Ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын нормативтік құқықтық актілерде қолдану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 896 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 18040 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын нормативтік құқықтық актілерде қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. "Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1158 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12833 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 22 (28750) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 896 бұйрығымен
бекітілген

Ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын нормативтік құқықтық актілерде қолдану қағидалары

      1. Осы Қағидалар "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және нормативтік құқықтық актілерде сілтемелер келтірілген ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын (бұдан әрі – стандарттау жөніндегі құжаттар) нормативтік құқықтық актілерде қолдану тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Қағидалар).

      2. Нормативтік құқықтық актілерде қолданыстағы стандарттау жөніндегі құжаттарға сілтемелер келтіріледі.

      3. Сілтемелер тікелей және жанама болып бөлінеді.

      4. Нормативтік құқықтық актілерде стандарттау жөніндегі құжаттарға тікелей сілтеме стандарттау жөніндегі нақты құжаттың талаптарына қол жеткізу қажет болған жағдайда келтіріледі.

      5. Нормативтік құқықтық актілерде стандарттау жөніндегі құжаттарға келтірілген сілтемелер, егер ол туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында нұсқау болатын болса, міндетті болып табылады.

      6. Тікелей сілтеме стандарттау жөніндегі құжатты бекітілген жылын көрсетпей, тек белгілеуі мен атауы түрінде көрсетіледі, мысалы: ҚР СТ 1125 "Жол белгілері. Жалпы техникалық шарттар", ҚР МЖ 08 "Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуіші".

      7. Нормативтік құқықтық актілерде тікелей сілтеме берілген стандарттау жөніндегі құжатты қолданған кезде оның барлық өзгерістерімен бірге оның соңғы жаңартылған басылымы пайдаланылады.

      8. Нормативтік құқықтық актілердегі стандарттау жөніндегі құжаттарға жанама сілтемелер стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына қол жеткізу қажет болған жағдайда олардың белгіленуі мен атауын көрсетпей-ақ қолданылады.

      9. Нормативтік құқықтық актілерде жанама түрде келтірілген стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдану мақсатында оларды таңдау ерікті болып табылады.

      10. Нормативтік құқықтық актілерде стандарттау жөніндегі құжаттардың құрылымдық элементіне сілтеме жасауға рұқсат етілмейді.

      11. Нормативтік құқықтық актілерде тікелей сілтеме берілген стандарттау жөніндегі құжаттарды басқа белгімен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттармен ауыстырған кезде нормативтік құқықтық актілердегі тікелей сілтеме берілген стандарттау жөніндегі құжаттар нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер енгізілгенге дейін қолданылады.

      Ұлттық стандарттау органы нормативтік құқықтық актілерде сілтеме келтірілген стандарттау жөніндегі құжаттардың ауыстырылуына байланысты, стандарттау жөніндегі нормативтік құжатты бекіткен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға онда келтірілген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды.

      12. Мемлекеттік органдар жаңартып отыру мақсатында Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының ресми интернет-ресурсында орналастырылатын Стандарттардың ақпараттық көрсеткішіне сәйкес олар қабылдаған және (немесе) олар әзірлеушісі болып табылған нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың құзыретіне жататын актілерге қатысты стандарттау жөніндегі құжаттарға, оларды жаңартып отыру қажеттілігіне ай сайын талдау жүргізеді.

      13. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдар ол мемлекеттік тіркелген сәттен бастап мерзімі он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша стандарттау жөніндегі құжатқа сілтемені қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қабылдау туралы хабарламаны Стандарттау жөніндегі ұлттық органға жібереді.

      14. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган стандарттау жөніндегі құжаттардың каталогында, стандарттардың ақпараттық көрсеткішінде, сондай-ақ Стандарттау жөніндегі ұлттық органының интернет-ресурсында нормативтік құқықтық актілерге сілтеме келтірілген стандарттау жөніндегі құжаттар туралы ақпаратты орналастыруды ұйымдастырады.

  Ұлттық, мемлекетаралық
стандарттарды және ұлттық
техникалық-экономикалық
ақпарат сыныптауыштарын
нормативтік құқықтық актілерде
қолдану қағидаларына
қосымша
  Нысан

Ұлттық, мемлекетаралық стандарттарға немесе ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарына сілтемені қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қабылдау туралы хабарлама

      Мемлекеттік орган _____________________________ ұлттық, мемлекетаралық

                              (Мемлекеттік органның атауы)

      стандарттарға немесе ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат

      сыныптауыштарына қамтитын мынадай нормативтік құқықтық актілерді

      қабылданғаны туралы хабарлайды:

Нормативтік құқықтық актінің нысаны мен актіні қабылдаған орган

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Сілтемелер берілген нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементінің белгіленуі мен атауы

Ұлттық, мемлекетаралық стандарттарын және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының белгіленуі мен атауы

1

2

3

4

5

6



















      Күні                                           201_ "___"____________

      Мемлекеттік органның

      басшысы (қолы)                               Тегі Аты

                                                      Әкесінің аты (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады