"Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қарашада № 17782 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13095 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметтің бағасын есептеуге арналған бір адам-сағаттың құны мынадай:

      1) бір адам-сағаттың құны қосылған құн салығын есепке алмай 6 358,57 теңге мөлшерінде айқындалған бюджеттік инвестициялық жобалардың және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау;

      2) бір адам-сағаттың құны қосылған құн салығын есепке алмай 6 358,57 теңге мөлшерінде айқындалған, шарттары алдыңғы жылы жасалған барлық республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау;

      3) бір адам-сағаттың құны қосылған құн салығын есепке алмай 6 358,57 теңге мөлшерінде айқындалған, шарттары алдыңғы жылы жасалған барлық жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, қосылған құн салығын есепке алмай 8 266,14 теңге мөлшерінде айқындалған.";

      көрсетілген Әдістемеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 25 қазандағы
  № 29 бұйрығына
  қосымша
  Бюджеттік инвестициялар,
  мемлекеттік-жекешелік
  әріптестік, оның ішінде концессиялар,
  мемлекеттік кепілдіктер беру үшін
  инвестициялық жобалар
  және техникалық-экономикалық
  негіздеме әзірлеуді талап
  ететін бюджеттік инвестициялық
  жобаларды бюджеттік кредиттеу,
  қаржы агенттерінің мемлекеттік
  инвестициялық саясатты
  іске асыруы мәселелері бойынша
  республикалық бюджет қаражаты
  есебінен сараптама жүргізу
  және құжаттаманы бағалау
  құнын айқындау әдістемесіне
  қосымша

Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған нормативтік еңбек шығындары

Р/с №

Көрсетілетін қызмет түрі

Адам-сағаттың қызмет көрсетуге арналған еңбек шығындары

1.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, құрамында жобалау-сметалық құжаттамасы бар (әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша) конкурстық құжаттаманы сараптау

1 706,5475

2.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, құрамында техникалық-экономикалық негіздемесі бар, оның ішінде түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесі бар конкурстық құжаттаманы сараптау

2 559,8213

3.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурстық құжаттаманы сараптау

1 279,9107

4.

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде оны сараптау

213,3184

5.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурсқа қатысушы ұсынған концессиялық өтінімді сараптау

1 706,5475

6.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурсқа қатысушы ұсынған, құрамында техникалық-экономикалық негіздемесі бар концессиялық өтінімді сараптау

2 559,8213

7.

концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарын сараптау

426,6369

8.

мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды экономикалық сараптау

746,6145

9.

республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде түзетілгендерін экономикалық сараптау

74,6615

10.

республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды, оның ішінде түзетілген қаржы-экономикалық негіздемелерді экономикалық сараптау

426,6369

11.

республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың (жаңа құрылған) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды экономикалық сараптау

213,3184

12.

шарттары алдыңғы жылы жасалған барлық республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау

6 391,5541

13.

шарттары алдыңғы жылы жасалған барлық жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау

9 681,4251

14.

қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бюджеттік кредит берудің қаржы-экономикалық негіздемесін экономикалық сараптау

426,6369

15.

жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қатысты республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бизнес-жоспарын, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптау

426,6369

16.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын сараптау

2 559,8213

17.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын сараптау

1 279,9107

18.

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау

4 916,58

19.

бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау

7 447,25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады