Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес, Астана қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі қалалық комиссия отырысының 2016 жылғы 18 қарашадағы хаттамасын орындау мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналарға:
С. Сейфуллин көшесі, № 6 үйдің қабырғасына – КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовке (1932-2009 жж.);
Абылай хан даңғылы, № 6/5 үйдің қабырғасына – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Айматов атындағы Халықаралық академиясының академигі, қазақ театртанушы және театр сынының негізін қалаушы, әдебиетші-ғалым, жазушы Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғалиға (1940-2010 жж.);
Жеңіс даңғылы, № 5 үйдің қабырғасына – кеңестік және қазақстандық ауыр атлетші, 1988 жылғы Сеулде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері, ауыр атлетикадан әлемнің бес мәрте чемпионы және Европаның бес мәрте чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Анатолий Михайлович Храпатыйға (1962-2008 жж.) мемориалдық тақталар орнатылсын.
2. Мемориалдық тақталарды дайындау және орнату "Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қаражаты есебінен жүргізілсін.
3. "Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумықтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберілуін;
4) осы қаулыны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы қаулыны мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4)-тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ә. Исекешев |