"Биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 358 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 381 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 483 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 92 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 қарашада № 17833 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1."Биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 358 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 381 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14272 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қазанда "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары–
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 483 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 92 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 358 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 24 тамыздағы
№ 381 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – өлшемшарттар) биоотын өндірісі саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына және тексеру парақтарына сәйкес әзірленді.

      2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері (объектілері) – биоотын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      2) биоотын өндірісі саласындағы тәуекел – тамақ шикізатын биоотынға пайдалануға байланысты республика аумағында азық-түлік қауіпсіздігі қатерінің туындау ықтималдығы;

      3) болмашы бұзушылық – биоотын саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарды өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға есептерді уақтылы ұсынбауы бөлігінде бұзу;

      4) елеулі бұзушылық – биоотын саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарды өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға есептерді ұсынбауы, шикізаттың қауіпсіздігін ғылыми негізде растай отырып, оның генетикалық түрлендірілген көз (объекті) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерден (объектілерден) тұрмайтындығын және мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын тамақ шикізатына арналған құжаттардың болмауы, есепке алатын бақылау аспаптарының болмауы және олардың ақаулы жағдайда болуы бөлігінде бұзу;

      5) өрескел бұзушылық – биоотын саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарды кейіннен биоотынға өңдеу үшін тамақ шикізатын биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген квотадан асатын көлемде пайдалану, биоотын өндірісі паспортының болмауы, биоотын өндіру үшін тамақ шикізаты құрамының сәйкес келуі (бидайдың 1-2-сыныптарын пайдалануға жол берілмейді) бөлігінде бұзу;

      6) тәуекел дәрежесінің объективті өлшемшарттары – биоотын өндірісі саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      7) тәуекел дәрежесінің субъективті өлшемшарттары – нақты бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің нәтижелеріне байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

      9) тексеру парағы – сақталмауы адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін, субъектілердің (объектілердің) қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

      3. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      4. Бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің дәрежелері бойынша бөлу объективті және субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      5. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тәуекел дәрежесін объективті өлшемшарттар бойынша бағалау тамақ шикізатын биоотынға пайдалануға байланысты республика аумағында азық-түлік қауіпсіздігі қатерінің туындауы, оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы негізінде жүзеге асырылады.

      Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары қоғамдық тәуекелдерді ескере отырып, биоотын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      6. Субъективті өлшемшарттарды айқындау:

      1) дерекқорларды қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      7. Субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тәуекел дәрежесін бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:

      1) бақылау субъектілері (объектілері) жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері, ол "Бақылау субъектілері (объектілері) жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша осы өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады;

      2) алдыңғы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтардың дәрежесі (өрескел, елеулі) "Алдыңғы бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша осы өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      8. Реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес субъективті өлшемшарттардың тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Бір өрескел дәрежедегі бұзушылық 100 көрсеткішке теңестіріледі.

      Егер өрескел дәрежедегі бұзушылық анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштері есептеледі, сосын қосылады.

      Елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 салмақ коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРе = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРб = (SР2 х 100/ SР1) х 0,3,

      мұнда:

      SРб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:

      SР = SРе + SРб,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға жатады:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 61-ден 100-ге дейін болған кезде;

      2) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмағанға – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болған кезде.

      9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселілігі жылына бір реттен аспайды.

      10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кәсіпкерлік кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің неғұрлым жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.

  Биоотын өндірісі саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
  1-қосымша

"Бақылау субъектілері (объектілері) жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

1.

Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға есептерді ұсынбауы

елеулі

  Биоотын өндірісі саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

"Алдыңғы бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

Ауырлық дәрежесі төменде тізбеленген талаптарды
сақтамаған жағдайда белгіленеді:

1.

Кейіннен биоотынға өңдеу үшін пайдаланатын тамақ шикізатына квоталарды сақтау

өрескел

2.

Биоотын өндірісіне арналған тамақ шикізаты құрамының сәйкестігі (бидайдың 1-2-сыныптарын пайдалануға жол берілмейді)

өрескел

3.

Биоотын өндірісі паспортының бар болуы

өрескел

4.

Есепке алатын бақылау аспаптарының бар болуы және олардың ақаусыз жай-күйі

елеулі

5.

Шикізаттың қауіпсіздігін ғылыми негізде растай отырып, оның генетикалық түрлендірілген көз (объекті) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерден (объектілерден) тұрмайтындығын және мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы

елеулі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 483 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 92 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 358 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 24 тамыздағы
№ 381 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Тексеру парағы

      биоотын өндірісі саласында/аясында________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 138-бабына сәйкес

      биоотын өндірісін жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты

      тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________

      ________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды

      тағайындау туралы акт ____________________________________________________

                                                      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы___________________________________

      ________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі _________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы _________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Кейіннен биоотынға өңдеу үшін пайдаланатын тамақ шикізатына квоталарды сақтау





2.

Биоотын өндіру үшін тамақ шикізаты құрамының сәйкес келуі (бидайдың 1-2-сыныптарын пайдалануға жол берілмейді)





3.

Биоотын өндірісі паспортының болуы





4.

Есепке алатын бақылау аспаптарының бар болуы және олардың ақаусыз жай-күйі





5.

Шикізаттың қауіпсіздігін ғылыми негізде растай отырып, оның генетикалық түрлендірілген көз (объекті) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерден (объектілерден) тұрмайтындығын және мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы





      Лауазымды адам (дар) ____________________ ______________________________

                                    лауазымы                         қолы

      ________________________________________________________________________

                              аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы _________________ __________________________

                                          лауазымы                   қолы

      ________________________________________________________________________

                              аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады