Елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 11 мамырдағы № 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 мамырда № 28079 болып тіркелді

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
      даму министрінің міндетін атқарушы М. Карабаев
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгiнің Ұлттық
статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2022 жылғы 11 мамырдағы
№ 261 Бұйрықпен
бекітілген

Елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;

      2) бірыңғай индустрияландыру картасы – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жиынтығы;

      3) елішілік құндылық – ішкі нарықта өндірілген тауарлардың және жүзеге асырылған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірілген тауардың, жүзеге асырылған жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің жалпы көлеміндегі пайыздық мөлшері;

      4) елішілік құндылық бойынша сараптама – бірыңғай индустрияландыру картасына енгізуге үміткер өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасындағы ел ішіндегі құндылығын бағалау;

      5) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) өнеркәсіптік-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістерді құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған, белгілі бір уақыт ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;

      7) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқоры (бұдан әрі - дерекқор) өнеркәсіптік өнімді сатып алуда пайдалану үшін қазақстандық болып табылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер мен берушілердің тізбесі.

2-тарау. Елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу тәртібі

      3. Елішілік құндылықты дамыту және мониторингтеу саласында ақпараттық-талдамалық, консультациялық, оның ішінде елішілік құндылықты сараптау бойынша қызметтерді елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) көрсетеді.

      4. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген елішілік құндылық үлесінің құны туралы ақпаратты уәкілетті орган ұлттық институтқа осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

      Барлық жұмыскерлердің еңбекақы төлеу қорынан өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарына еңбекақы қоры туралы ақпаратты уәкілетті орган ұлттық институтқа осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

      5. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаның ел ішіндегі құндылығы бойынша сараптама уәкілетті органнан ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      6. Елішілік құндылық бойынша сараптаманы жүргізу үшін ұлттық институт ұсынылған ақпаратты біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді іздеу мақсатында дерекқорда бар тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратпен салыстырып тексереді.

      Біртекті тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге іздеу жүргізу қорытындылары бойынша ұлттық институт мынадай есептеуді жүргізеді:

      1) өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру кезінде пайдалануға жоспарланған тауардың жалпы құнынан (ЖҚТ) тауарда белгіленген жергілікті өндірілу үлесі құнының пайыздық қамтылуы мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      ЕҚТ- тауардағы елішілік құндылық үлесі;

      n – ақпаратта көзделген тауарладың жалпы саны;

      i –ақпаратта көзделген тауарлардың реттік нөмірі;

      ТҚi - ақпаратта көзделген i-шы тауар құны;

      Жi – дерекқорда көрсетілген біртекті тауардағы елішілік құндылық үлесі,

      Жi = 0, дерекқорда тауар болмаған жағдайда;

      S – ақпаратта көзделген тауарлардың жалпы құны;

      2) өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру кезінде пайдалануға жоспарланған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан (ЖҚж/қ) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлесі құнының пайыздық қамтылуы мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      ЕҚж/қ – жұмыстар мен қызметтердегі елішілік құндылықтың үлесі;

      n – ақпаратта көрсетілген жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлардың жалпы саны;

      i – ақпаратта көрсетілген қажетті тауарлардың реттік нөмірі;

      ТҚi – ақпаратта көзделген i –шы тауар құны;

      Жi дерекқорда көрсетілген біртекті тауардағы елішілік құндылық үлесі,

      Жi = 0, дерекқорда тауар болмаған жағдайда

      m – ақпаратта көрсетілген жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау үшін қажетті жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жалпы саны;

      j – ақпаратта көрсетілген жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірі;

      ШҚi – ақпаратта көзделген j -шы жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің құны;

      ТҚj – ақпаратта көзделген жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлардың жиынтық құны.

      Жj - егер j шарты бойынша өнім берушінің қазақстандық кадрларының кемінде 50% құраса, 1-ге тең және егер j шарты бойынша өнім берушінің қазақстандық кадрларының 50% кемін құраса, 0-ге тең коэффициент;

      S – ақпаратта көрсетілген жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жалпы құны.

      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандардың санын есепке алмағанда, өнім берушінің қызметкерлерінің жалпы санындағы өнім берушінің қазақстандық кадрларының (ӨҚК) үлесі және ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      ӨҚК=ӨБРА/ҚЖС*100,

      мұнда:

      ӨБРА – өнім беруші қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы азаматтарының саны;

      ҚЖС – корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандардың санын есепке алмағанда, өнім беруші қызметкерлерінің жалпы саны.

      Бұл ретте, егер ұйым корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру кезінде мынадай шарттарды орындамаса, ӨҚК=0:

      Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік басшылардың, менеджерлер мен мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлер мен мамандардың жалпы санының жиырма бес пайызынан көп болмауға тиіс, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – әрбір тиісті санат бойынша елу пайыздан астам болмауы тиіс.

      Дерекқорда бірнеше ұқсас тауарлар болған жағдайда, тауардың ел ішіндегі құндылықтың ең аз үлесі белгіленеді.

      Дерекқорда жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді бірнеше беруші болған кезде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер кадрларының ең аз үлесі белгіленеді.

      Ескертпе: осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іздеуді жүргізу үшін "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың берушілерінің дерекқоры да пайдаланылуы мүмкін.

      7. Ел ішіндегі құндылық бойынша сараптаманың нәтижесі бірінші басшының не оны алмастырушы адамның, сондай-ақ ел ішіндегі құндылық бойынша осы сараптаманы жүргізген адамдардың қолы қойылған ұлттық институттың фирмалық бланкідегі сараптамалық қорытынды болып табылады.

      Сараптамалық қорытынды мыналарды қамтиды:

      1) сараптамалық қорытындының күні, нөмірі;

      2) өнеркәсіптік-инновациялық жобаның мақсаты;

      3) өнеркәсіптік-инновациялық жобаға тартылуға жоспарланған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекақы төлеудің жалпы қорынан және тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген елішілік құндылық үлесі құнының өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру кезінде пайдалануға жоспарланған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы.

      8. Сараптамалық қорытынды мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады, оның бір данасы қол қойылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жіберіледі, екіншісі ұлттық институтта сақталады.

  Елішілік құндылық бойынша
сараптама жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген елішілік құндылық үлесінің құны туралы ақпарат

      Беріледі: уәкілетті орган

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.miid.gov.kz

      Индексі: ЖӨҮҚ 1

      Кезеңділігі: біржолғы

      Есептік кезең: елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізуге өтінім берген күнге ағымдағы жыл

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: әлішілік құндылық бойынша сараптама жүргізуге өтінім берген кезде

Сатып алынатын ТЖКҚ атауы

Сатып алынатын ТЖКҚ-ның қысқаша сипаттамасы

ӨСЖ бойынша ТЖКҚ коды

Өлшем бірлігі

Заттай мәнде сатып алудың жоспарланған көлемі

ҚҚС-ты есепке алғанда, сатып алуға жоспарланған сома, мың теңге

Әлеуетті өнім берушілер

ТЖКҚ беруші елі

Ел коды

Елішілік құндылық болжамды үлесі, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

20__ жыл


Тауарлар










Жұмыстар










Көрсетілетін қызметтер










20__ жыл


      Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің атауы ___________

      ____________________________________________________________

      Мекенжайы_______________________________________

      Телефоны ________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы_______________________

      Орындаушы_________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)__________қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)____________қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

      ӨСЖ - өнімнің статистикалық жіктеуіші;

      ӨСЖ бойынша ТЖКҚ коды - өнімнің статистикалық жіктеуіші бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің коды

      ҚҚС - қосылған құн салығы.

  Өнеркәсіптік-инновациялық
қызмет субъектісінің
өнеркәсіптік-инновациялық
жобасын іске асыру кезінде
пайдаланылатын тауарлардың,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің жалпы құнынан
тауарларда, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерде
белгіленген елішілік құндылық
үлесінің құны туралы
ақпарат нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген елішілік құндылық үлесінің құны туралы ақпарат (ЖӨҮҚ индексі 1, келіп түсуіне қарай)

      1. "Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген елішілік құндылық үлесінің құны туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның 1-бағанда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі;

      2. 2-бағанда сатып алынатын тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамалары) көрсетіледі;

      3. 3-бағанда өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) статистикалық жіктеуішіне сәйкес 10 таңба деңгейінде тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі. Өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) модельдік статистикалық жіктеуішін www.cіsstat.com/class/razdel/skp2006_c.pdf интернет-ресурсында орналастырылған;

      4. 4-бағанда тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі. Баған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      5. 5-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай көріністе тауарды сатып алудың жоспарланған көлемі көрсетіледі. Баған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      6. 6-бағанда қосылған құн салығын ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жоспарланған сомасы көрсетіледі, мың теңгемен (жүздік үлестері бар сан);

      7. 7-бағанда жоспарланған өнім берушілер көрсетіледі;

      8. 8-бағанда тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметтің өнім беруші елі көрсетіледі;

      9. 9-бағанда тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметтің өнім беруші елінің коды, мемлекеттік жіктеуіштерге сәйкес ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1-2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2-2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3-2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 3-бөлік. Елдердің кодтары сыныптауыштарға көрсетіледі";

      10. 10-бағанда елішілік құндылықтың болжамды үлесі көрсетіледі, %.

  Елішілік құндылық бойынша
сараптама жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Барлық жұмыскерлердің еңбекақы төлеу қорынан өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарына еңбекақы қоры туралы ақпарат

      Беріледі: уәкілетті орган
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.miid.gov.kz
Индексі: ЕТҚРА 1Кезеңділігі: біржолғы
Есептік кезең: елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізуге өтінім берген күнге
ағымдағы жыл
Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: әлішілік құндылық бойынша сараптама
жүргізуге өтінім берген кезде
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаның атауы
___________________________________________________________
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаның мақсаты
___________________________________________________________
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаның саласы
___________________________________________________________
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаға тартылған жұмыскерлерге еңбекақы төлеу қоры, мың
теңгемен (ондық көрсеткіші бар сан)
________________________________________________________________
Оның ішінде:
өнеркәсіптік-инновациялық жобаға тартылған
Қазақстан Республикасының азаматтарының еңбекақы төлеу қоры, мың теңгемен (ондық
көрсеткіші бар сан) ______________________________________________________________
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің атауы ____________
Мекенжайы_______________________________________
Телефоны ________________________________________
Электрондық почта мекенжайы_______________________
Орындаушы_________________________________________
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда___________қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам________________
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)____________қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  Барлық қызметкерлердің
еңбекақы төлеу қорынан
өнеркәсіптік-инновациялық
қызмет субъектісінің
өнеркәсіптік-инновациялық
жобасына тартылған
Қазақстан Республикасы
азаматтарына еңбекақы қоры
туралы ақпарат нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Барлық қызметкерлердің еңбекақы төлеу қорынан өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасына тартылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы қоры туралы ақпарат (ЕТҚРА 1, келіп түсуіне қарай)

      1. "Барлық қызметкерлердің еңбекақы төлеу қорынан өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасына тартылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы қоры туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның 1-бағанда өнеркәсіптік-инновациялық жобаның атауы көрсетіледі;

      2. 2-бағанда өнеркәсіптік-инновациялық жобаның мақсаты көрсетіледі;

      3. 3-бағанда өнеркәсіптік-инновациялық жобаның саласы көрсетіледі;

      4. 4-бағанда өнеркәсіптік-инновациялық жобаға тартылған жұмыскерлерге еңбекақы төлеу қоры, мың теңгемен (ондық көрсеткіші бар сан) көрсетіледі;

      5. 5-бағанда өнеркәсіптік-инновациялық жобада жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарының еңбекақы төлеу қоры, мың теңгемен (ондық көрсеткіші бар сан) көрсетіледі.

      Еңбекақы қорына:

      1) тарифтік мөлшерлемелер және лауазымдық айлықақы бойынша есептелген еңбекақы:

      ұйымда қабылданған еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелеріне қарамастан, қызметкерлерге орындалған жұмыс немесе жұмыс істеген уақыты үшін тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық айлықақы бойынша, кесімді бағалар бойынша, кірістен пайызбен және үлеспен есептелген еңбекақы;

      тарифтік мөлшерлемелер мен лауазымдық жалақыларына үстемеақылар (еңбек сіңірген жылдары, жұмыс өтілі, кәсіби шеберлігі, ғылыми дәрежесі, дипломатиялық дәрежесі және басқалар үшін);

      лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймағын кеңейту) немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін, өзінің негізгі жұмысынан босатылмай қосымшаақы сомалары;

      газеттер, журналдар және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары қызметкерлерінің тізімдік құрамында тұратын қызметкерлерге қаламақы;

      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл негізінде ұйымда жұмыс істеуге тартылған адамдарға орындалған жұмыс үшін есептелген сомалар;

      әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне олардың әскери қызмет міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрлері;

      ұйым қызметкерлерінің тізімдік құрамында жоқ (басқа ұйымдардан қоса атқару бойынша жұмысқа қабылданған) тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу.

      2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар:

      ай сайынғы сыйлықақылар (тұрақты сипаттағы оларды төлеу көзінен тәуелсіз);

      төлем көзінен тәуелсіз біржолғы (бір рет берілетін) сыйлықақылар;

      біржолғы сыйақылар (еңбек сіңірген жылдары, жұмыс өтілі, кәсіби шеберлігі, ғылыми дәрежесі, дипломатиялық дәрежесі және басқалар үшін);

      тоқсан, жартыжыл, жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақылар;

      жыл сайынғы демалыста сауықтыруға арналған жәрдемақы (демалысқа материалдық көмек);

      мерекелік және мерейтойлық күндерге байланысты біржолғы көтермелеу төлемдері;

      бір ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің актілерімен белгіленген басқа да төлемдер мен көтермелеулер.

      3) жұмыс режиміне және еңбек шарттарына байланысты өтемақы төлемдері:

      экологиялық апат және радиациялық қатер аймақтарында тұрғаны үшін төлемдер;

      еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар (ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыстардағы, сондай-ақ ерекше еңбек жағдайлары үшін);

      түнгі уақыттағы жұмысқа қосымша ақы;

      демалыс және мереке (жұмыс істемейтін) күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу;

      үстеме жұмысқа ақы төлеу;

      жерасты жұмыстарында тұрақты жұмыс істейтін қызметкерлерге олардың шахтада (кеніште) оқпаннан жұмыс орнына және кері қарай жүруінің нормативтік уақыты үшін қосымша ақы;

      геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және басқа дала жұмыстарына тартылған жұмыскерлерге далалық жабдықталым ақшасы;

      тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызметтік сапарлармен байланысты қызмет көрсететін учаскелер шегінде белгіленген мөлшерде ұжымдық шартта, еңбек шартында және (немесе) жұмыс берушінің еңбек келісімшарттарында белгіленген еңбекақыға, тәуліктіктің орнына өтемақы төлемдері;

      жұмыс графигiнде көзделген, вахта кезеңiнде жұмысты вахталық әдiспен орындау кезiнде жұмыс жүргiзу орындарында болған әрбiр күнтiзбелiк күнге, сондай-ақ ұйымның орналасқан жерiнен жұмыс iстейтiн жерге дейiнгi жолдағы және керi қайту жолындағы нақты күндерге төленетiн үстеме ақылар;

      4) жұмыс істемеген уақыт үшін ақы төлеу:

      жыл сайынғы еңбек және қосымша еңбек демалысын төлеу, пайдаланылмаған демалыс үшін ақшалай өтемақы;

      жұмыстағы арнайы үзілістерге ақы төлеу, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің жеңілдікті сағаттарына ақы төлеу;

      мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған қызметкерлердің жұмыс уақытына ақы төлеу;

      қызметкердің кінәсінен болмаған тұрып қалуларға ақы төлеу;

      толық емес жұмыс уақытында мәжбүрлі жұмыс істегендерге ұйымның қаражаты есебінен қызметкерлерге төленетін сомалар;

      білім беру ұйымдарында жұмыстан қол үзіп біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін жіберілген қызметкерлерге негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс уақытына ақы төлеу кіреді.

  Бұйрыққа қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің "Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 29 тамыздағы № 614 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17410 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің "Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 614 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 30 шілдедегі № 573 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19194 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 28 қазандағы № 556 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21567 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады