"Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 389 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18145 болып тіркелді

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14758 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 ақпанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі, "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес спорт саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Спорт саласындағы ЖОО өз қызметін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11120 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қажет болған жағдайда Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 15589 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 "Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес ЖОО-да басқа мүдделі тараптардың арнайы (әскери) кафедралары ұйымдастырылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. ЖОО-ға білім алушыларды қабылдау Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады