"Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 611 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 674 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қазанда № 17580 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 611 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13905 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдеде "Əділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "5-1. Жеке қорғану құралдарын (сүзгіш газқағарлар, респираторлар, өзін - өзі құтқарғыштар, балаларға арналған қорғаныш камералары) сақтау және беру қоймаларының орны кепілдендірілген қорғауды қамтамасыз ету мақсатында халықтың жұмыс жасайтын жəне тұратын жерлеріне барынша жақын жерлерде орналасады.

      5-2. Жеке қорғану құралдарын (сүзгіш газтұмшалар, балаларға арналған қорғаныш камералары, респираторлар) әкімшілік ғимараттарда және оқу мекемелерінде ғимарат иесімен келісу бойынша сақтауға рұқсат етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 26-1 және 26-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "26-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімі бойынша жеке қорғану құралдары (сүзгіш газқағарлар, респираторлар, өзін - өзі құтқарғыштар, балаларға арналған қорғаныш камералары) халыққа олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда тұрғылықты жері бойынша сақтауға беріледі.

      26-2. Халыққа жауапты сақтауға берілген жеке қорғану құралдарын (сүзгіш газқағарлар, респираторлар, өзін - өзі құтқарғыштар, балаларға арналған қорғаныш камералары) азаматтық қорғаныстан құлақтандыру сигналын алған және төтенше жағдайлардың туындау қаупі немесе туындауы кезінде халық өздігімен қолданады.

      Азаматтық қорғаныс мүлкін беру пункттері "Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 510 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11587 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларына сәйкес айқындалады.";

      Мынадай мазмұндағы 46-1 және 46-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "46-1. Ұзақ сақтауға азаматтық қорғаныс мүлкін шекті сақтау мерзімі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес айқындалған;

      46-2. Азаматтық қорғаныс мүлкі қазіргі уақыттағы нақты объект үшін қажеттілікті есепке ала отырып жаңартылады (жаңғыртылады).";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару актісі негізінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жаратуға беру актісі жасалады.";

      5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне (В.Р. Беккер) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі полиция
      генерал-полковнигі Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2018 жылғы 27 қыркүйектегі
  № 674 бұйрығына
  1- қосымша
  Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларына
  5-қосымша

Ұзақ сақтауға азаматтық қорғаныс мүлкін шекті сақтау мерзімі

Азаматтық қорғаныстың радиациялық, химиялық қорғау құралдарының атауы

Шекті сақтау мерзімі (жыл)

1

Сүзгіш газқағарлар (азаматтық, балаларға арналған) (ГП-7, ГП-9, ПДФ-Д (Ш) және ПДФ-2Д (Ш) түріндегі)

25

2

Балаларға арналған қорғау камералары (КЗД-4, КЗД-6 түріндегі)

25

3

Қосымша патрондар (ДПГ-3 түріндегі)

25

4

Мөлшер қуатын өлшегіштер (ДП-5, ИМД-5 түріндегі)

25

5

Жеке дозиметрлердің жиынтықтары (ДП-22В, ДП-24, ИД-1 түріндегі)

25

6

Химиялық барлау аспаптары (ВПХР, МПХР, ПХР-МВ түріндегі)

25

7

Мына түрдегі индикатор түтіктері:


ИТ-44 (қызыл сақиналы және қызыл нүктелі)

3

ИТ-45 (сары сақиналы)

8

ИТ-36 (үш жасыл сақиналы)

6

8

Жеке химияға қарсы пакеті (ИПП-8 түріндегі)

25

9

Қорек элементтері (А-336 (А-343) түріндегі)

1,5

10

Қорек элементтері (145-У (1,6 ПМЦ-У-8) түріндегі)

2

11

Зертхана (МПХЛ, ПХЛ-54 және тағы басқа түріндегі)

25

12

Оқшаулауыш газқағарлар (ИП-4м, ИП-5 түріндегі)

25

13

Респираторлар (Р-2 және т.б. түріндегі)

8

14

Регенеративті патрондар (РП-4 түріндегі)

12

15

Қорғану плащтары

25

16

Қорғану шұлықтары

25

17

Қорғану қолғаптары

25

18

Қорғану костюмдері (Л-1 түрі)

25

19

Сіңіргіш сүзгілер (ФПУ-300 ФПУ-200, ФПУ-100 түріндегі)

20

20

Барлық түрдегі газсыздандыру жиынтықтары

30

21

Метеожиынтықтар (МК-2, МК-3 түріндегі)

30

22

Қоршау белгілерінің жиынтығы (КЗО-1, КЗО-2 түріндегі)

30

23

Газқағарларды техникалық тексеру шатырлары

25

24

Жеке химияға қарсы пакеттер

30

25

Сүзгі алдындағы сүзгілер (ПФП-1000, ПФ-300 түріндегі)

20

26

Сіңіргіш сүзгілер (ФГ-70 түріндегі)

15

27

Регенеративті патрондар (РП-100, РУ-150/6 түріндегі)

20

28

Өлшеу құралдары (ИУ түріндегі)

25

29

Радиометрлік аппаратура (КРБГ-1 және тағы басқа түріндегі)

25

30

Ұнтақ (СФ-2У түріндегі)

30

  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2018 жылғы 27 қыркүйектегі
  № 674 бұйрығына
  2-қосымша
  Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларына
  6-қосымша
  Нысан
  ____________________________
  (Ұйымның атауы)
  БЕКІТЕМІН
  Басшы
  ____________________________
  (ТАӘ (болған жағдайда))
  20___жылғы "__" _________

Азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жаратуға тапсыру АКТІСІ №

      Негіз: _____ жылғы "___" _________№____ есептен шығару актісі

      Азаматтық қорғаныс мүлкі қарамағында тұрған ұйымның материалдық жауапты адамы _____________ _________________________ (лауазымы) (ТАӘ (болған жағдайда))

      Кәдеге жаратуды жүргізетін ұйымның немесе кәсіпорынның жауапты адамы _____________ __________________________ (лауазымы) (ТАӘ (болған жағдайда))

Азаматтық қорғаныс мүлкінің тізбесі

Р/с №

Азаматтық қорғаныс мүлкінің атауы

Өлшем бірлігі

Түгендеу нөмірі

Партия нөмірі

Партия саны

Партиядағы саны

Теңгедегі бірлік бағасы

Теңгедегі сомасы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

10

11

12





















      Барлығы ________________________ дана кәдеге жаратуға жатады (жазумен) Азаматтық қорғаныс мүлкі қарамағында тұрған ұйымның материалдық жауапты адамы ___________________________________ 20__ жылғы "__"_____________ (жазумен) (ТАӘ (болған жағдайда))

      Кәдеге жаратуды жүргізетін ұйымның немесе кәсіпорынның жауапты адамы ____________ ________________________ 20__жылғы "__" ______________ (жазумен) (ТАӘ (болған жағдайда))

      Актіні бекіткеннен кейін санамаланған азаматтық қорғаныс мүлкі кәдеге жаратар алдында актідегі жазбамен салыстыра тексерілді және мынадай жолмен толық кәдеге жаратылды. _______________________________________________________________________

      20___жылғы "__" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады