"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 – 2019, 2019 – 2020, 2020 – 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2018 – 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 393 бұйрығына қосымша |
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Оқу орындарының атауы | Мамандық атауы | Саны (адам) | Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын | 9- сынып базасында | 11-сынып базасында |
1 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Өзін-өзі тану" Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі |
0105000-Бастауыш білім беру: | 52 | 26 | 26 | 26 |
0105000 – Бастауыш білім беру: | 26 | 26 | - | 26 | ||
0105000 – Бастауыш білім беру: | 26 | 26 | - | 26 | ||
0111000 – Негізгі орта білім беру: | 26 | 26 | - | 26 | ||
0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту: 010101 3 "Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі" | 26 | 26 | - | 26 | ||
Барлығы | 156 | 130 | 26 | 130 | ||
"Кәсіпқор" Холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "APEC PetroTechnic жоғары колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
0801000 – Мұнай мен газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша): | - | 25 | 25 | ||
0809000 – Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша): | 50 | - | 25 | 25 | ||
0902000 Электрмен қамтамасыз ету (сала бойынша): | 50 | - | 25 | 25 | ||
0821000 – Мұнай және газ өндіру технологиясы: | 50 | - | 25 | 25 | ||
0823000 Химиялық инжиниринг технологиясы: | 50 | - | 25 | 25 | ||
0828000 - БӨА инжинирингі технологиясы: | 50 | - | 25 | 25 | ||
Барлығы | 300 | - | 150 | 150 | ||
3 | Шығыс қазақстан облысы Білім басқармасының "Рымбек Байсеиітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
1304000 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша): | 140 | 115 | 140 | - |
1304000 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша): | 190 | 115 | 190 | - | ||
1305000 - Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша): | 50 | 25 | 50 | - | ||
Барлығы | 380 | 255 | 380 | - |