"Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 22 қыркүйектегі № 842 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 17409 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16595 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамы сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарда:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың ережелері:

      бұрын банк болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған активтер мен талап ету құқықтары бойынша Қор 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасаған мәмілелер;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша мақұлданған Негіздемелік келісімдер шеңберінде Қордың мәмілелер жасау;

      Қордың банктің талап ету құқықтарын және активтерін Қорға банктің мөлшерлес борышын бір мезгілде аудару арқылы (беру жолымен) сатып алу жағдайларына қолданылмайды.";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың ережелері:

      бұрын банк болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған активтер мен талап ету құқықтары бойынша Қор 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасаған мәмілелер;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша мақұлданған Негіздемелік келісімдер шеңберінде Қордың мәмілелер жасау;

      Қордың банктің талап ету құқықтарын және активтерін Қорға банктің мөлшерлес борышын бір мезгілде аудару арқылы (беру жолымен) сатып алу жағдайларына қолданылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті (Д.Ө. Темірбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 15 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады