Автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 шілдеде № 19112 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11402 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған"):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2) "Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 902 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18071 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      1-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды арқылы автомобиль жолының Нұр-Сұлтан – Теміртау 1291 + 335 километр (бұдан әрі – км) – 1425 + 422 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылады;

      2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Энтузиаст – Киевка – Темiртау республикалық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолы;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3) "Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 904 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18073 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургқа) – Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды арқылы республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Алматы – Құрты учаскесі, Қапшағай – Құрты республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы;".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 25 шілдедегі
№ 548 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 315 бұйрығына
2-қосымша

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі

Жол индексі

Жолдардың атауы

Ұзындығы, км

1

2

3

М-32

РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда арқылы

2059,6

М-36

РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды арқылы

2047,1

М-38

РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай (ҚХР-ға шығу), Павлодар, Семей арқылы

1081

М-39

ӨР шекарасы (Ташкентке) - ӨР шекарасы (Термезге)

24,1

М-51

РФ шекарасы (Челябинскiге) – РФ шекарасы (Новосибирскiге), Петропавл, Омбы арқылы

190

А-1

Нұр-Сұлтан - Петропавл, Көкшетау арқылы

456

А-2

ӨР шекарасы (Ташкентке)-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас, Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (ҚР шекарасына кiреберiспен және Тараз, Құлан, Қордай шатқалының айналма жолдарымен, Қордай шатқалымен)

1292

А-3

Алматы – Өскемен – Шемонаиха- РФ шекарасы (Аягөздің және Сарқандтың айналма жолдарымен және Мұқры шатқалының кiреберiсімен)

1212

А-4

Алматы-Шамалған -Ұзынағаш – Аққайнар – Сұраншы батыр - ҚР шекарасы (Ұзынағаш кентіне кiреберiспен)

115

А-5

Ақсай – Шонжы – Көлжат - ҚХР шекарасы (ҚХР шекарасына кiреберiспен)

160

А-6

Көкпек - Кеген - ҚР шекарасы (Түп) (Кеген шатқалының айналма жолымен)

115

А-7

Үшарал - Достық

184

А-8

Таскескен - Бақты (ҚХР шекарасы)

187

А-9

Өскемен – Риддер - РФ шекарасы

167

А-11

Семей - РФ шекарасы (Барнаулға)

111

А-12

Петропавл - Соколовка - РФ шекарасы (Есiлге)

62

А-13

Көкшетау – Кiшкенекөл - Бидайық - РФ шекарасы (Омбыға)

278

А-14

Тараз - Утмек - ҚР шекарасы

14

А-15

Жизақ - Гагарин - Жетiсай - Киров - Қызыләскер -Сарыағаш-Абай - Жiбек жолы (ӨР шекарасы Атакент ауылына кіреберіспен Сырдария, Гүлстан, Шыназ және Сарыағаш санаториясына)

221

А-16

Жезқазған - Петропавл, Арқалық арқылы

940

А-17

Қызылорда - Павлодар –Успенка - РФ шекарасы

1493

А-18

Павлодар - Шарбақты - РФ шекарасы

112

А-19

Алматы - Шелек - Қорғас

304

А-20

Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай-Бұғаз

921

А-21

Мамлют - Қостанай

398

А-22

Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный -Қостанай

546

А-23

Денисовка - Жітіқара - Мықтыкөл - РФ шекарасы

142

А-24

Ақтөбе-Мәртөк - РФ шекарасы (Орынборға)

92,3

А-25

Ақтөбе - РФ шекарасы (Орскке)

120,8

А-26

Қандыағаш - Ембі - Шалқар -Ырғыз

401

А-27

Ақтөбе-Атырау- РФ шекарасы (Астраханьға)

865,4

А-28

Атырау - Орал

487

А-29

Орал - Тасқала - РФ шекарасы (Озинкиге)

100

А-30

Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы

144

А-31

Чапаев - Жалпақтал - Казталовка - РФ шекарасы

213

А-32

Орал - РФ шекарасы (Бузулукке)

28

А-33

Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай-Өтес - Шетпе-Жетiбай - Ақтау порты (Жетібай арқылы және Шетпеге кіреберіс)

815

А-34

Жетiбай - Жаңа өзен - Кендірлі - ТР шекарасы (Түркменбашыға)

237

А-35

Ақтау - Құрық

59

А-36

Құрық - Жетібай

64

Р-1

Бейнеу - Ақжiгіт - ӨР шекарасы (Нүкіске)

84

Р-2

Нұр-Сұлтан - Қорғалжың (Қорғалжың қорығына кіреберіспен)

161

Р-3

Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Энтузиаст - Киевка - Темiртау

250

Р-4

Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті

238

Р-5

Ертіс өзенінің көпір өткелі арқылы Павлодардың батыс айналма жолы

15

Р-6

Макин-Ақсу-Торғай

235

Р-7

Бурабай курорт аймағының жолдары

66

Р-8

Щучье-Зеренді

80

Р-9

Вячеслав су қоймасына кiреберіс

17

Р-10

Нұр-Сұлтанға айналма жол

52,7

Р-11

Көкшетау-Рузаевка 

196

Р-12

Көкшетау-Атбасар

184

Р-13

Жақсы-Есіл-Бузулук

82

Р-14

Көкшетауға айналма жол (Әуежайға кіреберіспен)

18

Р-15

Кеген-Нарынқол

89

Р-16

"Көкпек-Кеген-Түп" а/ж - Жалаңаш - Саты - Құрметтi (Көлсай көлiне кiреберiспен)

89

Р-17

Алматы-Талғар-Байдибек би

68

Р-18

Қапшағай-Құрты

67

Р-19

"Алматы - Көктал - Байсерке - Междуреченское" а/ж – РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы

52

Р-20

Сарыөзек-Көктал (Сарыөзек ст. айналма жолы)

192

Р-21

Алма-Тау турбазасына кiреберiс

15

Р-22

Алматы-Космостанция (Алматы және Алма-Арасан санаторийлеріне кiреберiспен)

37

Р-23

Семей-Қайнар 

276

Р-24

Өскемен-Семей

195

Р-25

Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын - Қатон Қарағай - Рахман қайнары

446

Р-26

РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай (ҚХР-ға шығу) - Қалжыр-Марқакөл

124

Р-27

Қалкаман - Баянаул - Үмiткер - Ботақара

324

Р-28

Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне кiреберіс

24

Р-29

Мерке-Бурылбайтал

266

Р-30

Шу - Қайнар

56

Р-31

Кентау-Түркiстан-Арыстанбаб-Шәуiлдiр-Төрткөл

145

Р-32

Шымкентке солтүстік айналма жол

36,5

Р-33

Мұкұр-Құлсары

136

Р-34

"Қызылорда-Павлодар" а/ж - Жәйрем- Қаражал-Атасу

144

Р-35

Ақшатау-Ағадыр-Ортау - "Қызылорда- Павлодар" а/ж

195

Р-36

Қостанай-Әулиекөл-Сұрған

257

Р-37

Бастау-Ақтау-Теміртау

53

Р-38

"Қостанай-Жақсы" а/ж – "Қостанай-Қарабұтақ" а/ж

6

Р-39

"Қостанай - Қарабұтақ" а/ж - РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы

21

Р-40

Махамбет - Хамит Ерғалиев

45

Р-41

Ленин -Ертіс - Русская Поляна

263,78

Р-42

Қабанбай батырдың ескерткiш кешенiне кіреберіс

4

Р-43

Рудныйдың батыс айналма жолы

6,9

Р-44

Казталов - Жәнiбек - РФ шекарасы

165

Р-45

Ленин-Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар – Курчатов

220

Р-46

Щучье-Бурабай курорттық аймағының ойын-сауық орталығына кіреберіс

8,9

Р-47

ҚР шекарасына (Қарасуға) кіреберіс

17,7

Р-48

"Алатау ақпараттық технологиялар паркі" еркін экономикалық аймағына кіреберіс

9,95

Р-49

Петропавлға айналма жолы

30

Р-50

Ақтөбенің солтүстік айналма жолы

39,3

Р-51

Өнеге-Бисен-Сайхин

103

Р-52

Жаңа Колутон-Ақкөл-Минское кіреберіс

4,6

Р-53

Т. Рысқұловқа кіреберіс

31

Р-54

Қарағандыға кіреберіс

16

Р-55

Ерейментауға кіреберіс

36

Р-56

Хан Ордасына кіреберіс

21

Жиыны

24 387

      Ескертпе:

      Беков

      а/ж – автомобиль жолдары

      ҚР – Қырғызстан Республикасы

      ҚХР – Қытай Халық Республикасы

      ӨР – Өзбекстан Республикасы

      ТР – Түрікменстан Республикасы

      РФ – Ресей Федерациясы

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 25 шілдедегі
№ 548 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 902 бұйрығына
2-қосымша

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

      І-а санатты Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды арқылы республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Нұр-Сұлтан – Теміртау 1291 + 335 км – 1425 + 422 км учаскесі:

  теңге

Р/с №

Аймақтар

жеңіл автокөліктер

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері

32 орыннан асатын автобустар және автопоездардың жүк көтергіштігі 10 тн дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 10 тн-дан 15 тн-ға дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 15 тн-дан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар

Жергілікті көлік

Алдын ала төлем бойынша транзит

Қолма-қол ақшамен, төлегенде транзит

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Аршалы 1291+335-1327+920 км (36,585 км)

50

50

100

190

370

550

740

910

2

Анар 1327+920+-1354+700 км (26,780 км)

40

40

80

140

270

400

540

670

3

Ошағанды 1354+700-1402+685 км (47,985 км)

60

60

120

240

480

700

960

1200

4

Теміртау 1402+685-1425+422 км (22,737 км)

50

50

100

130

230

350

460

570


Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (134,087 км)

200

200

400

700

1350

2000

2700

3350

      Ескертпе:

      1) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк көтергіштігі мен түріне байланысты жүріп өткені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолындағы (учаскедегі) жол бөлігі;

      2) алдын ала төлеу – пайдаланушының ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) ақы алу пунктері арқылы жүріп өткенге дейінгі төленген ақысы;

      3) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;

      4) транзиттік көлік – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде қамтылмаған;

      5) жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүріп өткені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады