Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қазанда № 6122 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 07.10.2020 № 6С-50-7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Амбулаториялық емделу кезінде "Ювенильді идиопатиялық артрит" ауруынан зардап шегетін азаматтарға "Адалимумаб", "Тоцилизумаб" дәрілік заттары, "Өкпе гипертензиясы" ауруынан зардап шегетін азаматтарға "Риоцигуат" дәрілік заты, "Буллезді эпидермолиз" ауруынан зардап шегетін азаматтарға арнайы тағамдар, ағзалар мен тіндерді транспланттауды өткен азаматтарға "Вальцит" дәрілік заты, орфандық ауруларымен зардап шегетін азаматтарға "Адамның қалыпты иммуноглобулині" дәрілік заты уәкілетті органмен бекітілген тізбеге сәйкес, "Созылмалы вирустық С гепатиті" ауруынан зардап шегетін азаматтарға "Пегинтерферон альфа 2b" дәрілік заты, "Целиакия" ауруынан зардап шегетін 18 жасқа дейінгі балаларға арнайы емдік тағамдар, "Эпилепсия" ауруынан зардап шегетін 18 жасқа дейінгі балаларға "Вигабатрин", "Сультиам", "Клобазам" дәрілік заттары, "Шашыранды склероз" ауруынан зардап шегетін азаматтарға "Пегинтерферон бета-1а" дәрілік заты тегін, облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 21.05.2020 № 6С-43-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ә.Баймағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының
хатшысы
Д.Нұрмолдин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақмола облысының денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
С.Қисықова

      2017 жылғы "29" 09

      "Ақмола облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б.Малғаждаров

      2017 жылғы "29" 09

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады