Астана қаласындағы аудан шекарасы туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы N 66 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 тамыздағы N 134/21-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 22 қыркүйекте нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 547 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 234/28-VI және Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 06-353 бірлескен шешімі және қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.02.2018 № 234/28-VI және Астана қаласы әкімдігінің 26.02.2018 № 06-353 бірлескен шешімі және қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында "Есіл" ауданын құру туралы" 2008 жылғы 5 тамыздағы Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты және ШЕШТІ:

      1. Астана қаласындағы аудан шекарасының сызбасы мен бейнеленуі 1 және 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі

И. Тасмағамбетов

Астана қаласы мәслихаты


сессиясының төрағасы

К. Анасова

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

В. Редкокашин


  Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 22 тамыздағы
N 66 қаулысы мен
Астана қаласы мәслихатының
2008 жылғы 18 тамыздағы
N 134/21-IV шешіміне
1 қосымша

Астана қаласы аудандары шекараларының сипаттамасы
Астана қаласының "Есіл" ауданы.

      Жаңа аудан шекараларының өту сызықтарын оңтүстік-шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батыс құрауыштары қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі салынып жатқан тасқынға қарсы бөгеттің қиылысы орнынан бастап, шекараның қолданыстағы сызығы бар Есіл өзенінің оң тармағы қиылысына дейінгі қаланың қолданыстағы шекарасымен тура келеді.

      Кұрылып жатқан ауданды басқа аудандардан бөлетін шекаралардың бөлігі өзеннің жобаланып жатқан өзен арнасының ортаңғы сызығы бойымен, салынып жатқан тасқынға қарсы бөгеттің қиылысы орнынан өтеді, "жасыл арал", М-1 көпірі, Сарыарқа даңғылындағы көпір аудандарында және жобаланып жатқан өзен арнасының ортаңғы сызығы бойымен каланың батыс бөлігіндегі шекарасына дейін оң саламен өтеді.

      Құрылып жатқан ауданның жалпы көлемі - 31,2 мың га.

Астана қаласының "Алматы ауданы".

      Ауданның шығыс және солтүстік шекаралары қаланың қазіргі шекарасына тура келеді.

      Батыс шекара Республика және Бөгенбай батыр даңғылдары, Алаш тас жолы (Софиевское) осінің бойымен өтеді.

      Оңтүстік шекара салынып жатқан тасқынға қарсы бөгеттің қиылысы орнынан, "жасыл арал", М-1 көпірі аудандарында оң сала бойымен және Есіл өзені арнасының ортаңғы сызығы бойымен "Рамстор" сауда үйі ауданындағы көпірге дейін өтеді.

      Жаңа шекаралар бойынша Алматы ауданының жалпы аумағы - 21,4 мың. га.

Астана қаласының "Сарыарқа ауданы".

      Ауданның батыс және солтүстік шекаралары қаланың қазіргі шекарасына тура келеді.

      Шығыс шекара Республика және Бөгенбай батыр даңғылдары, Алаш тас жолы (Софиевское) өсінің бойымен өтеді.

      Оңтүстік шекара Есіл өзені арнасының ортаңғы сызығы бойымен "Рамстор" сауда үйі ауданындағы көпірден Сарыарқа даңғылындағы көпір ауданында оң сала бойымен, жобаланып жатқан өзен арнасының ортаңғы сызығы бойымен каланың батыс бөлігіндегі шекарасына дейін өтеді.

      Жаңа шекаралар бойынша Сарыарқа ауданының жалпы аумағы - 19,6 мың га.

  Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 22 тамыздағы
N 66 қаулысы мен
Астана қаласы мәслихатының
2008 жылғы 18 тамыздағы
N 134/21-IV шешіміне
2 қосымша

Астана қаласы әкімшілік аудандары шекараларының сызбасы (Суретті қағаз мәтінінен қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады