Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 902 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18071 болып тіркелді.

      "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты "Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы", Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы автомобиль жолының "Астана – Теміртау" 1291 + 335 километр (бұдан әрі – км) – 1425 + 422 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылады;

      2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: "Астана – Қабанбай батыр – Энтузиаст – Киевка – Темiртау" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолы;

      3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 1291 + 335 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 1425 + 422 км;

      4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

      автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;

      ақы алу пункттері орындарында автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,00 метр;

      ақы алу пункттері орындарында жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені – кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;

      автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 4 белдеу;

      6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 134 км 87 метр;

      7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2 – қосымшаға сәйкес айқындалады;

      8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3 – қосымшаға сәйкес;

      9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 548 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.12.2022 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2018 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      2018 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы 24
желтоқсандағы
№ 902 бұйрығына
1-қосымша

Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі

Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр

Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы

Аршалы ауданы

1294 км + 220

42 Разъезд ауылы

1306 км + 110

Бабатай кенті

1330 км + 100

Ижевский ауылы

1340 км + 100

Аршалы кенті

Осакаровка ауданы

1356 км + 240

Ералы ауылы

1366 км + 190

Озерное ауылы

1370 км + 270

Осакаровка кенті

1400 км + 400

Ақпан ауылы

1404 км + 650

Шоқай ауылы

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 902 бұйрығына
2-қосымша

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 15.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      І-а санатты "Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының "Астана – Теміртау" 1291 + 335 км – 1425 + 422 км учаскесі:

      Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)

Р/с№

Аймақтар

жеңіл автокөліктер

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыш тар

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Аршалы 1291+335-1327+920 км (36,585 км)

0,0174

0,0661

0,1287

0,1913

0,2574

0,3165

2

Анар 1327+920+-1354+700 км (26,780 км)

0,0139

0,0487

0,0939

0,1391

0,1878

0,2330

3

Ошағанды 1354+700-1402+685 км (47,985 км)

0,0209

0,0835

0,1670

0,2435

0,3339

0,4174

4

Теміртау 1402+685-1425+422 км (22,737 км)

0,0174

0,0452

0,0800

0,1217

0,1600

0,1983

5

Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (134,087 км)

0,0696

0,2435

0,4696

0,6957

0,9391

1,1652

      1) абоненттік төлем - автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы, ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін белгілі бір уақыт кезеңіне абонемент түрінде бір ауданнан тыс жерде бір айға немесе бір жылға ауысқан кезде;

      2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді. Абонементтердің мынадай түрлері көзделеді:

      бір айға (күнтізбелік 30 күн):

Көлік түрі

Жеңіл автокөліктер үшін

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін

1

2

3

4

5

6

7

Абоненттік төлемнің құны

қарастырылмаған

2 АЕК

4 АЕК

6 АЕК

8 АЕК

10 АЕК

      бір жылға (күнтізбелік 365 күн):

Көлік түрі

Жеңіл автокөліктер үшін

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін

1

2

3

4

5

6

7

Абоненттік төлемнің құны

1 АЕК

20 АЕК

40 АЕК

60 АЕК

80 АЕК

100 АЕК

      3) аймақ – жүк көтергіштігі мен көлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір мөлшері бар ақылы учаскенің жол сегменті;

      4) алдын-ала төлеу – ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;

      5) жергілікті автокөлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде ақылы учаскесіне іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралы.

  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму
  министрінің
  2018 жылғы 24 желтоқсандағы
  № 902 бұйрығына
  3-қосымша

Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі.

Р/с №

Елді мекеннің атауы

Аршалы ауданы

1

Жібек Жол кенті

2

42 Разъезд ауылы

3

Жалтыркөл ауылы

4

Бабатай кенті

5

Ижевский ауылы

6

Ақбұлақ ауылы

7

Аршалы кенті

8

Берсуат ауылы

9

Түрген ауылы

10

Анар ауылы

Осакаровка ауданы

11

Ералы ауылы

12

Озерное ауылы

13

Батпақ ауылы

14

Ақпан ауылы

15

Ошағанды ауылы

16

Шоқай ауылы

Бұхар-Жырау ауданы

17

Баймырза кенті


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады