БҰЙЫРАМЫН:
1. "Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу қағидаларын және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 228 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16521 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу қағидаларына:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. АСШ қабылдау кезінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы АСШ қабылдау туралы сұрау салу түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді (бұдан әрі - Шешім) қабылдау жолымен кедендік сараптаманы тағайындайды. Шешімге "Кеден органының лауазымды тұлғасы сараптамаға жолдайтын тауарлар құжаттарының тізбесі" (бұдан әрі – Құжаттар тізбесі) Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 6/14 шешіміне қосымшада көзделген құжаттар қоса беріледі.
Кедендік сараптама тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүзеге асыру және АСШ қабылдау кезінде туындайтын мәселелерді түсіндіру үшін арнайы және (немесе) ғылыми білімдер талап етілетін жағдайда тағайындалады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кедендік сараптаманы жүргізу кезінде, кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы үш жұмыс күні ішінде уәкілетті кеден органының басшысына жазбаша және (немесе) электронды түрде Құжаттар тізбесіне сәйкес шешімді және материалдарды, осыған қоса кедендік сараптама жүргізуге керекті тауар сынамалары және (немесе) үлгілерін жолдайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Кедендік сараптама, АСШ қабылдау кезіндегі кедендік сараптаманы жүргізуді қоспағанда, кедендік сарапшы (сарапшы) кедендік сараптама жүргізуге арналған материалдар мен құжаттарды қабылдаған күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
АСШ қабылдау кезіндегі кедендік сараптама кедендік сарапшымен (сарапшымен) құжаттармен материалдарды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.";
16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасынан зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында кедендік сараптамаға ұсынылған, кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына қайтарылуға жататын тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді елеулі зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу қажет болғанда.
Уәкілетті кеден органы бір жұмыс күні ішінде кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына, кедендік сараптамаға ұсынылған құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді, зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында елеулі зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу үшін сұранысты жолдайды.
Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы сараптамаға ұсынылған құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді, зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында елеулі зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу үшін сұранысты қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті кеден органына жауап жолдайды.
Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы кедендік сараптамаға ұсынылған тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді зерттеу немесе сынақтар жүргізу барысында елеулі зақымдау немесе жоюдан бас тартқан жағдайда, уәкілетті кеден органы бір жұмыс күні ішінде кедендік сараптаманы жүргізуден бас тартуды ресімдейді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Кедендік сарапшының (сарапшының) шешуі үшін қойылған жекелеген сұрақтарға жауап беру мүмкін болмаған жағдайда, кедендік сарапшы (сарапшы) бұл туралы үш жұмыс күні ішінде кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органын жауап беру мүмкіндігінің болмау себептерін көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік кірістер органының одан әрі сараптамалық қызметті жүзеге асыратын басқа да тәуелсіз ұйымдарға жүгінуі үшін хабардар етеді.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Қосымша кедендік сараптама Кодекстің 470-бабына сәйкес тағайындалады және Кодекстің 468-бабындағы көрсетілген мерзімінде жүргізіледі. ";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Қайталама кедендік сараптама Кодекстің 470-бабына сәйкес тағайындалады және Кодекстің 468-бабындағы көрсетілген мерзімінде жүргізіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | А. Смаилов |