"Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 531 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қазанда № 17628 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14438 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 29 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.";

      Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру қағидаларында:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.";

      3-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) аккредиттеу органы – өзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Танылған аккредиттеу органдарының тізілімі (бұдан әрі – 1-тізілім) – білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;";

      4-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кіру;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстандық аккредиттеу агенттіктері үшін сараптамалық комиссия құрамында кем дегенде бір шетелдік сарапшы, ал шетелдік аккредиттеу агенттіктері үшін комиссия құрамының үштен бір бөлігі қазақстандық ғылым кандидаты немесе ғылым докторы, (РhD) докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежелері бар және (немесе) институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу саласында не аккредиттелетін білім беру ұйымының мамандар даярлау бейіні бойынша тәжірибесі бар кәсіби қауымдастықтардың өкілдері болып табылатын сарапшылардың болуы;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Аккредиттеу органы осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) құрылтай құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері. Құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде олардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы талап етіледі;

      3) аккредиттеу органының ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдары тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына енгендігін растайтын құжат;

      4) материалдық ресурстардың бар екенін растайтын құжаттар;

      5) тартылған сарапшылар туралы құжаттар.

      Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық қауымдастықтың, Сапаны қамтамасыз ету бойынша Азия-Тынық мұхит желілері және АҚШ Жоғары білім беру жүйесін аккредиттеу кеңесінің Халықаралық сапа тобының толық құқылы мүшесі болып табылатын шетелдік аккредиттеу органы Республикалық аккредиттеу кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) шешімімен білім беру ұйымының ұсынысы негізінде 1-тізілімге енгізіледі.

      Білім беру ұйымы шетелдік аккредиттеу органының осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін құжаттарды ұсынады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Аккредиттеу органының тану үшін ұсынған құжаттары уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан, Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының және білім беру саласы қызметкерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерінен қалыптастырылатын Кеңесте қаралады. Кеңес мүшелерінің саны кемінде 9 адам болуы тиіс. Кеңестің құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі. Кеңестің қызметін қамтамасыз ететін жұмыс органы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Аккредиттеу органы:

      1) аккредиттеу органы өз еркімен қызметін тоқтату туралы өтініш берген немесе аккредиттеу органы таратылған;

      2) аккредиттеу органы ЭЫДҰ аккредиттеу органдарының тізілімдерінен және (немесе) қауымдастықтарынан шығарылған жағдайда 1-тізілімнен шығарылады.

      1-тізілімге енгізілген аккредиттеу органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аккредиттеу органдары жыл сайын қызметтің негізгі нәтижелері сипатталған және сарапталған талдамалық ақпарат ұсынады.

      Уәкілетті орган бес жылда бір рет аккредиттеу органы қызметінің нәтижелеріне сырттай бағалау жүргізеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      жоғарыдағы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Аккредиттеу органдарын, оның
ішінде шетелдік аккредиттеу
органдарын тану және танылған
аккредиттеу органдарының,
аккредиттелген білім беру
ұйымдарының және білім беру
бағдарламаларының тізілімдерін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

      жоғарыдағы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Аккредиттеу органдарын, оның
ішінде шетелдік аккредиттеу
органдарын тану және танылған
аккредиттеу органдарының,
аккредиттелген білім беру
ұйымдарының және білім беру
бағдарламаларының тізілімдерін
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      жоғарыдағы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Аккредиттеу органдарын, оның
ішінде шетелдік аккредиттеу
органдарын тану және танылған
аккредиттеу органдарының,
аккредиттелген білім беру
ұйымдарының және білім беру
бағдарламаларының тізілімдерін
қалыптастыру қағидаларына
3-қосымша";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      жоғарыдағы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Аккредиттеу органдарын, оның
ішінде шетелдік аккредиттеу
органдарын тану және танылған
аккредиттеу органдарының,
аккредиттелген білім беру
ұйымдарының және білім беру
бағдарламаларының тізілімдерін
қалыптастыру қағидаларына
4-қосымша";

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:

      жоғарыдағы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Аккредиттеу органдарын, оның
ішінде шетелдік аккредиттеу
органдарын тану және танылған
аккредиттеу органдарының,
аккредиттелген білім беру
ұйымдарының және білім беру
бағдарламаларының тізілімдерін
қалыптастыру қағидаларына
5-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады