Әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының жобаларын (жобаларды) қалыптастыру және бағалау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 шiлдедегi № 512 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 тамызда № 17279 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.02.2023 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының жобаларын (жобаларды) қалыптастыру және бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 19 шілде

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 16 шілдедегі
№ 512 бұйрығымен
бекітілген

Әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының жобаларын (жобаларды) қалыптастыру және бағалау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының жобаларын (жобаларды) қалыптастыру және бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – субъект) инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) жобаларын қалыптастыру және бағалау тетігін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде мынадай түсініктер қолданылады:

      1) субъектінің инвестициялық бағдарлама жобасын (жобаны) бағалау – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның субъектісінің инвестициялық бағдарламасы жобасының тиімділігін белгілеуі;

      2) субъектінің инвестициялық бағдарлама (жоба) жобасының тиімділігі – негізгі мақсаттарды сипаттайтын нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу, оларға қол жеткізу үшін реттеліп көрсетілетін қызметтерді өндіруге тікелей жататын активтерге инвестициялық шығындардың кемінде 95%-ы бағытталған;

      3) субъектінің инвестициялық бағдарлама (жоба) жобасын бағалау нәтижелері бойынша қорытынды – субъектінің инвестициялық бағдарламасы жобасының (жобасының) тиімділік мәніне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қорытындысы;

      4) субъектінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру тиімділігінің көрсеткіштері – субъектінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) негізгі мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралардың нысаналы көрсеткіштері;

      5) нысаналы көрсеткіштер – мақсаттарды сипаттайтын, өлшенетін сандық көрсеткіштердің мәні, оларға қол жеткізу субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) іске асыруға бағытталған;

      6) субъект – әуежайлар мен аэронавигация саласындағы табиғи монополия жағдайларында тауарларды өндірумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға көрсетілетін қызметтерді ұсынумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      7) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Субъектілердің инвестициялық бағдарламалар жобаларын (жобаларды) қалыптастыру

      3. Инвестициялық бағдарламалар жобаларын (жобаларды) қалыптастыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 194 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту, оларды түзету, сондай-ақ олардың орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу қағидаларының талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10459 болып тіркелген) сәйкес осы Әдістеменің ерекшеліктерін ескере отырып, субъект жүзеге асырады.

      4. Субъекті инвестициялық бағдарламалар жобаларын (жобаларды) қалыптастыру кезінде осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес әуежайлар және аэронавигация қызметтері саласындағы инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларының нысаналы көрсеткіштері бойынша әрбір іс-шараны бағалайды.

3-тарау. Субъектілердің инвестициялық бағдарламалар жобаларын (жобаларды) бағалау

      5. Бағалау мынадай:

      1) осы Әдістеменің 6-тармағына сәйкес инвестициялық бағдарлама (жоба) тиімділігінің әрбір нысаналы көрсеткіші үшін салмақтарды есептеу;

      2) осы Әдістеменің 6-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісі анықтаған инвестициялық бағдарлама (жоба) іс-шараларының басымдығын қарау кезеңдерінен тұрады.

      6. Субъект инвестициялық бағдарлама (жоба) жобасы іс-шарасының басымдығын нысаналы көрсеткіштер салмағының мөлшеріне қарай айқындайды. Ең басым іс-шаралар болып іске асырылуы салмағы бойынша ең үлкен нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар танылады.

      Барлық көрсеткіштер әрбір нысаналы көрсеткіш үшін мынадай формула бойынша айқындалады:



      i – нысаналы көрсеткішке қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар сәйкестендіргіші;

      П – і іс-шараға бағытталған нысаналы көрсеткіштер саны;

      n – барлық нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған барлық іс-шаралар сәйкестендіргіші.

      7. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган инвестициялық бағдарлама (жоба) іс-шараларының басымдығын қарау нәтижелерін ескере отырып, инвестициялық бағдарлама (жоба) жобасын түзетеді.

      8. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық бағдарламаны (жоба) жобасын іске асыру тиімділігінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу ақпаратын көздейтін инвестицялық бағдарлама (жоба) бағалау нәтижелері бойынша қорытынды шығарады.

      9. Субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) жобасының тиімділігін бағалауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мына өлшемшарттарға сәйкес жүргізеді:

      қызметтердің сапасын және (немесе) сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді (арттыруды) сипаттайтын іс-шаралардың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу;

      инвестициялық бағдарлама (жоба) бекітілетін кезеңнің әрбір жылында инвестициялық шығындардың және (немесе) іс-шаралардың кемінде 95% инвестициялық бағдарламаның (жобаның) нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттау.

  Әуежайлар мен аэронавигация
қызметтері саласындағы табиғи
монополиялар субъектілерінің
инвестициялық
бағдарламаларының жобаларын
(жобаларды) қалыптастыру
және бағалау әдістемесіне
1-қосымша

Әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы инвестициялық бағдарлама (жоба) іс-шараларының нысаналы көрсеткіштері

Р/с №

Нысаналы көрсеткіштің салмағы,
%-да

Ақпараттың атауы

Ақпарат

Өлшем бірлігі

-1 жыл

1-жыл

Т жыл

1.


Іс-шара "__________________"

мың теңге





Іс-шараның сипаттамасы
және
өлшем көрсеткіші
"____________________"



заттай бірлік





1.1.


1-мақсат "Тұтынушыларға көрсетілетін
қызметтердің сапасын қамтамасыз
ету (арттыру)" көрсеткіштері

Инвестициялық бағдарлама (жоба)
іс-шарасының
нысаналы көрсеткіштері

1.2.


Әуежайдың ең жоғары өткізу қабілеті (жолаушы және (немесе) жүк айналымы)

Заттай бірлік/жыл (немесе %-да өтінімді берген жылдың алдындағы жылға)





1.3.


Ұшу алаңының ең жоғары өткізу қабілеті

ұшақтар/жыл





1.4.


Ұшу алаңы екпінінің
ең көп ұзындығы

километр





1.5.


Ұшу-қону жолақтарының саны

Дана





1.6.


Жабдықталған ұшу-қону жолақтарының саны

Дана





1.7.


Халықаралық ұшулар үшін әуежай объектілерімен жарақтандырылуы

дана (немесе %-да өтінімді берген жылдың алдындағы жылға)





1.8.


Жарамдылық нормаларына сәйкес әуежай объектілерінің жарақтандырылуы

дана (немесе %-да өтінімді берген жылдың алдындағы жылға)





1.9.


Уәкілетті орган
деп таныған
тұтынушылар
шағымдарының саны

дана (немесе %-да өтінімді берген жылдың алдындағы жылға)





1.10.


Тұтынушының өтінімін
өңдеу ұзақтығы

уақыт бірлігі (күндер, сағаттар)/ өтінім





1.11.



Ең көп өткізу қабілетінің
әуежайдың нақты өткізу
қабілетіне арақатынасы
(күн сайынғы ұшу-қону
операциялары)


дана (немесе %-да өтінімді берген жылдың алдындағы жылға)







Өзге де көрсеткіштер






2.


2-мақсат "Тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен
қауіпсіздігін қамтамасыз
ету (арттыру)" көрсеткіштері

Инвестициялық бағдарлама (жоба)
іс-шарасының
нысаналы көрсеткіштері

2.1.


Негізгі өндірістік
құралдардың тозуы

%





2.2.


Авариялық (немесе мың
ұшу-қону операциясына авариялық жағдайлардың туындау тәуекелі)

%





2.3.


Авариялық жағдайларды жоюдың ұзақтығы
(өтінімдер берген
жылдың алдындағы жылға)

%





2.4.


Қызметтер көлемінің өсімі

Заттай бірлік





2.5.


Қызметтік қарумен, техникалық құралдармен, байланыс құралдарымен жарақтандырылуы

дана (немесе %-да өтінімдер берген жылдың алдындағы жылға)





2.6.


Іздеу-құтқару ұшуларын қамтамасыз ету
жабдығымен жарақтандырылуы

дана (немесе %-да өтінімдер берген жылдың алдындағы жылға)





2.7.


Тексерген кезде
қолданылатын
техникалық құралдармен жарақтандырылуы

дана (немесе %-да өтінімдер берген жылдың алдындағы жылға)





2.8.


Ұшулар мен байланысты радиотехникалық
қамтамасыз етудің
жұмыс
қабілеттілігін қалпына келтірудің
орташа уақыты

сағат





2.9.


Радиотехникалық
жабдықпен
жарақтандырылуы

дана (немесе %-да өтінімдер берген жылдың алдындағы жылға)





2.10.


Жарық-сигнал
жабдығымен жарақтандырылуы

дана (немесе %-да өтінімдер берген жылдың алдындағы жылға)





2.11.


Метереологиялық
жабдықпен
жарақтандырылуы

дана (немесе %-да өтінімдер берген жылдың алдындағы жылға)





2.12.


Азаматтық авиация
саласында ұшулар мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар саны

дана (немесе %-да өтінімдер берген жылдың алдындағы жылға)







Өзге де көрсеткіштер






3.


3-мақсат "Қызметтерді ұсыну шығындарын қысқарту" көрсеткіштері

Инвестициялық бағдарлама (жоба) іс-шарасының нысаналы көрсеткіштері

3.1.


Қызметтің бір бірлігіне электр энергиясы шығындары

миллион/жыл





3.2.


Қызметтер бірлігіне
еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындар

мың теңге





3.3.


Өндірістік персоналдың
нақты саны

мың адам





3.4.


Әкімшілік персоналдың
нақты саны

мың адам







Өзгеде көрсеткіштер






4.


Өзгеде мақсаттар






5.


Іс-шара
"_________________"

мың теңге





Іс-шараның сипаттамасы және өлшем көрсеткіші
"___________________"

заттай бірлік





6.


Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) нысаналы мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған барлық
іс-шаралар бойынша
жиынтық сома

мың теңге





      Ескертпе:

      "Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шарасының нысаналы көрсеткіштері" бағанында әрбір мақсат үшін өтініш беруші инвестициялық бағдарламаны (жоба) бекіту кезеңіне өлшеудің сандық бірліктерінде нысаналы көрсеткіштер мәндерінің динамикасын көрсетеді.

      Өтініш беруші қол жеткізуге инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын іске асыру бағытталған көрсеткіштер үшін ғана нысаналы мәндер көрсетіледі. Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын іске асыру бағытталмаған көрсеткіштер үшін нысаналы көрсеткіштер көрсетілмейді.

      "Өзге мақсаттар" жолында субъекті өтініш беруші сандық бірліктерде көрсеткіштерді келтіре алмайтын сапалық мақсаттардың сипаттамасын көрсетуі мүмкін.

      "1-жыл" бағанында инвестициялық бағдарлама жобасын (жобаны) бекітуге өтінім берілген жылдың алдындағы жылғы, "1-жыл" - "Т жыл" - тиісінше инвестициялық бағдарлама жобасы (жоба) бекітілетін кезеңнің бірінші және соңғы жылдарына деректер көрсетіледі.

      "Тұтынушыларға көрсететін қызметтер сапасын қамтамасыз ету (арттыру)" және "Тұтынушыларға көрсететін қызметтердің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету (арттыру)" мақсаттарының көрсеткіштері, сондай-ақ егер инвестициялық жобаларды іске асыру әуежайлар мен аэронавигациялар қызметтерінің сапасын, сенімділігін және қауіпсіздігін осы қызметтерге қойылатын талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, оның ішінде:

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарына;

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығымен бекітілген Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6855 болып тіркелген);

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 651 бұйрығымен бекітілген Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7313 болып тіркелген);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 829 қаулысымен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттау талаптарын және қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарына;

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген) сәйкес келген жағдайда ғана толтырылады.

      Субъект өтінімді алған сәттен бастап тікелей қызметтер көрсеткенге дейінгі өңдеу ұзақтығы деп түсінілетін, көрсетілген қызметтерге арналған өтінімді өңдеу ұзақтығы бір жылдағы орташа арифметикалық сияқты есептеледі.

  Әуежайлар мен аэронавигация
қызметтері саласындағы
табиғи монополиялар
субъектілерінің инвестициялық
бағдарламаларының жобаларын
(жобаларды) қалыптастыру
және бағалау әдістемесіне
2-қосымша

Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру тиімділігінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат

      Есептік жыл: ____ жыл.

Р/с №

Нысаналы көрсеткіш
тің салмағы,
%-да

Деректердің атауы

Өлшем бірлігі

Есептік жылға қабылдан
ған

Есептік жылдағы нақты

1.


Іс-шара "______________"

мың теңге



Іс-шараның сипаттамасы және өлшем көрсеткіші
"____________________"

заттай бірлік



z


Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) z мақсатына арналған нысаналы көрсеткіштер (әрбір z мақсат үшін толтырылады, мұнда z z∈[1;2;3]) – "____" (мақсаттың атауы)

z.1.


z мақсатының
1-көрсеткіші "____" (көрсеткіштің атауы)

заттай бірлік



z.j.


Өзге көрсеткіштер

заттай бірлік



z.J.


z мақсатының j көрсеткіші

заттай бірлік



2.


Іс-шара "_______________"

мың теңге



Іс-шараның сипаттамасы және өлшем көрсеткіші
"____________________"

заттай бірлік



      Ескертпе:

      Деректер осы Әдістеменің 1-қосымшасында көзделген мақсаттар мен іс-шаралар бөлінісінде инвестициялық бағдарламаның (жобаның) нысаналы көрсеткіштерінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қабылдаған барлық нысаналы көрсеткіштері үшін толтырылады.

      Ақпаратқа негіздеуші материалдар мен есеп қоса беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады