Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.05.2024 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15722 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекiтiліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында:
аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекiтіліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары − Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Ө. Шөкеев |
Санаттар бойынша аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған материалдық-техникалық база
№ | Техниканың атауы (бірлік/мың гектар) | Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аймақтарында (бірлік/мың гектар) | ||||
Аңшылық шаруашылықтардың санаттары | ||||||
I | II | III | IV | V | ||
1 | Трактор | 1/60,0 | 1/120,0 | - | - | - |
2 | Бортты автомашина | 1/60,0 | 1/120,0 | 1/200,0 | - | - |
3 | Авто- немесе мотоцистерна немесе өрт сөндіру машинасы (тек орман алқаптарында) | 1/100,0 | 1/200,0 | - | - | - |
4 | Патрульдік машина | 1/15,0 | 1/30,0 | 1/60,0 | 1/90,0 | 1/200,0 |
5 | Мотоцикл (ат) | 1/5,0 | 1/15,0 | 1/30,0 | 1/50,0 | 1/200,0 |
6 | Бензинмен жұмыс істейтін ара (тек орман алқаптарында) | 1/5,0 | 1/10,0 | 1/20,0 | 1/40,0 | 1/60,0 |
7 | Шөп шабатын машина | 1/60,0 | 1/120,0 | - | - | - |
8 | Соқа | 1/60,0 | 1/120,0 | - | - | - |
9 | Қайық | - | - | - | - | - |
10 | Қамыс оратын машина* | - | - | - | - | - |
11 | Қарда жүретін көлік** | 1/15,0 | 1/30,0 | - | - | - |
кестенің жалғасы
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының шөлді аймақтарында (бірлік/мың гектар) | ||||
Аңшылық шаруашылықтардың санаттары | ||||
I | II | III | IV | V |
1/200,0 | 1/500,0 | - | - | - |
1/200,0 | 1/500,0 | - | - | - |
1/200,00 | 1/500,0 | - | - | - |
1/40,0 | 1/90,0 | 1/180,0 | 1/270,0 | 1/600,0 |
1/30,0 | 1/90,0 | 1/200,0 | - | - |
- | - | - | - | - |
1/150,0 | 1/300,0 | - | - | - |
1/150,0 | 1/300,0 | - | - | - |
- | - | - | - | - |
- | - | - | - | - |
- | - | - | - | - |
кестенің жалғасы
№ | Техниканың атауы (бірлік/мың гектар) | Барлық облыстардың орманды-дала және дала аймақтарында (бірлік/мың гектар) | ||||
Аңшылық шаруашылықтардың санаттары | ||||||
I | II | III | IV | V | ||
1 | Трактор | 1/200,0 | 1/500,0 | - | - | - |
2 | Бортты автомашина | 1/200,0 | 1/500,0 | - | - | - |
3 | Авто- немесе мотоцистерна немесе өрт сөндіру машинасы (тек орман алқаптарында) | 1/200,0 | 1/500,0 | - | - | - |
4 | Патрульдік машина | 1/30,0 | 1/60,0 | 1/120,0 | 1/180,0 | 1/400,0 |
5 | Мотоцикл (ат) | 1/30,0 | 1/90,0 | 1/200,0 | - | - |
6 | Бензинмен жұмыс істейтін ара (тек орман алқаптарында) | - | - | - | - | - |
7 | Шөп шабатын машина | 1/150,0 | 1/300,0 | - | - | - |
8 | Соқа | 1/150,0 | 1/300,0 | - | - | - |
9 | Қайық | - | - | - | - | - |
10 | Қамыс оратын машина* | - | - | - | - | - |
11 | Қарда жүретін көлік** | 1/30,0 | 1/60,0 | - | - | - |
кестенің жалғасы
Барлық облыстардың сулы-батпақты алқаптарында (бірлік/мың гектар) | ||||
Аңшылық шаруашылықтардың санаттары | ||||
I | II | III | IV | V |
1/100,0 | 1/200,0 | - | - | - |
1/100,0 | 1/200,0 | - | - | - |
1/100,0 | 1/200,0 | - | - | - |
1/15,0 | 1/30,0 | 1/60,0 | 1/90,0 | 1/200,0 |
- | - | - | - | - |
- | - | - | - | - |
1/150,0 | 1/300,0 | - | - | - |
1/150,0 | 1/300,0 | - | - | - |
1/5,0 | 1/10,0 | 1/20,0 | 1/40,0 | 1/60,0 |
1/5,0 | 1/10,0 | 1/20,0 | 1/40,0 | 1/60,0 |
1/15,0 | 1/30,0 | - | - | - |
Ескертпе:
* су айдынын шөп басып кетуіне байланысты;
** Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарын қоспағанда.