Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу қағидаларын және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16521 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабының 2-тармағына, 46-бабының 1-тармағына, 466-бабының 6-тармағына және 468-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.01.2022 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті кеден органының кедендік сараптаманы жүргізу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысаны бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысының және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 392 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6387 болып тіркелген, 2010 жылғы 4 қыркүйектегі № 233 (26294) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 139 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрықтары тізбесінің 2-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13622 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 7 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 228 бұйрығына
1-қосымша

Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) уәкілетті кеден органының кедендік сараптаманы жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Уәкілетті кеден органы жүргізетін кедендік сараптама өзінің түрлері бойынша "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 466-бабының 5-тармағына, 470-бапқа сәйкес бөлінеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.01.2022 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу тәртібі 1-параграф. Кедендік сараптаманы жүргізу үшін материалдарды жолдау және құжаттар мен материалдарды қабылдау

      3. Кедендік сараптама тауарларды сыныптау туралы алдын-ала шешімді (бұдан әрі – АСШ) қабылдау кезінде және кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде тағайындалады.

      4. АСШ қабылдау кезінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы АСШ қабылдау туралы сұрау салу түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді (бұдан әрі - Шешім) қабылдау жолымен кедендік сараптаманы тағайындайды. Шешімге "Кеден органының лауазымды тұлғасы сараптамаға жолдайтын тауарлар құжаттарының тізбесі" (бұдан әрі – Құжаттар тізбесі) Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 6/14 шешіміне қосымшада көзделген құжаттар қоса беріледі.

      Кедендік сараптама тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүзеге асыру және АСШ қабылдау кезінде туындайтын мәселелерді түсіндіру үшін арнайы және (немесе) ғылыми білімдер талап етілетін жағдайда тағайындалады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 22.10.2018 № 929 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Кедендік сараптаманы жүргізу кезінде, кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы үш жұмыс күні ішінде уәкілетті кеден органының басшысына жазбаша және (немесе) электронды түрде Құжаттар тізбесіне сәйкес шешімді және материалдарды, осыған қоса кедендік сараптама жүргізуге керекті тауар сынамалары және (немесе) үлгілерін жолдайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 22.10.2018 № 929 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Шешімдер, құжаттар, материалдар және оларға қоса берілген зерттеу объектілері уәкілетті кеден органымен түскен күні қабылданады. Тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері, ыдыс, тауарлардың орамалары, кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге құжаттар, сондай-ақ осындай тауарлар мен құжаттарды сәйкестендіру құралдары кедендік сараптама объектілері болып табылады.

      7. Егер Шешімде ораманың жоқ екендігі көрсетілмесе, Шешімге қоса берілетін кедендік сараптама объектілері оралған және мөр басылған түрде қабылданады. Орамада орауды жүргізген тұлға туралы мәліметтерді, оның қолы мен күнін қоса алғанда, түсіндірме жазбаның болуы тиіс. Орамаға зақым келтірмей оның ішіндегіге қол жеткізу мүмкіндігін болдырмау қажет.

      8. Келіп түскен объектілердің орамаларын ашу, кедендік сараптаманы жүргізу тапсырылған кеден сарапшысымен (сарапшымен) ғана жүзеге асырылады.

      9. Кедендік сараптамаға жолданған объектілерде жеткізу (тасымалдау) кезінде зақымдану, бүліну не ішінара жоғалу болған кезде, олар бойынша зерттеулер және (немесе) сынақтар жүргізілмейді. Бұл ретте зақымдану, бүліну не ішінара жоғалу фактілерін уәкілетті кеден органы фото және бейнетүсірілім түрінде тіркейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.01.2022 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Кедендік сараптамалар өндірісін ұйымдастыру

      10. Кедендік сараптамалар өндірісін ұйымдастыру уәкілетті кеден органының басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға жүктеледі.

      11. Кедендік сараптама уәкілетті кеден органының үй-жайларында да, сондай-ақ, егер бұл объектілерді зерттеу (сынау) сипаты бойынша қажет не зерттеу (сынау) объектісін кедендік сараптамаға жеткізу мүмкін болмауына байланысты болған кезде, одан тыс жерлерде де жүргізіледі.

      12. Кедендік, оның ішінде қосымша және қайталама сараптама АСШ қабылдау кезіндегі кедендік сараптаманы жүргізуді қоспағанда, кедендік сарапшы (сарапшы) кедендік сараптама жүргізу үшін материалдар мен құжаттарды қабылдаған күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      АСШ қабылдау кезіндегі кедендік сараптама кедендік сарапшымен (сарапшымен) кедендік сараптама жүргізу үшін құжаттар мен материалдар қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.01.2022 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Кедендік сараптаманы Кодекстің 46-бабында көзделген мерзімдерден ұзағырақ мерзімдерде жүргізу жағдайлары осы Қағидалардың 3-параграфымен белгіленген.

      14. Кедендік сараптамаға келіп түскен құжаттар мен материалдар, бір жұмыс күні ішінде нақты кедендік сарапшыға (сарапшыға) не бірнеше кедендік сарапшыларға (сарапшыларға) беріледі.

3-параграф. Кедендік сараптаманы тоқтату тәртібі мен мерзімдері

      15. Кедендік сараптаманы ұзағырақ мерзімдерді жүргізу мынадай:

      1) қаралатын объектілерге қатысты қосымша ақпаратқа сұрау салған;

      2) кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамынан зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында кедендік сараптамаға ұсынылған, кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына қайтарылуға жататын тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді елеулі зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу қажет болған;

      3) уәкілетті мемлекеттік кірістер органы өзге уәкілетті сараптамалық ұйымдарға (сарапшыларға) жүгінген жағдайларда жүзеге асырылады.

      16. Кедендік, оның ішінде қосымша және қайталама сараптама жүргізу мерзімі Кодекстің 468-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік сараптамаға келіп түскен құжаттар мен материалдар тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның жазбаша рұқсатымен мынадай жағдайларда:

      1) кедендік сарапшының (сарапшының) кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органы алдында оған қосымша материалдарды, сондай-ақ сынамаларды және (немесе) үлгілерді беру туралы өтінішхаты болғанда.

      Кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі қосымша материалдарды, құжаттарды, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін алғанға дейін тоқтатыла тұрады. Егер аталған материалдар кедендік сарапшыға күнтізбелік отыз күн ішінде берілмесе, онда бұл жағдайда кедендік сараптама жүргізуден дәлелді бас тарту ресімделеді;

      2) кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасынан зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында кедендік сараптамаға ұсынылған, кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына қайтарылуға жататын тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді елеулі зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу қажет болғанда.

      Уәкілетті кеден органы кедендік сараптама тоқтатылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына, кедендік сараптамаға ұсынылған тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді, зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында елеулі зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу үшін сұранысты жолдайды.

      Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы кедендік сараптамаға ұсынылған тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді, зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында елеулі зақымдауға немесе жоюға сұранысты қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті кеден органына жауап жолдайды.

      Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы кедендік сараптамаға ұсынылған тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді, зерттеу немесе сынақтар жүргізу барысында елеулі зақымдау немесе жоюдан бас тартқан жағдайда, уәкілетті кеден органымен бір жұмыс күні ішінде кедендік сараптаманы жүргізуден бас тарту ресімделеді;

      3) кедендік сараптама жүргізуге кіріскен кедендік сарапшы (сарапшы) дәлелді себеппен болмағанда (еңбекке уақытша жарамсыздық, іссапар).

      Кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі кедендік сарапшы (сарапшы) болмаған кезде, күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады. Кедендік сарапшы (сарапшы) күнтізбелік он күннен артық мерзімде болмаған кезде, кедендік сараптаманы жүргізу басқа кедендік сарапшыға (сарапшыға) тапсырылады;

      4) уәкілетті мемлекеттік кірістер органы өзге уәкілетті сараптамалық ұйымдарға (сарапшыларға) жүгінгенде;

      5) мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптама жүргізу үшін тартқанда тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда кедендік, оның ішінде қосымша және қайталама сараптаманы тоқтата тұру мерзімі жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.01.2022 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Уәкілетті кеден органы бір жұмыс күні ішінде, кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органын кедендік сараптаманы тоқтата тұру туралы себептер мен негіздемелерді көрсете отырып, кедендік сараптаманы жүргізу мерзімінің тоқтатыла тұруы туралы хабардар етеді.

      18. Зерттеудің салыстыру (салыстырмалы) әдістерін қолдануды және әртүрлі ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануды талап ететін, ұзақ уақытты алатын кедендік сараптаманың екі және одан көп объектілеріне зерттеу жүргізу кезінде кедендік сараптама мерзімі Кодекстің 468-бабының 1-тармағына сәйкес, егер кедендік сараптама нәтижелері алынғанға дейін тауарларды шығару жүзеге асырылмайтын болса, тауарларды уақытша сақтау мерзімінен аспайтын мерзімге осындай ұзарту мерзімінің себептері көрсетіліп, уәкілетті кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның жазбаша рұқсатымен ұзартылады.

4-параграф. Кедендік сараптама нәтижелерін ресімдеу және жолдау

      19. Кедендік сараптама нәтижелері бойынша кедендік сарапшы (сарапшы) Кодекстің 469-бабына сәйкес Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын жасайды.

      20. Егер Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы: сынақ хаттамалары, зерттеу хаттамалары, фотокесте, ксерокөшірмелер, сызбалар, кестелер, сұлбалар, графиктер түріндегі, зерттеу және (немесе) сынақ барысын суреттейтін құрылғылар мен жабдықтардан басып шығарылған иллюстративті материалдар түріндегі материалдармен және құжаттармен қоса берілсе және алынған нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын болса, онда осындай материалдар мен құжаттар Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады.

      Жоғарыда көрсетілген материалдар мен құжаттарға кедендік сарапшының (сарапшының) қолы қойылады және уәкілетті кеден органының мөрімен немесе кедендік сарапшының (сарапшының) жеке мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.

      21. Кедендік сарапшының (сарапшының) шешуі үшін қойылған жекелеген сұрақтарға жауап беру мүмкін болмаған жағдайда, кедендік сарапшы (сарапшы) бұл туралы үш жұмыс күні ішінде кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органын жауап беру мүмкіндігінің болмау себептерін көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік кірістер органының одан әрі сараптамалық қызметті жүзеге асыратын басқа да тәуелсіз ұйымдарға жүгінуі үшін хабардар етеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 22.10.2018 № 929 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Уәкілетті кеден органы қажет болған жағдайда, оның алдында қойылған мәселелер оның құзыретінен тыс болған не оның зерттеулерді және (немесе) сынақтарды жүргізу үшін қажетті жабдықтары мен аспаптары болмаған жағдайда, оған келіп түскен Шешімді, құжаттарды, материалдарды және кедендік сараптама объектілерін бір жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік кірістер органының басқа бөлімшесіне қайта жолдайды.

      23. Уәкілетті кеден органы бір жұмыс күнінің ішінде кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына құжаттардың, материалдардың және кедендік сараптама объектілерінің қайта жолданғаны туралы хабарлайды.

      Жоғарыда көрсетілген қайта жолдау бойынша кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі, олар қайта жолданған уәкілетті мемлекеттік кірістер органының кедендік сарапшысы құжаттарды, материалдарды және кедендік сараптама объектілерін алған сәтінен бастап есептелінеді

      24. Кедендік сараптаманы жасаған кедендік сарапшы (сарапшы) жеке өзі барлық қайтаруға жататын кедендік сараптама объектілерін буып-түйеді. Орама олардың сақталуын қамтамасыз етуі, оны зақымдамай ішіндегіге қол жеткізуді болдырмауы, қажетті түсіндірме жазбалардың және кедендік сарапшының қолы болуы тиіс. Орама уәкілетті мемлекеттік кірістер органының мөр бедерімен, кедендік сарапшының жеке мөрімен (ол болған кезде) мөрленеді. Материалдар, құжаттар мен оралған және мөрленген кедендік сараптама объектілері кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына пошта байланысымен, арнайы байланыспен жөнелтіледі немесе қолма-қол жеткізіледі.

      25. Егер Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы және объектілер ілеспе хатпен бірге кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасына қолма-қол берілсе, онда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тіркеу журналына тиісті жазба енгізіледі, Кедендік сарапшының қорытындысын және объектілерін алғандығы туралы қолхат алушымен ілеспе хаттың екінші данасында орындалады және алынған материалдардың ілеспе хатта көрсетілген тізбеге сәйкестігі, алушының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), алған күні және қолы туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      26. Кедендік сараптаманы орындалғаннан кейін, материалдар, құжаттар және (немесе) кедендік сараптама объектілері почта байланысымен жолдануы мүмкін болмаса, уәкілетті кеден органының басшысы немесе оны алмастыратын тұлға кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органын бұл туралы хабардар етеді.

5-параграф. Қосымша кедендік сараптамалар өндірісін ұйымдастыру

      27. Қосымша кедендік сараптама Кодекстің 470-бабына сәйкес тағайындалады және Кодекстің 468-бабындағы көрсетілген мерзімінде жүргізіледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 22.10.2018 № 929 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Қосымша кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімде жаңадан ашылған мән-жайлар көрсетілуі тиіс.

      29. Қосымша кедендік сараптаманы жүргізу орны уәкілетті кеден органының басшысымен немесе оны алмастыратын тұлғамен айқындалады.

      30. Қосымша кедендік сараптаманы жүргізу өндірісі бастапқы кедендік сараптама жүргізген кедендік сарапшыға немесе басқа кедендік сарапшыға тапсырылады.

      31. Қосымша кедендік сараптаманы тағайындау кезінде кедендік сарапшыға (сарапшыға) бастапқы кедендік сараптаманың нәтижелері ұсынылады.

      32. Кедендік сарапшының (сарапшының) қосымша кедендік сараптама қорытындысында:

      уәкілетті кеден органының атауы;

      қосымша кедендік сараптаманы жүргізу орны, басталу және аяқталу күні;

      бастапқы кедендік сараптама нәтижесі бойынша жаңадан ашылған мән-жайларды көрсете отырып, қосымша кедендік сараптаманы тағайындауға негіздер;

      бастапқы кедендік сараптама туралы мәліметтер;

      қосымша кедендік сараптаманы жүргізген кедендік сарапшының (сарапшының) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), оның біліктілігі;

      қосымша кедендік сараптаманы жүргізу кезінде қасақана жалған Кедендік сарапшы (сарапшы) қорытындысын бергені үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілгені туралы кедендік сарапшының (сарапшының) қолымен куәландырылған белгі;

      кедендік сарапшының (сарапшының) алдына қойылған мәселелер;

      қосымша кедендік сараптаманы жүргізу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) ұсынылған құжаттардың, материалдардың, тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің, алынған құжаттардың немесе оларды сәйкестендіру құралдарының тізбесі;

      қолданылған әдістерді көрсете отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері, қойылған мәселелер бойынша пікірлер және олардың негіздемесі көрсетіледі.

6-параграф. Қайталама кедендік сараптамаларды жүргізуді ұйымдастыру

      33. Қайталама кедендік сараптама Кодекстің 470-бабына сәйкес тағайындалады және Кодекстің 468-бабындағы көрсетілген мерзімінде жүргізіледі.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 22.10.2018 № 929 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Қайталама кедендік сараптаманы жүргізу орны уәкілетті кеден органының басшысымен немесе оны алмастыратын тұлғамен айқындалады.

      35. Қайталама кедендік сараптама, кедендік сараптаманы жүргізген кедендік сарапшыны (сарапшыны) қоспағанда, екі және одан көп кедендік сарапшылардан (сарапшылардан) тұратын комиссияға тапсырылады.

      Қайталама кедендік сараптама жүргізу үшін комиссияның құрамына осындай сараптамаларды жүргізуде тәжірибесі бар бір мамандықтың сарапшылары кіреді.

      Кедендік сарапшылар (сарапшылар) арасында кедендік сараптама нәтижелері әртүрлі болған кезде, олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі кедендік сарапшының (сарапшының) жеке қорытындысын ұсынады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.01.2022 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Кедендік сараптама жүргізген кедендік сарапшылар (сарапшылар) қайталама кедендік сараптаманы жүргізу кезінде оған қатыса алады және комиссияға қажетті түсіндірме бере алады.

      37. Қайталама кедендік сараптаманы тағайындау кезінде кедендік сарапшылар (сарапшылар) комиссиясына бұрын жүргізілген кедендік сараптамалардың нәтижелері ұсынылады.

      38. Кедендік сарапшының (сарапшының) қайталама қайта жүргізілген Кедендік сараптама қорытындысында:

      уәкілетті мемлекеттік кірістер органының атауы;

      кедендік сараптаманы қайта жүргізу орны, басталу және аяқталу күні;

      кедендік сараптаманы қайта тағайындау негізі;

      бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамалар туралы мәліметтер;

      кедендік сараптаманы қайта жүргізген кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), олардың біліктілігі;

      кедендік сараптаманы қайта жүргізу кезінде қасақана жалған Қорытынды бергені үшін әкімшілік жауапкершілік жөнінде ескертілгені туралы кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) қолдарымен куәландырылған белгі;

      кедендік сарапшының (сарапшының) алдына қойылған мәселелер;

      қайталама кедендік сараптаманы жүргізу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) ұсынылған құжаттардың, материалдардың, тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің, алынған құжаттардың немесе оларды сәйкестендіру құралдарының тізбесі;

      қолданылған әдістерді көрсете отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері, қайталама кедендік сараптама зерттеулерінің нәтижелерін бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптама нәтижелерімен салыстырғандағы баға, қойылған мәселелер бойынша пікірлер және олардың негіздемесі көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 228 бұйрығына
2-қосымша
нысан

Кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.01.2022 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ХХХХХ/ККААЖЖ/YY/ХХХХХХ

      1. Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының атауы және

      мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2. "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы

      Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) "176-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік декларация

      (бұдан әрі – КД) № және "өзге құжаттардың № мен атауы"

      __________________________________________________________________________

      3. Кедендік сараптаманы жүргізу үшін негіз_____________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      4. Кедендік сараптаманы жүргізудің мақсат_____________________________________

      __________________________________________________________________________

      5. Кодексінің 466-бабына сәйкес ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      ШЕШТІМ:________________________________________________________________

      ________________________________________________________кедендік сараптама

      тағайындалсын, (Кодексінің 466-бабына сәйкес кедендік сараптаманың түрін көрсету)

      оны жүргізуге______________________________________________________________

      ____________________________________________________________тағайындалсын.

      (кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымның атауы)

      6. Кедендік сарапшыны (сарапшыны) қасақана жалған кедендік сарапшы (сарапшы)

      қорытындысын бергені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан

      Республикасы Кодексінің 659-бабына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық

      кодексінің 420-бабына сәйкес жауапкершілігі туралы ескерту.

      7. Кедендік сарапшының (сарапшының) алдына мәселелер қою:

      1) _______________________________________________________________________

      2) _______________________________________________________________________

      3) _______________________________________________________________________

      8. Тауардың атауы_________________________________________________________

      (Кодексінің 176-бабының 6-тармағына сәйкес КД не өзге құжаттар бойынша)

      9. Кедендік сарапшының (сарапшының) қарауына мынадай құжаттар ұсынылды:

      1) _______________________________________________________________________

      2) _______________________________________________________________________

      3) ________________________________________________________________________

      4) ________________________________________________________________________

      10. Тауардың сынамалары, үлгілері, олардың саны_______________________________

      11.Зерттеу материалдарының, құжаттарының, сынамалары мен үлгілерінің түрін

      өзгертуі, ішінара немесе толықтай жойылуы, бұзылуы ___________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (рұқсат берілді/рұқсат берілмеді – керегін жазбаша толтыру)

      12. Ораманың сипаттамасы немесе ораманың жоқтығы туралы белгі _______________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      13. Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органынының лауазымды

      тұлғасы___________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы, жеке нөмірленген мөр (ол болған кезде), немесе кедендік

      сараптаманы тағайындаған органның мөрімен куәландырылған қолы)

      14. Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды

      тұлғасының қызметтік телефоны_____________________________________________

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      Әрбір мемлекеттік кірістер органында кедендік сараптаманы тағайындау туралы

      шешімнің нөмірі бірыңғай қалыптастыру тәртібінде белгіленеді:

      ХХХХХ/ККААЖЖ/YY/XXXXXX, мұндағы:

      1 2 3 4

      1-элемент – кедендік мақсаттар үшін қолданылатын Қазақстан Республикасы

      мемлекеттік кірістер органының коды (бес белгі);

      2-элемент – күні (екі белгі), айы (екі белгі), жылдың соңғы екі саны;

      3-элемент – шешімді қабылдау кезеңінің әріптік мағынасы (екі белгі)

      ШД – тауарлар шығарылғанға дейін;

      ШК – тауарлар шығарылғаннан кейін.

      4-элемент – реттік нөмір (алты белгі, 000001 басталады күнтізбелік жылдың

      1 қаңтарынан бастап).

      Т.А.Ә. _____________________________________

      Қолы ______________________________________

      ЖНМ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады