Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 101/қе және "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы" 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 102/қе бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 103/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 қаңтарда № 31640 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 101/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17938 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнайы оқу орындарына тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. ҰҚО оқу орындары "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабы 3-тармағының 12-абзацына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мыналар бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынады:

      1) ғылыми зерттеулерді жүргізу;

      2) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру;

      3) оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) іске асыру.

      3. ҰҚО оқу орындары мен жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша өзара қарым-қатынастар, оның ішінде төлем нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес тиісті шарттар жасасу арқылы реттеледі.".

      2. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 102/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17937 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалары:

      мынадай мазмұндағы реттік номері 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51 -жолдармен толықтырылсын:

      "

44.

Припресс

бет

90

45.

Кеңформатты басып шығару
(20 %-дан аспайтын бояқ құйылған баннер)

шаршы метр

1800

46.

Кеңформатты басып шығару
(20 %-дан аспайтын бояқ құйылған оракал)

шаршы метр

1800

47.

Кеңформатты басып шығару (20 %-дан аспайтын бояқ құйылған кенеп)

шаршы метр

4750

48.

Қатты түптеу А5 форматта

дана

200

49.

Қатты түптеу А4 форматта

дана

500

50.

Қатты түптеу А3 форматта

дана

700

51.

Ыстықтай өрнектеу

1 соққы (биг)

200

      ".

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі..

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады