1) қызметтің негізгі түрі;

      2) маусымдық сипатқа ие қызмет түрлерін және эмитенттің жалпы кірісіндегі олардың үлесін көрсете отырып эмитент қызметі түрлерінің қысқаша сипаттамасы;

      3) эмитенттің бәсекелестерi болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер;

      4) эмитент қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сатулардың (жұмыстардың, қызметтердің) кірістілігіне оң және теріс ықпал ететін факторлар;

      5) эмитенттің лицензиялары (патенттері) және олардың қолданылу кезеңі, зерттеулер мен әзірлемелерге, оның ішінде эмитент демеушілік көрсететін зерттеу әзірлемелеріне кеткен шығындар туралы ақпарат;

      6) эмитентке жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттардағы (жұмыстардағы, қызметтердегі) импорттың үлесі және эмитент экспортқа сататын (көрсететін) өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) сатылатын өнімнің (көрсетілетін жұмыстардың, қызметтердің) жалпы көлеміндегі үлесі;

      7) оның қатысуымен өткен сот процестерінің мәнін көрсете отырып, эмитент қызметінің тоқтатылу немесе өзгеру, эмитенттің активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан артық пайыз мөлшерінде одан ақшалай және өзге міндеттемелерді өндіріп алу тәуекелімен байланысты сот процестеріне эмитенттің қатысуы туралы мәліметтер;

      8) эмитенттің қызметіне ықпал ететін басқа тәуекел факторлары.

      24. Эмитент өндіретін немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құнының 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын көлемде оның тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) тұтынушылар мен жеткізушілер туралы мәліметтер.

      25. Әрбір активтің тиісті баланстық құнын көрсете отырып, эмитент активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын эмитенттің активтері.

      26. Эмитент активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан астам пайызы мөлшердегі дебиторлық берешек:

      1) эмитенттің алдындағы берешегі эмитент активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын эмитент дебиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (жақын арадағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      27. Эмитенттің эмитент міндеттемелерінің баланстық құнының 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын кредиторлық берешегі:

      1) эмитент кредиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (жуырдағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      28. Эмитент левереджінің шамасы.

      Эмитенттің левередж шамасы соңғы әр аяқталған екі қаржы жылының соңғы күніндегі жағдай бойынша, сондай-ақ облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша не облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттің қаржылық есептілігі проспектінің ажырамас бөлігі болса - облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетіледі.

      29. Аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігі негізінде есептелген, соңғы аяқталған екі қаржы жылында эмитент қызметінен алынған ақша қаражатының таза ағыны.

      30. Облигациялардың осы шығарылымы туралы шешім қабылданған күнге дейін эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық тіркелген шығарылымдары туралы мәліметтер (өтелген және жойылған облигациялар шығарылымын қоспағанда):

      әрбір шығарылымның борыштық бағалы қағаздарының жалпы саны, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының мемлекеттік тіркелу күні, әрбір шығарылым бойынша орналастырылған борыштық бағалы қағаздардың саны, сондай-ақ борыштық бағалы қағаздарды орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы көлемі, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақының сомасы, оларды сатып алу күнін көрсете отырып, сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың саны;

      орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және олардың орындалу мерзімінің өтіп кету мерзімі туралы ақпаратты қоса алғанда, эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындамау фактілері туралы мәліметтер (облигациялар бойынша сыйақыны төлемеу (төлеуді кешіктіру), бағалы қағаздар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақылар сомасы (түрлері мен шығарылымдары бойынша жеке-жеке);

      егер қандай да бір бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік емес бағалы қағаздарын орналастыру не айналысқа енгізу тоқтатыла тұрған (жаңартылған) жағдайда, осындай шешімдер қабылдаған мемлекеттік орган, оларды қабылдау негіздемесі мен күні көрсетіледі;

      сауда-саттықты ұйымдастырушылардың атауларын қоса алғанда, эмитенттің бағалы қағаздары айналыста болатын нарықтар;

      бұдан бұрын шығарылған, айналыстағы облигациялардың әрбір түрімен оларды ұстаушыларға берілетін құқықтар, оның ішінде ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібін көрсете отырып, шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар.

11-тарау. Эмитент және оның орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары туралы қосымша мәліметтер

      31. Облигацияларды ұстаушыға ұсынылатын құқықтар:

      1) эмитенттен облигацияның номиналды құнын алу не өзге мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ облигациялар бойынша сыйақы алу құқығы не облигациялар шығарылымы проспектісінде белгіленген өзге де мүліктік құқықтар;

      2) эмитенттің облигацияларды, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде жүзеге асыру шарттары, тәртібі және мерзімі көрсетілген сатып алу талабының құқықтары;

      Облигацияларды өтеу мерзімінсіз шығарған жағдайда, осы облигацияларды ұстаушылардың облигацияларды, оның ішінде Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында көзделген негіздер бойынша сатып алу туралы талап қоя алмайтыны туралы мәліметтер көрсетіледі;

      3) өзге құқықтар.

      32. Басталған кезде эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялау ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәлімет:

      1) басталған кезде эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялау ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;

      2) облигацияларды ұстаушылардың сыйақы төлемі бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде құқықтарын қорғау рәсімін, оның ішінде міндеттеме тәртібі және қайта құрылымдау талаптарын қоса алғанда, облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитент қабылдайтын шаралар;

      3) эмитенттің орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелердің орындалмау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру жөніндегі мүмкін болатын іс-әрекеттері, облигацияларды ұстаушылардың эмитентке, эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғаларға талап қою өтінішінің тәртібі туралы мәліметтерден тұратын дефолт фактісі туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушыларға жеткізу тәртібі, мерзімі және тәсілдері;

      4) эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғалармен шарт жасалған күні мен нөмірі, осы тұлғалардың толық атауы, сондай-ақ оларды (осындай тұлғалар бар болса) мемлекеттік тіркеу күні.

      33. Эмитенттің облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін эмитенттің қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.

      34. Эмитенттің орналастырылатын облигацияларды сатып алуына байланысты тәуекелдер:

      1) салалық тәуекелдер - эмитенттің саласындағы оның қызметіне бағалы қағаздар бойынша нашарлауы мүмкін жағдайының әсері және міндеттемелерін орындауы сипатталады. Эмитенттің пікірі бойынша, салада болуы мүмкін аса маңызды (ішкі және сыртқы нарықта бөлек жеке) өзгерістер келтіріледі.

      Эмитенттің өз қызметінде қолданатын шикізатқа, қызметтерге бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек жеке) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың эмитент қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсері бөлек сипатталады.

      Эмитенттің өніміне және (немесе) қызметтеріне бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек жеке) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың эмитент қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсері бөлек сипатталады;

      2) қаржы тәуекелдері – эмитенттің қаржылық жағдайының пайыздық мөлшерлемелердің қолайсыз өзгеруіне, шетел валюталарының айырбас бағамына, сондай-ақ бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарының нарықтық бағасына байланысты тәуекелдерге ұшырауын сипаттайды.

      Эмитенттің қаржылық активтердің және эмитенттің қаржылық міндеттемелерінің теңгерімсіздігінен туындайтын, эмитенттің өз міндеттемелерін толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуге дәрменсіздігі (оның ішінде эмитенттің бір немесе бірнеше контрагенттерінің қаржылық міндеттемелерін уақтылы орындамауы салдарынан) және (немесе) эмитенттің қаржы міндеттемелерін дереу және бір реттік орындауына болжанбаған қажеттіліктің туындауы салдарынан болған эмитенттің шығындарымен байланысты тәуекелдер бөлек сипатталады.

      Эмитенттің қаржылық есептілігі көрсеткіштерінің қайсысы қаржылық тәуекелдердің ықпалы, олардың пайда болуы ықтималдығы және есептіліктегі өзгерістердің сипаты нәтижесінде өзгеріске аса шалдыққыш екені көрсетіледі;

      3) құқықтық тәуекел – эмитенттің мыналардың:

      Қазақстан Республикасының валюталық, салықтық, кедендік заңнамасының өзгеруі;

      эмитенттің негізгі қызметіне қойылатын лицензиялау талаптары;

      эмитенттің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын және жасалған шарттардың талаптарын сақтамауы;

      қызметті жүзеге асырудағы жіберілген құқықтық қателіктер (дұрыс емес заң консультациясын алу немесе құжаттарды дұрыс жасамау, соның ішінде сот органдарындағы даулы мәселелерді қарастыру кезінде) салдарынан шығынға ұшырау тәуекелін сипаттайды;

      4) іскерлік беделінен айырылу тәуекелі (бедел тәуекелі) - эмитенттің қаржылық тұрақтылығы, қаржылық жағдайы, оның өнім (жұмыс, қызмет) сапасы немесе жалпы қызмет сипаты туралы теріс ұғым қалыптасу салдарынан эмитент клиентінің (контрагенттерінің) санының азаюы нәтижесінде залал шегу тәуекелінің туындауы мүмкін екені суреттеледі;

      5) стратегиялық тәуекел – эмитенттің қызмет және даму стратегиясын (стратегиялық басқаруын) анықтайтын шешімдерді қабылдау кезінде жіберілген қателік (кемшілік) нәтижесінде туындауы мүмкін және эмитенттің қызметіне қауіп төндіруі мүмкін ықтимал катерді есепке алмағанында немесе тиісті түрде есепке алмағанында білінетін, эмитент бәсекелестерінің алдында басымдыққа ие болуы мүмкін қызметінің келешегі бар бағыттарын дұрыс емес немесе толық негіздемесіз белгіленгенін, эмитент қызметінің стратегиялық мақсатына қолжеткізуді қамтамасыз етуі тиіс қажетті ресурстардың (қаржылық, материалды-техникалық, адами) және ұйымдастыру шараларының (басқару шараларының) жоқ екенін немесе толық көлемде қамтамасыз етілмегенін көрсететін тәуекел;

      6) эмитенттің қызметіне байланысты тәуекел – тек эмитентке тән немесе қоғамның жүргізетін негізгі қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты тәуекелдер сипатталады, оның ішінде мынаған байланысты тәуекелдер:

      эмитенттің белгілі бір қызмет түрін жүргізуге немесе айналыста болуы шектелген объектілерді (оның ішінде табиғи ресурстарды) пайдалануға лицензияның қолданыс мерзімін ұзарту мүмкіндігінің болмауы;

      эмитенттің үшінші тұлғалардың, оның ішінде эмитенттің еншілес қоғамдарының борыштары бойынша ықтимал жауапкершілігі;

      айналымына эмитент өнімін (жұмысын, қызметін) сатудан түскен жалпы түсімінен кем дегенде 10 пайызы тиесілі болатын тұтынушыдан айырылу ықтималдығы;

      7) елдік тәуекел − экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістерге байланысты шетелдік контрагенттердің (заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың) міндеттемелерін орындамау салдарынан, сондай-ақ ақшалай міндеттеменің валютасы контрагент үшін өз резиденттік елінің заңнамасының ерекшеліктеріне байланысты қол жетімді болмауы салдарынан (контрагенттің өзінің қаржылық жағдайына қарамастан) эмитенттің шығынға ұшырау қаупін сипаттайды;

      8) операциялық тәуекел − эмитенттің қызметкерлері жол берген, ішкі процестерді жүзеге асыру барысындағы кемшіліктер немесе қателер, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың дұрыс жұмыс істемеуі, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан болатын шығыстар (шығындар) тәуекелін сипаттайды;

      9) экологиялық тәуекелдер – климаттық және экологиялық факторларға байланысты, эмитенттің қызметіне ықпал етуге қабілетті тәуекелдерді сипаттайды.

      35. Эмитент қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат:

      1) эмитент қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар, эмитенттің бұл ұйымдардағы рөлі (орны), функциялары және қатысу мерзімі көрсетіледі;

      2) эмитенттің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар өзге мүшелерінен аса тәуелді болса, осындай тәуелділіктің сипаты толық баяндалады.

      36. Эмитенттің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғалары болған жағдайда, осындай әр заңды тұлға бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) толық және қысқартылған атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса), орналасқан жері;

      2) заңды тұлғаны эмитентке қатысты еншілес және (немесе) тәуелді деп тану негіздері;

      3) егер еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлға акционерлік қоғам болған жағдайда, эмитенттің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің көлемі - сондай акционерлік қоғамның эмитентке тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.

      37. Эмитент жарғылық капиталының он және одан көп пайызына иелік ететін ұйымдар туралы мәліметтер (осы қосымшаның 36-тармағында көрсетілген заңды тұлғаларды қоспағанда), әрбір сондай ұйымды көрсете отырып:

      толық және қысқартылған атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса), орналасқан жері;

      эмитенттің жарғылық капиталындағы үлесі, ал сондай ұйым акционерлік қоғам болған жағдайда - сондай акционерлік қоғамның эмитентке тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.

      38. Эмитенттің кредиттік рейтингтері туралы мәліметтер:

      1) кредиттік рейтингті беру объектісі (эмитент, эмитенттің бағалы қағаздары);

      уәкілетті органға облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) тіркеуге құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі кредиттік рейтингтің мәні;

      кредиттік рейтинг берген ұйымның толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері;

      эмитент өзінің қалауы бойынша көрсететін кредиттік рейтинг туралы өзге де мәліметтер көрсетіледі;

      2) эмитенттің бағалы қағаздары кредиттік рейтинг берілген объект болған жағдайда халықаралық сәйкестендіру нөмірі (код ISIN) және ол берілген күн, сондай-ақ кредиттік рейтинг берген рейтингтік агенттіктің атауы қосымша көрсетіледі.

      39. Эмитенттің облигацияларын ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигациялар шығарылған жағдайда):

      1) облигацияларды ұстаушылар өкілінің толық және қысқартылған атауы;

      2) облигацияларды ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) эмитенттің облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      40. Эмитенттің төлем агенті туралы мәліметтер (бар болса):

      1) төлем агентінің толық атауы;

      2) төлем агентінің және оның бағалы қағаздар бойынша кірістерді (облигациялардың номиналды құнын) төлейтін барлық филиалдарының орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері, деректемелері;

      3) эмитенттің төлем агентімен жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      41. Эмитенттің консультанттары туралы мәліметтер (егер Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету бойынша шарт жасасу міндеті белгіленген жағдайда):

      1) эмитенттің акцияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері;

      3) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғамен эмитенттің жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      Егер, эмитенттің пікірі бойынша, мұндай мәліметтерді жария ету эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алу туралы шешім қабылдау үшін маңызды болса, эмитенттің басқа консультанттары туралы мәліметтер көрсетіледі.

      42. Эмитенттің аудиторлық ұйымы туралы мәліметтер:

      1) тиісті аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарға тиістілігін көрсете отырып, эмитенттің соңғы аяқталған 2 (екі) қаржы жылы үшін қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдардың толық ресми атауы (аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) телефон және факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы (бар болса).

      43. Осы қосымшаның 19, 20, 21 және 22-тармақтарында көрсетілмеген, бірақ "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес эмитенттің үлестес тұлғалары болып табылатын эмитенттің үлестес тұлғалары:

      1) жеке тұлға үшін – эмитенттің үлестес тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) заңды тұлға үшін – эмитенттің үлестес тұлғасының толық атауы, орналасқан жері және бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

      Егер осы заңды тұлға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылса, онда қатысу үлесін көрсете отырып, осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің он және одан да көп пайызын иеленетін қатысушылары туралы мәліметтер көрсетіледі:

      жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      заңды тұлға үшін - толық атауы, орналасқан жері;

      3) оларды эмитенттің үлестес тұлғаларына жатқызудың негізі және эмитентпен үлестес болған күн.

      Эмитент жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін, заңды тұлға болып табылатын эмитенттің үлестес тұлғасына қатысты қосымша:

      эмитент жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері және бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса);

      эмитентке тиесілі жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының осы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы орналастырылған акциялардың немесе қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық қатынасы;

      эмитент жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін заңды тұлғаның негізгі қызмет түрлері;

      эмитент осы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы акциялардың немесе акциялардың он немесе одан да көп процентін иеленген күн;

      заңды тұлға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылса, онда қатысу үлесін көрсете отырып, осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің он және одан да көп пайызын иеленетін өзге қатысушылары туралы мәліметтер көрсетіледі:

      жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      заңды тұлға үшін - толық атауы, орналасқан жері.

      Арнайы қаржы компаниясы облигацияларды шығарған кезде, үлестестікті тану және оның пайда болу күнін көрсете отырып, секьюритилендіру мәмілесіне тараптардың үлестес екені туралы ақпаратты ашып көрсетеді.

      Егер эмитенттің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну күніне дейін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған болса, онда осы тармақты эмитент толтырмайды.

      44. Эмитенттің облигациялар шығарылымына және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығындарының сомасы, сондай-ақ осы шығындардың қалай төленетіні туралы мәліметтер.

      45. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеген кезде осы қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 31, 32, 33, 39, 40, 41 және 44-тармақтары толтырылмайды.

      46. Тұрақтандыру банкі осы қосымшаның 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарын толтырмайды.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының проспектісін
(облигациялық бағдарлама
проспектісін), мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымының
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды жасау
және ресімдеу қағидаларына
2- қосымша

Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Облигациялар шығарылымы облигациялық бағдарламаның проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатыны туралы ақпарат (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес эмитенттің толық атауы (Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті үшін) немесе заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын өзге құжатқа сәйкес (Қазақстан Республикасының резидент эмитенті үшін) эмитенттің толық атауы).

      2. Облигациялық бағдарлама туралы мәліметтер:

      1) облигациялық бағдарлама проспектісін мемлекеттік тіркеу күні;

      2) облигациялық бағдарламаның шығарылымы жүзеге асырылатын шегіндегі көлемі;

      3) облигациялық бағдарлама шегіндегі барлық алдыңғы облигациялар шығарылымдары туралы мәліметтер (осы облигациялық бағдарлама шегіндегі әр шығарылым бойынша бөлек жеке), оның ішінде:

      облигациялар шығарылымын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі – уәкілетті орган) тіркеу күні;

      облигациялардың түрі және саны;

      шығарылымның номиналды құны бойынша көлемі;

      орналастырылған облигациялар шығарылымының саны;

      облигацияларды орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы көлемі;

      осы облигациялар шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақы сомасы;

      сатып алынған күні көрсетілген сатып алынған облигациялардың саны;

      эмитенттің облигацияларды ұстаушылардың алдында өз міндеттемелерін орындамаған фактісі туралы мәлімет (облигациялар бойынша сыйақы төлемегені (төлемін кешіктіргені), орындалмаған міндеттемелер көлемі және оларды орындау мерзімін ұзарту туралы ақпаратты қоса, облигациялар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақы сомасы;

      облигациялар шығарылымын орналастыру не айналысы тоқтатылған (жаңартылған) болса, сондай шешімді қабылдаған мемлекеттік орган, негіздемесі және оны қабылдаған күні көрсетіледі;

      облигациялар айналысы жүретін нарықтар, сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауларын қоса алғанда;

      ұстаушылардың айналысындағы облигациялармен ұсынылатын құқықтары, соның ішінде шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кезде жүзеге асырылған және ұстаушылардың аталған құқықтарын жүзеге асыру тәртібі көрсетілген, ұстаушылармен жасалған сатып алу-сату шарттарымен қарастырылған құқықтары.

      3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі. Облигациялар өтеу мерзімі жоқ облигациялар болатын жағдайда, бұл туралы мәліметтер көрсетіледі;

      2) бір облигацияның номиналды құны (егер бір облигацияның номиналды құны индекстелген шама болып табылса, онда бір облигацияның номиналды құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигациялардың саны;

      4) облигациялар шығарылымының жалпы көлемі;

      5) облигациялар бойынша номиналды құнының валютасы, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы.

      4. Орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі.

      5. Облигациялар бойынша кіріс алу:

      1) облигациялар бойынша негізгі сыйақы мөлшерлемесі және ол болған жағдайда қосымша сыйақы;

      Қосымша сыйақы төленген жағдайда облигациялар бойынша қосымша сыйақы алу басталуына немесе алынбауына байланысты болатын оқиғалар туралы ақпарат көздерін көрсете отырып, облигациялар бойынша қосымша сыйақы мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі;

      2) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезеңділігі және (немесе) сыйақы төлеу күні;

      3) облигациялар бойынша сыйақыны есептеу басталған күн;

      4) облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;

      5) облигациялар бойынша сыйақыны есептеуге қолданылатын уақыт кезеңі.

      6. Жобалық қаржыландыру кезінде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарған кезде:

      1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақшаның түсу талаптары және болжамды мерзімдері;

      2) облигацияларды ұстаушыларға негізгі шарт бойынша құрылған мүліктің меншік иегерінің ауысқаны және кредиторлардың өкілдерін арнайы қаржы компаниясының органдарына енгізу және олардың өкілеттіктері туралы ақпарат ұсыну тәртібі;

      3) бөлінген активтердің есебінен жүзеге асырылатын жобалық қаржыландыру мәмілесіне қызмет көрсетумен, инвестициялық басқарумен байланысты арнайы қаржы компаниясы шығыстарының тізбесі;

      4) бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған түрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу және сыйақы төлеу тәртібі мен кезектілігі (облигациялық бағдарлама шегінде жеке меморандумда көрсетіледі);

      5) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру тәртібі мен кезектілігі.

      7. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде секьюритилендіру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

      2) секьюритилендіру мәмілесіндегі оригинатор қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;

      3) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;

      4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібі;

      5) талап ету құқықтарының біртектілік өлшемдері;

      6) сыйақы төлеу және бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған түрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу тәртібі мен кезектілігі;

      7) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандырудың тәртібі мен кезектілігі.

      8. Облигацияларды орналастыру талаптары және тәртібі:

      1) облигацияларды орналастырудың басталған күні;

      2) облигацияларды орналастырудың аяқталған күні;

      3) облигацияларды орналастыру жоспарланған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      9. Облигацияларды айналысқа жіберу талаптары және тәртібі:

      1) облигацияларды айналысқа жіберудің басталған күні;

      2) облигацияларды айналысқа жіберудің аяқталған күні (өтеу мерзімі жоқ облигациялар шығарылған кезде толтырылмайды);

      3) облигациялардың айналыс мерзімі (өтеу мерзімі жоқ облигациялар шығарылған кезде толтырылмайды);

      4) облигацияларды айналысқа жіберу жоспарланған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      10. Облигацияларды өтеу талаптары және тәртібі:

      1) облигацияларды өтеу күні (өтеу мерзімі жоқ облигациялар шығарылған кезде толтырылмайды);

      2) облигацияларды өтеу тәсілі (өтеу мерзімі жоқ облигациялар шығарылған кезде толтырылмайды);

      3) егер облигацияларды өтеу кезінде сыйақыны және номиналды құнын төлеу облигациялар шығарылымы проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықтармен жүргізілетін болса, осы құқықтардың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің сипаттамасы және көрсетілген құқықтарды жүзеге асыруға құзыретті тұлғалар, сондай-ақ осы құқықтарға өтуді іске асыру тәртібі келтіріледі.

      11. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша талаптары болған жағдайда:

      1) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру тәртібі, талаптары;

      2) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру мерзімі көрсетіледі.

      12. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделмеген қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленген жағдайда:

      1) эмитент қабылдайтын және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделмеген ковенанттардың (шектеулердің) сипаттамасы;

      2) ковенанттар (шектеулер) бұзылған кезде эмитент іс-әрекетінің тәртібі;

      3) ковенанттар (шектеулер) бұзылған кезде облигация ұстаушылар іс-әрекетінің тәртібі көрсетіледі.

      13. Конвертацияланатын облигациялар шығарылған кезде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:

      1) облигациялар конвертацияланатын акциялардың түрі, саны және орналастыру бағасын белгілеу тәртібі, осындай акциялар бойынша құқықтар;

      2) облигацияларды конвертациялау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен конвертацияланатын болса, конвертациялаудың аяқталу күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен конвертацияланбайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).

      Банктер туралы заңның 61-10-бабында көзделген негізде және тәртіппен төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банк уәкілетті органның шешіміне сәйкес облигацияларды акцияларға конвертациялау талаптарын көрсетеді.

      14. Эмитенттің шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын мүлкі туралы мәліметтер:

      1) осы мүліктің құнын көрсете отырып шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;

      2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.

      15. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген тұлғаның деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).

      16. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде - концессия шартының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері.

      17. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты.

      Эмитент облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаттары көрсетіледі.

      "Жасыл", әлеуметтік облигациялар, орнықты даму облигациялары және орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда эмитентте облигациялар шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламаның болуы туралы ақпарат көрсетіледі.

      "Жасыл" облигациялар шығарылатын жағдайда, облигацияларды орналастырудан алынатын ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсатының Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1-бабының 3-тармағында белгіленген жобаларға сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі.

      Әлеуметтік облигациялар шығарылған жағдайда қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын әлеуметтік міндеттерді іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ оның Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1-бабының 4-тармағында белгіленген жобаларға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      Орнықты даму облигацияларын шығарған жағдайда қаржыландыруға (іске асыруға) осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын "жасыл" және әлеуметтік жобалардың үйлесімінің қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ олардың Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңның 20-1-бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген жобаларға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      "Жасыл", әлеуметтік облигациялар және тұрақты даму облигациялары шығарылған жағдайда мыналар қосымша көрсетіледі:

      қаржыландыру үшін осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратты жария етуді эмитент жүзеге асыратын ақпарат көздері;

      егер қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жоба Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1-бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген жобаларға сәйкес келмейтін болса, эмитент қолданатын шаралар.

      Орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда:

      эмитент алдын ала белгілеген оларға қол жеткізу мерзімдерін көрсете отырып, орнықты даму саласындағы қызметтің нақты нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау үшін пайдаланылатын тиімділіктің негізгі көрсеткіштері;

      көрсетілген көрсеткіштерді есептеу әдістемесі;

      эмитент қол жеткізген жағдайда қолданысқа енетін, тұрақты дамуға байланысты облигациялардың қаржылық және (немесе) құрылымдық сипаттамалары;

      эмитент өзі белгілеген негізгі көрсеткіштердің орындалуы туралы ақпаратты жария етуді жүзеге асыратын ақпарат көздері сипатталады.

      Орналастырудан түскен ақшасы жобаны қаржыландыруға жіберілетін инвестициялық облигациялар шығарылған жағдайда, осы жобаның қысқаша сипаты келтіріледі.

      18. Эмитент бұрын орналастырған (эмитент сатып алған облигацияларды шегергенде), айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен ақы төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығару көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.

      19. Облигацияларды ұстаушыға ұсынылатын құқықтар:

      1) эмитенттен облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламаны алу құқығы, сондай-ақ облигация бойынша сыйақы не облигациялар шығару проспектісінде белгіленген өзге де мүліктік құқықтар алу құқығы;

      2) эмитенттің осы құқықты іске асыру шарттарын, тәртібін және мерзімдерін көрсете отырып, оның ішінде облигациялар шығару проспектісінде көзделген ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде облигацияларды сатып алуын талап ету құқығы;

      Өтеу мерзімі жоқ облигациялар шығару жағдайында осы облигацияларды ұстаушылардың облигацияларды, оның ішінде Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында көзделген негіздер бойынша сатып алу туралы талап қоя алмайтыны туралы мәліметтер көрсетіледі;

      3) өзге де құқықтар.

      20. Туындаған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәлімет:

      1) туындаған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;

      2) облигацияларды ұстаушылардың сыйақы төлемі бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде құқықтарын қорғау рәсімдерін, оның ішінде міндеттеме тәртібі және қайта құрылымдау талаптарын қоса алғанда, облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитент қабылдайтын шаралар;

      3) эмитенттің орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелердің орындалмау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру жөніндегі мүмкін болатын іс-әрекеттері, облигацияларды ұстаушылардың эмитентке, эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғаларға талап қою өтінішінің тәртібі туралы мәліметтерден тұратын дефолт фактілері туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушыларға жеткізу тәртібі, мерзімі және тәсілі;

      4) эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғалармен шарт жасалған күні мен нөмірі, осы тұлғалардың толық атауы, сондай-ақ оларды (осындай тұлғалар бар болса) мемлекеттік тіркеу күні.

      21. Облигацияларды өтеу сәтіне дейін сыйақыларды төлеудің әрбір кезеңі бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті эмитенттің ақша қаражатының көздері мен ағындарының болжамы.

      22. Эмитенттің облигацияларын ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигациялар шығарылған жағдайда):

      1) облигацияларды ұстаушылар өкілінің толық және қысқартылған атауы;

      2) облигацияларды ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері;

      3) эмитенттің облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      23. Эмитенттің төлем агенті туралы мәліметтер (бар болса):

      1) төлем агентінің толық атауы;

      2) төлем агентінің және оның бағалы қағаздар бойынша кірістерді (облигациялардың номиналды құнын) төлейтін барлық филиалдарының орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері, деректемелері;

      3) төлем агентімен жасалған шарттың күні мен нөмірі.

      24. Эмитенттің консультанттары туралы мәліметтер (Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету бойынша шарт жасасу міндеті белгіленген жағдайда):

      1) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның толық және қысқартылған атауы;

      2) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері;

      3) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғамен эмитенттің жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      Егер, эмитенттің пікірі бойынша, мұндай мәліметтерді жария ету эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алу туралы шешім қабылдау үшін маңызды болса, эмитенттің басқа консультанттары туралы мәліметтер көрсетіледі.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының проспектісін
(облигациялық бағдарлама
проспектісін), мемлекеттік емес
  облигациялар шығарылымының
проспектісіне (облигациялық
  бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды жасау және
ресімдеу қағидаларына
3- қосымша

Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің атауы және орналасқан жері туралы ақпарат

      1. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің оның орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент – эмитенті туралы ақпарат:

      1) осындай құжатты берген Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің елі органының атауын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналасқан жеріндегі елдің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде құрылғанын және тіркелгенін растайтын құжаттың күні мен нөмірі;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қазақша, орысша және ағылшынша толық және қысқаша атауы;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің атауы өзгерген жағдайда оның барлық бұрынғы толық және қысқаша атаулары, сондай-ақ олардың өзгертілген күндері көрсетіледі;

      4) егер Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне қатысты құқық мирасқорлығы туралы мәліметтер көрсетіледі;

      5) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда, олардың атаулары, тіркелген күндері, орналасқан жерлері және Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің барлық филиалдары мен өкілдіктерінің почта мекенжайлары көрсетіледі;

      6) ISO 17442 "Financial services – Legal Entity Identifier" (LEI) (Файнаншл сервисез – Легал Энтити Айдэнтифайер) халықаралық стандарттарына сәйкес (бар болса) Legal Entity Identifier (Легал Энтити Айдэнтифайер) коды.

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-эмитентінің орналасқан жері, байланыс телефондарының, факстың нөмірлері және Қазақстан Республикасы бейрезидент-эмитентінің электрондық почта мекенжайы, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасы бейрезидент-эмитентінің нақты мекенжайы Қазақстан Республикасы бейрезидент-эмитентінің орналасқан мекенжайынан бөлек болса нақты мекенжайы.

2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар туралы, оларды төлеу және олар бойынша кіріс алу тәсілдері туралы мәліметтер

      3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі. Облигациялар өтеу мерзімі жоқ облигациялар болатын жағдайда бұл туралы мәліметтер көрсетіледі;

      2) бір облигацияның номиналды құны (егер бір облигацияның номиналды құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналдық құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигациялардың саны;

      4) облигациялар шығарылымының жалпы көлемі;

      5) облигациялардың номиналды құн валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы.

      4. Орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі.

      5. Облигациялар бойынша кіріс алу:

      1) облигациялар бойынша негізгі сыйақы және ол болған жағдайда қосымша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері.

      Қосымша сыйақы төленген жағдайда облигациялар бойынша қосымша сыйақы алудың басталуына немесе басталмауына байланысты болатын оқиғалар туралы ақпарат көздерін көрсете отырып, облигациялар бойынша қосымша сыйақы мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі;

      2) сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні.

      3) облигациялар бойынша сыйақы есептеу басталатын күн;

      4) облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;

      5) облигациялар бойынша сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі.

3-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысы, өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары

      6. Облигацияларды орналастыру шарттары мен тәртібі:

      1) облигацияларды орналастыру басталған күн;

      2) облигацияларды орналастыру аяқталған күн;

      3) облигацияларды орналастыру жоспарланып отырған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      7. Облигациялардың айналысы шарттары мен тәртібі:

      1) облигациялардың айналысы басталған күн;

      2) облигациялардың айналысы аяқталған күн (өтеу мерзімі жоқ облигациялар шығарылған кезде толтырылмайды);

      3) айналыс мерзімі (өтеу мерзімі жоқ облигациялар шығарылған кезде толтырылмайды);

      4) облигациялардың орналастыру жоспарланып отырған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).

      8. Облигацияларды өтеу шарттары мен тәртібі:

      1) облигацияларды өтеу күні (өтеу мерзімі жоқ облигациялар шығарылған кезде толтырылмайды);

      2) облигацияларды өтеу тәсілі (өтеу мерзімі жоқ облигациялар шығарылған кезде толтырылмайды);

      3) егер облигацияларды өтеу кезінде сыйақыны және номиналды құнын төлеу облигациялар шығарылымы проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықтармен жүргізілетін болса, осы құқықтардың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың, сондай-ақ осы құқықтардың біреуге өтуін іске асыру тәртібінің сипаттамалары келтіріледі.

      9. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары болған жағдайда:

      1) облигацияларды сатып алу құқығын сату тәртібі, шарттары;

      2) облигацияларды сатып алу құқығын іске асыру мерзімі.

4-тарау. Болған жағдайда ковенанттар (шектеулер)

      10. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделмеген қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленген болса:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитенті қабылдайтын және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңына көзделмеген ковенанттардың (шектеулердің) сипаттамасы;

      2) ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің іс-әрекет ету тәртібі;

      3) ковенанттарды бұзған кезде облигациялар ұстаушылардың іс-әрекет ету тәртібі.

5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды конвертациялау шарттары, мерзімдері мен тәртібі (конвертацияланатын бағалы қағаздарды шығару кезінде)

      11. Конвертацияланатын облигацияларды шығару кезінде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:

      1) облигациялар конвертацияланатын акциялардың түрi, саны және орналастыру бағасы, осындай акциялар бойынша құқықтар;

      2) облигацияларды конвертациялау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен конвертацияланатын болса, конвертациялау аяқталған күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен конвертацияланбайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).

6-тарау. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара қамтамасыз етуі болып табылатын облигациялар Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитентінің мүлкі туралы осы мүліктің (қамтамасыз етілген облигациялар бойынша) құны көрсетілген мәліметтер

      12. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара қамтамасыз етуі болып табылатын мүлкі туралы мәліметтер:

      1) осы мүліктің құнын көрсете отырып шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;

      2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.

      13. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген тұлғаның деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).

7-тарау. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты

      14. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаттары.

      "Жасыл", әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигацияларын және орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда, эмитентте облигацияларды шығару бойынша негіздемелік бағдарламаның бар екендігі туралы ақпарат көрсетіледі.

      "Жасыл" облигациялар шығарылған жағдайда, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсатының Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1 бабының 3-тармағында белгіленген жобаларға сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі.

      Әлеуметтік облигациялар шығарылған жағдайда қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын әлеуметтік міндеттерді іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ олардың Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1 бабының 4-тармағында белгіленген жобаларға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      Орнықты даму облигацияларын шығарған жағдайда қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын "жасыл" және әлеуметтік жобалардың үйлесімінің қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ олардың Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1 бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген жобаларға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.

      "Жасыл", әлеуметтік облигациялар және орнықты даму облигациялары шығарылған жағдайда мыналар қосымша көрсетіледі:

      қаржыландыру үшін осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратты жария етуді эмитент жүзеге асыратын ақпарат көздері;

      егер қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жоба Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 20-1 бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген жобаларға сәйкес келмейтін болса, эмитент қолданатын шаралар.

      Орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда:

      орнықты даму саласында эмитент алдын ала белгілеген қол жеткізу мерзімдерін көрсетумен нақты қызмет нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау үшін қолданылатын тиімділіктің маңызды көрсеткіштері;

      көрсетілген көрсеткіштерді есептеу әдістемесі;

      эмитент оларға қол жеткізген жағдайда қолданысқа енгізілетін орнықты дамуға байланысты облигациялардың қаржылық және (немесе) құрылымдық сипаттамалары;

      эмитент өзі белгілеген маңызды көрсеткіштердің орындалуы туралы ақпаратты жария етуді жүзеге асыратын ақпарат көздері сипатталады.

      Орналастырудан түскен ақшасы жобаны қаржыландыруға жіберілетін инвестициялық облигациялар шығарылған жағдайда, осы жобаның қысқаша сипаты келтіріледі.

      15. Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенті бұрын орналастырған (Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенті сатып алған облигацияларды шегергенде), айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен ақы төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығару көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.

8-тарау. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнің) он және одан көп пайызын иеленетін құрылтайшылары туралы немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер

      16. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнің) он және одан көп пайызын иеленетін құрылтайшылары немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер:

      1) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін);

      2) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);

      3) құрылтайшыға немесе ірі акционерге (қатысушыға) тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      4) құрылтайшы немесе ірі акционер (қатысушы) дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он және одан көп пайызына ие болған күн.

9-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің басқару және атқару органдары туралы мәліметтер

      17. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің органдары.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті органдарының құрылымы мен жеке құрамы және олардың Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті мемлекетінің заңнамасына, Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің құрылтай және басқа ішкі құжаттарына сәйкес құзыреті көрсетіледі.

10-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері

      18. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қызметінің түрлері:

      1) негізгі қызмет түрі;

      2) науқандық сипаттағы қызметінің түрлерін және олардың эмитенттің жалпы кірісіндегі үлесін көрсете отырып, эмитенттің қызметі түрлерінің қысқаша сипаттамасы;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің бәсекелестері болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сатулардың (жұмыстардың, қызметтердің) кірістілігіне жағымды немесе жағымсыз әсер ететін факторлар;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінде бар лицензиялар (патенттер) және олардың қолданылу кезеңі, зерттеулер мен әзірлемелерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті демеуші болатын зерттеу әзірлемелеріне шығындар туралы ақпарат;

      6) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттардағы (жұмыстардағы, қызметтердегі) импорттың үлесі және Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті экспортқа өткізетін (көрсететін) өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өткізілетін өнімнің (көрсетілетін жұмыстардың, қызметтердің) жалпы көлеміндегі үлесі;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің қатысуымен сот процестерінің мәнін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан көп пайыз көлемінде ақшалай және де міндеттемелерді өндіріп алу, оның Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметін тоқтату немесе өзгерту тәуекеліне байланысты сот процестеріне қатысуы туралы мәліметтер;

      8) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметіне әсер тиетін тәуекелдің басқа факторлары.

      19. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) өздері өндіретін немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құнының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын көлемде тұтынушылар мен жеткізушілер туралы мәліметтер.

      20. Әрбір активтің тиісті баланстық құнын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің активтері.

      21. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан көп пайызы мөлшердегі дебиторлық берешек:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті алдындағы берешегі Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті дебиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (таяудағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      22. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті міндеттемелерінің баланстық құнының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің кредиторлық берешегі:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті кредиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (таяудағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      23. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің қызметінен оның аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі негізінде есептелген соңғы аяқталған қаржы жылында алынған ақша қаражатының таза ағыны.

      24. Облигациялардың осы шығарылымы туралы шешім қабылданған күнге дейін Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің барлық тіркелген борыштық бағалы қағаздарының шығарылымдары (өтелген және күші жойылған облигация шығарылымдарынан басқа) туралы мәліметтер:

      әрбір шығарылымның борыштық бағалы қағаздарының жалпы саны, түрі және номиналды құны, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының мемлекеттік тіркелу нөмірі және мемлекеттік тіркелу күні, әрбір шығарылым бойынша орналастырылған борыштық бағалы қағаздардың саны, сондай-ақ борыштық бағалы қағаздарды орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы көлемі, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақының сомасы, оларды сатып алу күнін көрсете отырып, сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың саны;

      орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және осылардың орындалу мерзімінің өтіп кету мерзімі туралы ақпаратты қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындамау фактілері туралы мәліметтер (облигациялар бойынша сыйақыны төлемеу (төлеуді кешіктіру), бағалы қағаздар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақылар сомасы (түрлері мен шығарылымдары бойынша жеке-жеке);

      қандай да бір бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік емес бағалы қағаздардың орналастырылуы немесе айналысы тоқтатылған (жаңартылған) болса, сондай шешімді қабылдаған мемлекеттік орган, негіздемесі және оны қабылдаған күні көрсетіледі;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздары айналыстағы нарықтары, оның ішінде сауда-саттық ұйымдастырушыларының атаулары;

      ұстаушылардың айналысындағы бұрын шығарылған облигациялардың әр түрімен ұсынылатын құқықтары, соның ішінде шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кезде жүзеге асырылған және ұстаушылардың аталған құқықтарын жүзеге асыру тәртібі көрсетілген, ұстаушылармен жасалған сатып алу - сату шарттарымен қарастырылған құқықтары.

      25. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті инвесторлар үшін маңызды деп есептейтін Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің қызметі туралы басқа да ақпарат.

11-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті және оның орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары туралы қосымша мәліметтер

      26. Облигацияларды ұстаушыға ұсынылатын құқықтар:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінен облигацияның номиналды құнын алу немесе өзге мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ облигация бойынша сыйақыны алу немесе облигациялар шығарылымы проспектісінде белгіленген өзге де мүліктік құқықтарды алу құқығы;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигацияларды, соның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде қарастырылған ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде осы құқықты жүзеге асыру шарттары, тәртібі және мерзімі көрсетілген сатып алу талабының құқықтары;

      Өтеу мерзімі жоқ облигацияларды шығарған жағдайда осы облигацияларды ұстаушылар, оның ішінде Бағалы қағаздар рыногының 15 және 18-4 баптарында көзделген негіздемелер бойынша облигацияларды сатып алу туралы талабын қоя алмайтыны туралы мәліметтер көрсетіледі;

      3) өзге құқықтар.

      27. Туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәліметтер:

      1) туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;

      2) облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қабылдайтын шаралар, облигациялар ұстаушылардың облигациялар бойынша сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде құқықтарын қорғау рәсімін қоса, оның ішінде міндеттемені қайта құрылымдау тәртібі және талаптары;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигацияларды ұстаушыларының назарына орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелерді орындамау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру жөніндегі мүмкін іс-әрекеттерінің тізбегі, облигацияларды ұстаушылардың Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне, Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғаларға талап қою өтінішінің тәртібі туралы мәліметі бар дефолт фактісі туралы ақпаратты жеткізу тәртібі, мерзімі мен әдісі;

      4) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғалармен шарт жасалған күні мен нөмірі, осы тұлғалардың толық атауы, сондай-ақ оларды (сондай тұлғалар бар болса) мемлекеттік тіркеу күні.

      28. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.

      29. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналастыратын облигацияларды сатып алуға байланысты тәуекелдер:

      1) салалық тәуекелдер - Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің саласындағы оның қызметіне және оның бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына нашарлауы мүмкін жағдайының әсері сипатталады. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің пікірі бойынша, салада болуы мүмкін аса маңызды өзгерістер (ішкі және сыртқы нарықта бөлек) келтіріледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің өз қызметінде пайдаланатын шикізатқа, қызметтерге бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсері бөлек сипатталады.

      Эмитенттің өніміне және (немесе) қызметтеріне бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсер бөлек сипатталады;

      2) қаржы тәуекелдері - Қазақстан Республикасы бейрезидент – эмитентінің пайыздық мөлшерлемелердің қолайсыз өзгеруіне, шетел валюталарының айырбас бағамына, сондай-ақ бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарының нарықтық бағасына байланысты тәуекелдерге ұшырауын сипаттайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент – эмитентінің қаржылық активтердің және қаржылық міндеттемелерінің теңгерімсіздігінен туындайтын, Қазақстан Республикасы бейрезидент – эмитентінің өз міндеттемелерін толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуге дәрменсіздігі (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент – эмитентінің бір немесе бірнеше контрагенттерінің қаржылық міндеттемелерін уақтылы орындамауы салдарынан) және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент – эмитентінің қаржы міндеттемелерін дереу және бір реттік орындауына болжанбаған қажеттіліктің туындауы салдарынан болған Қазақстан Республикасы бейрезидент – эмитентінің шығындарымен байланысты тәуекелдер бөлек сипатталады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент – эмитентінің қаржылық есептілігі көрсеткіштерінің қайсысы қаржылық тәуекелдердің ықпалы, олардың пайда болуы ықтималдығы және есептіліктегі өзгерістердің сипаты нәтижесінде өзгеріске аса шалдыққыш екені көрсетіледі;

      3) құқықтық тәуекел – Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің мыналардың:

      Қазақстан Республикасының валюталық, салықтық, кедендік заңнамасының өзгеруі;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің негізгі қызметіне қойылатын лицензиялау талаптары;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын және жасалған шарттардың талаптарын сақтамауы;

      қызметті жүзеге асырудағы жіберілген құқықтық қателіктер (дұрыс емес заң консультациясын алу немесе құжаттарды дұрыс жасамау, соның ішінде сот органдарындағы даулы мәселелерді қарастыру кезінде) салдарынан шығынға ұшырау тәуекелін сипаттайды;

      4) іскерлік беделінен айырылу тәуекелі (бедел тәуекелі) – Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қаржылық тұрақтылығы, қаржылық жағдайы, оның өнім (жұмыс, қызмет) сапасы немесе жалпы қызмет сипаты туралы теріс ұғым қалыптасу салдарынан Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент клиентінің (контрагенттері) санының азаюы нәтижесінде залал шегу тәуекелінің туындауы мүмкін екені сипатталады;

      5) стратегиялық тәуекел – Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызмет және даму стратегиясын (стратегиялық басқаруын) анықтайтын шешімдерді қабылдау кезінде жіберілген қателік (кемшілік) нәтижесінде туындауы мүмкін және Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметіне қауіп төндіруі мүмкін ықтимал катерді есепке алмағанында немесе тиісті түрде есепке алмағанында білінуі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент бәсекелестерінің алдында басымдыққа ие болуы мүмкін қызметінің келешегі бар бағыттарын дұрыс емес немесе толық негіздемесіз белгіленуі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қызметінің стратегиялық мақсатына қолжеткізуді қамтамасыз етуі тиіс қажетті ресурстардың (қаржылық, материалды-техникалық, кадрлық) және ұйымдастыру шараларының (басқарушылық шешімдердің) жоқтығы немесе толық көлемде қамсыздандырылмауы нәтижесінде залал шегу тәуекелінің туындауы мүмкін екені сипатталады;

      6) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметіне байланысты тәуекел - тек Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне тән немесе жүргізетін негізгі қызмет түріне байланысты тәуекелдер сипатталады, оның ішінде мынаған байланысты тәуекелдер:

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің белгілі бір қызмет түрін жүргізуге немесе айналыста болуы шектелген объектілерді (соның ішінде табиғи ресурстарды) пайдалануға лицензияның қолданыс мерзімін ұзарту мүмкіндігінің жоқтығы;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің үшінші тұлғалардың, соның ішінде қоғамның еншілес ұйымдарының борыштары бойынша мүмкін жауапкершіліктері;

      айналымына Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент өнімін (жұмысын, қызметін) сатудан түскен жалпы түсімінен кем дегенде 10 (он) пайызы келетін тұтынушыдан айырылу ықтималдығы;

      7) елдік тәуекел – экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістерге байланысты шетелдік контрагенттердің (заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың) міндеттемелерін экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістер үшін орындамау салдарынан, сондай-ақ ақшалай міндеттеменің валютасы контрагент үшін өз резидент елінің заңнамасының ерекшеліктеріне байланысты қол жетімді болмауы салдарынан (контрагенттің өзінің қаржылық жағдайына қарамастан) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің шығынға ұшырау қаупін сипаттайды;

      8) операциялық тәуекел – Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметкерлері жасаған ішкі процестерді жүзеге асырудағы кемшіліктер немесе қателер, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың дұрыс жұмыс істемеуі, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан болатын шығындар (шығындар) тәуекелін сипаттайды;

      9) экологиялық тәуекелдер – эмитенттің қызметіне әсер етуге қабілетті климаттық және экологиялық факторларға байланысты тәуекелдер сипатталады.

      30. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар, Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бұл ұйымдардағы рөлі (орны), функциялары және қатысу мерзімі атап көрсетіледі;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар өзге мүшелерінен аса тәуелді болса, бұл жағдай атап көрсетіледі және мұндай тәуелділіктің сипаты толық баяндалады.

      31. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғалары болған жағдайда, осындай әр заңды тұлға бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) толық және қысқартылған атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса), орналасқан жері;

      2) заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне қатысты еншілес және (немесе) тәуелді деп тану негіздері;

      3) егер еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлға акционерлік қоғам болған жағдайда, заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің көлемі – сондай акционерлік қоғамның заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.

      32. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне дауыс беруші акцияларының он және одан көп пайызына иелік ететін ұйымдар туралы мәліметтер (ұйымдардың қатысу үлестері), әрбір сондай ұйымды көрсете отырып:

      толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің жарғылық капиталындағы үлесі, ал сондай ұйым акционерлік қоғам болған жағдайда - сондай акционерлік қоғамның Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.

      33. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің кредиттік рейтингі туралы мәліметтер:

      1) кредиттік рейтингті беру объектісі (Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті, Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздары);

      облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын тіркеуге уәкілетті органға құжаттар тапсыратын күннің алдындағы күнгі кредиттік рейтингтің мәні;

      кредиттік рейтингті берген ұйымның толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің жеке қарауы бойынша көрсететін кредиттік рейтинг туралы өзге де мәліметтер көрсетiледi;

      2) кредиттік рейтинг берілген объект болып Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздары табылған жағдайда, қосымша халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) мен оның берілген күні, сондай-ақ кредиттік рейтингті берген рейтингтік агенттіктің атауы көрсетіледі.

      34. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигацияларды ұстаушыларының өкілі туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигацияларды шығарған жағдайда):

      1) облигацияларды ұстаушылар өкілінің толық және қысқартылған атауы;

      2) облигацияларды ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) облигацияларды ұстаушылар өкілімен Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитенті жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      35. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің төлем агенті (бар болса) туралы мәліметтер:

      1) төлем агентінің толық атауы;

      2) төлем агентінің және бағалы қағаздар бойынша кіріс (облигациялардың номиналды құны) төлемін жүзеге асыратын барлық филиалдарының орналасқан жері, байланыс телефондары, деректемелері;

      3) төлем агентімен Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитенті жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      36. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің консультанттары туралы мәліметтер (Бағалы қағаздар рыногы туралы заңына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету жөнінде шарт жасасу міндеті белгіленген жағдайда):

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның толық және қысқартылған атауы;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғамен Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитенті жасасқан шарттың күні мен нөмірі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің өзге де консультанттары туралы мәліметтер, егер Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің пікірі бойынша, мұндай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздарын сатып алу туралы шешім қабылдау үшін маңызды болса, осы тармақта көрсетіледі.

      37. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің аудиторлық ұйымы туралы мәліметтер:

      1) аяқталған соңғы 2 (екі) қаржы жылында Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қаржы есебінің аудитін олардың тиісінше тіркелген кәсіптік ұйымдарға тиістілігін көрсете отырып жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдардың толық ресми атауы (аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы (бар болса).

      38. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің дауыс беруші акцияларының он және одан көп пайызына жанама дауыс беру немесе шартқа орай не өзге түрде Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитенті қабылдайтын шешімге ықпал ету мүмкіндігі бар барлық тұлғалар немесе тұлғалар тобы туралы мәліметтер, көрсетілген тұлғалар туралы мынадай ақпаратты жариялаумен:

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), орналасқан жері (жеке тұлға үшін);

      бірінші басшының толық атауы, орналасқан жері, қызмет түрі (түрлері), тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (заңды тұлға үшін);

      қосымшаның осы тармағына сәйкес оларды Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің үлестес тұлғаларына жатқызу негіздемесі мен Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентімен үлестес болып бастаған күні көрсетiледi.

      39. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялар шығарылымына және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығындарының сомасы, сондай-ақ осы шығындардың қалай төленетіні туралы мәліметтер.

      40. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеген кезде осы қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 26, 27, 28, 34, 35, 36 және 39-тармақтары толтырылмайды.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымы проспектісін
(облигациялық бағдарлама
проспектісін), мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды,
мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны жасау
және ресімдеу қағидаларына
4-қосымша

12 (он екі) айдан аспайтын өтініш беру мерзімімен облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымы

      1. Эмитенттің құрылтай құжаттарына сәйкес эмитент туралы ақпарат:

      1) эмитенттің бастапқы мемлекеттік тіркеу күні;

      2) эмитентті мемлекеттік қайта тіркеу күні (егер қайта тіркелген болса);

      3) эмитенттің толық және қысқартылған атауы қазақ, орыс және ағылшын (егер бар болса) тілдерінде;

      4) эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса);

      5) ISO 17442 халықаралық стандартына сәйкес Legal Entity Identifier коды "Financial services - Legal Entity Identifier" (LEI) (бар болса).

      2. Эмитенттің байланыс телефондарының, факстың нөмірлерін және электрондық пошта адрестерін, сондай-ақ, егер қоғамның нақты мекенжайы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген мекенжайдан ерекшеленетін болса, эмитенттің нақты мекенжайын көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес эмитенттің орналасқан жері.

      3. Эмитенттің негізгі қызмет түрі.

      4. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды берген жағдайда соңғының алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша жеке қаржылық есептіліктің деректеріне сай меншікті капитал мөлшері.

      5. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды берген жағдайда соңғының алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша жеке қаржылық есептіліктің деректеріне сай жарғылық капитал мөлшері.

      6. Эмитенттің халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) мен қосылған күні көрсетілген, қор биржасының ресми тізіміне қосылған айналымдағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары туралы мәліметтер.

      7. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға эмитенттің атынан қол қоюға уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

      8. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі;

      2) облигациялардың саны;

      3) номиналды құнын сипаттайтын валюта көрсетілен бір облигацияның номиналды құны;

      4) облигациялар шығарылымының жалпы көлемі;

      5) облигациялар айналысы басталған күн (бар болса);

      6) болжалды өтеу күні;

      7) облигацияларды қамтамасыз ету (қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда);

      8) облигациялардың айналыс мерзімі;

      9) облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

      10) облигациялар бойынша сыйақы төлеу мерзімі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
5-қосымша

Күші жойылады деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13789 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 50 қаулысымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15274 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісін) жасау және рәсімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 211 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15979 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісін) жасау және рәсімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 2 маусымдағы № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17231 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады