"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18134 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 12590 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) – Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.

      7. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тиісті бюджет бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар болып табылатын тапсырыс берушілер даму жоспары бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      Көрсетілген жағдайларда мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілгенге дейінгі сатыларда да, нақтыланғанға дейінгі сатыларда да жеке әзірленеді және бекітіледі.

      8. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін қолданылады. Тапсырыс беруші тиісті бюджетте (даму жоспарында) бекітілмеген мәліметтерді қоспағанда, мәліметтерді веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарынан мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарына ауыстырады.

      9. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды).";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) жасаған кезде, мыналарды:

      1) өзара байланысты жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кешенін көздейтін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      2) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.

      Тауарлар жеткізудің, қызметтер көрсетудің кемінде бес орны болған жағдайда, лотта тауарлар жеткізудің, қызметтер көрсетудің бірнеше орнын көрсетуге жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "11-1. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын экономикалық сыныптаманың мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін өзіндік ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтықта бюджетке (даму жоспарына) сәйкес келмейтін көлемде бекітуге (нақтылауға) жол берілмейді.

      11-2. Жобалау-сметалық құжаттамасы бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушілер Заңның 5-бабының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында):

      1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген, қосылған құн салығы есепке алынбаған соманың отыз пайызы мөлшерінде алдын ала төлемді (аванс) көрсетеді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекiтілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны веб-порталда орналастырады.

      13. Тапсырыс берушілер Заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес айына екі реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мынадай:

      1) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын;

      2) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша, оның ішінде камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу, сондай-ақ тиісті бюджетті нақтылау (түзетілген) кезінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған;

      4) Заңның 22-бабының 2-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шешімді қабылдағанда;

      5) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алғанда;

      6) өткізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша үнемдеу есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларына қолданылмайды.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес шарт жасасқанға дейін:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзету), бюджет жобасын бекіту кезінде болған мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған (енгізілмеген);

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (даму жоспарына, жеке қаржыландыру жоспарына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуы мүмкін.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Заңның 8-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, тапсырыс беруші конкурс (аукцион) тәсілімен ұйымдастырылатын және өткізілетін мемлекеттік сатып алу рәсімін орындау үшін бірыңғай ұйымдастырушымен келісім бойынша оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде айқындайды.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыларымен жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 28-1 және 28-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "28-1. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін айқындайды.

      28-2. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды:

      1) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша тапсырыс берушімен бірлесіп, конкурстық комиссиялар (аукциондық комиссиялар) құру арқылы;

      2) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орнына қарамастан, бір лотқа біріктіру арқылы;

      3) тапсырыс берушілердің уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімдері бойынша тапсырыс берушімен бірлесіп, конкурстық комиссиялар (аукциондық комиссиялар) құру арқылы жүзеге асырады. Осы тармақша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы осындай мемлекеттік сатып алуды өткізуге келіскен жағдайда қолданылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мынадай:

      1) бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемi туралы мәліметтерді;

      2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасын;

      3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;

      4) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;

      5) әлеуетті өнім берушілердiң баға ұсыныстарын ұсынуды бастау және аяқтау мерзiмi туралы;

      6) техникалық ерекшелігін көрсете отырып, шарттың жобасын веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.

      Тапсырыс берушілер сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлейді. Бұл ретте ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.

      Бұл ретте сатып алынатын тауардың қысқаша сипаттамасында өнім берушілерге қойылатын, берілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы талап қамтылуға тиіс.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Мыналар:

      1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;

      2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизингтің нысанасын мұқият сипаттау қажеттігі туындағанда;

      3) тапсырыс берушіде бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін;

      4) құны тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен аспайтын нарықта ұсынылған және қолжетімді тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқамалардың болуына жол берілмейді.";

      43-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-портал автоматты түрде қабылдамайды.";

      5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі бөлімінде 1-параграф. "Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезеңдері" атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Ұйымдастырушымен, бірыңғай ұйымдастырушымен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезеңдері";

      мынадай мазмұндағы 46-1, 46-2 және 46-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "46-1. Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды келесі кезеңдердің ретін сақтай отырып, өткізеді:

      1) бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге осы Қағидалардың 52-тармағымен бекітілген құжаттарды қамтитын тапсырма тапсырыс берушімен ұсынылады;

      2) тапсырыс берушімен ұсынылған осы Қағидалардың 52-тармағымен бекітілген құжаттарды қамтитын тапсырманың негізінде конкурстық құжаттаманың жобасы бірыңғай ұйымдастырушымен әзірленеді және бекітіледі;

      3) мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысымен конкурстық комиссияның құрамы анықталады және бекітіледі.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларымен көзделген жағдайларда бірыңғай ұйымдастырушымен анықталатын және бекітілетін конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің өкілдері де енеді;

      4) бірыңғай ұйымдастырушымен қажеттілік болған жағдайда конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізіледі;

      5) бірыңғай ұйымдастырушымен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарлама веб-порталға орналастырылады;

      6) осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда бірыңғай ұйымдастырушымен тапсырыс берушіге конкурстық құжаттың техникалық ерекшелігіне және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттама алған, веб-порталда автоматты түрде тіркелген тұлғалардың тарапына ескертулер мен сұраулар жолданады;

      7) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;

      8) тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың негізінде жеңімпазбен осы Қағидалармен бекітілген тәртіпте мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасайды.

      46-2. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай ұйымдастырушыға тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік сатып алу жоспары туралы ақпаратты ұсынады.

      46-3. Бірыңғай ұйымдастырушымен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Заңмен және осы қағидалармен бекітілген ерекшеліктермен қоса, ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.";

      47, 48 және 49-тармақтар алынып тасталсын;

      51-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс. Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда бірыңғай ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тапсырыс берушінің қазақ және орыс тілдерінде мынадай құжаттарды қамтитын тапсырмасының негізінде жүзеге асырады:

      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға қол қойған, конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін тапсырыс беруші өкілдерінің ішінен үміткерлері көрсетілген тапсырыс берушінің конкурсты өткізуге өтінімі;

      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекіткен конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелігі, шарттың жобасы және құрылған (тартылған) жағдайда сараптау комиссиясының құрамы.

      Техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:

      "52-1. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тапсырыс берушінің қазақ және орыс тілдерінде мынадай құжаттарды қамтитын тапсырмасының негізінде жүзеге асырады:

      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға қол қойған, тапсырыс берушінің конкурсты өткізуге өтінімі;

      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекіткен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының ерекшеліктерімен қоса техникалық ерекшеліктің жобасы.";

      60-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысынан не оның міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам айқындалады.";

      62, 63 ,64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомствалық және аумақтық бөлімшелері, ведомствалық бағынысты мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың шеңберінде конкурс жүргізілген кезде, тапсырыс берушінің бірінші басшысы конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.

      63. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, атқарушы орган бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс жүргізген кезде тапсырыс берушінің бірінші басшысы конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.

      64. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы, ал егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің әкімі болып анықталады.

      65. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орталық атқарушы органдардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша конкурс өткізген кезде конкурстық комиссияның төрағасы орталық атқарушы органның бірінші басшысы немесе осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, оның міндетін атқарушы тұлға айқындалады.";

      66 және 67-тармақтар алынып тасталсын;

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу кезінде ұйымдастырушы Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші қажеттілігіне орай әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Сараптау комиссиясын құру не сарапшыны тарту туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды.";

      84, 85, 86, 87, 88 және 89-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес айқындалатын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірленген конкурстық құжаттаманың жобасын бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға бекітеді.

      85. Бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген және бекіткен конкурстық құжаттаманың жобасы конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті, шарт жобасын және сараптау комиссияның құрамын не сарапшыны (бар болса) қамтуы тиіс.

      86. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың жобасын веб-порталда орналастырады.

      Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін конкурстық құжаттамаға өз бастамасы бойынша өзгерістер енгізуге құқылы. Мұндай жағдайларда конкурстық құжаттама Заңның 22-бабында айқындалған тәртіппен алдын ала талқылауға жатады.

      Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес егер осы Қағидалардың 89-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаның мәтінін орналастырған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем болмауы тиіс.

      87. Қайта мемлекеттік сатып алуды өткізуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мерзімін ұлғайтуды қоспағанда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырған жағдайда, ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын веб-порталда өткізілмеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуі шартымен, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастырады.

      88. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 86-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      89. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті талабы әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы болып табылады.";

      91 және 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттама бекітілді деп есептеледі.

      92. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:

      1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау негіздемелері мен себептерін көрсетеді;

      3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.

      Конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, осы Қағидалардың 83, 84-тармақтарымен белгіленген тәртіпте веб-порталда өзгертілген конкурстық құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап, конкурстық құжаттама бекітілді деп есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 92-1-тармақпен толықтырылсын:

      "92-1. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жөніндегі талап жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін, конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Қағидалардың 92-тармағының 3) тармақшасы бөлігінде сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылған жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қолданылады.";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беруді тапсырыс беруші жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беруді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.

      Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беру мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.";

      108-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда, веб-портал оны автоматты түрде кері қайтаруға тиіс.";

      114-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) электрондық құжат нысанында берілетін банк кепілдігін таңдауға құқылы.";

      115-тармақ алынып тасталсын;

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;

      2) конкурс жеңімпазы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбесе конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.";

      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім беруші енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады:

      1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес (бар болса) соманы енгізген.";

      123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "123. Конкурстық баға ұсыныстарын қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін басқа да әлеуетті өнім берушілердің осы конкурсқа қатысуға берген өтінімдерін көруге қол жеткізу қамтамасыз етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 125-1-тармақпен толықтырылсын:

      "125-1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау кезінде конкурстық комиссия Заңның 27-бабының 5-тармағына сәйкес:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды;

      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды.";

      126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "126. Конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы веб-порталда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.

      Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы мынадай:

      1) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;

      2) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша анық емес ақпарат берген;

      3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны осы Қағидаларда айқындалған мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.";

      140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "140. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау нәтижелері бойынша:

      1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;

      2) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды қолданады және есептейді;

      3) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайта ұсыну мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді.";

      150-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы келесі негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:

      мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде олар туралы мәліметтер расталатын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) рұқсаттардың (хабарламалардың) болмауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) тиісті рұқсаттардың (хабарламалардың) нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады;

      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынбауы;

      конкурсты жариялаған мерзімнен кейін веб-портал арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің жоқ (бар) болуы туралы, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің мәліметтерін ұсынбауы;

      тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселеген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі туралы ақпараттардың болуы;

      конкурстық құжаттаманың 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы;

      әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) белгіленген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;

      конкурстық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болуы бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;

      біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісі анықталса;

      банкроттық не тарату рәсіміне жатса;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер болса. Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде кері қайтаруына жатады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.";

      мынадай мазмұндағы 152-1-тармақпен толықтырылсын:

      "152-1. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемшарттарды:

      1) әлеуетті өнім берушіде:

      өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында соңғы он жылдың ішіндегі жұмыс тәжірибесінің;

      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, ұсынылатын тауарларға ерікті сәйкестікті растау жүргізілгенін растайтын құжаттың;

      ұлттық немесе халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);

      қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесінің ұлттық стандартқа сәйкестігін растайтын құжаттың;

      ұсынылған тауардың экологиялық таза өнім стандартына сәйкестіктігін растайтын құжаттың бар болуын;

      2) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстарды қарастырады.";

      153-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "153. Конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде, осы Қағидалардың 152-1-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қолданылатын, конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдерге сәйкес шартты жеңілдіктерді анықтайды.

      Әлеуетті өнім беруші осы өлшемдерді растайтын құжаттарды бермеген жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдіктерді қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған талаптар шартқа енгізіледі.";

      154 және 155-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "154. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы болған жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз, бірақ бес пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді.

      Сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болғаны үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      155. Егер әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі пайыз (0,2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Егер бұл жұмыстарды әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер ретінде орындаса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір пайыз (0,1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.";

      172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "172. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелерінің мәліметіне сәйкес алдыңғы жылдың алдындағы төрт жылда төленген салықтардың сомасы бойынша үлкен көрсеткішке ие конкурсқа қытысушы жеңімпаз болып танылады. Төленген салықтың сомасы бойынша көрсеткіштер тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрынырақ келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.";

      174, 175, 175-1 және 176-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "174. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған қатысуға өтiнiмнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада (жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжат) көрсетілген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.

      175. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық-экономикалық негiздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) және қала құрылысы жобалары құжаттаманы әзірлеу бойынша қатысуға өтiнiмнiң бағасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14642 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 232-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативке сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.

      175-1. Әлеуетті өнім берушінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген) "Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығына сәйкес белгіленген бағадан ол төмен болса, демпингтік деп танылады.

      176. Егер әлеуетті өнім берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау) көрсетуге арналған конкурстық өтінімінің бағасы бекітілген мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептелген бағадан он бес пайыздан астамға төмен болған жағдайда, ол демпингтік деп танылады.";

      178-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "178. Әлеуетті өнім берушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша демпингтік деп танылмайтын, жол берілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшерде сома енгізу шартында осы Қағидалардың 177-тармағында көзделген қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алуда демпингтік баға ұсынуға рұқсат етіледі.";

      мынадай мазмұндағы жаңа 178-1-тармақпен толықтырылсын:

      "178-1. Осы Қағидалардың 174-176-тармақтарымен көзделген жағдайларда демпингтік баға ұсынуға рұқсат етілмейді.";

      180 және 181-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "180. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;

      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы.

      Конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай:

      1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды;

      2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту конкурсқа қатысуға арналған өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.

      181. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекіткен туарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мынадай:

      1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігін тұжырымдау әрі олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келіссөз жүргізу қажет болған;

      2) зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер жүргізу немесе әзірлемелер жасау қажет болған;

      3) инновациялық және жоғары технологиялық тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.";

      191-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "191. Осы Қағидалардың 28-2-тармағына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен әзірленген конкурстық құжаттама бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысымен немесе оның міндетін атқарушы адаммен бекітіледі.";

      214-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімінде көрсетілген ақпараттың негізінде конкурстық баға ұсынымына әсер ететін өлшамшарттарды қолданады және есептейді;";

      246-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "246. Егер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;

      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы.";

      248-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "248. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметін қайта мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Заңның 29-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.";

      249-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) конкурстық комиссия осы Қағидалардың 152-1-тармағында көзделген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін өлшемшарттарды қолданбайды;";

      255-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "255. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды аукцион тәсілімен ұйымдастыруды және жүргізуді тапсырыс берушінің мынадай құжаттарды:

      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қойған, аукциондық комиссияның құрамына енгізу үшін тапсырыс берушінің өкілдері ішінен кандидатуралар көрсетілген тапсырыс берушінің аукцион өткізуге өтінімін;

      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекіткен аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті, шарт жобасын және құрылған (тартылған) жағдайда сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны қамтитын қазақ және орыс тілдеріндегі тапсырманы ұсынуы негізінде жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 255-1-тармақпен толықтырылсын:

      "255-1. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды аукцион тәсілімен ұйымдастыруды және жүргізуді тапсырыс берушінің мынадай құжаттарды:

      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қойған, тапсырыс берушінің аукцион өткізуге өтінімін;

      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекіткен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының ерекшеліктерін көрсете отырып, техникалық ерекшеліктің жобасын қамтитын қазақ және орыс тілдеріндегі тапсырманы ұсынуы негізінде жүзеге асырады.";

      264, 265 және 266-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "264. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомствалық және аумақтық бөлімшелері, ведомаставлық бағынысты мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың шеңберінде аукцион жүргізілген кезде, тапсырыс берушінің бірінші басшысы аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.

      265. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, атқарушы орган бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде аукцион өткізген кезде тапсырыс берушінің бірінші басшысы аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.

      266. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда аукциондық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы, ал егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен асатын болса тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің әкімі болып анықталады.

      Орталық атқарушы органдардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша аукцион өткізген кезде аукциондық комиссияның төрағасы орталық атқарушы органның бірінші басшысы немесе осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, оның міндетін атқарушы тұлға айқындалады.";

      267 және 268-тармақтар алынып тасталсын;

      274-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "274. Аукционды ұйымдастыру және жүргізу кезінде ұйымдастырушы не онымен бір тұлға атынан шығатын тапсырыс беруші Заңның 32-бабының 4-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.

      Сараптау комиссиясын құру немесе сарапшы тарту туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды.";

      283, 284, 285 және 286-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "283. Бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген және бекіткен аукциондық құжаттаманың жобасы конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті, шарт жобасын және сараптау комиссияның құрамын не сараптаушыны (бар болса) қамтиды.

      284. Ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың жобасын веб-порталға орналастырады.

      Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімді ұсынуының соңғы күнінің мерзімі аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы мен бекітілген аукциондық құжаттаманың мәтіні орналастырылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін аукциондық құжаттамаға өз бастамасы бойынша өзгерістер енгізуі мүмкін. Мұндай жағдайларда аукциондық құжаттама Заңның 22-бабында айқындалған тәртіппен алдын ала талқылауға жатады.

      285. Қайта мемлекеттік сатып алуды өткізуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мерзімін ұлғайтуды қоспағанда, аукцион тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда, ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтінім ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын веб-порталда өткізілмеген аукционның аукциондық құжаттамасының өзгермеуі шартымен аукцион тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастырады.

      286. Аукциондық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 284-тармағына сәйкес жүргізіледі.";

      289 және 290-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "289. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде аукциондық құжаттама бекітілді деп есептеледі.

      290. Ескертулер, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:

      1) аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      2) аукциондық құжаттама жобасына ескертулерді қабылдамау негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдамайды;

      3) аукциондық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.

      Аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, осы Қағидалардың 281, 282-тармақтарында белгіленген тәртіпте веб-порталда өзгертілген аукциондық құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап аукциондық құжаттама бекітілді деп есептеледі.";

      298-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "298. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беруді тапсырыс беруші жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беруді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.

      Аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беру мәтіні аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.";

      306-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталмен автоматты түрде қабылдамауға тиіс.";

      312-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) электрондық құжат нысанында берілетін банк кепілдігін таңдауға құқылы.";

      313-тармақ алынып тасталсын;

      315-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "315. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі:

      1) аукцион жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;

      2) аукцион жеңімпазы шарт жасаса отырып, аукциондық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлар басталған кезде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.";

      317-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "317. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім беруші енгізген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады:

      1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің аукционға қатысуға өтінімін кері қайтарып алған;

      2) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай аукцион жеңімпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес (бар болса) соманы енгізген.";

      321-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "321. Бастапқы бағаларды қоспағанда, аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін басқа да әлеуетті өнім берушілердің осы аукционға қатысуға өтінімдерін қарауға қол жеткізу қамтамасыз етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 322-1-тармақпен толықтырылсын:

      "322-1. Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау кезінде аукциондық комиссия Заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес:

      1) аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды;

      2) аукционға қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды.";

      324-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "324. Аукциондық комиссия біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы веб-порталда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.

      Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы мынадай:

      1) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;

      2) біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптары бойынша анық емес ақпарат берген;

      3) аукционға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны осы Қағидаларда айқындалған мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.";

      344-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ол негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:

      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын рұқсаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық түрдегі рұқсаттарды (хабарламаларды) ұсынбауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады;

      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық құжат түрінде ұсынбауы;

      аукционды жариялаған мерзімнен кейін веб-портал арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің жоқ (бар) болуы туралы, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің мәліметтерін ұсынбауы;

      тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселеген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі туралы ақпараттардың болуы;

      аукциондық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы;

      әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарын иелену бөлігінде сәйкес келмеуі. Бұл ретте, тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі;

      біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпаратты ұсыну фактісі анықталса;

      банкроттық не тарату рәсіміне жатса;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер болса. Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауына жатады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, аукциондық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарайды.";

      359-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "359. Егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;

      2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;

      Аукцион тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Заңның 36-бабының 3-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай:

      1) аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды;

      2) аукционға қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту аукционға қатысуға арналған өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға арналған өтінімде көрсетілген бастапқы бағадан аспауға тиіс.";

      367 және 368-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "367. Конкурс (аукцион) тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу осы конкурсқа (аукционға) қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы себебінен жүргізілмеді деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде веб-портал арқылы тапсырыс беруші осы Қағидалардың 378-1, 378-2 және 378-3-тармақтарының қағидалары бойынша айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.

      Бұл ретте, әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға келіскен жағдайда, бұл әлеуетті өнім беруші күнтізбелік он күннің ішінде ұйымдастырушыға веб-портал арқылы шақыруда көрсетілген құжаттарды қоса, қатысу туралы өз растамасын жібереді.

      368. Конкурс (аукцион) тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу осы конкурсқа (аукционға) қатысуға екеуден аз өтінімнің ұсынылуы себебінен жүргізілмеді деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы осы конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.";

      369, 370, 371 және 372 тармақтар алынып тасталсын;

      376-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "376. Осы Қағидалардың 367 және 368-тармақтарында көзделген жағдайларда әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға келіскен кезде, бұл әлеуетті өнім беруші бес жұмыс күні ішінде ұйымдастырушыға веб-портал арқылы шақыруда көрсетілген құжаттарды қоса, қатысу туралы өз растауын жібереді.";

      378-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "378-1. Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 15), 28), 46), 50), 51), 53) және 54) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жарнамасындағы, каталогтарындағы, сипаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасына сәйкес көпшілік оферта болып танылған белгісіз тұлғалар тобына арналған басқа ұсыныстардағы жалпыға қол жетімді ақпарат көздерін зерделеу арқылы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығын талдау нәтижелері бойынша айқындалған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның оның ішінде ұқсас тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар жібереді.";

      389-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "389. Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 388-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын қалыптастырады және әлеуетті өнім берушіге қол қою үшін жібереді.";

      392-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "392. Тапсырыс беруші егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім берушіде Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, веб-порталмен автоматты түрде анықталатын, мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бар болса, осы Қағидалардың 391-тармағында белгіленген мерзімде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге шарттың жобасын жібереді.";

      395-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "395. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңда көзделген демпингке қарсы шаралар қабылдаған жағдайда қамтамасыз ету сомасын енгізеді.

      Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап Заңның 39-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының және 3-тармағының негізінде жүзеге асырылған, тауар биржалары арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге қолданылмайды.";

      400-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "400. Тапсырыс беруші шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша аванстың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген міндеттемелерге бара-бар азайтады.

      Заңның 39-бабының 2-тармағының 2) тармақшасының және 3-тармағының негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарын сұрату қорытындылары бойынша, тауар биржалары арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, тапсырыс беруші авансты қамтамасыз етуді енгізу туралы талап белгілеуі мүмкін.";

      402-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "402. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:

      1) тапсырыс берушінiң банктік шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;

      2) осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепiлдiкті;

      3) Заңның 43-бабының 11-тармағының екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдауы мүмкін.";

      414-тармақ алынып тасталсын;

      422-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "422. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт уәкілетті органның Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешімі шыққан кезде, соның ішінде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы уәкілетті органның осы шешіміне шағымдану кезеңінде жасалуы мүмкін емес.";

      Қағидаларға 4-қосымшада:

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес, сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлейді. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетіледі.

      Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігінде өнім берушілерге қойылатын, берілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы талап қамтылуға тиіс;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 152-1 тармағына неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін критерийлердің тізбесін қамтиды;";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы КҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.";

      5,6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жүзеге асырылмайды.

      6. КҚ-ның жобасына ескертулерді, сондай-ақ КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберулері мүмкін.

      7. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде КҚ-ның жобасына ескертулер, сондай-ақ КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде КҚ бекітілген болып саналады.";

      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ескертулер, сондай-ақ КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:";

      9-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ұйымдастырушы КҚ бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастыруға міндетті.";

      16-тармақта:

      1) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) жиынтығында жұмыстардың екіден бір астамын беруге тыйым салу шарты;";

      3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді заңнамада белгіленген мөлшерде, мынадай:

      осы КҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік;

      ұйымдастырушының банктік шотында не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотта орналасқан кепілдік ақшалай жарнаны растайтын қағаз төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынады.";

      23-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Конкурстық баға ұсыныстарын қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарауға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.";

      31-1 тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. Заңның 27-бабының 5 тармағына сәйкес конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды;

      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды.";

      41-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған. Заңның 6-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде кері қайтаруына жатады. Заңның 6-бабының 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде конкурсқа қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайларды қоспағанда, Қағиданың 152-1-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты КҚ көзделген критерийлерге сәйкес шартты жеңілдіктерді айқындайды.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді.

      Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір (1 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді. Жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгіленбейді.

      Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер аталған жұмыстар әлеуетті өнім берушімен қосалқы мердігер ретінде орындалған болса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір (0,1 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Веб-портал конкурсқа қатысушылардың бастапқы бағаларын бағалау мен салыстыруды автоматы түрде жүргізеді:

      Қағидаларға сәйкес айқындалатын демпингтік баға есептеледі;

      конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, ең төмен шартты бағаның негізінде конкурс жеңімпазы, ең төмен шартты бағадан кейінгі бағаның негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалады;

      конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелерінің мәліметіне сәйкес алдыңғы жылдың алдындағы төрт жылда төленген салықтардың сомасы бойынша үлкен көрсеткішке ие конкурсқа қытысушы жеңімпаз болып танылады. Төленген салықтың сомасы бойынша көрсеткіштер тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрынырақ келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуетті өнім конкурсқа қатысу өтiнiмін қамтамасыз етуді:

      1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім беруші өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алғанда;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылғанда. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес (бар болса) соманы енгізгенде қайтарады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Конкурсқа қатысуды қамтамасыз етуді ұйымдастырушы мынадай жағдайларда:

      1) конкурс жеңiмпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

      2) конкурстың жеңiмпазы шарт жасаса отырып, КҚ-да белгіленген, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамағанда не тиісінше орындамағанда, оның ішінде уақтылы орындамағанда қайтармайды.";

      59-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, веб-порталмен автоматты түрде анықталатын, мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес үлгі шартқа сай жасалған шарттың жобасын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жібереді.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Заңның 43-бабы 3-тармағына сәйкес шарттың жобасын конкурс жеңімпазы, шарттың жобасын қоса бере отырып, веб-порталға хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Шарт, уәкілетті органның Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешімі шыққан кезде, соның ішінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының уәкілетті органның осы шешіміне шағымдану кезеңінде жасалуы мүмкін емес.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

      2) Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік;

      3) Заңның 43-бабының 11-тармағының екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдауға құқылы.

      Тапсырыс беруші өнім берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (болған кезде), өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шартты бұзған жағдайда ұйымдастырушы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ қамтамасыз ету сомасын қайтармайды.";

      75 және 76-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаған немесе шартты жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбесе, мұндай әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылады.

      76. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады.";

      Конкурстық құжаттамаға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаның ескертуінде:

      3-тармақ мынадай редкацияда жазылсын:

      "3. Егер конкурстың нысанасы жаңа объектілер салу, сондай-ақ бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу болып табылған жағдайда орындалған жұмыстарды қабылдау және объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растаушы құжат болып табылады.

      Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі бар болған жағдайда, осы қосалқы мердігер туралы мәліметтер көрсетілген орындалған жұмыстарды қабылдау және объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелерін ұсынады.

      Объектіні пайдалануға қабылдау актілерінде қосалқы мердігер туралы мәліметтер болмаған жағдайда, осы қосалқы мердігер туралы мәліметтер көрсетілген сәйкестік туралы декларацияның электрондық көшірмелерін қосымша ұсынады.";

      6-тармақ мынадай редкацияда жазылсын:

      "6. Егер конкурстың нысанасы жаңа құрылыс болып табылған жағдайда жаңа объектілер құрылысының жұмыс тәжірибесі ғана ескеріледі.

      Автомобиль жолдары мен (немесе) инженерлік желілерді реконструкциялау бойынша жұмыс тәжірибесі инженерлік желілер мен (немесе) автомобиль жолдарының жаңа құрылысы кезінде ескеріледі.";

      Конкурстық құжаттамаға 8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 8-қосымшада:

      мәтін "Конкурстық комиссияның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қайта қарау кезінде мынадай құжаттар сұратылған болатын (Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 27-бабының 5-тармағына сәйкес сұрау салулар жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):" мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау кезінде мынадай құжаттар сұратылған болатын (Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 27-бабының 5 тармағына сәйкес сұрау салулар жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):";

      мәтін " Осы конкурсқа қатысуға ұсынылған конкурсқа қатысуға арналған барлық өтінімдерге Заңның 21-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат:" мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы конкурсқа қатысуға ұсынылған конкурсқа қатысуға арналған барлық өтінімдерге осы Қағидалардың 152-1-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат:";

      Қағидалардың 8-1 қосымшасында:

      2-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 233-тармағына сәйкес неғұрлым сапалы қызметтерді ұсынатын конкурстың жеңімпазын анықтау үшін конкурстық комиссия ескеретін әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін міндетті критерийлердің тізбесін қамтиды;

      6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша бөлінген сома ______ теңгені құрайды.

      Осы конкурс үшін бөлінген сома лоттар бөлінісінде мынаны құрайды:

Лот №

Көрсетілетін қызметтің атауы

Лот бойынша бөлінген сома (теңге)


(Лот №)

(Көрсетілетін қызметтің атауы)

Лот бойынша __________ бөлінген _________ сома (теңге)


      ...........................................................................................................................";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және осы КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуге үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ өзі туралы, Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға әлеуетті өнім берушінің келісімі болып табылады.";

      5-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар туралы мәлімет және әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыларға бірлесіп орындауға жиынтығында жұмыстардың екіден бір астамын беруге тыйым салу шартын қамтуы тиіс.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар осы КҚ-да жасалған тілде жасалады және беріледі.";

      12-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Заңның 6-бабының 1-тармағының 1,) 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталда автоматты түрде кері қайтарылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Конкурстық баға ұсыныстарын қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарауға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Әлеуетті өнім беруші мынадай:

      1) өзі және (немесе) оның бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына (егер белгіленген тәртіппен көзделген жағдайда) сәйкес емес деп айқындалған;

      2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған. Заңның 6-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде кері қайтаруына жатады. Заңның 6-бабының 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.

      3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп айқындалған жағдайда конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп тануға) жіберілмейді.";

      33-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, веб-порталмен автоматты түрде анықталатын, мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші үлгі шартқа сай жасалған, Қағидалардың 8-3-қосымшасына сәйкес шарттың жобасын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жібереді.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Шарт, уәкілетті органның Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешімі шыққан кезде, соның ішінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының уәкілетті органның осы шешіміне шағымдану кезеңінде жасалуы мүмкін емес.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаса, онда мұндай әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылады.";

      Қағидалардың 8-3 қосымшасында:

      7.8.-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызмет көрсету үшін бірлесіп орындаушыларға берілуі мүмкін көрсетілетін қызметтің шекті көлемі жиынтықта көрсетілетін қызмет көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.";

      12.3.-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шартта көрсетілген Қызметтердің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында көрсетілетін Қызметтер көлемінде қажеттіліктің азаюымен не ұлғаюымен байланысты Шарт сомасының азаюы не ұлғаюы бөлігінде. Жасалған шартты осындай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;";

      Қағидалардың 9-қосымшасында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы АҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес, сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлейді. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетіледі.

      Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігінде өнім берушілерге қойылатын, берілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы талап қамтылуға тиіс;";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы АҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде АҚ-ның жобасына ескертулер, сондай-ақ АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде АҚ бекітілген болып саналады.";

      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ескертулер, сондай-ақ АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:";

      16-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы АҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.";

      24-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Заңның 6-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.";

      30 және 31-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасы ашылған күні веб-портал автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте веб-портал аукциондық комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарламалар таратады.

      31. Бастапқы бағаларды қоспағанда, аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін басқа әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін қарауға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.";

      мынадай редакциядағы 32-1-тармағымен толықтырылсын:

      "32-1. Заңның 33-бабының 5 тармағына сәйкес аукциондық комиссия:

      1) аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды;

      2) аукционға қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды.";

      36-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Аукциондық комиссияның әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес, оны аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні веб-порталда орналастырады.";

      42-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған. Заңның 6-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде кері қайтаруына жатады. Заңның 6-бабының 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша аукциондық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуетті өнім берушіге аукционға қатысу өтiнiмін қамтамасыз етуді:

      1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім беруші өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алғанда;

      2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

      3) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукцион жеңiмпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;

      4) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен АҚ-та көзделген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзген жағдайда қайтарады.";

      62-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, веб-порталмен автоматты түрде анықталатын, мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші үлгі шартқа сай жасалған, Қағидалардың 19, 20 және 21 қосымшаларына сәйкес, шарттың жобасын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жібереді.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Шарт, уәкілетті органның Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешімі шыққан кезде, соның ішінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының уәкілетті органның осы шешіміне шағымдану кезеңінде жасалуы мүмкін емес.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

      2) осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепiлдiкті;

      3) Заңның 43-бабының 11-тармағының екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдауы мүмкін.

      Тапсырыс беруші өнім берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.";

      79 және 80-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаған немесе шартты жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізбесе, мұндай әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылады.

      80. Егер мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ол енгізген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады.";

      Аукциондық құжаттамаға 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Аукциондық құжаттамаға 6-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 19-қосымшада:

      2.3.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін, Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін, 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді. Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты2 барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді.

      Жеткізілген Тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші Тауарларды қабылдап алу-беру актісіне3 Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.";

      3.1.-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы <қамтамасыз ету сомасын> (қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының <сома> теңгеге тең 3 пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін төмендегідей түрде енгізуге міндеттенеді:

      мемлекеттік сатып алу веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) растайтын құжаттың көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банк атауы> № <кепілдікті жарнаға арналған шот>, <БСК> БСК Тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарна банк шотына кепілдікті ақшалай жарна;

      не:

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.

      Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;";

      12.3.-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Шартта жеткізілген Тауарлардың бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында жеткізілетін Тауарлар көлемінде қажеттіліктің азаюымен не ұлғаюымен байланысты Шарт сомасының азаюы не ұлғаюы бөлігінде. Жасалған шартты осындай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;";

      Қағидаларға 20-қосымшада:

      4.1.-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде <сома> теңгеге тең Шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, сондай-ақ <сома> теңгеге12 тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізуге міндеттенеді, бұл жалпы алғанда мынадай:

      мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) растау құжатының көшірмелерін орналастыра отырып, Тапсырыс берушінің № <кепілдік жарнасына арналған шот> банктік шотына <қала> қаласы бойынша <банктің атауына> кепілді ақшалай жарна;

      не:

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік13.

      Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Мердігер/Орындаушы Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін ол Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;";

      8.8.-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстардың екіден бір көлемінен аспауға тиіс.";

      13.3.-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу шартымен, сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту осы мемлекеттік сатып алу19 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі.

      осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу шартымен, сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту осы мемлекеттік сатып алу20 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі.";

      Қағидаларға 21-қосымшада:

      2.3.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, Заңның 26-бабына сәйкес23 аванс пен (немесе) соманы қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.

      Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді24.

      Көрсетілген қызмет үшін төлемді Тапсырыс беруші көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.";

      3.1.-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы <қамтамасыз ету сомасын> (қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының <сома> теңгеге тең 3 пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін, <сондай-ақ <сома> теңгеге тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы>25 төмендегідей түрде енгізуге міндеттенеді:

      мемлекеттік сатып алу веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) растайтын құжаттың көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банк атауы> № <кепілдікті жарнаға арналған шот>, <БСК> БСК Тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарна банк шотына кепілдікті ақшалай жарна;

      не:

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес27 электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.";

      7.8.-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін көрсетілетін қызметтің шекті көлемі жиынтықта көрсетілетін қызмет көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.";

      12.3.-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шартта көрсетілген Қызметтердің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында көрсетілетін Қызметтер көлемінде қажеттіліктің азаюымен не ұлғаюымен байланысты Шарт сомасының азаюы не ұлғаюы бөлігінде. Жасалған шартты осындай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;";

      мынадай редакциядағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) жасалған шарт сомасының өзгермеуі талабымен мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгертілген немесе жұмыстардың сметалық құны азайтылған және кейіннен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерiстер енгiзілген жағдайда, жұмыстарды орындау жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлiгiнде рұқсат беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрыққа
1-қосымша
  Конкурстық құжаттамаға
3-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (әрбір лот жеке әлеуетті өнім берушіге беріледі)

      Конкурстың № _______________________

      Конкурстың атауы_____________________

Лоттың №


Лоттың атауы


Тауардың атауы (маркасын, моделін, үлгісін және/немесе тауар белгісін не қызмет көрсету белгісін және т.б. көрсете отырып)


Өндіруші ел


Дайындаушы зауыттар


Шығарылған жылы


Кепілді мерзімі (болған жағдайда) (айларда)


Функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану мінездемесін сипаттау (көрсетілген сипаттама тауардың атауына, маркасына, моделіне, үлгісіне және/немесе тауар белгісіне не қызмет ету белгісіне сәйкес келуі тиіс)


Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруді растайтын өзге де мәліметтер (техникалық ерекшеліктер).


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрыққа
2-қосымша
  Конкурстық құжаттамаға
8-қосымша

Банктік кепілдік

      Банктің атауы _______________________

      Банктің деректемелерi ________________

      Кімге:

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы

      __________________________________________________________________________

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi

      __________________________________________________________________________

      № _______ кепілдік міндеттеме _________________________ "_____"_____________ ж.

      (орналасқан жері)

      Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" _________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      ________________________________________________

      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)

      ұйымдастырған

      конкурстың атауы_____________________________________________________

      конкурстың №________________________________________________________

      лоттың атауы_________________________________________________________

      лоттың №____________________________________________________________

      _____________ сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатынынан және _____________________

      (конкурс (лот/-тар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің атауы) тауарларды жеткізуді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.

      Жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі ___________ ж. "____"________ конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде енгізуі көзделген.

      Осыған байланысты біз _________________________________ осымен (банктің атауы)

      Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ конкурстың жеңімпазы етіп айқындалған Өнім берушіге:

      мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанын;

      мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, шартты орындамағанын не тиісінше орындамағанын, оның ішінде конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды уақтылы орындамағанын, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес сомасы (болған кезде), жазбаша растауды алғаннан кейін, Сіздің талабыңыз бойынша Сізге ________________________

      (сома санмен және жазбаша) сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді өз міндетімізге аламыз.

      Осы кепілдік міндеттеме конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.

      Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды.

      Егер конкурсқа қатысу өтінімінің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.

      Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрыққа
3-қосымша
  Аукциондық құжаттамаға
3-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (әлеуетті өнім берушіге беріледі)

      Аукционның № _______________________

      Аукционның атауы_____________________

Лоттың №


Лоттың атауы


Тауардың атауы (маркасын, моделін, үлгісін және/немесе тауар белгісін не қызмет көрсету белгісін және т.б. көрсете отырып)


Өндіруші ел


Дайындаушы зауыттар


Шығарылған жылы


Кепілді мерзімі (болған жағдайда) (айларда)


Функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану мінездемесін сипаттау (көрсетілген сипаттамалар тауардың атауына, маркасына, моделіне, үлгісіне және/немесе тауар белгісіне не қызмет ету белгісіне сәйкес келуі тиіс)


Аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестендіруді растайтын өзге де мәліметтер (техникалық ерекшеліктер).


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1130 бұйрыққа
4-қосымша
  Аукциондық құжаттамаға
6-қосымша

Банктік кепілдік

      Банктің атауы _________________________

      Банктің деректемелерi ___________________

      Кімге:

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы________________

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi _____________________

      № _______ кепілдік міндеттеме

      _____________________ "_____"____________ж.

      (орналасқан жері)

      Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын ______________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      ______________________________________

      _____________________________________

      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)

      ұйымдастырған ____________________________________

      аукционның атауы_________________________

      аукционның №_____________________________

      лоттың атауы______________________________

      лоттың №_________________________________

      сатып алу жөніндегі аукционға қатысатынынан және ____________________________ (аукцион бойынша тауарлардың атауы)

      тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.

      Жоғарыда аталған аукционды өткізу жөніндегі ___________ ж. "____"________ аукциондық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде енгізуі көзделген.

      Осыған байланысты біз _________________________________осымен

      (банктің атауы) Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ конкурс жеңімпазы деп айқындалған Өнім беруші:

      мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығына;

      мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы аукциондық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамағанын не тиісінше орындамағанын, оның ішінде уақтылы орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін;

      Сіздің талабыңыз бойынша Сізге _______________________ (сома санмен және жазбаша) сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді өз міндетімізге аламыз.

      Осы кепілдік міндеттеме аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді. Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды.

      Егер аукционға қатысуға өтінімднің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады. Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады