"Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 6С-24-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 қазанда № 6817 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 07.10.2020 № 6С-50-7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6122 тіркелген, 2017 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Амбулаториялық емделу кезінде "Ювенильді идиопатиялық артрит" ауруынан зардап шегетін азаматтарға "Адалимумаб", "Тоцилизумаб" дәрілік заттары, "Өкпе гипертензиясы" ауруынан зардап шегетін азаматтарға "Силденафил", "Бозентан", "Риоцигуат" дәрілік заттары, "Буллезді эпидермолиз" ауруынан зардап шегетін азаматтарға дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен арнайы тағамдар, ағзалар мен тіндерді транспланттауды өткен азаматтарға "Вальцит" дәрілік заты, орфандық ауруларымен зардап шегетін азаматтарға "Адамның қалыпты иммуноглобулині" дәрілік заты уәкілетті органмен бекітілген тізбесіне сәйкес тегін, облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша берілсін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының
төрайымы
Б.Наурызбаева
      Ақмола облыстық
мәслихатының
хатшысы
Д.Нұрмолдин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақмола облысының
денсаулық сақтау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
С.Қисықова

      2018 жылғы "10" қазан

      "Ақмола облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Қ.Дүзелбаев

      2018 жылғы "10" қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады