"Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 1190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 қыркүйекте № 17344 болып тіркелді

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10539 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар, қалалардың, жер қатыныстарды бойынша, сәулет қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органдарға, мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органдарға және оның аумақтық органдарына (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) және тiркеушi органға қолданылады".

      5-тармақта:

      11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) құқықтық кадастр - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың, азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, "өзен-теңіз" жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар туралы мәліметтердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі;";

      16), 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;

      17) уәкілетті орган – жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жүйелi тiркеудi құқықтық кадастрда жүзеге асыру тәртiбi";

      6-тармақта:

      1), 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары - жекешелендiрiлген жылжымайтын мүлiктiң тұрғын үй объектiлерi, коммуналдық меншiктегi жылжымайтын мүлiк объектiлерi, жылжымайтын мүлiктiң орналасқан жерiн, жылжымайтын мүлiкке құқықтардың туындау түрi мен негiзiн көрсете отырып, олардың құқық иелерi туралы;

      2) облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары - жер учаскесiнiң орналасқан жерiн, оның нысаналы мақсатын, алаңын, құқықтардың пайда болу түрi мен негiзiн көрсете отырып, жер учаскелерiне ұсынылған, берiлген, өткен құқықтар, олардың құқық иелерi туралы;";

      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органдары - жылжымайтын мүлiктiң техникалық және басқа да сипаттамаларын көрсете отырып, құқық иелерi, жылжымайтын мүлiк объектiлерi туралы қолда бар деректердi ұсынады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Жекелеген жағдайларда жүйелi тiркеудi жүзеге асыру ерекшелiктерi".

      2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін атқарушы
Н. Пан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ______________________ Д. Абаев

      2018 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      инвестициялар және даму министрі

      ______________________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ____________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрінің – орынбасары

      ауыл шаруашылығы министрі

      ______________________ Ө. Шөкеев

      2018 жылғы "___" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады