РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларында:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлерi бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау қызмет көрсетудің мынадай түрлерін қамтиды:
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
3) сыпыру;
4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Алаңдардың саны, орналасуы мен жабдықталуы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес болуы тиіс.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы |
А.Ерденова |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Д.Нұрмолдин |