Сараптама ұйымын айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 431 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қарашада № 17780 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығымен

Сараптама ұйымын айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы

      Ескерту, Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.01.2020 № 31 (06.05.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 21-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сараптама ұйымын айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 24 қазандағы
№ 431 бұйрығымен бекітілген

Сараптама ұйымын айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Сараптама ұйымын айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 21-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті органның сараптама ұйымын (бұдан әрі – сараптама ұйымы) айқындау бойынша ашық конкурс өткізуі тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес мақта талшығының сапасын сараптауды және мақта талшығы сапасының паспортын беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) сараптама ұйымының көрсетілетін қызметін әлеуетті жеткiзушi (бұдан әрі – жеткізуші) – сараптама ұйымын айқындау бойынша ашық конкурсқа қатысатын және сараптама ұйымы деп айқындалуға үміткер заңды тұлға;

      3) мақта саласын дамыту саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) – Заңның 1-бабы 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, мақта саласын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Сараптама ұйымын айқындау бойынша ашық конкурсты жүзеге асыру тәртібі

      3. Сараптама ұйымын айқындау үшін уәкілетті орган сараптама ұйымын айқындау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Комиссия төрағадан, комиссия мүшелері мен хатшыдан тұрады.

      Комиссияның төрағасы уәкілетті органның өкілі болып табылады.

      Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының және уәкілетті органның өкілдері кіреді. Бұл ретте, комиссия мүшелерінің жалпы саны тоғыздан кем болмайды. Егер, комиссия отырысына комиссияның кемінде бес мүшесі қатысса, ол заңды күші бар болып табылады.

      Комиссия хатшысының міндеті уәкілетті органның маманына жүктеледі.

      4. Комиссия төрағасы:

      1) комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметін басқарады;

      2) комиссия отырыстарына төрағалық етеді.

      5. Комиссия хатшысы:

      1) комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, комиссия отырысын жүргізуді ұйымдастырады;

      2) жеткізушілердің ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасын, сараптама ұйымын айқындау бойынша ашық конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді және комиссия мүшелеріне қол қойғызады;

      3) жеткізушілердің ұсыныстары ашылғаннан сәттен бастап сараптама ұйымын айқындау бойынша құжаттар мен материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) жеткізушілердің ұсыныстарын берудің соңғы күнінен күнтізбелік он бес күн бұрын уәкілетті органның веб-сайтында сараптама ұйымын айқындау бойынша ашық конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді.

      6. Жеткізушіге "Сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-1/55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11004 болып тіркелген) сәйкес біліктілік талаптары қойылады.

      7. Жеткізушілерден ұсыныстар қабылдауды уәкiлеттi орган хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.

      8. Конкурсқа қатысу үшін жеткізуші ұсынатын құжаттар топтамасы мыналарды қамтиды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеткізушінің бірінші басшысының қолы қойылған байқауға қатысуға өтініш;

      2) заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген үлгілік жарғы (бұдан әрі – Үлгілік жарғы) негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының (бар болса) нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      3) конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау күніне мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың үзінді-көшірмесі;

      4) жеткізушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі. Жеткізуші қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайда, жеткізушіні мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      5) банктің немесе банк филиалының алдындағы анықтама беру күнiнен бұрынғы үш айдан астам созылатын жеткізуші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы уәкілетті адамның қолы қойылып, мөрі (бар болса) басылған, конверттер ашылатын күннің алдындағы кемінде бір ай бұрын берілген жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасы (әлеуетті жеткізуші бірнеше екінші деңгейлі банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, аталған анықтама осындай банктердің әрбірінен ұсынылады);

      6) "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша конверттер ашылатын күннің алдындағы кемінде бір ай бұрын берілген, салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар және (немесе) жарналар, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы мәліметтер;

      7) жеткізушінің өкіліне жеткізушінің бірінші басшысын қоспағанда, конкурсқа қатысуға арналған өтінішке қол қою құқығына өкілеттігін растайтын сенімхат;

      8) мақта нарығының қатысушылары үшін жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің бағалар прейскуранты. Конкурс жеңімпазының (сараптама ұйымының) көрсетілетін қызметтерінің бағалар прейскуранты оның ішкі құжатымен (жалғыз қатысушының шешімімен, қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасымен) бекітіледі.

      9. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынылған жеткізушілердің ұсыныстары бар конверттерді ашуды комиссия жүргізеді.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптама ұйымының көрсетілетін қызметтерін әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасына отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы қол қояды және әр парағын дәйектейді.

      10. Комиссияның отырысы өткен күннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органның веб-сайтында жеткізушілердің ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасы жарияланады.

      11. Жеткізушілердің ұсыныстары бар конверттерді ашылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, комиссия хатшысы:

      1) жеткізушілердің ұсыныстарын қарау бойынша комиссия отырысының өтетін күні мен уақытын комиссия төрағасымен келіседі;

      2) жеткізушілердің ұсыныстарын қарау бойынша комиссия отырысының өтетін күні мен уақыты туралы комиссия мүшелері мен жеткізушілерді хабардар етеді;

      3) жеткізушінің осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды комиссияның қарауына береді.

      12. Комиссия мүшелері жеткізушінің құжаттарын қарау кезінде комиссия хатшысына қайтарылғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      13. Комиссия екі күндік мерзімде өтетін жеткізушілердің ұсыныстарын қарау жөніндегі отырыста:

      1) жеткізушілердің ұсыныстарын құрайтын құжаттар топтамасын толықтығы мен тиісті ресімделуі тұрғысынан қарастырады;

      2) құжаттардың толық тізбесін бермеген және (немесе) тиісінше ресімделмеген құжаттар ұсынған жеткізушілерді айқындайды;

      3) Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін жеткізушілерді айқындайды.

      14. Егер, ұсыныстар беру мерзімі ішінде тек бір ғана әлеуетті жеткізушінің ұсынысы берілсе, комиссия конкурсты өткізілмеді деп таниды және комиссия оны жеңімпаз деп таниды.

      Егер, комиссия қайта өткізілген конкурсты конкурсқа тек бір ғана әлеуетті жеткізуші жіберілуіне байланысты өткізілмеді деп таныса, онда комиссия сараптама ұйымын айқындау бойынша оның ұсынымы туралы шешім қабылдайды.

      Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін жеткізушілердің өтінімдері конкурсқа жіберілгендіктен, конкурс өткізілді деп танылған жағдайда, бағалар прейскурантына сәйкес көрсетілетін қызметтердің ең төменгі бағасына сүйене отырып, комиссия әлеуетті жеткізушінің сараптама ұйымын айқындау бойынша ұсынымы туралы шешім қабылдайды.

      15. Комиссияның отырысы міндетті түрде аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеледі. Комиссия отырысын аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

      16. Қарастырылып отырған мәселелер бойынша комиссия отырысқа қатысушы мүшелері санының үштен екісінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Комиссия отырысына қатысқан және қабылданған шешіммен келіспеген комиссия мүшелері хаттамаға қоса тіркелетін жазбаша түрдегі пiкiрiн білдіруге құқылы, бұл туралы хаттамада тиісті белгі жасалады.

      17. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссияның сараптама ұйымын айқындау бойынша ұсыным әзірлеу жөніндегі отырысының қорытындылары туралы хаттамаға комиссия төрағасы мен жиналысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы жеткізушілердің ұсыныстары ашылған сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қол қояды.

  Сараптама ұйымын айқындау
бойынша ашық конкурс өткізу
қағидаларына
1-қосымша
  ________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені_____________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________ сараптама ұйымын айқындау бойынша конкурсқа

      қатысуға рүқсат етуді сұраймын.

      Ұсынылған құжаттарымның төлнұсқалығына жауап беремін.

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      _____________________

      Мекенжайы және байланыс телефоны _______________________________________

      ________________________________________________________________________

      __________                         __________________________________________

      (қолы)                               (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      "____"_______________ 20__ ж.

  Сараптама ұйымын айқындау
бойынша ашық конкурс өткізу
қағидаларына
2-қосымша

Сараптама ұйымының көрсетілетін қызметтерін әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстары бар конверттерді ашу туралы хаттама

      ________________________ _________________

                  (ашу орны)             (уақыты мен күні)

      1. Сараптама ұйымын таңдау жөніндегі комиссия мынадай құрамда:

      ________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының, хатшысының және мүшелерінің аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі, лауазымы көрсетіледі)

      сараптама ұйымының көрсетілетін қызметтерін әлеуетті жеткізушілердің

      (бұдан әрі – жеткізуші) ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.

      2. Құжаттар топтамасын мынадай жеткізушілер берді:

      ________________________________________________________________________.

                        (барлық жеткізушілердің атауы,мекенжайы)

      3. Жеткізушілердің ұсыныстары:

      ________________________________________________________________________

      (ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін ұсыныстар берген барлық

      жеткізушілердің атауы, мекенжайы көрсетіледі)

      ________________________________ негізінде ашылмай қайтарылды.

      4. Ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін белгіленген

      мерзімдерде берілген

      ________________________________________________________________________

      (ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін ұсыныстар берген барлық

      жеткізушілердің атауы, мекенжайы, ұсыныстар берген уақыты)

      жеткізушілердің ұсыныстары ашылды және оның ішіндегі:

      ________________________________________________________________________,

      (ұсыныста қамтылған құжаттардың тізбесі, ұсыныстарды қайтарып алу және өзгерту

      туралы ақпарат, ұсынылған құжаттардың парақ саны көрсетіледі)

      жеткізушілердің ұсыныстарын ашу кезінде қатысушылардың барлығына жарияланды.

      5. Ұсыныстарды ашу кезінде мынадай жеткізушілер қатысты:

      ________________________________________________________________________

      (ұсыныстарды ашу кезінде қатысқан барлық жеткізушілердің атауы, мекенжайы,

      деректемелері, олардың уәкілетті өкілдерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі, қолы.

  Сараптама ұйымын айқындау
бойынша ашық конкурс өткізу
қағидаларына
3-қосымша

Комиссияның сараптама ұйымын айқындау бойынша ұсыным әзірлеу жөніндегі отырысының қорытындылары туралы хаттама

      ________________________ _________________

                  (таңдау орны)       (уақыты мен күні)

      1. Сараптама ұйымын таңдау комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) құрамы:

      _________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының, хатшысының және мүшелерінің аты,

      әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы көрсетіледі)

      2. Сараптама ұйымының көрсетілетін қызметтерін әлеуетті жеткізушілердің

      (бұдан әрі – жеткізуші) мынадай ұсыныстары жіберілді:

      _________________________________________________________________________

      (жіберу туралы хаттамаға сәйкес қатысуға жіберілген жеткізушілердің ұсыныстары

      көрсетіледі)

      3. Жеткізушілердің ұсыныстары бар конверттер:

      ________________________________________________________________________

      (қараудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылуына байланысты ұсыныстары

      қабылданбаған жеткізушілердің атаулары)

      4. Комиссияның қарауы ушін уақыт аяқталғанға дейін ұсыныстар берген

      Қатысушылардың

      ________________________________________________________________________

                  (жеткізушілердің атауы және деректемелері көрсетіледі)

      ұсыныстары ашылды және оның ішіндегі

      ________________________________________________________________________

                  (жеткізушілер берген ұсыныстар көрсетіледі)

      ұсыныстар бар конверттерді ашу кезінде қатысушылардың барлығына жарияланды.

      5. Қабылданбаған жеткізушілердің ұсыныстары:

      ________________________________________________________________________

      (ұсыныстары қабылданбаған жеткізушілер (олардың деректемелері),

      сондай-ақ қабылданбау себептері көрсетіледі)

      Жеткізушілердің ұсыныстарын қарау нәтижелері бойынша комиссия ШЕШТІ:

      1) _______________________сараптама ұйымы деп айқындау ұсынылсын

      (жеткізуші (оның деректемелері) көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________

      немесе сараптама ұйымын айқындау ұсынымы:

      ___________________________________________ себепті өткізілмеді деп танылсын

                  (тиісті себебі көрсетіледі)

      2) осы хаттама Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

      веб-сайтында жариялансын.

      Осы шешім үшін дауыс бергендер:

      ЖАҚТАУШЫЛАР – _____ дауыс (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты

                  (бар болса), тегі);

      ҚАРСЫЛАР – ________ дауыс (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты

                  (бар болса), тегі).

      Комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының аты, әкесінің аты

                  (бар болса), тегі, қолы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады