"Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда № 17316 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17041 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 18 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қоғамдық даму министрі
Д. Кәлетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрінің
2018 жылғы 10 тамыздағы
№ 12 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Дін істері және
азаматтық қоғам министрінің
2018 жылғы 25 мамырдағы
№ 52 бұйрығымен
бекітілген

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-1-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және үкіметтік емес ұйымдар үшін сыйлықақы беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген өтініш;

      2) сыйлықақыға үміткер – уәкілетті органға сыйлықақыны алу үшін өтінім берген үкіметтік емес ұйым;

      3) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор;

      4) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы (бұдан әрі – Сыйлықақы) – республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы;

      5) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру, сыйлықақылар беру, гранттар ұсыну және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі қызметке басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру тәртібі

      3. Уәкілетті орган бюджет қаражаты есебiнен жыл сайын Сыйлықақылар беруді жүзегі асырады.

      4. Сыйлықақы алуға өтінімдерді үкіметтік емес ұйымдар береді.

      5. Сыйлықақылар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.

      6. Үкіметтік емес ұйым Cыйлықақыны алғаннан кейін үш жыл ішінде оның сыйлықақы алу үшін қайта ұсынылуына жол берілмейді. Сол бір ғана үкіметтік емес ұйым Сыйлықақыны алуға бір бағыттан артық бағыт бойынша ұсыныла алмайды.

      7. Бір бағыт бойынша Сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда Сыйлықақы олардың арасында тең бөліктермен бөлінеді.

      8. Сыйлықақы алуға конкурсқа қатысу үшін үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін қабылдау туралы хабарландыруды Уәкілеттті орган жыл сайын 1 шілдеден кешіктірмей интернет-ресурсқа орналастырады. Хабарландыру конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесін және сыйлықақылар беру бағыттарын қамтиды.

      9. Сыйлықақы алуға өтінімдер үкіметтік емес ұйымдармен Уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін:

      1) пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX, PDF форматында СD-дискілерде немесе USB-флеш-жинақтағыштарында);

      2) веб-портал арқылы электрондық түрде жолданады.

      10. Сыйлықақыға үміткерлер сыйлықақы алу конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);

      4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

      5) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелерін.

      6) банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама (түпнұсқа).

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда Уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыйлықақыға үміткерге конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жібереді.

      12. Уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында сыйлықақыға үміткерлердің тізбесін орналастырады.

      13. Сыйлықақыға үміткерлердің өтінімдері 2 (екі) кезеңде қаралады.

      14. 1 (бірінші) кезеңде Уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сыйлықақыға үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін жұмыс тобының құрамын қалыптастырады және бекітеді.

      Жұмыс тобы мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері, қоғам қайраткерлері, Сыйлықақылар берудің тиісті бағыттары жөніндегі сарапшылардан тұрады.

      15. Сыйлықақыға үміткерлердің өтінімдерін жан-жақты зерделеу және бағалау мақсатында жұмыс тобы шеңберінде Заңның 5-бабының 1) тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес 15 секция құрылады.

      16. Әр секциядағы жұмыс тобы мүшелерінің саны кемінде 2 (екі) адамды құрайды.

      17. Жұмыс тобының құрамы Уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      18. Уәкілетті орган жұмыс тобының құрамы бекітілген күннен бастап жұмыс тобы мүшелеріне электрондық пошта және (немесе) веб-портал арқылы сыйлықақыға үміткерлердің өтінімдерін және бағалау парақтарды жолдайды.

      19. Жұмыс тобының мүшелері Уәкілетті органнан өтінімдерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінімдерді зерделейді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтырып, өтінімдерді төмендегі өлшемшарттар бойынша 0 бастап 5 балға дейін бағалайды:

      1) республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі;

      2) ұсынып отырған бағыт бойынша жұмыс тәжірибесі;

      3) қызметтегі инновация.

      Балдар әрбір өлшемшарт бойынша жинақталады және жалпы балл қойылады.

      20. Жұмыс тобының мүшелері сыйлықақыға үміткерлерге ұсынымдар берген үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдеріне ұсынымдардағы көрсетілген мәліметтерді нақтылау үшін сұрату жібереді.

      21. Уәкілетті орган электрондық пошта және (немесе) веб-портал арқылы жолданған жұмыс тобы мүшелерінің бағалау парақтарын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бағалау парақтарын тексереді және әр секция бойынша жеке бағалаудың жалпы қорытындысын шығарады.

      22. 2 (екінші) кезеңде Уәкілетті орган бағалау парақтарын тексеру және бағалаудың жалпы қорытындысын шығару рәсімдері аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сыйлықақы беруге сыйлықақыға үміткерлерді бекіту туралы шешім қабылдау үшін конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрамын қалыптастырады және бекітеді.

      Комиссияның құрамы және ережесі Уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      23. Уәкілетті орган Комиссия құрамын бекіткен күннен бастап, әр бағыт бойынша жұмыс тобы мүшелерін бағалаудың жалпы қорытындысын Комиссияның қарауына жолдайды.

      24. Комиссияның құрамына уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, Сыйлықақылар берудің тиісті бағыттары жөніндегі сарапшылары кіреді.

      25. Комиссияның құрамына сыйлықақыға үміткерлер және жұмыс тобының мүшелері кіре алмайды.

      26. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан және Комиссия мүшелерінен тұрады.

      Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарына төрағалық етеді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

      Хатшы Комиссияның мүшесi болып табылмайды.

      27. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан болуы және 15 (он бес) адамнан аспауы керек. Комиссия мүшелері Комиссияның қызметіне ауысу құқығынсыз қатысады.

      28. Сыйлықақы беруге сыйлықақыға үміткерлерді бекіту туралы Комиссияның шешімі Комиссияның отырысында жұмыс тобы мүшелері бағалаудың жалпы қорытындысы негізінде әр бағыт бойынша жеке көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Егер конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысса, конкурстық комиссияның отырысы заңды деп саналады.

      29. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған Төраға мен қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.

      30. Уәкілетті орган Комиссия шешімінің негізінде сыйлықақылар беруді жүзеге асырады.

      31. Сыйлықақы берілген Сыйлықақы алушылардың тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында 1 желтоқсаннан кешіктірілмей жарияланады.

      32. Уәкілетті орган жеңімпаздарға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дипломды табыстайды және банктік шоттың бар екендігі туралы анықтамада көрсетілген үкіметтік емес ұйымның банк шотына тиісті жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей Сыйлықақыны аударады.

  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған сыйлықақыларды беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге: Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрлігі
Кімнен:
____________________________
(өтініш берушінің толық
атауын көрсету)

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру конкурсына қатысуға өтініш

      Осы өтінішпен _________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауын көрсету)

      "_________________________________________________________________"

      бағыты бойынша ("Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік

      тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар

      туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына

      сәйкес бағытты көрсету)

      үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру конкурсына

      қатысуға ниет білдіреді.

      Өтінімді толтыру күні: 20___ жылғы "___" __________.

      _______________________________________________________________

      Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған сыйлықақыларды беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы

р/с №

Атауы

Ақпарат (сыйлықақыға үміткер толтырады)

1.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес сыйлықақыға үміткердің атауы


2.

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні


3.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі


4.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) анықтамасына немесе куәлігіне сәйкес заңды мекенжайы


5.

Нақты мекенжайы


6.

Қызметінің мәні (Жарлыққа сәйкес)


7.

Қызметінің мақсаттары (Жарлыққа сәйкес)


8.

Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс телефонының (оның ішінде мобильді) нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы


9.

Сыйлықақыға үміткерге қызмет көрсілететін банктің немесе оның филиалының толық атауы және мекенжайы


10.

Банктік сәйкестендіру коды


11.

Жеке сәйкестендіру коды


      Толтыру күні: 20___ жылғы "___" __________.

      ______________________________________________________

      Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған сыйлықақыларды
беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама

      _________________________________________________

      (үкіметтік емес ұйымның толық атауын көрсету)

      1. Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік

      міндеттерді шешуге қосқан үлесін сипаттап беріңіз.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2. "_______________________________________________________" бағыты бойынша

      (ұсынып отырған бағыттың толық атауын көрсету)

      жұмыс тәжірибесі.

р/с

Әлеуметтік жобаның атауы
(негізгі қызметтің қысқа сипаттамасы)

Әлеуметтік жобаны іске асыру мерзімдері

Әлеуметтік жобаның нәтижелері





      * Ағымдағы жобаларды қоса отырып, үкіметтік емес ұйымдар беретін

      ұсынып отырған бағыттың тақырыбына сәйкес соңғы 3 (үш) жылда іске

      асырылған әлеуметтік жобалар көрсетіледі (ұйымның мамандары жеке негізде

      өздігінен өткізген немесе басқа ұйымдар арқылы жүзеге асырған жобалар мен

      көрсетілетін қызметтер ұйымның өзінің тиісті тәжірибесі болып саналмайды).

      3. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік жобаларды іске асыру кезінде Сіздің

      ұйымыңыздың тарапынан қандай қызмет инновациялары қолданылды, сипаттап

      беріңіз.

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Толтыру күні: 20___ жылғы "___" __________.

      ________________________________________________________________________

      Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған сыйлықақыларды беру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Бағалау парағы

Жұмыс тобы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________________ Толтыру күні__________

Іріктеу өлшемшарттары
1. Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі (әсері жоқ – 0 балл, әлсіз әсер – 1-2 балл, қанағаттанарлық әсер – 3 балл, жақсы әсер – 4 балл, өте жақсы әсер – 5 балл);
2. Ұсынып отырған бағыт бойынша жұмыс тәжірибесі (тәжірибесі жоқ – 0 балл, кемінде бір жыл – 1 балл, 1 жылдан 2 жылға дейін – 2 балл, екі жылдан 4 жылға дейін – 3 балл, 5 жылдан 7 жылға дейін - 4 балл, 7 жылдан астам – 5 балл);
3. Қызметтегі инновация (инновация жоқ – 0 балл, жобаларды шешудегі жаңалық – 1-2 балл, жұмыста жаңа технологиялар мен әдістерді әзірлеу және пайдалану – 3-4 балл, зияткерлік меншіктің болуы – 5 балл).

  _________
  (Қолы)

Үкіметтік емес ұйымның атауы

Республикалық, салалық, өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі

Ұсынып отырған бағыт бойынша жұмыс тәжірибесі

Қызметтегі инновация

Балл сомасы

Түсіндірме

0

1

2

3

4

6

8

1.







2.













  _________
  (Қолы)
  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған сыйлықақыларды беру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН СЫЙЛЫҚАҚЫ ЛАУРЕАТЫ

ДИПЛОМ

      _____________________________________________________________

      (үкіметтік емес ұйымның атауы)

      _____________________________________________________________

      __________________________________________номинациясы бойынша

      Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі ___________________________

      қолы Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр орны

      Астана, 20__жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады