"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 22 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 324 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 қаңтарда № 18165 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 № 196 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызметін жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 22 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13276 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидаларында:

      1 және 2-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "2-тарау. Ұлттық Банк пен клиент арасында брокерлік қызмет көрсету туралы шарт жасау";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әлеуетті клиент брокерлік қызмет көрсету туралы шартты жасау үшін Ұлттық Банкке клиенттің бұйрығына қол қоюға уәкілетті клиенттің қызметкерлерінің қол қою үлгілері бар нотариат куәландырған құжатты үш данада ұсынады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасау";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Клиент қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау үшін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттің бұйрығын Ұлттық Банкке ұсынылады.

      Клиенттің бұйрығына клиент немесе оның өкілі қол қояды және брокерлік қызмет көрсету туралы шартта белгіленген мерзімде екі данада Ұлттық Банкке ұсынылады.";

      1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Монетарлық операциялар департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 324 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің брокерлік қызметінің
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мүдделер қақтығысының болуы жөнінде хабардар екені туралы растама

      Клиент осымен брокерлік қызмет көрсету туралы жасалатын шарт бойынша мүдделер қақтығысының ықтимал туындауы туралы өзінің хабардар екендігін растайды және төменде баяндалған талаптарды толығымен қабылдайды.

      Мүдделер қақтығысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қаржы құралдарымен бір уақытта брокер және мәміленің тарабы (қарсы әріптес, сатушы/сатып алушы, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті) болған жағдайда туындайды.

      Ұлттық Банк мынадай жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүзеге асыру кезіндегі қаржы құралдарымен мәміленің тарабы болып табылады:

      1) Ұлттық Банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу/сату кезінде;

      2) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алу/сату кезінде;

      3) РЕПО мәмілелерін жасау кезінде (тура және кері);

      4) депозиттер қабылдау кезінде;

      5) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде;

      6) шетелдік валютамен мәмілелер жасау кезінде;

      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында жасалатын өзге мәмілелер жасау кезінде.

      Ұлттық Банк мүдделі тарап ретінде Клиентке мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда Клиент мүддесінің Ұлттық Банктің жүргізіп отырған мемлекеттік ақша-кредит саясатының мүддесінен жоғары қойылатынына кепілдік бермейді.

      Ұлттық Банк Клиентке мүдделер қақтығысы орын алатын қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде ұсынымдар бермейді.

      ______________________________________             _________________________

      Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)                   Клиенттің қолы, күні

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 324 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің брокерлік қызметінің
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Клиент бұйрығы

      № ___________                         20___ жылғы "___"_____________

      Клиент__________________________________________________________

      Бағалы қағаздарға арналған депо қосалқы шоты __________________________

      Брокер (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі) жүргізілетін мынадай мәмілелерді жүзеге асыруды сұраймыз:

      мәміле түрі ______________________________________________________

      сатып алу/сату, депозит, тікелей/кері РЕПО және тағы сол сияқты

      қаржы құралы __________________________________________________

      валюта, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары және тағы сол сияқты)

      қаржы құралының бағасы _________________________________________

      (шамамен бағасы/бағамы/баға белгілеуі, баға/бағамы/баға белгілеу дәлізі)

      сыйақы (кірістілік) мөлшерлемесі ______________________________________

      қаржы құралының саны ____________________________________________

      мәміленің жалпы сомасы ___________________________________________

      депозитті орналастыру күні _________________________________________

      депозитті аяқтау күні _______________________________________________

      депозит бойынша сыйақы сомасы ____________________________________

      Клиенттің бұйрығын орындау мерзімі немесе күні _______________________

      Клиенттің бұйрығының қолданылуының аяқталу уақыты __________________

      Деректемелер ____________________________________________________

      Қосымша ақпарат (бағалы қағаздар бойынша):

      бағалы қағаздардың эмитенті _______________________________________

      ұлттық сәйкестендіру нөмірі_________________________________________

      шығарылған күні___________________ өтеу күні______________________

      Бірінші басшы ___________________ Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      Бас бухгалтер __________________ Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      осы бөлікті сауда бөлімшесінің қызметкері толтырады:

      ___________________________________________________

                  Клиенттің бұйрығын қабылдау күні және уақыты

      ___________________________________________________

                  сауда бөлімшесі қызметкерінің тегі, аты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады