Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептердi беру, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентi сақтауға жататын талаптар туралы ережені бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 430 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2646. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 322 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы және 35-бабы негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептердi беру, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенттерi сақтайтын талаптар туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

      3. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан депозитарлық қолхаттарын туынды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 24 қазандағы N 421 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2072 тiркелген, 2002 жылғы 2-15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттық ұйымдастырушыларға, орталық депозитарийге, "Активтердi басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, кастодиандық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң баспасөз басылымдарына жариялауды қамтамасыз етсiн.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.

Ұлттық Банк
Төрағасы



  Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының "Қазақстан
депозитарлық қолхаттарын шығару,
орналастыру, айналысы және өтеу,
олардың шығарылымын мемлекеттік
тіркеу және қазақстан депозитарлық
қолхаттарын шығару немесе өтеу
қорытындылары туралы есептерді беру,
сондай-ақ қазақстан депозитарлық
қолхаттарының эмитенті сақтауға
жататын талаптар туралы ережені
бекіту туралы" 2003 жылғы
6 желтоқсандағы 430 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару,
орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын
мемлекеттік тіркеу және қазақстан депозитарлық
қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы
есептерді беру, сондай-ақ қазақстан депозитарлық
қолхаттарының эмитенті сақтауға жататын
талаптар туралы ереже

      Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді беру, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті сақтауға жататын талаптар туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді беру шарттары мен тәртібін айқындайды, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті сақтауға жататын талаптарды белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активтері - шетелдік мемлекеттің заңдарына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар;

      2) шетелдік есеп ұйымы - қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активтеріне құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын шетелдік ұйым;

      3) қазақстан депозитарлық қолхаттарды өтеу - қазақстан депозитарлық қолхаттары эмитенттерінің орналастырылған қазақстан депозитарлық қолхаттарын оларды базалық активке не қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығару проспектісіне сәйкес өзге активтерге айырбастау арқылы айналыстан алу.

      2. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активтері (бұдан әрі - базалық активтер) базалық активтерді шығарған елдің заңдарына сәйкес сақталады және есепке алынады.

      3. Қазақстан депозитарлық қолхаттарымен мәмілелер, сондай-ақ дивидендтерді немесе базалық активтер бойынша сыйақы бойынша есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.

2-тарау. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару,
орналастыру, айналысы және өтеу. Қазақстан депозитарлық
қолхаттарының эмитенті сақтауға жататын талаптар

      4. Қазақстан депозитарлық қолхаттары құжатсыздандырылған нысанда шығарылады.

      5. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру және айналысы бағалы қағаздар рыногында сауда-саттық ұйымдастырушының ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Қазақстан депозитарлық қолхаттары бойынша меншіктеу құқықтарын есепке алуды және растауды орталық депозитарий жүзеге асырады.

      7. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының осы Ережеде реттелмеген бөлік бойынша айналысы Қазақстан Республикасының заңдарымен эмиссиялық бағалы қағаздарға арналған тәртіппен жүзеге асырылады.

      8. Базалық активтермен мәмілелерді тіркеу тоқтатыла тұрған жағдайда қазақстан депозитарлық қолхаттарымен мәмілелерді тіркеу тоқтатыла тұрады. Базалық активтермен мәмілелерді тіркеу жаңартылған жағдайда қазақстан депозитарлық қолхаттарымен мәмілелерді тіркеу жаңартылады.

      9. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу оларды шығару проспектісінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      10. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын:

      1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар;

      2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының жоғары санаттағы ресми тізіміне кіретін;

      3) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған тәуекелдерді басқарудың және корпоративтік басқарудың жұмыс істеп тұрған жүйелері бар Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалар шығарады.

      11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оффшорлық аймақтардың тізбесіне енгізілген аумақта тіркелген заңды тұлғаның не осындай заңды тұлғаның үлестес тұлғасының базалық активтің эмитенті ретінде болуына рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Базалық актив эмитентінің немесе қазақстандық депозитарлық қолхаттар шығарылатын базалық активтің "ВВ-" ("Standard & Poor's" немесе "Fitch Rating Ltd" халықаралық рейтингілік агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ва3" ("Moody's Investors Service" халықаралық рейтингілік агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингілік бағасы болады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару және айналысы процесінде эмитент:

      1) орталық депозитарийді қазақстан депозитарлық қолхаттарына қатысты меншіктеу құқықтарын есепке алу және растау жөніндегі өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін оған қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуді;

      2) базалық активтің эмитенті қызметінің мониторингі және қазақстандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушыларға, сауда-саттықты ұйымдастырушыға және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) қазақстандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың құқықтарын және мүдделерін қозғайтын немесе оларға әсер ете алатын ақпаратты оларды шығару проспектісінде көзделген тәртіппен ұсыну;

      3) егер қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару проспектісінде көзделсе немесе қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларының тиісті сенімхаттары негізінде базалық актив эмитентінің жалпы жиналыстарында қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларының мүдделерін білдіруді жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті уәкілетті органға, орталық депозитарийге және сауда-саттық ұйымдастырушыға базалық активті жою және базалық активтермен мәмілелерді тіркеуді тоқтату, тоқтата тұру туралы шұғыл түрде хабарлайды.

3-тарау. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының
шығарылымын мемлекеттік тіркеу

      15. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында эмитент уәкілетті органға:

      1) өзінің толық атауын және орналасқан жерін, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясының нөмірін және берілген күнін көрсете отырып қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын тіркеуге өтінішті;

      2) қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған проспектісін;

      3) эмитенттің қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару шешімін;

      4) қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің эмитенті тіркелген елдің және қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің шығарылымы тіркелген елдің бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын органның қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активін шетелдік бағалы қағаздар рыногына жіберу бойынша және базалық активте депозитарлық қолхаттарды шығару бойынша қандай да болмасын шектеулердің жоқ екені туралы ресми құжаттары;

      5) қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті мен орталық депозитарий арасында жасалған қазақстан депозитарлық қолхаттары бойынша меншіктеу құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға шарттың көшірмесін;

      6) шетелдік есеп ұйымындағы орталық депозитарийдің шотындағы базалық активтің болуын және олардың қазақстан депозитарлық қолхаттары айналысының барлық кезеңінде оқшаулануын растайтын құжаттарды;

      7) орталық депозитарий мен қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентінің шетелдік есеп ұйымымен жасаған, оның есеп жүргізу операцияларын жүзеге асыруға лицензияны тоқтата тұру, оны қайтарып алу, тоқтату, қолдануды жаңарту немесе көрсетілген функцияларды басқа шетелдік есеп ұйымына беру туралы, сондай-ақ базалық активпен мәмілені тіркеуді тоқтата тұру (жаңарту) және тоқтату немесе базалық активтің шығарылымын жою туралы мәліметтерді орталық депозитарий мен қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентіне ұсынуы туралы шарттың көшірмесін;

      8) Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен;

      9) қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі шығарылымының тіркелгені туралы куәландыратын құжаттың көшірмесін (бар болса) қоса бере отырып, қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің шығарылымы тіркелген елдің бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын органның келісу (бекіту) туралы белгісі қойылған қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің шығарылымы проспектісінің көшірмесін (немесе оны ауыстыратын құжат);

      10) базалық актив эмитентінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есебінің көшірмелерін;

      11) базалық актив эмитентінің халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жасалған, соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есебінің шынайылығын растайтын аудиторлық есептің көшірмесін;

      12) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының қазақстан депозитарлық қолхаттарын сауда жүйесіндегі айналысқа жіберу мүмкіндігі туралы қорытындысын ұсынады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      16. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында эмитент ұсынатын құжаттардың көшірмелері эмитенттің лауазымды тұлғаларының қолдарымен және оның мөрінің таңбасымен расталады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар олар ұсынылған күннен бастап отыз күн ішінде қаралады.

      18. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде уәкілетті орган осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес шығарылымды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді және эмитентке шығарылым проспектісінің оны тіркеу туралы белгі қойылған бір данасын қайтарады.

      19. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген кезде уәкілетті орган қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентіне шығарылымды мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді бас тарту жібереді.

4-тарау. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру
және өтеу қорытындылары туралы есептерді ұсыну

      20. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау үшін қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті шығарылымды мемлекеттік тіркеген күннен бастап әрбір алты ай аяқталғаннан кейін отыз күн ішінде, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру аяқталған күннен бастап 30 күн ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру қорытындылары туралы есепті екі данамен;

      3) орталық депозитарийдің қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентінің шоты бойынша есепті күнге орналастырылған және орналастырылмаған қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны туралы мәліметтер бар үзінді-көшірмесін.

      21. Егер есепті кезең ішінде қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру жүзеге асырылмаған жағдайда, эмитент уәкілетті органға бұл туралы, орталық депозитарийдің үзінді-көшірмесімен расталған жазбаша хабарлама береді.

      22. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу қорытындылары туралы есепті қарау үшін қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтелгеннен кейін бес күн ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу қорытындылары туралы есепті екі данамен;

      3) орталық депозитарийдің есепті күнге өтелген қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны туралы мәліметтер бар үзінді-көшірмесін.

      23. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау үшін қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті уәкілетті органға ұсынған құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап он төрт күн ішінде қарайды.

      24. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарағаннан кейін уәкілетті орган эмитентке есепті қарау туралы хабарлама жібереді және қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру қорытындылары туралы есептің немесе қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу қорытындылары туралы есептің уәкілетті органның оны қарау туралы белгісі қойылған бір данасын қайтарады.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      25. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.

  Қазақстан депозитарлық қолхаттарын
шығару, орналастыру, айналысы және
өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік
тіркеу және қазақстан депозитарлық
қолхаттарын шығару немесе өтеу
қорытындылары туралы есептерді беру,
сондай-ақ қазақстан депозитарлық
қолхаттарының эмитенті сақтауға
жататын талаптар туралы ережеге
1-қосымша

      Қазақстан депозитарлық қолхаттары

      шығарылымының проспектісі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Проспектінің сыртқы парағында:

      1) құжаттың атауы: "Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының проспектісі";

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес эмитенттің толық ресми атауы;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі және санатын, базалық активі эмитентінің толық ресми атауы;

      4) проспектіні бекіткен эмитент органының атауы бар Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының проспектісін бекіту туралы жазба, бекітілген күн, уәкілетті тұлғалардың қолдары және Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті мөрінің таңбасы;

      5) "Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымын мемлекеттік тіркеу инвесторларға проспектіде жазылған қазақстан депозитарлық қолхаттарды сатып алуға қатысты қандай да болмасын ұсыныстар беруді білдірмейді және уәкілетті орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығы үшін жауап бермейді. Уәкілетті орган қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының проспектісінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестілігін ғана қарады. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі эмитентінің лауазымды тұлғасы осы проспектідегі ақпараттың шынайылығы үшін жауап береді және онда берілген барлық ақпараттың шынайы болып табылатындығын және қазақстан депозитарлық қолхаттарына, олардың базалық активіне не қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенттеріне және базалық активіне қатысты жаңылдыруға әкеп соқпайтындығын растайды" деген жазба;

      6) Қазақстан депозитарлық қолхаттары эмитентінің лауазымды тұлғалары және уәкілетті өкілдері және оның проспектіні жасауға жауапты консультанттары туралы мәліметтер болуы керек.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті туралы ақпарат:

      1) эмитенттің жарғысына сәйкес оның толық және қысқаша атауы;

      2) эмитентті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күні және нөмірі;

      3) эмитенттің почталық (оның ішінде электрондық) мекен-жайы және оның лауазымды тұлғаларының байланыс телефондары;

      4) банктік деректемелері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Базалық активтің эмитенті туралы ақпарат:

      1) эмитент орналасқан ел, ұйымдық-құқықтық нысаны;

      2) оған қатысты қолданылатын және ол қолданатын заңдар, оның ішінде ол шығарған барлық бағалы қағаздардың айналыс шарты бойынша;

      3) барлық тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар туралы мәлімет;

      4) дауыс беретін акциялардың бес және одан көп процентін иеленген акционерлер туралы мәлімет;

      5) негізгі қызмет түрлерін сипаттау және қаржы-шаруашылық қызметтің соңғы үш жылдағы нәтижелерін талдау.

      4. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымы туралы ақпарат:

      1) қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны;

      2) бір қазақстан депозитарлық қолхатына келетін бағалы қағаздардың саны;

      3) қазақстан депозитарлық қолхаттарын бастапқы орналастыру кезіндегі орналастыру бағасы, оны белгілеудің тәртібі;

      4) қазақстан депозитарлық қолхаттарының айналыс мерзімі;

      5) қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларға берілген құқықтар, осы құқықтарды жүзеге асыру тәртібін нақты сипаттау;

      6) қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушылардың базалық активінің эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында олардың дауыс беру мүмкіндігі және тәртібі;

      7) қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларға базалық актив бойынша дивидендтер немесе сыйақылар төлеу тәртібі;

      8) қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу немесе сатып алу тәртібі;

      9) базалық актив жойылған жағдайда қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларына шығындарды өтеу тәртібі;

      10) қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларына, сауда-саттық ұйымдастырушыға уәкілетті органға қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті ұсынатын ақпаратты беру.

      5. Базалық актив туралы ақпарат:

      1) қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын бағалы қағаздардың түрі, үлгісі, санаты, бірегейлендіру нөмірі туралы мәлімет;

      2) базалық активтің айналыс мерзімдері;

      3) базалық актив бойынша құқықтарды есепке алуды және растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымы туралы мәлімет;

      4) базалық активті ұстаушылардың құқықтары;

      5) базалық актив бойынша дивидендтердің немесе сыйақылардың мөлшерін белгілеу, есептеудің және төлеудің тәртібі;

      6) базалық актив эмитентінің ол шығарған бағалы қағаздар бойынша дивидендтерді немесе сыйақыларды уақтылы төлемеу жағдайлары және осындай жағдайларда эмитент қандай шараларды қолданғаны туралы мәлімет;

      7) листингтің санатын көрсете отырып базалық активтің листингі жүргізілген бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауы;

      8) қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару туралы шешім қабылданған күнге базалық активтің рыноктық бағалары.

      6. Андеррайтердің (эмиссиялық синдикаттың қатысушыларының), маркет-мейкерлердің, брокердің атауы, орналасқан жері, телефондары немесе қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті қызметкерлерінің қазақстан депозитарлық қолхаттарын сатып алу үшін инвесторлар өтініш жасай алатын телефондары және аты-жөндері.

      Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының проспектісіне қазақстан депозитарлық қолхаттары эмитентінің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады. Қазақстан депозитарлық қолхаттары проспектісінің әрбір данасы тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірінші басшысының қолымен куәландырылуы тиіс.

  Қазақстан депозитарлық қолхаттарын
шығару, орналастыру, айналысы және
өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік
тіркеу және қазақстан депозитарлық
қолхаттарын шығару немесе өтеу
қорытындылары туралы есептерді беру,
сондай-ақ қазақстан депозитарлық
қолхаттарының эмитенті сақтауға
жататын талаптар туралы ережеге
2-қосымша

      [күн.ай.жыл. форматындағы күн] бастап

      [күн.ай.жыл. форматындағы күн] дейінгі

      кезеңдегі қазақстан депозитарлық қолхаттарын

      орналастыру қорытындылары туралы

      есеп

      1. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентінің атауы.

      2. Бағалы қағаздарға қазақстандық депозитарлық қолхаттар – (шығарылым проспектісіне сәйкес базалық актив эмитентінің бағалы қағаздарының түрін, үлгісін және санатын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес базалық актив эмитентінің атауын және орналасқан жерін көрсету керек);

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі.

      4. Ұлттық бірегейлендіру нөмірі.

      5. Шығаруға жарияланған қазақстан депозитарлық қолхаттарының жалпы саны (дана).

      6. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару туралы ақпараттық хабар жарияланған баспасөз басылымының атауы және күні.

      7. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру туралы мәліметтер:

      1) орналастыру басталған күн;

      2) қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру бағасы (соңғы сауда-саттықтағы);

      3) орналастырылған қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны;

      4) есепті күнге орналастырылмаған қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны;

      5) қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушылардың саны туралы мәліметтер;

      6) мерзімінен бұрын өтелген қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны.

      8. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі бойынша төленген дивидендтер немесе сыйақы туралы мәліметтер.

      9. Байланыс жасайтын адамның аты-жөні, байланыс телефоны, факс нөмірі, электрондық почтасының адресі.

      Есепке қазақстан депозитарлық қолхаттары эмитентінің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады. Есептің әрбір данасы орналастырылған облигациялардың саны туралы орталық депозитарий берген анықтаманың көшірмесімен бірге тігіледі, тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірінші басшысының қолымен куәландырылуы тиіс.

  Қазақстан депозитарлық қолхаттарын
шығару, орналастыру, айналысы және
өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік
тіркеу және қазақстан депозитарлық
қолхаттарын шығару немесе өтеу
қорытындылары туралы есептерді беру,
сондай-ақ қазақстан депозитарлық
қолхаттарының эмитенті сақтауға
жататын талаптар туралы ережеге
3-қосымша

      [күн.ай.жыл. форматындағы күн] бастап

      [күн.ай.жыл. форматындағы күн] дейінгі

      кезеңдегі қазақстан депозитарлық қолхаттарын

      өтеу қорытындылары туралы

      есеп

      1. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентінің атауы.

      2. Бағалы қағаздарға қазақстандық депозитарлық қолхаттар – (шығарылым проспектісіне сәйкес базалық актив эмитентінің бағалы қағаздарының түрін, үлгісін және санатын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес базалық актив эмитентінің атауын және орналасқан жерін көрсету керек);

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі.

      4. Ұлттық бірегейлендіру нөмірі.

      5. Шығаруға жарияланған қазақстан депозитарлық қолхаттарының жалпы саны (дана).

      6. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу туралы мәліметтер:

      1) қазақстан депозитарлық қолхаттары өтелген күн;

      2) есепті күнге өтелген қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны;

      3) қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу тәсілі;

      4) қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушылардың саны туралы мәліметтер;

      5) айналыс басталған күннен бастап өтелген қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны.

      7. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі бойынша төленген дивидендтер немесе сыйақы туралы мәліметтер.

      8. Байланыс жасайтын адамның аты-жөні, байланыс телефоны, факс нөмірі, электрондық почтасының адресі.

      Есепке қазақстан депозитарлық қолхаттары эмитентінің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады. Есептің әрбір данасы орналастырылған облигациялардың саны туралы орталық депозитарий берген анықтаманың көшірмесімен бірге тігіледі, тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірінші басшысының қолымен куәландырылуы тиіс.

  Қазақстан депозитарлық қолхаттарын
шығару, орналастыру, айналысы және
өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік
тіркеу және қазақстандепозитарлық
қолхаттарын шығару немесе өтеу
қорытындылары туралы есептерді беру,
сондай-ақ қазақстан депозитарлық
қолхаттарының эмитенті сақтауға
жататын талаптар туралы ережеге
4-қосымша

      Нысан

Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      Уәкілетті орган (атауы) тіркелген (тіркеуші органның атауы және (бар болса) тіркеу нөмірі және күні) бағалы қағаздарға - (базалық актив эмитентінің бағалы қағаздарының түрін, базалық актив эмитентінің атауын және орналасқан жерін көрсету керек) тіркелген (тіркеген органның атауы, тіркеу нөмірі және күні) қазақстандық депозитарлық қолхаттардың шығарылымын (эмитенттің атауы) мемлекеттік тіркеуді жүргізді (реттік нөмірі).

      Шығарылым ______________________ ұлттық бірегейлендіру нөмірі берілген (санмен және жазумен) қазақстан депозитарлық қолхаттарына бөлінген.

      Бір қазақстан депозитарлық қолхатқа (санмен және жазумен) дана (базалық актив болып табылатын бағалы қағаздардың түрін, базалық актив эмитентінің атауын көрсету) келеді.

      Шығарылым Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне (шығарылым нөмірі) нөмірмен енгізілді.

      Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы

      (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты) (қолы)

      Мөр орны

      Орындаушы: _______________, телефон _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады