БҰЙЫРАМЫН:
1. "Экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 530 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17513 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Экстернат және онлайн-оқыту нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту туралы";
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Экстернат және онлайн-оқыту нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының қоса беріліп отырған Тізбесі бекітілсін.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нұрбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішке істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қаупсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
Бұйрығына қосымша | |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 530 бұйрығымен бекітілген |
Экстернат және онлайн-оқыту нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесі
Код | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағытының атауы |
Экстернат нысанында: | |
Жоғары білім берудегі дайындық бағыттары – бакалавриатта: | |
6B061 | Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
6B062 | Телекоммуникациялар |
6B071 | Инженерия және инженерлік іс |
6B072 | Өндірістік және өңдеу салалары |
6B073 | Сәулет және құрылыс |
6B074 | Су шаруашылығы |
6B075 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) |
6B081 | Агрономия |
6B082 | Мал шаруашылығы |
6B083 | Орман шаруашылығы |
6B085 | Жерге орналастыру |
6B086 | Су ресурстары және суды пайдалану |
6В091 | Ветеринария |
6B101 | Денсаулық сақтау |
6В102 | Әлеуметтік қамтамасыз ету |
6B111 | Қызмет көрсету саласы |
6B112 | Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау |
6B113 | Көлік қызметтері |
6B121 | Әскери іс |
6B122 | Ұлттық қауіпсіздік |
6B123 | Қоғамдық қауіпсіздік |
Онлайн-оқыту нысанында: | |
Жоғары білім берудегі дайындық бағыттары – бакалавриатта: | |
6B011 | Педагогика және психология |
6В012 | Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы |
6В013 | Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау |
6В014 | Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
6В015 | Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау |
6В016 | Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау |
6В017 | Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
6В018 | Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау |
6В019 | Арнайы педагогика |
6B071 | Инженерия және инженерлік іс |
6B072 | Өндірістік және өңдеу салалары |
6B073 | Сәулет және құрылыс |
6B074 | Су шаруашылығы |
6B075 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) |
6B021 | Өнер |
6B055 | Геология |
6В091 | Ветеринария |
6B101 | Денсаулық сақтау |
6B121 | Әскери іс |
6B122 | Ұлттық қауіпсіздік |
6B123 | Қоғамдық қауіпсіздік |
Жоғары білім берудегі дайындық бағыттары – магистратура: | |
7М011 | Педагогика және психология |
7М012 | Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы |
7М013 | Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау |
7М014 | Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
7М015 | Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау |
7М016 | Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау |
7М017 | Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
7М018 | Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау |
7М019 | Арнайы педагогика |
7M071 | Инженерия және инженерлік іс |
7M072 | Өндірістік және өңдеу салалары |
7М073 | Сәулет және құрылыс |
7М074 | Су шаруашылығы |
7М075 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) |
7M021 | Өнер |
7М055 | Геология |
7М091 | Ветеринария |
7M101 | Денсаулық сақтау |
7M121 | Әскери іс |
7M122 | Ұлттық қауіпсіздік |
7М123 | Қоғамдық қауіпсіздік |
Жоғары білім берудегі дайындық бағыттары – резидентурада: | |
7R011 | Денсаулық сақтау |
Жоғары білім берудегі дайындық бағыттары – докторантурада: | |
8D011 | Педагогика және психология |
8D012 | Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы |
8D013 | Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау |
8D014 | Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
8D015 | Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау |
8D016 | Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау |
8D017 | Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
8D018 | Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау |
8D019 | Арнайы педагогика |
8D071 | Инженерия және инженерлік іс |
8D072 | Өндірістік және өңдеу салалары |
8D073 | Сәулет және құрылыс |
8D074 | Су шаруашылығы |
8D075 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) |
8D021 | Өнер |
8D055 | Геология |
8D091 | Ветеринария |
8D101 | Денсаулық сақтау |
8D121 | Әскери іс |
8D122 | Ұлттық қауіпсіздік |
8D123 | Қоғамдық қауіпсіздік |