Ақмола облысы Көкшетау қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № А-3/126 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-19-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 сәуірде № 6507 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабындағы 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 шілдедегі қорытындысы негізінде, Ақмола облысының әкімдігі қаулы етеді және Ақмола облыстық мәслихаты Шешім ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Көкшетау қаласының:

      Проезд 1 көшесі Балбырауын көшесі;

      Проезд 2 көшесі Айдын көшесі;

      Проезд 3 көшесі Шұғыла көшесі;

      40 лет октября көшесі Әлихан Бөкейхан көшесі;

      Авангардная көшесі Атамекен көшесі;

      Бережный көшесі Жұмбақтас көшесі;

      Березовая көшесі Аққайың көшесі;

      Весенняя көшесі Қазанат көшесі;

      Горветка көшесі Алатау көшесі;

      Грушевая көшесі Береке көшесі;

      Звездная көшесі Айдарлы көшесі;

      Красногвардейская көшесі Алаш көшесі;

      Лесная көшесі Армандастар көшесі;

      Локомотивная және МПС көшелері Шалқар көшесі;

      Луговая көшесі Шалғынды көшесі;

      Маяк көшесі Томирис көшесі;

      Милосердия көшесі Мерей көшесі;

      Мир көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесі;

      Молодежная көшесі Жастар көшесі;

      Морозов көшесі Көксай көшесі;

      Новая көшесі Ақжол көшесі;

      Парковая көшесі Саябақ көшесі;

      Первомайская көшесі Мамыр көшесі;

      Подгорная көшесі Ұлытау көшесі;

      Попов көшесі Зеренді көшесі;

      Невский көшесі Ақжелкен көшесі;

      Полевая көшесі Домбыралы көшесі;

      Пригородная көшесі Жібек жолы көшесі;

      Привокзальная көшесі Шаңырақ көшесі;

      Проектируемая көшесі Сұлтан Баймағамбетов көшесі;

      Промышленная көшесі Өндіріс көшесі;

      Речная көшесі Құлагер көшесі;

      Садовая көшесі Сарыжайлау көшесі;

      Солнечная көшесі Сұлутөбе көшесі;

      Сосновая көшесі Қарағайлы көшесі;

      Степная көшесі Кең дала көшесі;

      Суворов көшесі Тұран көшесі;

      Трудовая көшесі Еңбек көшесі;

      Швейная көшесі Өрнекті көшесі;

      Элеваторская көшесі Ақбидай көшесі;

      Заречная көшесі Мәдениет көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
М.Мырзалин
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
А.Ерденова
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады