БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрі | Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрінің | |
2018 жылғы 23 қазандағы № 418 | |
бұйрығына қосымша | |
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрінің | |
2014 жылғы 15 желтоқсандағы | |
№ 209 бұйрығымен | |
бекітілген |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес және 2010 жылғы 9 желтоқсанда қол қойылған Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалдау жүйелері бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қағидалары туралы келісімді іске асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қойнауын пайдаланушы – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға;
2) көтерме саудада өткізу – тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды одан әрi өткiзу мақсатында iшкi нарықта не Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде өткiзу жөнiндегi, сондай-ақ газ тарату ұйымының газын нормативтік техникалық шығасыларға өткізген жағдайлардағы кәсiпкерлiк қызмет;
3) уәкілетті орган – газ өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
2-тарау. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау тәртібі
3. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жыл сайын бірінші шілдеде жеке белгiленедi.
Тауарлық газбен жабдықталмайтын өңірлер үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасының деңгейі есептелмейді.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегіндегі барлық газ тарату жүйелері үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің бірыңғай шекті бағасы белгіленеді.
5. Егер Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын есептеу үшін пайдаланылатын тауарлық газдың бағалары бойынша деректер шетел валютасымен берілген болса, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бұйрығының жобасын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға келісу үшін жіберген күннің алдындағы күнге Ұлттық банк белгілеген теңгенің осы шетел валютасына ресми бағамы қолданылады.
6. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін алдағы жылға Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада сатудың шекті бағаларын бекітуді көздейтін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бұйрығының жобасы мынадай сомаларды негізге ала отырып әзірленеді:
1) мыналардың орташа өлшемді мәндерінің жиынтығы:
жоспарланған кезеңде облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға жеткізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардан ұлттық оператор сатып алуды жоспарлап отырған тауарлық газ бағалары;
жоспарланған кезеңге арналған қазақстандық тауарлық газға ортаазиялық және (немесе) ресейлік газды қарсы беру жөніндегі мәмілелердің шеңберінде сатып алу жоспарланып отырған тауарлық газ бағалары;
жоспарланған кезеңге импорттық жеткізулер жөніндегі мәмілелердің шеңберінде Қазақстан Республикасының шекарасында сатып алуға жоспарланып отырған тауарлық газ бағалары;
2) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 17) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын тауарлық газды сатып алынатын жерден облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың газ тарату жүйелеріне дейін магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және жерасты газ қоймаларында тауарлық газды сақтау жөніндегі орташа өлшемді шығыстар;
3) әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке жоспарланған кезеңге арналған рентабельділік нормалары.
7. Осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада сатудың шекті бағаларын бекітуді көздейтін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бұйрығының жобасы тауарлық газдың шекті бағасының деңгейін ағымдағы деңгеймен салыстырғанда күнтізбелік бір жылдың ішінде он бес пайыздан астамға ұлғайтуды көздемейді.
3-тарау. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау тәртібі
8. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағалары тоқсан сайын белгіленеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мыналар:
1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;
2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері үшін қолданылады.
9. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағалары мыналар:
1) сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі объектілерде – сұйытылған мұнай газын өндірушілер, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері үшін;
2) Қазақстан Республикасының шекарасында – Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына тұтыну үшін әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері үшін белгіленеді.
10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген адамдар Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларынан асырмай Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын дербес төмендетеді және көтереді.
11. Егер Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын есептеу үшін пайдаланылатын сұйытылған мұнай газының бағалары бойынша деректер шетел валютасымен берілген болса, Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуді көздейтін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бұйрығының жобасын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісу үшін жіберген күннің алдындағы күнге Ұлттық банк белгілеген теңгенің осы шетел валютасына ресми бағамы қолданылады.
12. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуді көздейтін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бұйрығының жобасын уәкілетті орган алдағы тоқсанға осы Қағидаларға қосымшада келтірілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау әдістемесіне сәйкес әзірлейді.
13. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларының деңгейі 2017 жылғы 1 тоқсанға бекітілген деңгейінен төмен болмайды және 2014 жылғы 3 тоқсанға бекітілген деңгейінен жоғары болмайды.
14. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бұйрығының жобасын уәкілетті орган тиісті кезең басталғанға дейін күнтізбелік алпыс бес күннен кешіктірмей әзірлейді және оларды әзірлеу кезінде пайдаланылған деректерді қоса бере отырып, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға келісу үшін жібереді.
Ұсыныстарды келісу мерзімі күнтізбелік отыз бес күннен аспауға тиіс.
15. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуді көздейтін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бұйрығының жобасын уәкілетті орган тиісті кезең басталғанға дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірмей әзірлейді және оларды әзірлеу кезінде пайдаланылған деректерді қоса бере отырып, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға келісу үшін жібереді.
Ұсыныстарды келісу мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.
16. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуді көздейтін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бұйрығының жобасын келісу үшін қажетті қосымша ақпаратты уәкілетті органнан сұратады, ол осындай сұрау салу алынған күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде берілуге тиіс.
17. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 14, 15 және 16-тармақтарында көрсетілген ақпаратты белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуді көздейтін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бұйрығының жобасын келісуден бас тартады.
Бұл ретте уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын ағымдағы кезеңнің деңгейінде бекітеді.
18. Уәкiлеттi орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келiсім бойынша он бесінші мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің алдағы жылға арналған шекті бағаларын бекiтедi.
19. Уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының алдағы тоқсанға арналған шекті бағасын жоспарланған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде бекітеді.
20. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағалары сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін белгіленетін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау кезінде пайдаланылады.
21. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін белгіленетін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган тұтынушылардың топтары бойынша айқындауы мүмкін.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау әдістемесі
P = (Pw – TRexp) x К
мұндағы,
P – Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы, бір тоннасы үшін теңге;
Pw – ағымдағы тоқсанның бірінші айындағы бағалардың күнделікті белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалатын сұйытылған мұнай газына әлемдік баға, бір тоннасы үшін теңге. Осы тармақтың мақсаттары үшін баға белгіленімі "Argus Media (Russia) Ltd. (Petroleumargus)" компаниясының "Аргус сұйытылған газ және конденсат" дереккөзінде жарияланатын, ал жоғарыда көрсетілген дереккөзде сұйытылған мұнай газына арналған бағалар туралы ақпарат болмаған кезде – Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа дереккөздердің деректері бойынша ақпараттың негізінде шетел валютасында тәжік-өзбек шекарасындағы (СПБТ daf Беқабад) сұйытылған мұнай газы бағасының белгіленімін білдіреді;
TRexp – Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге сұйытылған мұнай газын өткізу жөніндегі мәмілелердің мониторингі негізінде уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы тоқсанның бірінші айындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі объектілерден тәжік-өзбек шекарасына дейін теміржол көлігімен сұйытылған мұнай газын тасымалдау бойынша орташа арифметикалық шығыстар, бір тоннасы үшін теңге;
К – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде алдыңғы өткен күнтізбелік жылда Қазақстан Республикасында жалпы халық саны деңгейіне Қазақстан Республикасында газбен жабдықталған халық саны деңгейінің қатынасын көрсететін түзету коэффициенті.