Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту қағидаларын, Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті сақтауға тиісті талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 322 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 18183 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті сақтауға тиісті талаптар бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 322 қаулысына
1-қосымша

Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту тәртібін айқындайды.

2-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу тәртібі

      3. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін эмитент қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мынадай құжаттарды қағаз тасымалдағышта ұсынады:

      1) толық атауын және орналасқан жерін көрсете отырып қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды тіркеуге өтініш;

      2) осы қаулымен бекітілген Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісі;

      3) эмитент органының қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару туралы шешімінің көшірмесі;

      4) шетелдік есеп ұйымындағы орталық депозитарийдің шотында базалық активтің болуын және оның қазақстандық депозитарийлік қолхаттар айналысының барлық кезеңіне бұғатталғанын растайтын құжаттар;

      5) қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың базалық активі шығарылымының тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін (бар болса) қоса бере отырып, қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың базалық активі шығарылымы проспектісінің көшірмесі (немесе оны ауыстыратын құжат);

      6) базалық актив эмитентінің халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жасалған және аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілігінің көшірмесі.

      4. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісі қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данада және *pdf форматында электрондық көшірме түрінде қазақ және орыс тілдерінде 1 (бір) данада жасалады.

      5. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу мақсатында эмитент ұсынатын құжаттардың көшірмелері көшірменің дұрыстығын көрсете отырып, эмитенттің атқарушы органы басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталады.

      6. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуге ұсынылған күнінен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      7. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті береді және эмитентке қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы проспектісінің бір данасын қайтарады.

      8. Эмитент мыналар өзгерген жағдайда:

      1) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер – эмитент эмитенттің атауы мен оның орналасқан жерінің өзгергенін растайтын құжаттарды алған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      2) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер – эмитенттің тиісті органдары шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды тіркеу үшін уәкілетті органға қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ұсынады.

      9. Эмитент қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы проспектісінің өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін құрылымдық бірліктерін көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар;

      3) *pdf форматында электрондық көшірме түрінде қазақ және орыс тілдерінде 1 (бір) данада өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріле отырып қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісі;

      4) қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіз болған эмитент шешімінің (хаттаманың) көшірмесі.

      10. Эмитент қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну талаптары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеуден бас тартады.

3-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту тәртібі

      11. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар эмитенті қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды толық орналастыруға дейін қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастырудың әрбір есепті кезеңінің қорытындылары бойынша қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күннен кейін немесе оларды толық орналастырған күннен кейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде ұсынады.

      Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастырудың есепті кезеңі – қатарынан он екі күнтізбелік ай.

      Эмитенттің қазақстандық депозитарийлік қолхаттарын орналастырудың алғашқы есепті кезеңінің басталу күні – қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу күні.

      Эмитенттің қазақстандық депозитарийлік қолхаттарын орналастырудың келесі есепті кезеңінің басталу күні – алдыңғы он екі айлық есепті кезең аяқталған күннен кейінгі күн.

      Эмитенттің қазақстандық депозитарийлік қолхаттарын толық орналастыру күні – эмитенттің қазақстандық депозитарийлік қолхаттарын эмитенттің жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шотынан бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына есептен шығару бойынша соңғы операция күні, ол жүргізілгеннен кейін эмитенттің осы жеке шотында эмитенттің қазақстандық депозитарийлік қолхаттары қалмайды.

      12. Егер есепті кезең ішінде қазақстандық депозитарийлік қолхаттар орналастырылмаған жағдайда, есепті кезеңнің қорытындылары бойынша эмитенттің қазақстандық депозитарийлік қолхаттарын орналастыру қорытындылары туралы есеп уәкілетті органға ұсынылмайды.

      13. Эмитент қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есепті уәкілетті органға өтеу мерзімі аяқталған соң бір ай ішінде ұсынылады.

      14. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту үшін уәкілетті органға қағаз тасымалдағышта мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) осы қаулымен бекітілген Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептің құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есеп;

      3) орналастыру аяқталған күннен кейінгі күнге эмитенттің жеке шоты бойынша орналастырылған және орналастырылмаған қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың саны туралы орталық депозитарий берген анықтаманың көшірмесі.

      15. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) осы қаулымен бекітілген Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есептің құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есеп;

      3) есепті күнге өтелген қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың саны туралы орталық депозитарий берген анықтаманың көшірмесі.

      16. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау үшін уәкілетті органға ұсынған құжаттарды уәкілетті орган оны алған күннен кейін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.

      17. Берілген құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келсе, уәкілетті орган эмитентке қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептің немесе қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есептің бір данасын жібереді.

      18. Егер құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталатын болса, уәкілетті орган қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тартады.

      Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тартылған жағдайда, эмитент бас тарту алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға пысықталған есепті қайталап ұсынады.

  Қазақстандық депозитарийлік
қолхаттарды шығаруды
мемлекеттік тіркеу,
қазақстандық депозитарийлік
қолхаттарды орналастыру
немесе өтеу қорытындылары
туралы есепті бекіту
қағидаларына қосымша
  Нысан

(қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының бейнесі бар бланкісінде басылады) Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 262 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


20 __ жылғы "___"_________ № ______

Алматы қаласы

      _________________________________________________________________

      (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және

      қадағалау жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)

      _________________________________________________________________

      тіркелген (тіркеуші органның атауы және эмитентті мемлекеттік тіркеу күні)

      _______________________________________________________________

      (базалық актив эмитентінің атауы және орналасқан жері,

      __________________________________________________________________

      базалық актив эмитентінің бағалы қағаздарының түрін көрсету)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________ бағалы қағаздарға

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      _________________________________________________________ тіркелген

      (эмитенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________

      (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)

      қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге алды.

      Шығарылым

      _________________________________________

      халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) берілген

      ________________________________________________________________

      (санмен және жазумен)

      қазақстандық депозитарийлік қолхаттарға бөлінген.

      Бір қазақстандық депозитарийлік қолхатқа _______________________

      (санмен және жазумен)

      __________________________________________________________________

      (базалық актив болып табылатын бағалы қағаздардың түрін көрсету,

      халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) дана тиесілі.

      Төрағаның орынбасары ____________ _____________________________

      (қолы)                  (аты-жөні)

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 322 қаулысына
2-қосымша

Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу тәртібін белгілейді.

2-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу тәртібі

      3. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісі Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы проспектісінің құрылымына сай жасалады және ресімделеді.

      4. Қаржылық есептілікке сәйкес көрсетілетін эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты қоспағанда, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіндегі мәліметтер құжаттарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынған күннің алдындағы айдың соңғы жұмыс күніне келтіріледі.

      5. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы проспектісінің титул парағында:

      1) құжаттың атауы: "Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісі";

      2) эмитенттің толық және қысқаша атауы;

      3) базалық актив болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрін және санатын көрсету, заңды тұлғаның тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес базалық актив эмитентінің толық атауы;

      4) "Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымын мемлекеттік тіркеу инвесторларға проспектіде жазылған қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды сатып алуға қатысты қандай да болмасын ұсыныстар беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың шынайылығын растамайды.

      Эмитенттің лауазымды тұлғалары онда берілген барлық ақпараттың дәйектілігін және эмитент пен оның орналастырылатын мемлекеттік емес облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылдыруға әкеп соқтырмайтынын растайды." деген жазба болуы керек.

      6. Эмитент уәкілетті органға ұсынатын қағаз тасымалдағыштағы қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне эмитенттің атқарушы органының басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып).

      7. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісі нөмірленіп, тігіліп, тігілген парақ санын көрсете отырып тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген соңғы парақтың артқы жағында эмитенттің атқарушы органының басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолымен расталған (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қағаз тасымалдағышта (қазақ және орыс тілдерінде) ұсынылады.

      8. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың титул парағында:

      1) құжаттың атауы: "Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар";

      2) эмитенттің толық және қысқаша атауы;

      3) "Эмитенттің лауазымды тұлғалары қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерде және (немесе) толықтыруларда берілген барлық ақпараттың шынайылығын және эмитент пен оның орналастырылатын мемлекеттік емес облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылдыруға әкеп соқтырмайтынын растайды." деген жазба болуы керек.

      9. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы проспектісінің тиісті тармақтары жаңа редакцияда жазылады.

      10. Эмитент уәкілетті органға ұсынатын қағаз тасымалдағыштағы қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға эмитенттің атқарушы органының басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып).

      11. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар қазақ және орыс тілдерінде қағаз тасымалдағышта 2 (екі) данада жасалады. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріліп қазақ және орыс тілдерінде жасалған қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісі электрондық көшірме түрінде *pdf форматында ұсынылады;

      Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар нөмірленіп, тігіліп, тігілген парақ санын көрсете отырып тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген соңғы парақтың артқы жағында эмитенттің атқарушы органының басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолымен расталған (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

3-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу тәртібі

      12. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есеп Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептің құрылымына сай жасалады және ресімделеді.

      Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есеп Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есептің құрылымына сай жасалады және ресімделеді.

      Эмитент уәкілетті органға ұсынатын қағаз тасымалдағыштағы қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру туралы есепке, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есепке эмитенттің атқарушы органының басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып).

      13. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есеп қазақ және орыс тілдерінде қағаз тасымалдағышта 2 (екі) данада және қазақ және орыс тілдерінде *pdf форматында электрондық түрде 1 (бір) данада жасалады.

      Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есеп нөмірленіп, тігіліп, тігілген парақ санын көрсете отырып тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген соңғы парақтың артқы жағында эмитенттің атқарушы органының басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолымен расталған (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

  Қазақстандық депозитарийлік
қолхаттар шығарылымының
проспектісін, қазақстандық
депозитарийлік қолхаттар
шығарылымының проспектісіне
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды, қазақстандық
депозитарийлік қолхаттарды
орналастыру немесе өтеу
қорытындылары туралы есепті
жасау және ресімдеу
қағидаларына
1-қосымша

Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы проспектісінің құрылымы

1-тарау. Эмитенттің атауы және оның орналасқан жері туралы ақпарат

      1. Құрылтай құжаттарына сәйкес қазақстандық депозитарийлік қолхаттар эмитенті туралы ақпарат:

      1) эмитентті бастапқы мемлекеттік тіркеу күні;

      2) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      3) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын (болған жағдайда) тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;

      4) эмитенттің атауы өзгерген жағдайда оның барлық бұрынғы толық және қысқартылған атаулары, сондай-ақ олардың өзгерген күндері көрсетіледі;

      5) егер эмитент заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) эмитентке қатысты құқық мирасқорлығы туралы мәліметтер көрсетіледі;

      6) эмитенттің филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда олардың атаулары, заңды тұлғалардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу туралы анықтамаға сәйкес есептік тіркелген (қайта тіркелген) күндері, орналасқан жерлері мен пошта мекенжайлары көрсетіледі;

      7) эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      8) ISO 17442 халықаралық стандартына сәйкес Legal Entity Identifier коды "Financial services – Legal Entity Identifier" (LEI) (бар болса).

      2. Байланыс телефондарының, факстың нөмірлерін және электрондық поштасының мекенжайын, сондай-ақ егер эмитенттің нақты мекенжайы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген эмитенттің тұрғылықты мекенжайынан өзгеше болған жағдайда, нақты мекенжайын көрсете отырып заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес эмитенттің орналасқан жері.

2-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар туралы, оларды төлеу тәсілдері және олар бойынша кіріс алу әдісі туралы мәлімет

      3. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар саны;

      2) бір Қазақстандық депозитарийлік қолхатқа келетін бағалы қағаздар саны;

      3) Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды төлеу тәсілі – бағалы қағаздармен (базалық активтер эмитентінің атауын, халықаралық сәйкестендіру нөмірін (ISIN коды) көрсету);

      4) Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар бойынша дивидендтердің немесе сыйлықақылардың көлемін, есептеуін және төлемін айқындау тәртібі.

3-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру шарттары мен тәртібі

      4. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру туралы ақпарат:

      1) Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру жоспарланатын нарық;

      2) Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру басы жоспарланған күн.

4-тарау. Эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) он және одан да көп пайыз акцияларына ие эмитенттің ірі акционерлері туралы мәліметтер

      5. Эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) он және одан да көп пайыз акцияларына ие ірі акционерлері туралы мәліметтер:

      1) ірі акционерлердің (жеке тұлғалар үшін) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) ірі акционердің (заңды тұлғалар үшін) толық атауы, орналасқан жері;

      3) ірі акционердің иелігіндегі эмитенттің жарғылық капиталындағы дауыс беруші акцияларының эмитенттің дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық ара қатынасы;

      4) ірі акционер эмитенттің дауыс беруші он және одан да көп пайыз акцияларына иелік ете бастаған күні.

5-тарау. Эмитенттің басқару органы және атқару органы туралы мәліметтер

      6. Эмитенттің басқару органы туралы мәліметтер:

      1) директорлар кеңесі төрағасының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) директорлар кеңесі мүшелерінің сайланған күні және хронологиялық тәртіпте олардың соңғы 3 (үш) жылдағы және осы уақыттағы еңбек қызметі туралы мәліметтер;

      3) эмитенттің директорлар кеңесі мүшелерінің әрқайсысының иелігіндегі эмитенттің дауыс беруші акцияларының дауыс беруші эмитент акцияларының жалпы санына пайыздық ара қатынасы.

      7. Эмитенттің алқалық органы:

      1) атқару алқалық органы төрағасының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) атқару алқалық органы мүшелерінің сайланған күні және хронологиялық тәртіпте олардың соңғы 3 (үш) жылдағы және осы уақыттағы еңбек қызметі туралы мәліметтер;

      3) эмитенттің атқару алқалық органы мүшелерінің әрқайсысының иелігіндегі эмитенттің дауыс беруші акцияларының дауыс беруші эмитент акцияларының жалпы санына пайыздық ара қатынасы.

6-тарау. Эмитент қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері

      8. Эмитент қызметінің түрлері:

      1) қызметінің негізгі түрлері;

      2) эмитенттің қызмет түрлерінің қысқаша сипаттамасы және олардың эмитенттің жалпы кірісіндегі үлесі;

      3) эмитенттің бәсекелесі болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер;

      4) эмитент қызметінің негізгі түрлері бойынша кірістілігіне оң және теріс әсер ететін факторлар;

      5) эмитентте бар лицензиялар және олардың қолданыс мерзімі туралы ақпарат;

      6) оның қатысуымен сот процесстерінің мәнісін көрсете отырып, эмитент қызметінің тоқтау немесе өзгеру, одан эмитент активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан көп пайыз көлемінде ақшалай немесе өзге міндеттемелерді өндіріп алу тәуекеліне байланысты эмитенттің сот процесстеріне қатысуы туралы мәліметтер;

      7) қоғамның қызметіне әсері тиетін басқа тәуекел факторлары.

      9. Әр активтің тиісті баланстық құны көрсетілген эмитент активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын эмитент активтері.

      10. Эмитент активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан көп пайыз көлеміндегі дебиторлық берешек:

      1) эмитент алдындағы берешегі эмитент активтерінің баланстық құнынан 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын эмитент дебиторларының атауы;

      2) өтеуге тиісті сомалар (жуық арадағы 12 (ай) ішінде сома тоқсанға бөлінеді, қалған сома өтеу күні көрсетіліп жыл бойынша бөлініп көрсетіледі) және оны өтеу мерзімі.

      11. Эмитент міндеттемелерінің баланстық құнынан 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын эмитенттің кредиторлық берешегі:

      1) эмитент кредиторларының атауы;

      2) өтеуге тиісті сомалар (жуық арадағы 12 (ай) ішінде сома тоқсанға бөлінеді, қалған сома өтеу күні көрсетіліп жыл бойынша бөлініп көрсетіледі) және оны өтеу мерзімі.

7-тарау. Эмитент туралы қосымша мәліметтер

      12. Базалық актив эмитентінің атауы (эмитенттің елі, орналасқан жері, ұйымдастыру-құқықтық нысаны).

      13. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаздардың түрі, санаты, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды);

      14. Базалық активтің айналыс мерзімдері.

      15. Базалық активті ұстаушылардың құқықтары.

      16. Базалық актив бойынша дивидендтердің немесе сыйақылардың мөлшерін белгілеу, есептеудің және төлеудің тәртібі, оларды төлеу кезеңділігі мен мерзімі.

      17. Листингінің санатын көрсете отырып, листингінде базалық актив бар, шет мемлекеттің аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасының атауы.

      18. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару туралы шешім қабылданған күнге базалық активтің нарықтық бағасы.

      19. Құқықтарын жүзеге асыру тәртібінің сипаттамасы берілген қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды ұстаушыларға ұсынылатын құқықтар.

      20. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды ұстаушылардың базалық актив эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру тәртібі.

      21. Базалық актив күшін жойған жағдайда қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды ұстаушыларға залалды өтеу тәртібі.

      22. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитентіне ұсынылатын ақпаратты қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды ұстаушыларға, қор биржасына және уәкілетті органға беру тәртібі.

  Қазақстандық депозитарийлік
қолхаттар шығарылымының
проспектісін, қазақстандық
депозитарийлік қолхаттар
шығарылымының проспектісіне
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды, қазақстандық
депозитарийлік қолхаттарды
орналастыру немесе өтеу
қорытындылары туралы есепті
жасау және ресімдеу
қағидаларына
2-қосымша

Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептің құрылымы

      1. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептің негізгі парағы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) құжаттың атауы: "_________ ___________ кезеңдегі қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есеп".

      2) қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитентінің толық және қысқартылған атауы;

      3) жазба:

      "Уәкілетті органның қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуі инвесторларға қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепте жазылған акцияларды сатып алуға қатысты қандай да бір ұсынымдарды беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың шынайылығын растамайды. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар эмитентінің лауазымды тұлғалары қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепте ұсынылған барлық ақпараттың шынайы болып табылатындығын және қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті мен оның орналастырылатын бағалы қағаздарына қатысты инвесторларды жаңылдыруға әкеп соқпайтындығын растайды.

      2. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептің мазмұны:

      1) қазақстандық депозитарийлік қолхаттар эмитентінің толық атауы және оның орналасқан жері;

      2) қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;

      3) қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды);

      4) қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың жалпы саны (дана);

      5) қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру туралы мәліметтер:

      орналастыру басталған күн;

      алғашқы және соңғы сауда-саттық күні, есепті кезең ішіндегі қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастырудың ең төмен және ең жоғары бағасы;

      қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күніндегі орналастырылған және орналастырылмаған қазақстандық депозитарийлік қолхаттар саны;

      орналастырудың есепті кезеңі ішіндегі орналастырылған қазақстандық депозитарийлік қолхаттар саны;

  Қазақстандық депозитарийлік
қолхаттар шығарылымының
  проспектісін, қазақстандық
депозитарийлік қолхаттар
шығарылымының проспектісіне
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды, қазақстандық
депозитарийлік қолхаттарды
орналастыру немесе өтеу
қорытындылары туралы
есепті жасау және ресімдеу
қағидаларына
3-қосымша

Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есептің құрылымы

      1. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар эмитентінің атауы.

      2. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні.

      3. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды).

      4. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың жалпы саны (дана).

      5. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу туралы мәліметтер:

      1) қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу күні;

      2) қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу күніндегі жағдай бойынша эмитент сатып алған қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың саны туралы мәліметтер;

      3) оларды өтеу күнінде айналыста болып табылған қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың саны туралы мәліметтер;

      4) қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу тәсілі;

      5) айналыс басталған күннен бастап өтелген қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың жалпы саны.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 322 қаулысына
3-қосымша

Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті сақтауға тиіс талаптар

      1. Осы қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті сақтауға тиісті талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті сақтауға тиісті талаптарды айқындайды.

      2. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың базалық активі (бұдан әрі – базалық актив) базалық актив шығарылымы елінің заңнамасына сәйкес сақталуға және есептелуге тиіс.

      3. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттармен мәмілелер жасау, сондай-ақ базалық актив бойынша дивидендтерді немесе сыйақыны аудару жөніндегі есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады;

      4. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар құжаттамалық емес нысанда шығарылады.

      5. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру және айналысқа шығару қор биржасының қағидаларына сәйкес ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жүзеге асырылады.

      6. Орталық депозитарий қазақстандық депозитарийлік қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есептеуді және растауды жүзеге асырады.

      7. Базалық активпен жасалатын мәмілелерді тіркеу тоқтатыла тұрған жағдайда қазақстандық депозитарийлік қолхаттармен жасалатын мәмілелерді тіркеу тоқтатыла тұрады. Базалық активпен жасалатын мәмілелерді тіркеу жаңартылған жағдайда қазақстандық депозитарийлік қолхаттармен жасалатын мәмілелерді тіркеу жаңартылады.

      8. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін қор биржасы ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" немесе "стандарт" санаттарына енгізілген Қазақстан Республикасының резиденттері-заңды тұлғалар қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығарады.

      9. Мемлекеттің аумағында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен бекітілген Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесіне енгізілген аумақта тіркелген заңды тұлға не осындай заңды тұлғаның үлестес тұлғасы болып табылатын заңды тұлға базалық активтің эмитенті болып табылмайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Базалық актив эмитентінің немесе қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы жүзеге асырылатын базалық активтің "ВВ-"-дан төмен емес (Standard & Poor's немесе Fitch халықаралық рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "ВаЗ" (Moody`s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігінің жіктемесі бойынша) рейтингтік бағасы бар.

      11. Эмитент қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару және айналысқа шығару барысында:

      1) орталық депозитарийді қазақстандық депозитарийлік қолхаттарға қатысты меншік құқықтарын есептеу және растау жөніндегі өз функцияларын жүзеге асыру үшін оған қажет ақпаратпен қамтамасыз етуді;

      2) базалық актив эмитентінің қызметін мониторингілеуді және қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын және оларға ықпал етуге қабілетті ақпаратты қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды ұстаушыларға, қор биржасына және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті органға) ұсынуды жүзеге асырады.

      12. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті уәкілетті органға, орталық депозитарийге және қор биржасына базалық активтің күшін жою, базалық активпен жасалатын мәмілелердің тіркелуін тоқтату немесе тоқтата тұру туралы хабарлайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 322 қаулысына
4-қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1."Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді беру, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті сақтауға жататын талаптар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 430 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2646 болып тіркелген, 2004 жылғы 3 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 25 (23663) жарияланған).

      2."Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 болып тіркелген, 2007 жылғы мамырда-шілдеде Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 7-тармағы.

      3."Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 10 маусымда № 8505 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Заң газеті" газетінде № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.

      4."Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 109 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 2 қыркүйекте № 9712 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қазанда "Заң газеті" газетінде № 162 (2556) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      5."Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 3 ақпанда № 13001 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады