"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 396 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 қазанда № 17584 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12677 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 396 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1-1/1069 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одағы (бұдан әрі – тексеру одағы) – коммерциялық емес ұйым нысанында құрылған және оған кіретін ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің ішкі аудитін, осы қызметті үйлестіруді, тексеру одағының мүшелеріне ішкі аудитке ілеспе қызметтер көрсетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, тексеру одағының құрылтай құжаттарында көзделген өзге де қызметті жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ерікті бірлестігі;

      2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы немесе облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      3) өтінім - ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын өтеу үшін тексеру одақтарының субсидиялар алуға арналған электрондық өтiнiм;

      4) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрініс табатын өзге де мәліметтер;

      5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, "электрондық үкіметтің" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидиялар алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімнің субсидиялау талаптарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      8) ішкі аудит қорытындысы – кооператив мүшелеріне және кооперативтің бухгалтерлік есептілігін өзге де пайдаланушыларға арналған және тексеру одағының кооперативтің бухгалтерлік есептілігінің дұрыстығы, кооперативтің бухгалтерлік есептілікті жүргізу тәртібінің заңнамаға сәйкестігі, кооперативті басқару органдарының жарғының және заңнаманың ережелерін сақтауы туралы білдірген пікірін, сондай-ақ кооперативтің, кооперативтер одағының қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелерінің нашарлауына немесе олардың дәрменсіздігіне (банкроттығына) әкеп соғуы мүмкін анықталған бұзушылықтар туралы деректерді қамтитын ресми құжат;

      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Басқарма 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау бойынша жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін оны субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталына орналастырады.

2-тарау. Субсидиялар алушылар

      4. Субсидиялар тексеру одақтарына ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын өтеу үшін төленеді.

3-тарау. Субсидиялар алу шарттары

      5. Субсидияларды алудың шарттары мыналар болып табылады:

      1) "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматындағы ішкі аудит қорытындысын (қол қойылған және тексеру одағының мөрімен расталған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса бере отырып, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімнің тіркелуі;

      3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы тексеру одағына өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүнкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол тіркелген сәтінен бастап берілген болып есептеледі;

      4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету фактісінің расталуы (тексеру одағының тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);

      5) өзіне (өздеріне) қатысты өтінім берілген ауыл шаруашылығы кооперативінің (-терінің) ішкі аудитін жүргізуге ағымдағы жылы субсидиялар төленбеген болуы.

4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

      6. Ағымдағы жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативінің ішкі аудитін жүргізуге арналған өтінім тіркелген сәтке 130 (жүз отыз) айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшердегі шығындар субсидиялауға жатады.

5-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі

      7. Өтінімдерді қабылдау тексеру одағының аудиті жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативінің тіркелген жері бойынша (заңды мекенжайы бойынша) жылдың 1 ақпаны мен 1 желтоқсаны (қоса есептегенде) аралығында жүзеге асырылады.

      8. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы арқылы тізім деректеріне қолжетімділік (бұдан әрі – Жеке кабинет) беру үшін:

      1) тексеру одағында субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өздігінен тіркелу үшін ЭЦҚ болуы тиіс;

      2) Басқарма жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімін жолдайды.

      9. Жеке кабинетте тіркелу үшін тексеру одағы мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - БСН), толық атауы, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);

      3) екінші деңгейлі банктегі ағымдағы шотының деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, тексеру одағы бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шот деректерін өзгертеді.

      10. Жеке кабинетте өтінімді қалыптастыру және тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің осы Қағидалардың 5-тармағы 4) тармақшасының талаптарын тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім оған тексеру одағының ЭЦҚ-сын қою жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына өтінімнің қарастыруға келіп түскені туралы электрондық мәлімдеме жолданады.

      Тексеру одағы Басқарма төлем тапсырмаларын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректердің сәйкессіздігін анықтаса, тексеру одағының қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

      11. Басқарма өтінім тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Аталған хабарлама тексеру одағының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      12. Субсидиялар беруден бас тартуға:

      1) тексеру одағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) тексеру одағының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

      13. Басқарма Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде "Қазына-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтінімнің қабылданғаны расталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде қалыптастырады.

      Субсидиялар көлемі, Қаржыландыру жоспарында тиісті айға көзделген бюджеттік қаражат көлемінен асып кететін өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу келесі айда жүзеге асырылады.

      Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асып түсетін өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

  Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл
шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларына
қосымша
  Нысан
  Кімге: Астана қаласының
инвестициялар
және кәсіпкерлікті дамыту
басқармасы,
____________________________
облысының, Алматы және
Шымкент
қалаларының Ауыл
шаруашылығы
басқармасы
Кімнен:
_________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)

Өтінім

      Ауыл шаруашылығы кооперативінің тексеру одағының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған ________ теңге сомасындағы шығындарын субсидиялауды сұраймын.

      1. Тексеру одағының деректері:

      Атауы ________________________________________________________

      БСН _________________________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты, (бар болса), тегі ______________________

      мекенжайы __________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі _________________________________________

      2. Екінші деңгейлі банктегі тексеру одағының ағымдағы шотының мәліметтері:

      БСН _________________________________________________________

      Кбе _________________________________________________________

      Банк деректемелері ___________________________________________

      Банк атауы ___________________________________________________

      БСК _________________________________________________________

      ЖСК ________________________________________________________

      БСН ________________________________________________________

      Кбе ________________________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит жүргізілгенін растайтын шот-фактура туралы мәліметтер:

      шот-фактура нөмірі ___________________________________________

      берілген күні _________________________________________________

      4. Ішкі аудит қорытындысынан мәліметтер:

      Оған қатысты ішкі аудит жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативінің БСН-сы ____________________________________________________________;

      ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы _______________________;

      қорытынды берілген күн ______________________________________;

      қорытындыдағы ішкі аудит пікірі (сөзсіз оң, шартты оң, теріс, пікір білдіруден бас тарту).

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

  Өтінім беруші 20__ жылғы "__"
________ сағат 00:00 қол қойды
және жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күн мен уақыт
Өтінімнің қабылданғаны туралы
хабарлама:
Басқарма 20__ жылғы "__"
_____ сағат 00:00 қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күн мен уақыт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады