"Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 477 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 17882 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10445 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Телекоммуникациялар желілері үшін нөмірлеу ресурсын бөлуді байланыс операторларының, қызмет провайдерлерінің, ведомстволық, корпоративті желілердің және арнайы тағайындалған телекоммуникациялар желілері иелерінің, сондай-ақ өз қызметінде нөмірлеу ресурстарын пайдалануды жоспарлайтын жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желілерінің, соның ішінде ұялы байланыс желілерінің, жылжымалы радиотелефон байланысы желілерінің, транкингтік байланыс желілерінің, спутниктік жылжымалы байланыс желілерінің географиялық емес тұрғыда белгіленетін нөмірлеу аймақтарының "DEF" кодтарын;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Нөмірлеу ресурсын бөлу, сондай-ақ оларды алып қою туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен расталады.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Нөмірлеу ресурсын бөлу тәртібі";

      14 және 15- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Егер нақты аумақта барлық нөмірлеу ресурсын алушыларға бөлінген жергілікті желінің нөмірлеу ресурсы қолжетерлік ресурстан 90 пайызға жоғары болса, онда уәкілетті орган ресурсқа шектеудің болғандығын тіркейді.

      Ресурстың шектеулілігі туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

      Уәкілетті орган жергілікті желінің нөмірлеу ресурсын ұлғайту бойынша мынадай шаралар қабылдайды:

      1) нөмірлеу ресурсын қайта бөлу арқылы (талдау жүргізу және нөмірлеу ресурсын алушымен бөлінген мерзімнен бастап екі жыл ішінде 50 пайыздан астам бөлінген жергілікті телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурсынан пайдаланбағанын анықтау);

      2) Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесі мен жоспарына сәйкес жергілікті желіде абоненттің 5 таңбалы нөмірінен 6 таңбалыға, жергілікті желіде абоненттің 6 таңбалы нөмірінен 7 таңбалыға ауыстыру жолы арқылы.

      15. Нөмірлеудің географиялық емес анықталатын аймағының "DEF" кодтары:

      ұялы телекоммуникациялық байланыс (оның ішінде жылжымалы радио/радиотелефон байланысы және транкингтік байланыс) желілеріне;

      ұялы байланыс, спутниктік жылжымалы байланыс желілеріне Қазақстан Республикасының барлық аумағында қызметтер ұсынған жағдайда берілген лицензияның негізінде бөлінеді.

      Желі сыйымдылығының ең жоғарғы мүмкіндігінен 90 пайызға дейін жоғарылаған жағдайда, осы желіге жаңа DEF коды бөлінеді;

      Өңірлік ұялы байланыс желілеріне, жекелеген елді мекендер аумағында жұмыс істейтін ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желілеріне (оның ішінде жылжымалы радио/радиотелефон және транкингтік байланыс желілеріне) нөмірлеудің географиялық анықталатын аймағының шегінде осы географиялық анықталатын аймағының нөмірлеу ресурсы бөлінеді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Байланыс операторларына ABC кодтарында қысқа нөмірлерді өз бетінше бөлуге жол берілмейді.

      Ұялы байланыс операторларына DEF кодтарында "0", "1" және "8" сандарынан басталатын нөмірлерден басқа қысқа нөмірлер бөлуге рұқсат беріледі.

      "0" санын – ұлттық желіге шығуға префикс ретінде қолданылатын болады;

      "1" саны – шұғыл, анықтамалық-ақпараттық және тапсырыс беру қызметтеріне қатынау үшін бірінші санын белгілеуге қолданылады.

      "8" саны – қалааралық және халықаралық байланысқа шығуға қолданылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Байланыс операторы Заңының 20-бабы 4 тармағына сәйкес бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын тiзбесiне сәйкес абоненттерге тегін қосылуды ұсынуды қамтамасыз етеді.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Нөмірлер бөлу, сондай-ақ оларды алып қою тәртібі";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Өтініш беруші құжаттар берілген күнінен бастап нөмірлеу ресурсын бөлу, сондай-ақ оларды алып қою туралы бұйрықты кемінде 5 жұмыс күнінде немесе сұралып отырған нөмірлеу ресурсын бөлуден бас тарту себебі көрсетілген дәлелді жауапты 2 жұмыс күнінде алады.";

      2 қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 15 қарашадағы
№ 477 бұйрығына
қосымша
  Нөмірлеу ресурсын бөлу және
нөмірлерді беру, сондай-ақ
оларды алып қою қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Бірыңғай телекоммуникация желісінің нөмірлеу ресурсын бөлуге өтініш

      1. Өтініш беруші (заңды тұлғалар үшін – толық және қысқаша атауы, жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)).

      2. Жеке сәйкестендіру нөмiрі/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi.

      3. Пошталық мекенжайы.

      4. Байланыс деректемелері (телефон, факс, телекс).

      5. Банктік деректемелер.

      6. Уәкілетті орган берген лицензиясының және оның қосымшасының деректемелері (лицензияланатын байланыс қызметтерін көрсеткен жағдайда).

      7. Желінің толық және қысқартылған атауы (егер болса).

      8. Желіні құруға және пайдалануға жауапты тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда).

      9. Сұратылатын нөмірлеу ресурсының көлемі.

      10. Сұратылатын нөмірлеу ресурсын пайдалану болжанып отырған аумақ.

      Қоса берілетін құжаттар:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ресімделген түсіндірме жазба;

      ____________________________                   ______________________________

      (өтінішке қол қоюға уәкілетті                   (лауазымды тұлғаның тегі, аты,

                  тұлғаның лауазымы)                   әкесінің аты (бар болған жағдайда)

                                                      Мөр орны

                                                      (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады