Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1454 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 қазанда № 17510 болып тіркелді.

      "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттары бекітілсін.

      2. "Көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 89 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10392 болып тіркелген, 2015 жылы 16 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1454 бұйрығымен бекітілген

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттары

      1. Мыналар құқықтық ақпарат беру түрінде көрсетілетін заң көмегі сапасының өлшемшарттары болып табылады:

      1) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) берілген өкілеттіктер шегінде құқықтық ақпарат беруді жүзеге асыру;

      2) Заңда көзделген тетіктері арқылы, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу тәртібі мен қолжетімдігі туралы халыққа құқықтық ақпарат беру;

      3) құқықтық ақпарат беру түрінде заң көмегін көрсететін лауазымды және өзге мемлекеттік органдар тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделген шағымдардың болмауы;

      4) құқықтық ақпарат беруді жүзеге асырудағы құзыреті;

      5) жеке және заңды тұлғаларға құқықтық ақпарат берудің объективтілігі мен уақтылылығын қамтамасыз ету;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 735 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналар құқықтық консультация беру түрінде көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегі сапасының өлшемшарттары болып табылады:

      1) Заңның 28-бабының 7 және 8-тармақтарында белгіленген құқықтық консультация беру тәртібін және мерзімдерін сақтау;

      2) құқықтық консультацияның Қазақстан Республикасының заңнамасының ережелерімен негізді мен дәлелді болуы;

      3) кәсіптік міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау;

      4) құқықтық консультацияның өзектілігі;

      5) құқықтық консультация беретін тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделген шағымдардың болмауы.

      3. Мыналар адвокаттардың жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру түрінде көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегі сапасының өлшемшарттары болып табылады:

      1) заңмен берілген өкілеттілік шегінде мемлекет кепілдік берген құқықтық көмек көрсету;

      2) кәсіптік міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және Адвокаттардың кәсіптік этикасы кодексінің нормаларын сақтау;

      3) адвокат құпиясын сақтау;

      4) мемлекет кепілдік берген заң көмегіне өтініш жасаған адамның мүддесіне қайшы келетін істің барысында жеке мүддесі болған кезде, заң көмегін көрсету туралы тапсырмадан бас тарту;

      5) адвокаттардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделген шағымдардың болмауы.

      4. Мыналар заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда білдіру түрінде көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегі сапасының өлшемшарттары болып табылады:

      1) Заңмен берілген өкілеттілік шегінде мемлекет кепілдік берген құқықтық көмек көрсету;

      2) Заңының 78-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіптік міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің нормаларын сақтау;

      3) мемлекет кепілдік берген заң көмегіне өтініш жасаған адамның мүддесіне қайшы келетін істің барысында жеке мүддесі болған кезде, заң көмегін көрсету туралы тапсырмадан бас тарту;

      4) заң консультанттарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделген шағымдардың болмауы.

      Ескерту. Өлшемшарттар 4-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 735 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады