"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылау саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 582 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 746 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қарашада № 17681 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 шiлдедегi № 540 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 29.07.2020 № 540 (14.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылау саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 582 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12317 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда жарияланды):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылау саласындағы тексеру парағы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесі қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментіне (А. Арыстанов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2018 жылғы 24 қазандағы
  № 746 бұйрығына
  қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2015 жылғы 8 шілдедегі
  № 582 бұйрығымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылау саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _________________________________

      ______________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт _________________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ______________________

      ______________________________________________________________________

      Тексерілетін бақылау субъектісінің (объектісінің) БСН (ЖСН) ___________________

      ______________________________________________________________________

      Объектінің орналасу мекенжайы _________________________________________

      Күзет қызметі субъектісінің атауы (бар болған жағдайда) _____________________

      ______________________________________________________________________

      (күзет қызметіне шарттың №)

      Тексеру "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 10-3-бабында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық

      актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 75264 болып тіркелген "Террористік тұрғыдан осал

      объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы" Қазақстан

      Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 қаулысында, сондай-ақ

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде

      № 88210 болып тіркелген "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы

      қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің

      2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысында белгіленген талаптардың негізінде жүзеге

      асырылады.


р/с

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1. Террористік тұрғыдан осал объектілердің барлық санаттары үшін

1.1.

Объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты құрастырылған





1.2.

Объекті персоналын үй-жайларды қарау техникасына, жарылғыш құрылғылар орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқыту іс-шаралары өткізілген





1.3.

Жасалған терроризм акті салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қауіптерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен әрекеттерді пысықтау бойынша іс-шаралар өткізілген





2. Террористік тұрғыдан осал аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер үшін

2.1. Периметрдің инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар

2.1.1.

Аумағы бар объекті периметрі бойынша адамдар мен көлік құралдарының бақылау-өткізу пунктін орап өтіп, объектіге және объектіден еркін өтуіне кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталған






Қоршау мынадай талаптарға сәйкес келеді:


еркін өтуді болдырмайтын және объектінің режимдік шарттарын қанағаттандыратын биіктігі бар әрі жерге терең орнатылған





одан өтуді жеңілдететін түйіндер мен конструкциялар жоқ





Сыртқы қоршауда жабылмайтын есіктер, қақпалар, кішкене қақпалар, сондай-ақ тесіктер, сыналар және басқа да зақымданулар жоқ





2.1.2.

Периметр мынадай құралдармен жарақталған:


Жарықтандыру





Байланыс





2.1.3.

Объекті периметрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инженерлік-техникалық конструкциялар мынадай сипаттамаларға сәйкес:


барлық маусымдар мен тиісті климаттық аймақтардың сыртқы климаттық факторларына төзімді





индустриялық кедергілерден және көлік құралдары, құстар мен жануарлар туындататын кедергілерден қорғалған





2.1.4.

Объектіде өткізу режимі орнатылған





2.1.5.

Өткізу режимі орнатылған объектілер үшін – мынадай сипаттамалары бар бақылау-өткізу пункттерінің (бұдан әрі - БӨП) болуы:


БӨП ғимараттарының (үй-жайларының) сыртқы қоршау конструкциялары (қабырғалар мен жабындар):


құқыққа қарсы сипаттағы іс-әрекеттерді қоса алғанда, сыртқы әсерлерге төзімді





жақсы шолынуы бар





БӨП мыналармен жабдықталған:



автоматтандырылған немесе механикалық қол құрылғылармен, турникеттермен, адамдардың санкциясыз өтуіне жол бермеуге арналған кішкене қақпалармен





жұмысшылар мен қызметшілердің жеке заттарын сақтайтын сақтау камерасымен





тексеріп қарау бөлмесімен





күзет бөлімшесі қызметкерлерін орналастыруға арналған қызметтік үй-жаймен





техникалық қауіпсіздік жүйелерімен (концентраторлар, пульттер, күзеттік телевизияның бейнебақылау құрылғылары және т.с.с)





өткелді (өтуді) ашу тетіктерін және күзеттік жарықтандыруды басқару құрылғыларымен





байланыс құралдарымен





өрт сөндіру құралдарымен





орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған дабыл сигнализациясы жүйесімен





санитариялық тораппен






Көліктік БӨП мынадай қосымша сипаттамаларға сәйкес:


Автокөліктік БӨП адамдар өтуге арналған орталық БӨП-ге жақын жерде орналасқан





БӨП электрөткізгіші бар және қашықтықтан басқарылатын үлгілік жылжымалы немесе айқара ашылатын қақпалармен, оларды авариялық тоқтатуға және қолмен ашуға арналған құрылғылармен жабдықталған





Қақпалар өздігінен ашылуды (қозғалуды) болдырмайтын шектеуіштермен немесе бекіткіштермен жарақталған





Автокөлік құралдарына арналған БӨП оларды тексеріп қарауға арналған қарау алаңдарымен немесе эстакадалармен, шлагбаумдармен жабдықталған





теміржол көлігіне арналған БӨП жылжымалы теміржол құрылымын тексеріп қарауға арналған мұнарамен және алаңмен жабдықталған





Қақпаны басқару пульті бөгде адамдардың қол жеткізуін болдырмайтын орындарға орналастырылған





2.2. Ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар

2.2.1.

Ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы эвакуациялау есіктерінің іштен кілтсіз ашылмайтын бекіткіштері жоқ





2.2.2.

Ортақ дәлізге алып баратын баспалдақ алаңдарының есіктері, лифт холлдары мен тамбур-шлюздердің есіктерінде:


өздігінен және тығыз жабылатын құрылғылар жабдықталған





кілтсіз ашылуға кедергі келтіретін бекітулері жоқ





2.2.3.

Ғимараттар мен құрылыстардың аумағына құдықтар, люктер, өтетін тесіктер, шахталар, ашық құбырлар, арналар және басқа осыған ұқсас құрылыстар арқылы енуге болатын кіретін және шығатын жерлері бар жерасты және жерүсті коммуникациялары тұрақты немесе алынатын темір торлармен, қақпақтармен, бекітілетін құрылғылары бар есіктермен жабдықталған





2.2.4.

Тұрақты құрылғылар ашылмайтын барлық коммуникацияларға, сондай-ақ диаметрі 250 миллиметрден (кесіндісі 250 х 250 миллиметрден көп) асатын барлық ойықтарға орнатылған





2.3. Күзет бөлімшесі үй-жайларының инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар

2.3.1.

Күзет бөлімшесі үй-жайларының болуы





2.3.2.

Күзет бекеттерінің инженерлік конструкциялары (бақылау мұнаралары, бекеттік саңырауқұлақ тәріздес қалқалар мен үйшіктер, тосқауыл түріндегі дуалдар) мынадай сипаттамаларға сәйкес:


мұнараларды жабдықтауға арналған техникалық құралдардың құрамы жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес





мұнараның конструкциясы күзетшіні атыс қаруымен зақымдаудан қорғауды қамтамасыз етеді





бекеттік саңырауқұлақ тәріздес қалқалар наряд соқпағынан 1 метрден аспайтын қашықтықтағы бекеттер учаскелерінің ортасында оpaналастырылған





бекеттік үйшіктер кірпіштен, ағаштан, құрама темір бетоннан, металл конструкциялардан, пластиктен, сығымдалған және ағаш бөлшектерден жасалған





температура минус 300С-ден төмен аудандарда бекеттік үйшіктерде жылыту көзделген





бекеттер учаскелерінің шекаралары шектеу белгілерімен айқындалған, олар нөмірленген және нарядтарға жақсы көрінетіндей және учаскенің сыртқы жағынан бөгде адамдарға көрінбейтіндей етіп біртіндеп орнатылған





2.4. Күзет сигнализациясы жүйесіне қойылатын талаптар

2.4.1.

Күзет сигнализациясы жүйесін бар болуы





2.4.2.

күзет сигнализациясы жүйесімен мынадай барлық үй-жайлар жабдықталған:


Құпия ақпарат немесе материалдық құндылықтар тұрақты немесе уақытша сақталатын барлық үй-жайлар, сондай-ақ олармен аралас барлық үй-жайлар





объекті ғимаратының периметрі бойынша бірінші және соңғы қабаттарда орналасқан бөлмелер мен осал орындар (терезе, есіктер, қақпақтар, желдеткіш шахталары мен қораптары)





2.4.3.

Күзет сигнализациясы жүйесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізілімінде аккредиттелген және тіркелген сертификаттау органдарында, сынақ зертханаларында (орталықтарында) белгіленген тәртіппен сертификаттаудан өтті





2.4.4.

Жалған іске қосу мен табу ықтималдығына айрықша жоғары пысықталуды талап ететін объектілерде әртүрлі әрекет етудің түрлі физикалық қағидатындағы датчикті ұштастыратын құрамдастырылған жүйесі орналастырылыған





2.4.5.

Күзет сигнализациясы жүйесімен күзеттің үш шебі жабдықталған






Күзеттің бірінші шебімен мыналар қорғалған:


объекті ғимараттары мен үй-жайларының периметрі бойынша құрылыс конструкциялары





коммуникацияларды іске қосу орындары, желдеткіш арналар және тағы басқалар





өрт сатыларына шығатын жерлер





күрделі емес және күрделі (егер оларды қорғау қажет болса) қабырғалар





Күзеттің екінші шебімен үй-жайлардың көлемі қорғалған





Күзеттің үшінші шебімен қоймалар, сейфтер, шкафтар немесе оларға келу жолдары қорғалған





2.4.6.

Ғимараттың (үй-жайының) периметрі бойынша күзет сигнализациясы жүйесі мыналарды келесі әркеттерге қарсы бұғаттайды:


есік оймаларын, тиеу-түсіру қақпақтарын - ашылуға және тесілуге





шынымен қапталған конструкцияларын - әйнектің "ашылуына" және "қирауына"





коммуникацияларды, күрделі емес және күрделі (егер қажет болса) іске қосу орындарын - "тесілуге"





желдеткіш қораптарды, түтін өткізгіштерді және басқаларын - "қиратуға" және "соғу әсеріне"





2.4.7.

Күзетілетін аймақтар сындарлы аймақтарға кез келген тұсынан келгенде, кемінде күзеттің екі шебі бұзушылықты тіркейтіндей түрде орналастырылған





2.4.8.

Күзеттің әр шебінен келген дабыл хабарламасы орталықтандырылған бақылау пультіне немесе объектінің ішкі күзет пультіне шығарылған





2.4.9.

Ішкі күзет пульттері күзет бөлімшелерінің қызметтік үй-жайларында немесе осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда орналастырылған





2.5. Кіруді бақылау және басқару жүйесіне қойылатын талаптар (КББЖ)

2.5.1.

КББЖ-ның болуы





2.5.2.

КББЖ мынаны қамтамасыз етеді:


бақылау пункті арқылы күзетілетін үй-жайларға қызметкерлердің және объектіге келушілердің кіруін шектеуді





әр қызметкердің және объектіге келушінің келу-кету уақытын тіркеуді





ішкі үй-жайлардың ашылғаны туралы ақпарат алуды





кіру осы кіру аймағына (үй-жайға) берілген уақыт аралығында немесе оператордың бұйрығы бойынша рұқсат етілген сәйкестендіру белгісін оқығаннан кейін тосқауыл құрылғысының ашылуын





кіру осы кіру аймағына (үй-жайға) берілген уақыт аралығында рұқсат етілмеген сәйкестендіру белгісін оқығаннан кейін тосқауыл құрылғысының ашылуына тыйым салуды





басқару құрылғыларындағы сәйкестендіру белгілерін санкцияланған өзгертуді (қосу, өшіру) және олардың кіру аймақтарымен (үй-жайлармен) және кірудің уақыт интервалдарымен байланысын қамтамасыз етуді





сәйкестендіру белгілерін өзгерту (қосу, жою) үшін басқару құрылғысы құралдарының бағдарламаларына санкциясыз енуден қорғауды





техникалық және бағдарламалық құралдарды басқару, режимді орнату элементтеріне және ақпаратқа санкциясыз қол жеткізуден қорғауды





электр қуаты өшкен кезде сәйкестендіру белгілерінің бабы мен деректер базасын сақтауды





төтенше жағдайлар, өрт, техникалық ақаулар кезінде белгіленген режим қағидаларына және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес тосқауыл құрылғыларын қолмен, жартылай автоматты немесе автоматты түрде ашуды





жүйе операторының жұмыс орнынан кіру жүйесімен жабдықталған кез келген есіктің ашылуын немесе бұғатталуын





рұқсат берілген сәйкестендіру белгісі оқылғаннан кейін өтетін жерден белгілі бір уақыттан кейін өту фактісі болмаған кезде тосқауыл құрылғысының автоматты түрде жабылуын





сәйкестендіру белгілерін (кодын) іріктеуге әрекет жасалған кезде тосқауыл құрылғысының белгілі бір уақытқа жабылуын және дабыл белгісінің берілуін





ағымдағы және алаңдататын оқиғалардың тіркелуін және хаттамаға енгізілуін





басқару құрылғысымен байланыс болмаған кезде кіретін әрбір нүктедегі тосқауыл құрылғысынан оқығыштың дербес жұмысын қамтамасыз етуін





2.5.3.

КББЖ оқығыштары мынадай функцияларды орындайды:


сәйкестендіргіштерден сәйкестендіру белгісін оқуды





енгізілген сәйкестендіру белгісін жадыда немесе басқару құрылғысының деректер базасында сақталғандармен салыстыруды





пайдаланушыны сәйкестендірген кезде тосқауыл құрылғысының ашылу сигналын қалыптастырды





басқару құралымен ақпарат алмасуды





2.5.4.

КББЖ басқару құрылғылары мынадай функцияларды орындайды:


оқығыштардан ақпаратты қабылдауды, оны өңдеуді, берілген түрде көрсетуді және тосқауыл құрылғыларын басқару сигналдарын жасауды





олардың кіру сипаттамаларын (кодын, кірудің уақыт аралығын, рұқсат деңгейі және басқалар) беру мүмкіндігімен объект қызметкерлерінің деректер қорын енгізуді





қызметкерлердің кіру нүктесінен өтуін тіркейтін электрондық журналды жүргізуді





кіру нүктелеріндегі қауіпті ахуалдар туралы ақпаратты басым түрде шығаруды





тосқауыл құрылғыларының, оқығыштар мен байланыс желілері жай-күйінің ақаусыздығын бақылауды





2.5.5.

КББЖ сәйкестендіру белгілерін іріктеу немесе таңдау арқылы манипуляциядан қорғалған, ал конструкциясы сыртқы пішіні мен құрама бөлшектеріндегі жазбалары қолданылатын кодтардың әшкереленуіне әкеп соқтырмайды





2.5.6.

Объектіні КББЖ-мн жарақтандыру кірудің негізгі үш аймағында жүргізіледі:






бірінші аймақ - персоналдың, келушілердің кіруі шектелмеген ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар





екінші аймақ - кіру персоналдың шектелген құрамына, сондай-ақ бір реттік рұқсат қағаздары бойынша немесе объект персоналының ілесіп жүруімен келушілерге рұқсат етілген үй-жайлар





үшінші аймақ - қатаң түрде белгіленген қызметкерлер мен басшылардың кіруіне болатын объектінің арнайы үй-жайлары





2.5.7.

Адамдарды бақылау пункті арқылы объектіге өткізу мыналар бойынша жүзеге асырылады:


бірінші кіру аймағында бір сәйкестендіру белгісі бойынша





екінші кіру аймағында екі сәйкестендіру белгісі бойынша





үшінші кіру аймағында екі немесе одан көп сәйкестендіру белгілері бойынша





2.5.8.

КББЖ-мен мыналар жабдықталған:


объектіге негізгі және қызметтік кіру есіктері





ғимаратқа кіруге арналған сыртқы есік





қызметтік үй-жайлардың есіктері





күзет бөлімшелері үй-жайларының есіктері





орталықтандырылған бақылау пункті үй-жайларының есіктері





2.6. Телевизиялық бейнебақылау жүйесіне қойылатын талаптар

2.6.1.

Телевизиялық бейнебақылау жүйесі бар болуы





2.6.2.

Телевизиялық бейнебақылау жүйес мыналарды қамтамасыз етеді:


күзетілетін аймақтардың, үй-жайлардың, периметрдің және объекті аумағының жай-күйі туралы көрінетін ақпаратты автоматтандырылған режимде күзет бөлімшесінің арнайы бөлінген үй-жайындағы жергілікті бақылау пунктінің не болмаса орталықтандырылған күзет пунктінің мониторларына беруді





оқиғаны кейін талдау үшін бейнеақпаратты мұрағаттауды





оқиғаны автоматты режимде немесе оператордың бұйрығымен бейнеқұжаттауды





бұрын жазылған ақпаратты жаңғыртуды





телекамераның уақытты, күнді беру және сәйкестендіргіш арқылы бейнежазуға жедел енуді





2.6.3.

Телевизиялық бейнебақылау жүйесімен мыналар жабдықталған:


аумақтың периметрі





бақылау-өткізу пункттері





тексеріп қарау үй-жайлары (бөлмелері), көлікті тексеріп қарау аймағы





негізгі және қосымша есіктер





сындарлы аймақтағы аумақтар мен үй-жайлар, олардың дәліздері





2.6.4.

Объектінің аумағын немесе периметрін бақылауға арналған бейнекамералар климаттық аймаққа сәйкес сыртта орнату үшін климаттық факторлардың әсер етуі жағдайында жұмыс істеуі не климаттық факторлардың әсер етуі кезінде жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін қапталған термоқалталарда орналастырылған





2.6.5.

Күзетілетін аймақтағы жарықтандыру телекамералардың сезімталдығынан төмен болған жағдайда – телекамералардың шолу аймағымен сәйкес келетін көрінетін немесе инфрақызыл жарық диапазонының күзеттік жарықтандырылуын болуы





2.7. Жедел байланыс жүйесіне қойылатын талаптар

2.7.1.

Жедел байланыс жүйесінің болуы





2.7.2.

Жедел байланыс жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді:



белгіленген тәртіппен бөлінген жедел байланыс жүйелері үшін жиілік диапазондарындағы жұмысты





күзет пунктіндегі кезекші мен қызмет көрсету аумағындағы күзет нарядтарының арасындағы екіжақты радиобайланысты





күзет нарядтары арасындағы қызмет көрсету аумағының шегінде екіжақты радиобайланысты





күзетілетін объектілер мен іргелес жатқан аумақта орнатылған байланысты жеткілікті қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету сыйымдылығы мен аймағын





берілетін ақпараттың қорғалуын





негізгісі өшіп қалған кезде базалық жабдықтың, коммутация орталығының және жүйенің диспетчерлік орталығының резервтік электрмен қоректендіруге автоматты түрде ауысу (және керісінше) мүмкіндігін. Резервтік қорек көзінен жұмыс істеу уақыты - кемінде 2 сағат.





2.7.3.

Жедел байланыс жүйесі құрауыштарының конструкциясы оларды пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу кезінде қызмет көрсететін персоналдың электр қауіпсіздігін қамтамасыз етеді





2.8. Хабардар ету жүйесіне қойылатын талаптар

2.8.1.

Хабардар ету жүйесінің болуы





2.8.2.

Хабардар ету жүйесі мыналарды жүзеге асырады:


ғимараттарға, үй-жайларға, адамдар тұрақты түрде немесе уақытша болатын объекті аумағындағы учаскелерде дыбыстық және (немесе) жарықтық сигналдар беруді





қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттілігі мен жолдары, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы сөйлеу ақпаратын трансляциялауды





"Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес хабардар ету сигналдарын жеткізуді





Объектіде хабардар ету жоспары бар, оның ішінде мыналар қамтылған:






лауазымдық міндеттерінде штаттан тыс жағдайлардың алдын алу немесе олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуы көзделген қызметкерлерді шақыру схемасы





штаттан тыс жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарын регламенттейтін нұсқаулықтар





эвакуациялау жоспарлары





хабардар ету сигналдарының жүйесі





2.8.3.

Хабардар ету жүйесінің іс-қимылы барысында адамдарды эвакуациялау мыналармен сүйемелденеді:


авариялық және күзеттік жарықтандыруды қосумен





эвакуациялық процесті қиындататын (өтетін жерлерде, тамбурларда, баспалдақ алаңдарында және басқа жерлерде адамдардың топталуы) дүрбелеңнің және басқа да көріністердің алдын алуға бағытталған арнайы әзірленген мәтіндердің хабардар ету жүйесі арқылы берумен





эвакуациялау бағыттары мен жолдардың жарық нұсқағыштарын автоматты қосумен





қосымша эвакуациялық шығу есіктерін автоматты ашумен (мысалы, электр магниттік құлыптармен жабдықталған)





2.8.4.

Хабардар ету сигналдары басқа мақсаттағы сигналдардан ерекшеленеді





2.8.5.

Хабарлағыштардың саны мен олардың қуаты адамдар тұрақты немесе уақытша болатын барлық жерлерде қажетті естілуді қамтамасыз етеді





2.9. Күзеттік жарықтандыруға қойылатын талаптар

2.9.1

Күзеттік жарықтандырудың болуы





2.9.2.

Периметр бойынша күзеттік жарықтандыру желісі сыртқы жарықтандыру желісінен жеке орнатылып, жеке-дара учаскелерге бөлінген





2.9.3.

Негізгі және ішкі қосалқы қоршауды жарықтандырудың (жарық беруі кемінде 100 люкс) жергілікті анықтау учаскелерін ескере отырып, периметрді қорғау жүйелерінен қосылу мүмкіндігі бар





2.9.4.

Күзеттік жарықтандыру аспаптары және олардың орналасуы мынадай сипаттамаларға сәйкес болып табылады:


күзеттік жарықтандыру аспаптары ретінде мол жарық беретін прожекторлар, қыздыру лампалары немесе балама үлгідегі шамдар қолданылады





жарықтандыру аспаптары бекет күзетшілері мен БӨП бақылаушыларының көздерін қарықтырмайтындай орналастырылылған





жарықтандыру жолағы күзет бекеттеріне, нарядтардың соқпағына, бекеттік саңырауқұлақтарға түспейді





шамдар арасындағы арақашықтық, олардың қуаты мен конструкциясы жарықтандыру нормалары бойынша қажетті жарықтың жаппай, біркелкі жолағын жасау есебінен алынған





2.9.5.

күзеттік жарықтандыру мыналармен қамтамасыз етіледі:


шамдардың жарық нүктелері бүркемеленетіндей және ені кемінде 3 метр тұтас жолақты құрайтындай қажетті біркелкі жарықтандырумен





техникалық құралдар іске қосылған кезде бір учаске немесе бүкіл периметр бойынша жарықтандырудың автоматты түрде қосылу мүмкіндігімен





жарықтандыруды басқару - кез келген учаскені немесе бүкіл периметрдегі жарықтандыруды қосу мүмкіндігімен





2.9.6.

Күзеттік жарықтандыру шамдары аумақтың ішкі қоршау желісіне тікелей жақын, қызмет көрсету үшін қолайлы және қауіпсіз жерлерде орнатылған





2.9.7.

Қосымша авариялық жарықтандыру мынадай сипаттамаларға сәйкес болып табылады:


қарауылдардың үй-жайлары, БӨП-тер, ғимаратқа кіретін жерлер, санатты үй-жайлардың дәліздері авариялық жарықтандырумен қосымша жабдықталған





жұмыстық жарықтандыру авариялық жарықтандыруға және кері ауыстыру автоматты түрде жүзеге асырылады





2.9.8.

Автокөлік және теміржол БӨП-терін жарықтандыру:


көлікті және тасымалданатын жүктерді тексеріп қарауды қамтамасыз етеді





жарықтандыру аспаптарының орналасуы тексеріп қаралатын көліктің біркелкі, оның ішінде астынан да жарықтануына, қажет болған жағдайда тасымалданатын жарықтандыруды пайдалануға мүмкіндік береді





2.10. Күзет сигнализациясы кіруді бақылау және басқару, телевизиялық бейнебақылау және жарықтандыру жүйелерінің электрмен қоректендірілуіне қойылатын талаптар

2.10.1.

Мыналардың үздіксіз қоректендіру көздерінің болуы:


күзет сигнализациясында





КББЖ-да





телевизиялық бейнебақылау жүйесінде





хабардар ету жүйесінде





2.10.2.

Үздіксіз қоректендіру көздері негізгі желілік қоректену болмаған кезде мыналардың кемінде 12 сағат жұмысын қамтамасыз етеді:


күзет сигнализациясының





КББЖ-ның





2.10.3.

Автономды резервтік электрмен қоректендіру көздері КББЖ, телевизиялық бейнебақылау жүйесінің, күзет және кезекші жарықтандырудың жұмысын:


қалаларда және қала үлгісіндегі кенттерде - кемінде 24 сағат қамтамасыз етеді





ауылдық аудандарда - кемінде 48 сағат қамтамасыз етеді





бару қиын аудандарда - кемінде 72 сағат қамтамасыз етеді





3. Террористік тұрғыдан осал 1-ші топтың адамдар көп жиналатын объектілері үшін

3.1. Телевизиялық бейнебақылау жүйесіне қойылатын талаптар

3.1.1.

Телевизиялық бейнебақылау жүйесінің болуы





3.1.2.

Телевизиялық бейнебақылау жүйесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімінде аккредиттелген және тіркелген сертификаттау органдарында, сынақ зертханаларында (орталықтарында) белгіленген тәртіппен сертификаттаудан өткен





3.1.3.

Телевизиялық бейнебақылау жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді:


көрнекі ақпаратты күзет бөлімшесінің арнайы бөлінген үй-жайында (болған жағдайда) не болмаса орталықтандырылған күзет пунктінде орналасқан техникалық құралға немесе жинауға, өңдеуге, көрсетуге және тіркеуге арналған техникалық құрал жиынтығына беруді қамтамасыз етеді





ақпаратты кемінде 30 тәулік сақтау мерзімін





автоматтандырылған режимдегі жұмысты





3.1.4.

Телевизиялық бейнебақылау жүйесі күзетілетін аймақтардағы (аумақтағы, үй-жайлардағы) ахуалға бақылау жүргізуге, сондай-ақ санкциясыз ену фактісін көзбен шолып растауға, ахуалды бағалауға және құқық бұзушыларды сәйкестендіруге мүмкіндік береді





3.1.5.

Жекелеген ғимаратта (ғимараттар кешенінде) орналасқан объектідегі телевизиялық бейнебақылау жүйесімен мыналар жабдықталған:


объектіге іргелес жатқан аумақтың периметрі





бақылау-өткізу пункттері (бар болса)





тексеріп қарау үй-жайлары (бөлмелері) және көлікті тексеріп қарау аймағы (бар болса)





бас және қосалқы кіру есіктері





адамдар көп жиналатын үй-жайлар (орындар)





3.1.6.

Ғимараттың бір бөлігінде орналасқан объектідегі телевизиялық бейнебақылау жүйесімен мыналар жабдықталған:


адамдар көп жиналатын үй-жайлар (орындар)





бас және қосалқы кіру есіктері (бар болса)





3.1.7.

Егер тәуліктің қараңғы уақытында күзетілетін аймақтағы жарықтандыру телекамералардың сезімталдығынан төмен болса - телекамералардың шолу аймағымен сәйкес келетін көрінетін немесе инфрақызыл жарық диапазонының күзеттік жарықтандырылуы бар





4. Террористік тұрғыдан осал 2-ші топтың адамдар көп жиналатын объектілері үшін

4.1. Күзет сигнализациясы жүйесіне қойылатын талаптар

4.1.1.

Күзет сигнализациясы жүйесінің болуы





4.1.2.

Күзет сигнализациясы жүйелері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімінде аккредиттелген және тіркелген сертификаттау органдарында, сынақ зертханаларында (орталықтарында) белгіленген тәртіппен сертификаттаудан өткен





4.1.3.

Күзет сигнализациясы жүйелері мынадай сипаттамаларға сәйкес болып табылады:






санкциясыз кіру туралы хабарлайды





электрмен қоректендіру көздерін негізгіден резервтікке және кері қайта қосу кезінде жалған дабылдар бермейді





оларды басқаруға санкциясыз енуден қорғалады





4.2. Кіруді бақылау және басқару жүйесіне қойылатын талаптар (КББЖ)

4.2.1.

КББЖ-ның болуы





4.2.2.

КББЖ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімінде аккредиттелген және тіркелген сертификаттау органдарында, сынақ зертханаларында (орталықтарында) белгіленген тәртіппен сертификаттаудан өткен





4.2.3.

КББЖ мынадай сипаттамаларға сәйкес болып табылады:






объектілердегі өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді





объектіні кірудің негізгі үш аймағына бөлуді көздейді






бірінші аймақ - персоналдың, келушілердің кіруі шектелмеген ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар





екінші аймақ - кіру персоналдың шектелген құрамына, сондай-ақ бір реттік рұқсат қағаздары бойынша немесе объект персоналы ілесіп жүретін келушілерге рұқсат етілген үй-жайлар





үшінші аймақ - қатаң түрде белгіленген қызметкерлер мен басшылардың кіруіне болатын объектінің арнайы үй-жайлары





екінші және үшінші аймақтағы кіру шектелген үй-жайларға санкциясыз кіруді болдырмауды қамтамасыз етеді





сәйкестендіру белгілерін іріктеу немесе таңдау арқылы манипуляциядан қорғалған, ал конструкциясы сыртқы пішіні мен құрама бөлшектеріндегі жазбалар қолданылатын кодтардың әшкереленуіне әкеп соқтырмайды





4.3. Телевизиялық бейнебақылау жүйесіне қойылатын талаптар

4.3.1.

Телевизиялық бейнебақылау жүйесінің болуы





4.3.2.

Телевизиялық бейнебақылау жүйесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімінде аккредиттелген және тіркелген сертификаттау органдарында, сынақ зертханаларында (орталықтарында) белгіленген тәртіппен сертификаттаудан өткен





4.3.3.

Телевизиялық бейнебақылау жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді:






көрнекі ақпаратты күзет бөлімшесінің арнайы бөлінген үй-жайында (болған жағдайда) не болмаса орталықтандырылған күзет пунктінде орналасқан техникалық құралға немесе жинауға, өңдеуге, көрсетуге және тіркеуге арналған техникалық құрал жиынтығына беруді қамтамасыз етеді





ақпаратты кемінде 30 тәулік сақтау мерзімін





автоматтандырылған режимдегі жұмысты





4.3.4.

Телевизиялық бейнебақылау жүйесі күзетілетін аймақтардағы (аумақтағы, үй-жайлардағы) ахуалға бақылау жүргізуге, сондай-ақ санкциясыз ену фактісін көзбен шолып растауға, ахуалды бағалауға және құқық бұзушыларды сәйкестендіруге мүмкіндік береді





4.3.5.

Жекелеген ғимаратта (ғимараттар кешенінде) орналасқан объектідегі телевизиялық бейнебақылау жүйесімен мыналар жабдықталған:






объектіге іргелес жатқан аумақтың периметрі





бақылау-өткізу пункттері (бар болса)





тексеріп қарау үй-жайлары (бөлмелері) және көлікті тексеріп қарау аймағы (бар болса)





бас және қосалқы кіру есіктері





адамдар көп жиналатын үй-жайлар (орындар)





4.3.6.

Ғимараттың бір бөлігінде орналасқан объектідегі телевизиялық бейнебақылау жүйесімен мыналар жабдықталған:






адамдар көп жиналатын үй-жайлар (орындар)





бас және қосалқы кіру есіктері (бар болса)





4.3.7.

Егер тәуліктің қараңғы уақытында күзетілетін аймақтағы жарықтандыру телекамералардың сезімталдығынан төмен болса - телекамералардың шолу аймағымен сәйкес келетін көрінетін немесе инфрақызыл жарық диапазонының күзеттік жарықтандырылуы бар





4.4. Хабардар ету жүйесіне қойылатын талаптар

4.4.1.

Хабардар ету жүйесінің болуы





4.4.2.

Хабардар ету құралдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімінде аккредиттелген және тіркелген сертификаттау органдарында, сынақ зертханаларында (орталықтарында) белгіленген тәртіппен сертификаттаудан өткен





4.4.3.

Объектіде хабардар ету жоспары бар, оның ішінде мыналар қамтылған:






лауазымдық міндеттерінде штаттан тыс жағдайлардың алдын алу немесе олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуы көзделген қызметкерлерді шақыру схемасы





штаттан тыс жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарын регламенттейтін нұсқаулықтар





эвакуациялау жоспарлары





хабардар ету сигналдарының жүйесі





4.4.4.

Хабардар ету жүйесі мыналарды қамтамсыз етеді:






ғимараттарға, үй-жайларға, адамдар тұрақты түрде немесе уақытша болатын объекті аумағындағы учаскелерде дыбыстық және (немесе) жарықтық сигналдар беруді





қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттілігі мен жолдары, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы сөйлеу ақпаратын трансляциялауды





"Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес хабардар ету сигналдарын жеткізуді





4.4.5.

Хабардар ету жүйесінің іс-қимылы барысында адамдарды эвакуациялау мыналармен сүйемелденеді:






авариялық және күзеттік жарықтандыруды қосумен





эвакуациялық процесті қиындататын (өтетін жерлерде, тамбурларда, баспалдақ алаңдарында және басқа жерлерде адамдардың топталуы) дүрбелеңнің және басқа да көріністердің алдын алуға бағытталған арнайы әзірленген мәтіндердің хабардар ету жүйесі арқылы берумен





эвакуациялау бағыттары мен жолдардың жарық нұсқағыштарын автоматты қосумен





қосымша эвакуациялық шығу есіктерін автоматты ашумен (мысалы, электр магниттік құлыптармен жабдықталған)





      Ішкі істер органдарының лауазымды тұлғалары:

      _________________ __________ __________________________________________

      (лауазымы)       (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      _________________ __________ __________________________________________

      (лауазымы)       (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Объект басшысы не оның функцияларын атқаратын өзге адам:

      _________________ __________ __________________________________________

      (лауазымы)      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады