Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 614 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 17410 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 11 мамырдағы № 261 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 11.05.2022 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 614 бұйрығымен бекітілген

Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және индустриялық-инновациялық жобаларға жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;

      2) жергілікті қамту – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекақы төлеудің жалпы қорынан және (немесе) тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы;

      3) жергілікті қамту бойынша сараптама – индустрияландыру картасына енгізуге үміткер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасындағы жергілікті қамтуды бағалау;

      4) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық даму мен шикізаттық емес экспортты ілгерілету саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық қызметті және шикізаттық емес экспортты ілгерілету саласындағы мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) индустриялық-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;

      6) индустрияландыру картасы – индустриялық-инновациялық жүйе мониторингінің (іске асырылуының) республика деңгейіндегі құралы болып табылады және мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылатын, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жаңа индустрияларды қалыптастыратын, кластерлерді дамытатын басым секторлардағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіреді;

      7) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқоры (бұдан әрі – дерекқор) – отандық тауарлардың, жұмыстардын, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің тізбесі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.10.2020 № 556 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу тәртібі

      3. Жергілікті қамту бойынша сараптаманы жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – Ұлттық институт) жүргізеді.

      4. Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізуге арналған ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) уәкілетті орган Ұлттық институтқа осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларымен белгіленген тәртіпте жібереді.

      5. Индустриялық-инновациялық жобаның жергілікті қамту бойынша сараптама уәкілетті органнан ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі және индустриялық-инновациялық жобадағы жергілікті қамтуды анықтаудан тұрады.

      6. Жергілікті қамту бойынша сараптаманы жүргізу үшін Ұлттық институт ұсынылған ақпаратты біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді іздеу мақсатында дерекқорда бар тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратпен салыстырып тексереді.

      Біртекті тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге іздеу жүргізу қорытындылары бойынша Ұлттық институт мынадай есептеуді жүргізеді:

      1) индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру кезінде пайдалануға жоспарланған тауардың жалпы құнынан (ЖҚТ) тауарда белгіленген жергілікті өндірілу үлесі құнының пайыздық қамтылуы мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      n – ақпаратта көзделген тауарлардың жалпы саны;

      i – ақпаратта көзделген тауарлардың реттік нөмірі;

      ТҚi - ақпаратта көзделген i-шы тауар құны;

      Қi – дерекқорда көрсетілген біртекті тауардағы жергілікті қамту үлесі,

      Қi = 0, дерекқорда тауар болмаған жағдайда;

      S – ақпаратта көзделген тауарлардың жалпы құны;

      2) индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру кезінде пайдалануға жоспарланған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан (ЖҚж/қ) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлесі құнының пайыздық қамтылуы мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      n – ақпаратта көрсетілген жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлардың жалпы саны;

      i – ақпаратта көрсетілген қажетті тауардың реттік нөмірі;

      ТҚi – ақпаратта көзделген i-шы тауар құны;

      Қi – дерекқорда көрсетілген біртекті тауардағы жергілікті қамту үлесі,

      Қi = 0, дерекқорда тауар болмаған жағдайда;

      m – ақпаратта көрсетілген жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау үшін қажетті жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жалпы саны;

      j – ақпаратта көрсетілген жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірі;

      ШҚj – ақпаратта көрсетілген j-шы жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің құны;

      ТҚj – ақпаратта көзделген жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлардың жиынтық құны;

      Кj – егер j-шарты бойынша өнім берушінің қазақстандық кадрларының кемінде 50% құраса, 1-ге тең және егер j-шарты бойынша өнім берушінің қазақстандық кадрларының 50% кемін құраса, 0-ге тең коэффициент;

      S – ақпаратта көрсетілген жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жалпы құны.

      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандардың санын есепке алмағанда, өнім берушінің қызметкерлерінің жалпы санындағы өнім берушінің қазақстандық кадрларының (ӨҚК) үлесі және ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      ӨҚК=ӨБРА/ҚЖС*100,

      мұнда:

      ӨБРА – өнім беруші қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы азаматтарының саны;

      ҚЖС – корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандардың санын есепке алмағанда, өнім беруші қызметкерлерінің жалпы саны.

      Бұл ретте, егер ұйым корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру кезінде мынадай шарттарды орындамаса, ӨҚК=0:

      Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік басшылардың, менеджерлер мен мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлер мен мамандардың жалпы санының жиырма бес пайызынан көп болмауға тиіс, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – әрбір тиісті санат бойынша елу пайыздан астам болмауы тиіс.

      Дерекқорда бірнеше ұқсас тауарлар болған жағдайда, тауардың жергілікті қамтуының ең аз үлесі белгіленеді.

      Дерекқорда жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді бірнеше беруші болған кезде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер кадрларының ең аз үлесі белгіленеді.

      Ескертпе: осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іздеуді жүргізу үшін "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың берушілерінің дерекқоры да пайдаланылуы мүмкін.

      7. Жергілікті қамту бойынша сараптаманың нәтижесі бірінші басшының не оны алмастырушы адамның, сондай-ақ жергілікті қамту бойынша осы сараптаманы жүргізген адамдардың қолы қойылған, Ұлттық институттың мөрімен бекітілген Ұлттық институттың фирмалық бланкідегі сараптамалық қорытынды болып табылады.

      Сараптамалық қорытынды мыналарды қамтиды:

      1) сараптамалық қорытындының күні, нөмірі;

      2) индустриялық-инновациялық жобаның мақсаты;

      3) индустриялық-инновациялық жобаға тартылуға жоспарланған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекақы төлеудің жалпы қорынан және тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру кезінде пайдалануға жоспарланған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы.

      8. Сараптамалық қорытынды мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады, оның бір данасы қол қойылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жіберіледі, екіншісі ұлттық институтта сақталады.

  Жергілікті қамту бойынша
сараптама жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлесінің құны туралы ақпарат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индекс: ЖӨҮҚ 1

      Кезеңділігі: келіп түсуі қарай

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы / қайда беріледі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген индустрия-инновациялық қызмет субъектілері жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлердің кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу үшін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу үшін уәкілетті орган жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық институтқа жіберетін ақпаратты ұсынады

      Есептік кезең: келіп түсуі қарай

Сатып алынатын ТЖКҚ атауы

Сатып алынатын ТЖКҚ-ның қысқаша сипаттамасы

ӨСЖ бойынша ТЖКҚ коды

Өлшем бірлігі

Заттай мәнде сатып алудың жоспарланған көлемі

ҚҚС-ты есепке алғанда, сатып алуға жоспарланған сома, мың теңге

Әлеуетті өнім берушілер

ТЖКҚ беруші елі

Ел коды

Жергілікті қамтудың болжамды үлесі, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

20__ жыл


Тауарлар










Жұмыстар










Көрсетілетін қызметтер










20__ жыл


      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің атауы ____________________

      Мекенжайы_______________________________________

      Телефоны ________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы_______________________

      Орындаушы_________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)___________қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)_____________қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

      ӨСЖ - өнімнің статистикалық жіктеуіші

      ҚҚС - қосылған құн салығы

      Ескертпе: Осы нысанды толтыру бойынша түсініктеме қосымшада келтірілген.

  Индустриялық-инновациялық
қызмет субъектісінің
индустриялық-инновациялық
жобасын іске асыру кезінде
пайдаланылатын тауарлардың,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің жалпы құнынан
тауарларда, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерде
белгіленген жергілікті өндірілу
үлесінің құны туралы ақпарат
нысанына
қосымша

(ЖӨҮҚ 1, келіп түсуі қарай) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлесінің құны туралы ақпаратпен толтыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1. 1-бағанда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі;

      2. 2-бағанда сатып алынатын тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамалары) көрсетіледі;

      3. 3-бағанда өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) статистикалық жіктеуішіне сәйкес 10 таңба деңгейінде тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі. (Кеңес мақұлдаған Тәүелсіз Мемлекеттер Достастығы статистикалық қызметтерінің басшылары 1998 жылғы 11-16 қазан 16-отырыста және өзгертіліп 1999 жылғы 14-17 мамырдың 17-ші отырыста) 2000 жылға арналған жұмыс бағдарламасының әдіснамалық жұмыстарының 5.1-тармағына сәйкес өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) сыныптауыштарға жіктеуіші Тәүелсіз Мемлекеттер Достастығы статистикалық комитетімен әзірленді және www.cіsstat.com/class/razdel/skp2006_c.pdf интернет-ресурсына орналастырылған;

      4. 4-бағанда тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі. Баған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      5. 5-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай көріністе тауарды сатып алудың жоспарланған көлемі көрсетіледі. Баған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      6. 6-бағанда қосылған құн салығын ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жоспарланған сомасы көрсетіледі, мың теңгемен (жүздік үлестері бар сан);

      7. 7-бағанда жоспарланған өнім берушілер көрсетіледі;

      8. 8-бағанда тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметтің өнім беруші елі көрсетіледі;

      9. 9-бағанда тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметтің өнім беруші елінің коды, мемлекеттік сыныптауыштарға сәйкес ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1-2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2-2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3-2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 3-бөлік. Елдердің кодтары сыныптауыштарға көрсетіледі";

      10. 10-бағанда жергілікті қамтудың болжамды үлесі көрсетіледі, %.

  Жергілікті қамту бойынша
сараптама жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Жалпы еңбекақы төлеу қорынан индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарына еңбекақы төлеу құны туралы ақпарат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индекс: ЕТҚРА 1

      Кезеңділігі: келіп түсуі қарай

      Ұсынылатын тұлғалар тобы / қайда беріледі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген. индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері. Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлердің кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу үшін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу үшін. уәкілетті орган жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық институтқа жіберетін ақпаратты ұсынады

      Есепті кезең: келіп түсуіне қарай

      Индустриялық- инновациялық жобаның атауы

      ______________________________________________________________

      Индустриялық- инновациялық жобаның мақсаты

      _____________________________________________________________

      Индустриялық- инновациялық жобаның саласы

      _____________________________________________________________

      Индустриялық-инновациялық жобада жұмыс істейтін жұмыскерлерге

      жалпы еңбекақы төлеу қоры, мың теңгемен (ондық көрсеткіші бар сан)

      _____________________________________________________________

      оның ішінде:

      Индустриялық-инновациялық жобада жұмыс істейтін

      Қазақстан Республикасының азаматтарының еңбекақы төлеу қоры,

      мың теңгемен

      (ондық көрсеткіші бар сан)

      ______________________________________________________________

      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің атауы _____________________

      Мекенжайы_______________________________________

      Телефоны ________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы_______________________

      Орындаушы_________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда___________қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)_____________қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

      Ескертпе: Осы нысанды толтыру бойынша түсініктеме қосымшада келтірілген.

  Жалпы еңбекақы төлеу қорынан
индустриялық-инновациялық
қызмет субъектісінің
индустриялық-инновациялық
жобасына тартылған
Қазақстан Республикасы
азаматтарына еңбекақы төлеу
құны туралы ақпарат туралы
ақпарат нысанына
қосымша

(ЕТҚРА 1, келіп түсуі қарай) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Жалпы еңбекақы төлеу қорынан индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына тартылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құны туралы ақпаратты толтыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1. 1-бағанда индустриялық- инновациялық жобаның атауы көрсетіледі;

      2. 2-бағанда индустриялық- инновациялық жобаның мақсаты көрсетіледі;

      3. 3-бағанда индустриялық- инновациялық жобаның саласы көрсетіледі;

      4. 4-бағанда индустриялық-инновациялық жобада жұмыс істейтін жұмыскерлерге жалпы еңбекақы төлеу қоры, мың теңгемен (ондық көрсеткіші бар сан) көрсетіледі;

      5. 5-бағанда индустриялық-инновациялық жобада жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарының еңбекақы төлеу қоры, мың теңгемен (ондық көрсеткіші бар сан) көрсетіледі.

      Ескертпе:

      Жалақы қорына:

      1) тарифтік мөлшерлер және лауазымдық айлықақы бойынша есептелген жалақы:

      ұйымда қабылданған еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелеріне қарамастан, қызметкерлерге орындалған жұмыс немесе жұмыс істеген уақыты үшін тарифтік мөлшерлер, лауазымдық айлықақы бойынша, кесімді бағалар бойынша, кірістен пайызбен және үлеспен есептелген жалақы;

      тарифтік мөлшерлер мен лауазымдық жалақыларына үстемеақылар (еңбек сіңірген жылдары, жұмыс өтілі, кәсіби шеберлігі, ғылыми дәрежесі, дипломатиялық дәрежесі және басқалар үшін);

      лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймағын кеңейту) немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін, өзінің негізгі жұмысынан босатылмай қосымшаақы сомалары;

      газеттер, журналдар және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары қызметкерлерінің тізімдік құрамында тұратын қызметкерлерге қаламақы;

      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл негізінде ұйымда жұмыс істеуге тартылған адамдарға орындалған жұмыс үшін есептелген сомалар;

      әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне олардың әскери қызмет міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрлері;

      ұйым қызметкерлерінің тізімдік құрамында жоқ (басқа ұйымдардан қоса атқару бойынша жұмысқа қабылданған) тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу.

      2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар:

      ай сайынғы сыйлықақылар (тұрақты сипаттағы оларды төлеу көзінен тәуелсіз);

      төлем көзінен тәуелсіз біржолғы (бір рет берілетін) сыйлықақылар;

      біржолғы сыйақылар (еңбек сіңірген жылдары, жұмыс өтілі, кәсіби шеберлігі, ғылыми дәрежесі, дипломатиялық дәрежесі және басқалар үшін);

      тоқсан, жартыжыл, жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақылар;

      жыл сайынғы демалыста сауықтыруға арналған жәрдемақы (демалысқа материалдық көмек);

      мерекелік және мерейтойлық күндерге байланысты біржолғы көтермелеу төлемдері;

      бір ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің актілерімен белгіленген басқа да төлемдер мен көтермелеулер.

      3) жұмыс режиміне және еңбек шарттарына байланысты өтемақы мен төлемдер:

      экологиялық апат және радиациялық қатер аймақтарында тұрғаны үшін төлемдер;

      еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар (ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыстардағы, сондай-ақ ерекше еңбек жағдайлары үшін);

      түнгі жұмыс үшін төлемдер;

      демалыс және мереке (жұмыс істемейтін) күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу;

      мерзімнен тыс жұмысқа төлемақы;

      жерасты жұмыстарында тұрақты жұмыс істейтін қызметкерлерге олардың шахтада (кеніште) оқпаннан жұмыс орнына және кері қарай жүруінің нормативтік уақыты үшін қосымша ақы;

      даладағы қызметкерлерге, геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және басқа дала жұмыстарында жұмыс істейтін жұмысшыларға үлес;

      тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызметтік сапарлармен байланысты қызмет көрсететін учаскелер шегінде белгіленген мөлшерде ұжымдық шартта, еңбек шартында және (немесе) жұмыс берушінің еңбек келісімшарттарында белгіленген еңбекақыға, тәуліктіктің орнына компенсациялық төлемдер;

      әрбір күнтізбелік күн болғаны үшін вахталық кезеңде жұмыстарды жүргізу орындарында, жұмысқа төленетін жұмыстарды орындау кезінде, сондай-ақ көзделген жұмыс кестесіне сәйкес нақты күндері үшін төленеді орналасқан жерінен бастап ұйымның жұмыс орнына және кері қарай жолда.

      4) жұмыс істемеген уақыт үшін ақы төлеу:

      жыл сайынғы еңбек және қосымша еңбек демалысын төлеу, пайдаланылмаған демалыс үшін ақшалай өтемақы;

      жұмыстағы арнайы үзілістерге ақы төлеу, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің жеңілдікті сағаттарына ақы төлеу;

      мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған қызметкерлердің жұмыс уақытына ақы төлеу;

      қызметкердің кінәсінен болмаған тұрып қалуларға төлемақы;

      толық емес жұмыс уақытында мәжбүрлі жұмыс істегендерге ұйымның қаражаты есебінен қызметкерлерге төленетін сомалар;

      білім беру ұйымдарында жұмыстан қол үзіп біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін жіберілген қызметкерлерге негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс уақытына ақы төлеу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады