"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2018 – 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 182 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 қыркүйекте № 17445 болып тіркелді

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың үлгілік ережелерінің 32-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 – 2019, 2019 – 2020, 2020 – 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2018 – 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 182 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17288 болып тіркелген, 2018 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А. Сүйінов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің 2018 жылғы
20 қырқүйектегі
№ 264 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін
атқарушының 2018 жылғы
31 шілдедегі №182 бұйрығына
2-қосымша

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Шифр

Мамандық атауы

Мемлекеттік тапсырыс бойынша орын саны

Бөлім 1. Магистратура

Бөлімше 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

1

6М010600

Музыкалық білім

2

2

6М020400

Мәдениеттану

2

3

6М040100

Музыкатану

2

4

6М040200

Аспаптық орындаушылық

10

5

6М040300

Вокалдық өнер

2

6

6М040400

Дәстүрлі музыкалық өнер

5

7

6М040500

Дирижирлеу

2

8

6М040600

Режиссура

8

9

6М040700

Актерлік өнер

0

10

6М041000

Сценография

3

11

6М041100

Композиция

2

12

6М041200

Операторлық өнер

1

13

6М041300

Кескіндеме

3

14

6М041500

Мүсін

1

15

6М041600

Өнертану

2

16

Барлығы

45

Бөлімше 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

17

6М040400

Дәстүрлі музыкалық өнер

3

18

6М040600

Режиссура

20

19

6М040700

Актерлік өнер

12

20

6М040800

Эстрадалық өнер

8

21

6М040900

Хореография

2

22

6М041000

Сценография

3

23

6М041200

Операторлық өнер

1

24

6М041300

Кескіндеме

6

25

6М041400

Графика

1

26

6М041500

Мүсін

2

27

6М041600

Өнертану

10

28

6М041700

Сәндік өнер

1

29

6М042100

Дизайн

2

30

Барлығы

71

Бөлімше 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

31

6М040100

Музыкатану

4

32

6М040200

Аспаптық орындаушылық

10

33

6М040300

Вокалдық өнер

4

34

6М040400

Дәстүрлі музыкалық өнер

7

35

6М040500

Дирижирлеу

8

36

6М041100

Композиция

2

37

Барлығы

35

Бөлімше 4. "Қазақ ұлттық хореография академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

38

6М040600

Режиссура

2

39

6М040900

Хореография

3

40

Барлығы

5

41

Қорытынды

156

Бөлім 2. Докторантура PhD

Бөлімше 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

42

6D010600

Музыкалық білім

1

43

6D040100

Музыкатану

4

44

6D040200

Аспаптық орындаушылық

1

45

Барлығы

6

Бөлімше 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

46

6D040600

Режиссура

4

47

6D041600

Өнертану

5

48

6D040800

Эстрада өнері

1

49

Барлығы

10

Бөлімше 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

50

6D041100

Композиция

1

51

6D042300

Арт-менеджмент

1

52

6D040100

Музыкатану

1

53

6D040200

Аспаптық орындаушылық

1

54

Барлығы

4

55

Қорытынды

20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады