"Астана қаласындағы аудан шекарасы туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы № 66 қаулысының және Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 тамыздағы № 134/21-IV шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 234/28-VI және Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 06-353 бірлескен шешімі және қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 наурызда № 1164 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Астана қаласының шекараларын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 418 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы № 66 қаулысының және Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 тамыздағы № 134/21-IV "Астана қаласындағы аудан шекарасы туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 547 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және Астана қаласы мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
     

Астана қаласының әкімі
_______________________ Ә. Исекешев
2018 жылғы "___" ______________
Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрайымы
_______________________ Р. Өмірбаева
2018 жылғы "___" ______________
Астана қаласы мәслихатының хатшысы
_______________________ Ж. Нұрпейісов
2018 жылғы "___" ______________

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады