"Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1440 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қазанда № 17619 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8628 тіркелген, 2013 жылғы 26 қазандағы № 240 (28179) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасына:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің осы қағидасы "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Тағылымдамадан өтушілер кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар жеке практикамен айналысатын нотариустерде немесе мемлекеттік нотариустерде тағылымдамадан өтеді.

      3. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам аумақтық нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Нотариуста тағылымдамадан өтушілер тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу тәртібі";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тағылымдамадан өту мерзімі кемінде бір жылды құрайды".

      7-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Республикалық нотариаттық

      палатаның төрайымы

      _________ Ә.Б. Жанәбілова

      2018 жылғы қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады