Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.09.2022 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Экстернат және онлайн-оқыту нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының қоса беріліп отырған Тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.09.2022 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 530 бұйрығымен бекітілген |
Экстернат және онлайн-оқыту нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.09.2022 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Код | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағытының атауы |
Экстернат нысанында: | |
Жоғары білім берудегі дайындық бағыттары – бакалавриатта: | |
6B061 | Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
6B062 | Телекоммуникациялар |
6B071 | Инженерия және инженерлік іс |
6B072 | Өндірістік және өңдеу салалары |
6B073 | Сәулет және құрылыс |
6B074 | Су шаруашылығы |
6B075 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) |
6B081 | Агрономия |
6B082 | Мал шаруашылығы |
6B083 | Орман шаруашылығы |
6B085 | Жерге орналастыру |
6B086 | Су ресурстары және суды пайдалану |
6В091 | Ветеринария |
6B101 | Денсаулық сақтау |
6В102 | Әлеуметтік қамтамасыз ету |
6B111 | Қызмет көрсету саласы |
6B112 | Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау |
6B113 | Көлік қызметтері |
6B121 | Әскери іс |
6B122 | Ұлттық қауіпсіздік |
6B123 | Қоғамдық қауіпсіздік |
Онлайн-оқыту нысанында: | |
Жоғары білім берудегі дайындық бағыттары – бакалавриатта: | |
6B011 | Педагогика және психология |
6В012 | Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы |
6В013 | Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау |
6В014 | Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
6В015 | Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау |
6В016 | Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау |
6В017 | Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
6В018 | Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау |
6В019 | Арнайы педагогика |
6B071 | Инженерия және инженерлік іс |
6B072 | Өндірістік және өңдеу салалары |
6B073 | Сәулет және құрылыс |
6B074 | Су шаруашылығы |
6B075 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) |
6B021 | Өнер |
6B055 | Геология |
6В091 | Ветеринария |
6B101 | Денсаулық сақтау |
6B121 | Әскери іс |
6B122 | Ұлттық қауіпсіздік |
6B123 | Қоғамдық қауіпсіздік |
Жоғары білім берудегі дайындық бағыттары – магистратура: | |
7М011 | Педагогика және психология |
7М012 | Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы |
7М013 | Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау |
7М014 | Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
7М015 | Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау |
7М016 | Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау |
7М017 | Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
7М018 | Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау |
7М019 | Арнайы педагогика |
7M071 | Инженерия және инженерлік іс |
7M072 | Өндірістік және өңдеу салалары |
7М073 | Сәулет және құрылыс |
7М074 | Су шаруашылығы |
7М075 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) |
7M021 | Өнер |
7М055 | Геология |
7М091 | Ветеринария |
7M101 | Денсаулық сақтау |
7M121 | Әскери іс |
7M122 | Ұлттық қауіпсіздік |
7М123 | Қоғамдық қауіпсіздік |
Жоғары білім берудегі дайындық бағыттары – резидентурада: | |
7R011 | Денсаулық сақтау |
Жоғары білім берудегі дайындық бағыттары – докторантурада: | |
8D011 | Педагогика және психология |
8D012 | Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы |
8D013 | Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау |
8D014 | Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
8D015 | Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау |
8D016 | Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау |
8D017 | Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
8D018 | Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау |
8D019 | Арнайы педагогика |
8D071 | Инженерия және инженерлік іс |
8D072 | Өндірістік және өңдеу салалары |
8D073 | Сәулет және құрылыс |
8D074 | Су шаруашылығы |
8D075 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) |
8D021 | Өнер |
8D055 | Геология |
8D091 | Ветеринария |
8D101 | Денсаулық сақтау |
8D121 | Әскери іс |
8D122 | Ұлттық қауіпсіздік |
8D123 | Қоғамдық қауіпсіздік |