БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 72 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 471 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14509 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бекітілсін:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақпараттарды криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел- іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралды анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу және өндіру жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы.";
аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген 2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бірлескен бұйрыққа 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес 3, 4 және 5-қосымшалармен толықтырылсын
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Д.Е. Ерғожинға жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар (бұдан әрі –АТҚ) салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі –Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 2 және 3-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларының 2-тармағына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында әзірленген.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау субъектілері (объектілері) –ақпараттық қауіпсіздікті және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар;
2) елеулі бұзушылық – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуы, атап айтқанда мынадай белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеу: журналдарының болмауы немесе белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі, есепті ұсынбау немесе есептің белгіленген нысанға сәйкес келмеуі, әзірленген және бекітілген әдістемелердің болмауы, техникалық іздестіру құралдарын беру тәртібінің бұзылуы, сондай-ақ әзірленген, өткізілген және жөнделетін АТҚ-ны және оған қатысты құжаттамаларды үшінші адамдарға беру;
3) болмашы бұзушылық – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ салаларындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы, оның ішінде электрондық форматта деректерді қате ұсыну, үшінші адамдарға лицензиардың келісімінсіз тұрақты немесе уақытша пайдалануға әзірленген әдістемелерді беру, АТҚ әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу және жөндеу шарттарын бұзу;
4) өрескел бұзушылық – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікті талап ететін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ салаларындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың бұзылуы, атап айтқанда мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келмеу: маманның болмауы, арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болмауы, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге рұқсаттың болмауы, ең аз қажетті жабдықтың болмауы, лицензиарға хабарлау тәртібінің бұзылуы;
5) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
6) тәуекелдерді бағалау жүйесі –бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
9) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.
2-тарау. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тәсілдері
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.
1-параграф. Объективті өлшемшарттар
4. Объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру мерзіміне байланысты жоғары және жоғары тәуекел дәрежесіне бөлінеді:
1) жоғары тәуекел дәрежесіне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіруіс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тиісті лицензияны үш жылдан кем иеленген бақылау субъектілері (объектілері) жатады;
2) жоғары тәуекел дәрежесіне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіруіс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тиісті лицензияны үш жылдан аса иеленген бақылау субъектілері (объектілері)жатады.
Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатымен субъективті өлшемшарттар қолданылады.
2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
5. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
6. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.
7. Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
2) бұрынғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері;
3) осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік және мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына бір реттен артық болмайды.
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес құрылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі
11. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.
Субъективті өлшемшарттарды қалыптастыру кезінде бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.
12. Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7
мұнда:
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3
мұнда:
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн
мұнда:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша |
№ | Өлшемшарттар | Бұзушылық дәрежесі |
Ақпараттарды криптографиялық қорғау құралдарын (бұдан әрі – АКҚҚ) әзiрлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісі (объектісі)үшін тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары | ||
1. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны | ||
1 | АКҚҚ әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | өрескел |
2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді) | ||
1 | Техникалық немесе физика-математика мамандығы бойынша жоғары білімі бар маманның болуы | өрескел |
2 | Мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы(меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | өрескел |
3 |
Үй-жай: | елеулі |
4 | әзірленген АКҚҚ-ы есепке алу журналдарының болуы және сәйкес келуі | елеулі |
3. Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері | ||
1 | Әзірленген АКҚҚ туралы жыл сайынғы есепті ұсынбау | елеулі |
2 |
Лицензиарды: | елеулі |
Ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел- іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ-ны анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісі (объектісі)үшін тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары | ||
1. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны | ||
1 | Ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ-ны анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | өрескел |
2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді) | ||
1 | Жоғары немесе орта кәсіптік техникалық білімі бар маманның болуы | өрескел |
2 |
Қажетті іздестіру техникалық құралдарының ең аз түрлерінің болуы: | өрескел |
3 | Мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | өрескел |
4 |
Үй-жай: | елеулі |
5 |
Лицензиатқа қойылатын қосымша талаптар: | елеулі |
6 | Қызмет көрсету бойынша жасалған шарттарды (келісімшарттарды) есепке алу журналының, техникалық іздестіру құралдарын есепке алу журналының болуы және сәйкес келуі | елеулі |
7 | Техникалық іздестіру құралдарын үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға тек лицензиардың келісімімен беру | елеулі |
8 | Әзірленген әдістемелерді үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға тек лицензиардың келісімімен беру | болмашы |
3. Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері | ||
1 |
Лицензиарға: | өрескел |
2 | Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және АТҚ-ны анықтау бойынша көрсетілген қызметтер бойынша жыл сайынғы есепті ұсынбау | елеулі |
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісі (объектісі)үшін тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары | ||
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ әзірлеу және өндіру жөнiндегi қызметтің кіші түрі | ||
1. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны | ||
1 | Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ әзірлеу және өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | өрескел |
2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді) | ||
1 | Жоғары техникалық білімі бар маманның болуы | өрескел |
2 |
Қажетті техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының ең аз түрлерінің болуы: | өрескел |
3 | АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | өрескел |
4 |
Үй-жай: | елеулі |
5 | Әзірленген және өндірілген АТҚесепке алу журналының болуы және сәйкес болуы | елеулі |
6 |
АТҚ-ы әзірлеуді келесі шарттармен жүзеге асыру: | елеулі |
7 |
АТҚ өндіруді мынадай шарттармен жүзеге асыру: | елеулі |
8 | Меншік нысанына қарамастан үшінші тұлғаларға әзірленген АТҚ-ны, сондай-ақ оған қатысты құжаттамаларды лицензиармен келісім бойынша тұрақты немесе уақытша пайдалануға беру | елеулі |
3. Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері | ||
1 | АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары беретін рұқсаттың болмауы | өрескел |
2 | Әзірленген және өндірілген АТҚ туралы есепті жарты жылда бір рет ұсынбау | елеулі |
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметтің кіші түрі | ||
1. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны | ||
1 | Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы | өрескел |
2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді) | ||
1 | Жоғары техникалық білімі бар маманның болуы | өрескел |
2 |
Қажетті техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының ең аз түрлерінің болуы: | өрескел |
3 | АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | өрескел |
4 |
Үй-жай: | елеулі |
5 | Жөнделген және өткізілген АТҚ есепке алу журналының болуы | елеулі |
6 |
Лицензиарды: | елеулі |
7 | Меншік нысанына қарамастан үшінші тұлғаларға тек лицензиардың келісімімен тұрақты немесе уақытша пайдалануға өткізілетін немесе жөнделетін АТҚ, сондай-ақ оған қатысты құжаттамаларды беру | елеулі |
3. Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері | ||
1 | АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары беретін рұқсаттың болмауы | өрескел |
2 | Өткізілген АТҚ туралы тоқсандық есепті және жөнделген АТҚ туралы жылсайынғы есепті ұсынбау | елеулі |
Ақпараттарды криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне)қатысты тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)
Ақпараттарды криптографиялық қорғау құралдарын (бұдан әрі - АКҚҚ) әзiрлеу
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне)
қатысты (тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________
________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт
________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы____________________________________
________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________
________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы____________________________________________
________________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. |
Техникалық немесе физика-математика мамандығы бойынша жоғары білімі бар маманның | ||||
2. | АКҚҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | ||||
3. |
Үй-жай: | ||||
4. | Әзірленген АКҚҚ-ны есепке алу журналдарының болуы |
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ _________________
лауазымы қолы
_________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________ _______________
лауазымы қолы
_______________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел- іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралды анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)
Ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел- іздестіру
іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралды (бұдан әрі - АТҚ)
анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау
субъектісіне (объектісіне) қатысты (тексерілетін субъектілердің (объектілердің)
біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________________
________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт
________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________________
_______________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________
________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________________
________________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Жоғары немесе орта кәсіптік техникалық білімі бар маманның болуы | ||||
2. |
Іздестіру техникалық құралдардың ең аз түрлерінің болуы: | ||||
3. | Іздестіру қызметі саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | ||||
4. |
Үй-жай: | ||||
5. |
Лицензиатқа қойылатын қосымша талаптар: | ||||
6. | Қызмет көрсету бойынша жасалған шарттарды (келісімшарттарды) есепке алу журналының, техникалық іздестіру құралдарын есепке алу журналының болуы және сәйкес келуі | ||||
7. | Техникалық іздестіру құралдарын үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға тек лицензиардың келісімімен беру | ||||
8. | Әзірленген әдістемелерді үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға тек лицензиардың келісімімен беру |
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ _________________
лауазымы қолы
_____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Бақылау
субъектісінің басшысы ______________________________ __________________
лауазымы қолы
_______________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу және өндіру жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды
(бұдан әрі – АТҚ) әзiрлеу және өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау
субъектісіне (объектісіне) қатысты (тексерілетін субъектілердің (объектілердің)
біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________________
_______________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт
________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ____________________________________
________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________
________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________________
________________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Жоғары техникалық білімі бар маманның болуы | ||||
2. |
Қажетті техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының ең аз түрлерінің болуы: | ||||
3. | Мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | ||||
4. |
Үй-жай: | ||||
5. | Әзiрленген және өндірілген АТҚ есепке алу журналының болуы | ||||
6. |
АТҚ-ы әзірлеуді мынадай шарттармен жүзеге асыру: | ||||
7. |
АТҚ өндіруді мынадай шарттармен жүзеге асыру: | ||||
8. | Меншік нысанына қарамастан үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға әзірленген АТҚ-ны, сондай-ақ оған қатысты құжаттамаларды тек лицензиардың келісімімен беру |
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ _________________
лауазымы қолы
_______________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Бақылау
субъектісінің басшысы ______________________________ __________________
лауазымы қолы
_______________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды
(бұдан әрі – АТҚ) жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын бақылау
субъектісіне (объектісіне) қатысты (тексерілетін субъектілердің (объектілердің)
біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________________
_______________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт __________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________________
________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________
________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________________________
________________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Жоғары техникалық білімі бар маманның болуы | ||||
2. |
Қажетті техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының ең аз түрлерінің болуы: | ||||
3. | Мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде) | ||||
4. |
Үй-жай: | ||||
5. | Жөнделген және өткізілген АТҚ-ны есепке алу журналының болуы және сәйкес келуі | ||||
6. |
Лицензиарды: | ||||
7. | Меншік нысанына қарамастан үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға өткізілетін немесе жөнделетін АТҚ, сондай-ақ оған қатысты құжаттамаларды тек лицензиардың келісімімен беру |
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ _________________
лауазымы қолы
_____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Бақылау
субъектісінің басшысы ______________________________ ___________________
лауазымы қолы
_______________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)