Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 17918 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 63-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Қ. Қожамжаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      Е. Сағадиев

      2018 жылғы "___"_______

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      Ә. Смайылов

      2018 жылғы "___"_______

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 135 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін анықтайды.

2-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі

      2. Академия ақылы қызметтер көрсету туралы келісімшарт жасаса отырып "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 63-бабымен көзделген тиісті тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізеді.

      3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсыну бойынша Академияның ақылы қызмет түрлеріне мыналар:

      1) қосымша білім беру бағдарламаларын, оның ішінде шетелдіктер үшін әзірлеу, іске асыру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қабылдау емтиханына дайындау);

      2) ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;

      3) оқу-әдістемелік, баспа және полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу;

      4) мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары талаптарынан тыс жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру, оның ішінде ақылы негізде өзге азаматтық жоғары білім беру мекемелері докторанттарының пререквизиттер мен постреквизиттерді тапсыруы, диссертация қорғауы, сондай-ақ шетелдіктер үшін;

      5) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, курстардың, тренингтердің, дөңгелек үстелдердің және өзге де іс-шаралардың материалдарын өткізу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды (оның ішінде онлайн өткізуді) ұйымдастыру, өткізу немесе осындай шараларға дәрісші ретінде қатысу жатады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 14.02.2023 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Академия ұсынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) және бағалардың тізбесін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында, ведомстволық интернет-ресурста және өз аумағындағы (үй-жайдағы) арнайы бөлінген жерде ақпарат орналастырады.

      5. Академия жеке және заңды тұлғаларға осы Қағидаларға қосымшаға сай нысан бойынша жеке және заңды тұлғалардың ақылы қызмет көрсету жөніндегі өтініштерін тіркеу журналына тіркелген жазбаша өтініші негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізеді.

      6. Академия және жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынасы, оның ішінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде өткізу бойынша ақы төлеу нысаны Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне сәйкес шартпен реттеледі.

      7. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуге ақы төлеу ақша құралдарын Академияның қолма-қол ақшасының бақылау шотына қолма-қол ақшасыз есептеу нысаны бойынша жүргізіледі.

3-тарау. Академиямен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі

      8. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден түсетін қаражаты Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларына сәйкес жұмсалады, олар "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген тәртіпте құралады.

      9. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшалай қаражат мынадай:

      1) зерттеулер жүргізу үшін шығыс материалдарын, жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу;

      2) баспа және полиграфиялық өнімдерді дайындау мақсатында шығыс материалдары мен жабдықтарын сатып алу;

      3) оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар, сондай-ақ жабдықтар, техникалық оқыту құралдарын сатып алу;

      4) докторанттардың ғылыми зерттеулерінің, диссертациялық зерттеулерінің жарияланымдарын дайындау және нәтижелерін жариялау;

      5) ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, зерттеулерді орындау үшін қажетті ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастырушылық жарналар;

      6) ғылыми зерттеулер жүргізу, оқу-әдістемелік құралдар (әдістемелік, практикалық ұсынымдар) әзірлеу, ведомстволық журналдардың макеттерін дайындау шеңберінде редактор, корректор, дизайнер, беттеуші (мемлекеттік және шет тілдеріне) қызметтеріне ақы төлеу;

      7) зерттеу жүргізу үшін үй-жайларды, жабдықтарды, техниканы жалға алу;

      8) зерттеу процесінде пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы күтіп- ұстау;

      9) барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда, ғылыми зерттеу жүргізуге қатысатын зерттеу тобы басшысының және мүшелерінің, ведомстволық журналдардың редакциялық алқалары мүшелерінің еңбегі үшін сыйақы;

      10) ақылы негізде көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды іске асыру үшін тартылатын мамандарға еңбекақы, Академия қызметкерлеріне сыйақы төлеу;

      11) ғылыми-білім беру іс-шараларын (конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер) өткізу, кофе-брейк ұйымдастырып, кәдесый, геральдикалық өнім, естелік сыйлықтарды қоса сатып алу;

      12) ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберінде банк қызметтеріне ақы төлеу;

      13) оқу-материалдық базаны нығайту;

      14) қосымша оқу бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру, оқыту тренингтерін, семинарларын өткізу;

      15) Академияның оқу, ғылыми және әдістемелік материалдарын, ведомстволық журналдарын басып шығару;

      16) Академия қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;

      17) "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іс-сапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысында белгіленген іс-сапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде іс-сапар шығыстары, оның ішінде халықаралық іс-сапар шығыстары;

      18) бейнероликтер, бейнефильмдер, аудиожазбалар дайындау;

      19) ғылыми-білім беру іс-шараларына, жарыстарға, олимпиадаларға, оның ішінде халықаралық жарыстарға қатысушылардың тамақтануына арналған шығыстарды жабу;

      20) көлік қызметтеріне ақы төлеу;

      21) кітапхана қорларын толықтыру үшін электрондық коллекциялар мен дерекқорларды сатып алу;

      22) ғылыми еңбектерді, құралдарды, ведомстволық журналдар макеттерін рецензиялау, түзету, редакторлық оқу бағыттары бойынша жұмсалады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 14.02.2023 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түскен және жұмсалған ақшаны есепке алу Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес пайдаланылатын ақшаны есепке алу "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын" бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 (Нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6443 болып тіркелген) және "Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15594 болып тіркелген) бұйрықтарымен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
жанындағы Құқық қорғау
органдары академиясының
тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді)
өткізуі бойынша ақылы қызмет
түрлерін көрсету және оның
тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді)
өткізуден түскен ақшаны
жұмсау қағидаларына қосымша
  Нысан

Жеке және заңды тұлғалардың ақылы қызмет көрсету жөніндегі өтініштерін тіркеу журналы

Тіркеу №

Қабылдау күні

Өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Ақылы негiзде көрсетiлетiн, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу бойынша қызмет түрi

Қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы

Өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

1

2

3

4

5

6














Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады