"Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 736 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 желтоқсанда № 17881 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15577 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізшілерге диплом беру қағидаларында:

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) кәсіби дипломды бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда өтініш берушіге Теңізшілерге диплом беру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүргізетін әңгімелесудің орны, күні және уақыты туралы хабарланады.

      Комиссияның құрамы, сондай-ақ оның ережесі Порттың теңіз әкімшілігі басшысының шешімімен бекітіледі.

      Әңгімелесу нәтижелері бойынша Комиссия өтініш берушінің осы Қағидалардың 25-74-тармақтарының талаптарына сәйкестігін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Кәсіби дипломды беру Комиссияның оң шешімі шыққаннан кейін жүзеге асырылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Кандидат осы Қағидалардың талаптарына сай болуы кезінде Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мерзімдерде кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының тізіліміне кәсіби дипломды беру туралы ақпарат енгізіледі және кәсіби диплом беріледі.

      Қағидалардың 16-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, құжаттарды ұсынған өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мерзімдерде жолданады.";

      мынадай мазмұндағы 20-1 және 20-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "20-1. Осы Қағидалардың 19-тармағымен көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда өтініш берушіге құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

      Осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда өтініш берушіге Комиссия жүргізетін әңгімелесудің орны, күні және уақыты туралы хабарланады.

      Әңгімелесу нәтижелері бойынша Комиссия өтініш берушінің осы Қағидалардың 25-74-тармақтарының талаптарына сәйкестігін айқындайды.

      Кәсіби дипломның қолданылу мерзімін ұзарту Комиссияның оң шешімінен кейін жүзеге асырылады.

      20-2. Кәсіби дипломның қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартуға негіздер мыналар болып табылады:

      1) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған құжаттардың Қағидалардың 25-74-тармақтарына сәйкес келмеуі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Теңіз порты әкімшілігі шешім қабылдағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде кәсіби дипломды оның иесінен алып қою туралы хабарлама жолдайды, сондай-ақ кәсіби дипломдар, кәсіби дипломдар растамалары, жеңілдік рұқсаттары тізіліміне көрсетілген құжаттың алып қойылғандығы туралы белгі енгізіледі.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Кәсіби дипломның растамасын беруге өтінішті алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде Теңіз портының әкімшілігі осы өтінішті қабылдауды растау туралы хатты өтініш берушіге береді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, Теңіз портының әкімшілігі өтініш берушіге өтінішті қараудан оны алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде жазбаша түрде бас тартады.";

      80, 81 және 82-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. ТДВА I/10 қағидасына сәйкес Порттың теңіз әкімшілігі кандидатқа шетелдік кәсіби дипломның тануын куәландыратын растаманы мынадай жағдайларда береді:

      1) шетелдік кәсіби дипломда көрсетілген функцияларға қатысты Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы заңнаманы білуге тексерістің оң нәтижесі. Аталған тексерісті әңгімелесу барысында Комиссия жүргізеді;

      2) егер шетелдік кәсіби дипломды ТДВА күшіне енгізген мемлекет беретін болса.

      81. Порттың теңіз әкімшілігі дипломды берген тарапты бағалайды, ол даярлау орталықтарын және рәсімдерді ТДВА құзыреттілік стандарттары, даярлау және диплом беруге қатысты талаптарын, сондай-ақ сапа стандарттарының сақтау тексерісін қамтиды.

      Теңізшілерді даярлау және диплом беру жүйесінде қандай да бір елеулі өзгерістер болған жағдайда Порттың теңіз әкімшілігі бұл туралы барлық мүдделі тараптарға хабарлайды.

      82. Шет мемлекеттің құзыретті органынан кәсіби дипломның төлнұсқалығын растамасын алғаннан кейін 1 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Порттың теңіз әкімшілігі өтініш берушіге Комиссия өткізетін әңгімелесудің орны, күні және уақыты туралы хабарлайды.

      Әңгімелесу шет мемлекеттің құзыретті органынан кәсіби дипломның төлнұсқасының растамасын алғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде өткізіледі.

      Кәсіби дипломның растамасын беру Комиссияның оң шешімінен кейін жүзеге асырылады.";

      83-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Қағидалар 80-тармағының талаптарына сәйкес болмау.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Кандидат осы Қағидалардың талаптарына сай болуы кезінде Қағидалардың 82-тармағында көрсетілген мерзімдерде кәсіби дипломдар, кәсіби дипломдар растамалары, жеңілдік рұқсаттары тізіліміне кәсіби диплом растамасын беру туралы ақпарат енгізіледі және кәсіби дипломның растамасы беріледі.

      Қағидалардың 83-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, құжаттарды ұсынған өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту жолданады.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Кәсіби дипломның растамасы осы Қағидалардың 20-1-тармағында көрсетілген тәртіппен кәсіби дипломды ұзартудың ұқсас мерзіміне ұзартылады.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Теңіз портының әкімшілігі кәсіби дипломның растамасын алып қою туралы шешім қабылдағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде шетелдік кәсіби дипломды берген уәкілетті органның мекенжайына тиісті хабарламаны жолдайды, сондай-ақ кәсіби дипломдар, кәсіби дипломдар растамалары, жеңілдік рұқсаттары тізіліміне көрсетілген құжаттардың алып қойылғандығы туралы белгілерді енгізеді.";

      мынадай мазмұндағы 90-1-тармақпен толықтырылсын:

      "90-1. ТДВА I/2 қағидаларының 6-тармағының талабына сәйкес ТДВА VI бабымен талап етілетін растама капитанның немесе командалық құрам тұлғасының Порттың теңіз әкімшілігі беретін кәсіби дипломының мәтініне енгізіледі.";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Егер кандидат қатардағы құрам тұлғасы болса, оның талап етілетін лауазым бойынша техникалық және кәсіби немесе жоғарғы білім туралы оқу дипломы, сондай-ақ қажетті жұмыс тәжірибесі болса және талап етілетін біліктілікке сәйкес келуі үшін өзінің мүмкіндіктерін көрсетсе, оған командалық құрам тұлғасының лауазымына 2 айдан аспайтын мерзімге жеңілдікпен рұқсат беріледі.

      Қатардағы құрам тұлғасының талап етілетін біліктілікке сәйкестігі Комиссияның шешімімен айқындалады.";

      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Теңізші осы Қағидалардың талаптарына сай болуы кезінде Қағидалардың 98-тармағында көрсетілген мерзімдерде кәсіби дипломдар, кәсіби дипломдар растамалары, жеңілдік рұқсаттарының тізіліміне жеңілдік рұқсатын беру туралы ақпарат енгізіледі және жеңілдік рұқсаты беріледі.

      Қағидалардың 102-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, құжаттарды ұсынған өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту жолданады.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2018 жылғы "___" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады